БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 333-н/қ Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10627 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) энергия өндіруші ұйымдар "энергия өндіруші ұйымдардың типі" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:
құрамына конденсаттық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына жылуландыру электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына газ-турбиналық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына бу-газ электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына гидравликалық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына күн сәулесінің энергиясын пайдалана отырып, электр энергиясын өндіретін энергия өндіруші ұйымдар кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына жел энергиясын пайдалана отырып, электр энергиясын өндіретін энергия өндіруші ұйымдар кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына геотермалдық энергияны (топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы) пайдалана отырып, электр энергиясын өндіретін энергия өндіруші ұйымдар кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздерін (тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын) пайдалана отырып электр энергиясын өндіретін энергия өндіруші ұйымдар кіретін энергия өндіруші ұйымдар;";
8-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8-1. Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындар мыналарды қамтиды:
материалдық шығындар (отын, отынды тасымалдау, технологиялық қажеттіліктерге арналған су, жанар-жағармай материалдары, қосалқы материалдар);
өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындар;
әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар;
аукциондық сауда-саттық шеңберінде өткізілген генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды қоспағанда, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
жөндеулер (негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер);
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем;
су ресурстарын пайдалануға төлем;
салықтар (жер, көлік, мүлік, пайдалы қазбаларды өндіру және басқа да міндетті төлемдер);
техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді көрсету бойынша қызметтер;
бөгде ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсетілетін қызметтері.
Кезең шығыстарына мыналар жатады:
әкімшілік персоналдардың еңбегіне ақы төлеу;
міндетті сақтандыру түрлеріне арналған шығыстар, салықтар, алымдар мен төлемдер;
аукциондық сауда-саттық шеңберінде өткізілген генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды қоспағанда, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
іссапар шығыстары;
бөгде ұйымдардың көрсетілетін қызметтері (аудиторлық, банктік көрсетілетін қызметтер, байланыс көрсетілетін қызметтер).
дене шынықтыру және спорттық-сауықтыру қызметтеріне (спортзал, бассейн және т.б.) арналған шығыстарды өтеуді қоспағанда, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік төлемдер мен материалдық көмек көрсетуге арналған шығыстар;
қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің 2,5 еселенген мөлшерінен аспайтын есептелген сома шегінде айналым қаражатын ұлттық валютада толықтыру үшін алынатын).
Инвестициялық жобалар бойынша шекті тарифтің инвестициялық құрамдас бөлігінен басқа, шығындар көзі едәуір қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылға дейін алынған бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша болып табылған энергия өндіруші ұйымдарға энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша кезең шығыстарына мыналар кіреді:
қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 2,5 еселенген базалық мөлшерлемесін қолдана отырып есептелген сома шегінде ұлттық валютада алынатын);
қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Лондон банкаралық нарығының 4 еседен аспайтын базалық мөлшерлемесін қолдана отырып есептелген сома шегінде шетел валютасында алынатын) енгізіледі.
Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті есептеу формуласында пайда нормасы Ереженің 15-тармағының 245) тармақшасына сәйкес бекітілетін электр энергиясына шекті тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін нөлге теңестіріледі.
Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар тікелей электр энергиясын өндіруге жатады.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес кейінгі жылдарға электр энергиясына шекті тарифті түзету қажет болған кезде энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға жүгінеді және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 8-1-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген электр энергиясын өндіруге арналған шығындардың болжамды ұлғаюы туралы ақпаратты, өткен жылғы қаржылық есептілікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларында көзделген инфляцияның болжанатын деңгейін ескере отырып есептеулерді ұсынады.
Кейінгі жылдарға электр энергиясына арналған шекті тарифті түзету қажет болған кезде электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасы өзгерген кезде энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде уәкілетті органға электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін Пайда нормаларын айқындау әдістемесіне сәйкес есептеулерді қоса бере отырып, электр энергиясына шекті тарифті түзетуге уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы өтінім береді.
Уәкілетті орган түзеткен электр энергиясына шекті тарифтер және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтер осы Қағидалардың 11-1-тармағын, сондай-ақ электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін Пайда нормаларын айқындау әдістемесі 2-тарауының 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылды қоспағанда, электр энергиясына шекті тарифтер түзету жүзеге асырылған жылдан кейінгі жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ағымдағы жылы электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындар нақты ұлғайған кезде энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді енгізудің болжамды күніне екі ай қалғанда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындардың ұлғаюы туралы ақпаратты уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға бір реттен артық емес ұсынады.
Электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді қолданысқа енгізу олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту және түзету кезінде энергия өндіруші ұйымдар тиісті кезең үшін салықтық декларацияны ұсынады.
Растайтын құжаттар болмаған кезде уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымды хабардар ете отырып, электр энергиясына шекті тарифтерді түзетуден бас тартады.";
мынадай мазмұндағы 11-3-тармақпен толықтырылсын:
"11-3. Энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей, өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіруге және өткізуге арналған шығындар бойынша, электр энергиясын өндіру және өткізу көлемдері бойынша есептерді уәкілетті органға ұсынады.".
2. "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жасалатын шарттар бойынша ай сайын, бірақ аталған қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін 45 (қырық бес) жұмыс күнінен кешіктірмей электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне ақы төлейді.
Бұл ретте осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жасалған қолданыстағы шарттар бойынша есепті кезең (күнтізбелік ай) үшін энергия өндіруші ұйымдар нақты көрсеткен осы Қағидалардың 44 және 45-тармақтарына сәйкес бірыңғай сатып алушы айқындайтын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерінің көлемдері бірыңғай сатып алушы тарапынан төлеуге жатады.
Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық келісімдер негізінде осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалған қолданыстағы шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің есепті кезеңде энергия өндіруші ұйым нақты көрсеткен көлеміне ақы төлеуді бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасалған жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан бастап, есепті ақпаратты тоқсан сайын алған жағдайда жүзеге асырады.
Есепті кезеңде (күнтізбелік ай) энергия өндіруші ұйымдар нақты көрсеткен осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көлемдерін уақтылы төлеу үшін бірыңғай сатып алушы қажет болған жағдайда, шоғырландыру көлемі шегінде осы Қағидаларға сәйкес қызметті жүзеге асыру нәтижесінде ағымдағы күнтізбелік жылдың барлық алдыңғы есептік кезеңдері (күнтізбелік айлары) үшін онда шоғырланған қаражатты пайдаланады.";
43-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"43. Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық келісімдер негізінде осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалған шарттарды қоспағанда, есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік ай) энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттары жөніндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі (бұдан әрі – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі) мына формулалар бойынша ондыққа дейінгі дәлдікпен есептеледі:
тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кірмейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
ҚН = ҚШ*k1*k2*min (k3; k4) * k8 * k9 * k10 + min (Қос; (Рқос*Ω)), мұндағы:
ҚН – энергия өндіруші ұйымның электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың барлық қолданыстағы шарттары жөніндегі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;
ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;
k1, k2, k3, k4, k8, k9 – бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға шарт (шарттар) немесе электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт (шарттар) жасасқан әрбір энергия өндіруші ұйым үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттер;
min (k3; k4) – есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша k3 және k4 коэффициенттерінің ішіндегі ең азы;
k10 – осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға бірыңғай сатып алушымен шарт жасасқан бірақ орталықтандырылған сауда-саттықта мәлімделген барлық көлемді өткізбеген энергия өндіруші ұйымдар үшін осы Қағидаларға берілген 2-қосымшаға сәйкес есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) қорытындылары бойынша бірыңғай сатып алушы айқындайтын өлшемсіз коэффициент;
Қос – осы Қағидалардың 10-1-тармағына сәйкес айқындалатын энергия өндіруші ұйымның асып кетуінің мәні, МВт, жүздіктерге дейін дөңгелектенеді;
РҚос – тиісті есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін қамтамасыз ету бойынша көлемді ұлғайту мәні, МВт, жүздіктерге дейін дөңгелектенеді;
![]()
![]()
k – 1-ден z-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;
z – электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті толық сатуды жүзеге асырмаған энергия өндіруші ұйымдардың саны;
тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
ҚН = ҚШ - (ҚШ + ҚШг) * (1 - k2 * min (k3; k4) * k6 * k8 * k9), мұндағы:
ҚН – энергия өндіруші ұйымның электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың барлық қолданыстағы шарттары жөніндегі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;
ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
ҚШг – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
1 – шарттық көлемді білдіретін коэффициент;
k2, k3, k4, k6, k8, k9 – бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарт (шарттар) немесе электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт (шарттар) жасасқан әрбір энергия өндіруші ұйым үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффиценттер;
min (k3; k4) – есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша k3 және k4 коэффициенттерінің ішіндегі ең азы.
k1, k2, k3, k4, k6, k8, k9 коэффициенттерінің мәнін жүйелік оператор:
1) растайтын есептеулерімен бірге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті акті түрінде тиісті есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушыға;
2) осы энергия өндіруші ұйымның тиісті сұрау салуының негізінде растаушы есептеулерімен бірге k1, k2, k3, k4, k6, k8, k9, коэффициенттерінің оған сәйкес келетін мәндері туралы ақпарат түрінде электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға шартты (шарттарды) және электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге шартты (шарттарды) бірыңғай сатып алушымен жасасқан энергия өндіруші ұйымға береді.
k10 коэффициентінің мәнін бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға шарт жасасқан және орталықтандырылған сауда-саттықта мәлімделген барлық көлемді