Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 2 қыркүйектегі № 597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 қыркүйекте № 39811 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің м.а.
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің м.а.
2026 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 597 бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында:

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аукцион – мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын (бұдан әрі – тізілім) пайдалана отырып, цифрлық форматта өткізілетін қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;";

      21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) сатушы – уәкілетті орган не болмаса жергілікті атқарушы орган;

      22) сатып алушы – өткізу процесінде мүлікті сатып алатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) тізілімнің веб-порталы – мүлікті есепке алу және сату жөніндегі тізілімінің цифрлық дерекқорына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) ұйымдастырушы – мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тартылатын, сауда-саттыққа мүлікті дайындауды және сатуды ұйымдастыратын сатушы не болмаса заңды немесе жеке тұлға;";

      31) тармақша алып тасталсын;

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті қоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады.

      Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мынадай құжаттарды:

      1) мүліктің құнын бағалау туралы электрондық түрдегі есеп немесе қаржылық есептілік депозитарийінде бағалаушы қалыптастырған мүліктің құнын бағалау туралы электрондық түрдегі есепке сілтемені;

      2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суретті тізілімнің веб-порталында орналастырады.

      Үлес меншігіндегі мүлікті сатушы сауда-саттыққа шығару алдында бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде комиссия белгілейтін алғашқы баға бойынша үлес меншігінің қалған қатысушыларына ұсынады.

      Мұндай қатысушылар сатушы жазбаша ұсынысты жіберген күннен бастап бір ай ішінде жылжымайтын мүлікті, 10 (он) жұмыс күні ішінде өзге мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде мүліктің осы үлесі сауда-саттыққа шығарылады.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 12, 15, 18 және 19-позицияларында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіптің заңдылығын қолдау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемелекеттік орган мен оның астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелеріне қолданылмайды.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 12-позициясында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға қолданылмайды.";

      мынадай редакциядағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қаржылық есептілік депозитарийінде бағалаушы қалыптастырған мүліктің құнын бағалау туралы электрондық түрдегі есепке сілтемені сатушы тізілім веб-порталының қаржылық есептілік депозитарийімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу арқылы орналастырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      7. Мүлікті беру және оны мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүліктің құнын бағалау туралы есепті қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында мемлекеттік заңды тұлғаларға беру үшін ұсынылатын мүлік туралы, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты туралы хабарламаны жариялайды. Хабарлама өтініштерді ашу күніне дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жарияланады;

      2) хабарлама жарияланған күні тізілімнің веб-порталы орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың тізілімнің веб-порталында тіркелген жеке кабинеттеріне хабарламаларды автоматты түрде жолдауды жүргізеді.

      Мүлік түрлері бойынша таңдауды және осы тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген зағды тұлғалар тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте растауды ескере отырып, жарияланған хабарламалар туралы хабарламаларды таратуды жүзеге асырады;

      3) мемлекеттік заңды тұлғалар тізілімнің веб-порталында хабарламаны орналастыру күнінен бастап тізілімнің веб-порталында өтінішті тіркейді;

      4) өтініштерді ашу хабарламада көрсетілген өтініштерді қабылдау күні және аяқталу уақыты біткеннен кейін автоматты түрде тізілімнің веб-порталы арқылы жүргізіледі;

      5) өтініштерді және оған қоса берілетін құжаттарды осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігіне өтініштерді ашу күнінде комиссия қарайды.

      Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысында осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген өлшемдер бойынша ақпарат көрсетілмеген кезде, комиссия өтінішті өлшемдерге сәйкес келмейді деп таниды;

      6) комиссияның өтініштерді қарау нәтижелері бойынша комиссия хатшысы тізілімнің веб-порталында өтініштерді қарау нәтижелері туралы хаттаманы қалыптастырады және комиссия мүшелері дауыс беру рәсімінен кейін оған қол қояды. Комиссия мүшесінің дауыс беру мүмкіндігі болмаған кезде комиссия хатшысы осы хаттамаға тиісті белгіні қояды;

      7) өтініштерді қарау нәтижелері туралы комиссия шешімі әрбір өтініш бойынша дауыс беру арқылы өтініштерді ашу күнінде қабылданады және өтініштер берген барлық мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық почтасына автоматты хабарлаумен комиссия хатшысы ЭЦҚ пайдалана отырып, хаттамаға қол қою уақытынан бастап тізілімнің веб-порталында жарияланады.

      Мүлікті алуға ниет білдірген мемлекеттік заңды тұлғалардан бірнеше өтінім болған жағдайда осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген барлық өлшемдерге сәйкес келетін болса, бірінші өтініш берген мемлекеттік заңды тұлға басымдыққа ие болады.

      Егер бірінші өтініш берген мемлекеттік заңды тұлғаның қажеттіліктері қанағаттандырылғаннан кейін артық мүлік қалса, онда ол өтініш беру мерзімдерін ескере отырып және осы Қағидаларның 5-тармағында белгіленген барлық өлшемшарттарға сәйкес келген кезде кейінгі өтініш берушілер арасында бөлінеді.

      Өтініштерді қарау нәтижелері туралы хаттамада мүліктің атауын, оның саны мен бағалау құнын көрсете отырып, өтініш берген барлық мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша шешімдер көрсетіледі;

      8) комиссия оң шешім қабылдаған кезде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган:

      мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне (мемлекеттік меншіктің бір түрінің шегінде) бекіту туралы;

      мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешімді қабылдайды.

      Уәкілетті орган мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылдауды астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам қол қойған өтінішхаттың негізінде жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы орган мүлікті коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру туралы шешім қабылдауды уәкілетті органымен келісімі негізінде жүзеге асырады.

      Уәкілетті органның мекенжайына астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің немесе ол уәкілеттік берген адамның не оны алмастыратын адамның өтінішхаты немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына уәкілетті органның келісімі көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде мүлік сауда-саттыққа шығарылады.

      Беруші және қабылдаушы тараптар мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қол қояды.

      Қабылдаушы тарап қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімдерде қол қоймаған кезде, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылатын мемлекеттік заңды тұлғаның теңгеріміне берудің және бекітудің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік сауда-саттыққа шығарылады;

      9) мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына беру туралы мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мүлікті сату мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде ол болған кезде сауда ұйымдары арқылы:

      жарамдылық (сақтау) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;

      2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сату "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылардың бірі қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатқан кезде оны сатып алуда үшінші тұлғалардың алдында артықшылық құқықты пайдаланады.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы (қатысушылар) үлесті сатып алуда артықшылық құқықтан бас тартқан жағдайда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі үлес аукционда сатылады.";

      18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1. Алкоголь өнімін өткізу ол Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес алкоголь өнімінің сәйкестігі туралы декларация болған кезде жүзеге асырылады.

      Мұнай өнімдерін өткізу немесе мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру мен бекіту олар Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, "Техникалық реттеу туралы" және "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ сапа және қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы сараптама (зертханалық сынау, зерттеу) қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.

      Аталған мүліктің сараптамасы (зертханалық сынау, зерттеу) сотқа дейінгі іс жүргізу және сот талқылауы сатысында жүргізілмеген, сондай-ақ егер оны жүргізу бойынша шығындар бағалау құнынан аспайтын кезде, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган оны жүргізуді қамтамасыз етеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімнің веб-порталында мынадай құжаттарды:

      1) мүліктің құнын бағалау туралы электрондық түрдегі есеп немесе қаржылық есептілік депозитарийінде бағалаушы қалыптастырған мүліктің құнын бағалау туралы электрондық түрдегі есепке сілтемені;

      2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суретті;

      3) Есепке алу қағидаларының 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген электрондық түрдегі құжаттарды орналастырады.";

      22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірыңғай оператор тізілімнің веб-порталын пайдаланушыларға, оның ішінде астанада, облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан аумақтық бөлімшелер арқылы консультациялық көмек көрсетеді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Сатушыға және бірыңғай операторға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықты дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңінің ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға жол берілмейді.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Мүлікті сатудан алынған қаражат, сондай-ақ осы Қағиданың 27-тармағында көрсетілген негіздер бойынша қайтарылмаған кепілдік жарналар сомасы туралы және қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінен алынған мәліметтерді сатушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын сатып алушы төлеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді.";

      70-тармақтың сегізінші бөлігіне өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 2-1, 3, 4-қосымшаларға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2. "Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11427 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларында:

      2-тармақта:

      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жергілікті атқарушы органдар – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;";

      24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) тас секілді заттар – табиғи және синтетикалық тастардан қолдан жасалған тастар, сондай-ақ жартылай немесе толықтай әр адам жасаған өнімдер. Бұл тастар табиғи зергерлік және синтетикалық тастардың түсін және сыртқы түрін бере алады да олардың химиялық және (немесе) физикалық қасиеттерін және (немесе) олардың кристаллдық құрылымын бере алмайды;";

      35-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      көрсетілген Қағидаларға 9-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшаға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      көрсетілген Қағидаларға 14-қосымшаға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      3. "Түгендеу карточкасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12173 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген Түгендеу карточкасының нысанына өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне
1-қосымша
Жекелеген негіздер
бойынша мемлекет меншігіне
айналдырылған (түскен) бағалы
металдарды, асыл тастарды және
олардан жасалған бұйымдарды
тасымалдау, қабылдау, есепке
алу, бағалау, сақтау және өткізу
қағидаларына 1-қосымша
нысан

№ ____ құндылықтардың тізімдеме актісі

_______________________________________________________

(республикалық немесе коммуналдық меншік екенін көрсету)

____________________________________________________________________

(коммуналдық меншіктегі астананы, облысты, республикалық маңызы бар қаланы,

ауданды немесе облыстық маңызы бар қаланы көрсету)

№ р/с

Құндылықтардың толық сипаттамасы (бағалы метал мен тастың түрін көрсетумен әр заттың ерекше белгілері)

Саны, дана/орны

Массасы, грамм

Сынамасы/құрамы %

1

Әрбір сотталған адам бойынша

3

4

5

1

Алтын жеңтүйме

2

3,45

585

2

Жасыл түсті тастары бар алтын сырғалар

2

7,11

585

3

Жиынтық:





Жасыл түсті тастары бар күміс сырғалар

2

7,11

925


Жасыл түсті тастары бар күміс сақина

1

2,42

925


Жасыл түсті тастары бар күміс аспа

1

3,00

925


Барлығы әрбір сотталған адам бойынша





Жиыны




      Ескерту: нысан мысал ретінде толтырылды

      Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы

      лауазымы _______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Жекелеген негіздер
бойынша мемлекет меншігіне
айналдырылған (түскен) бағалы
металдарды, асыл тастарды және
олардан жасалған бұйымдарды
тасымалдау, қабылдау, есепке
алу, бағалау, сақтау және өткізу
қағидаларына 9-қосымша
нысан

Жеткізушілерден түскен ішінде құндылықтары бар жолдамаларды тіркеу ЖУРНАЛЫ

Р/с №

Жеткізушінің атауы

Алдын ала қабылдау акті

Жолдаманың бағалау құны, теңге (мәліметтер бар болғанда)

Жолдаманың саны (дана)

Қабылдау және сұрыптау акті

Күні

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады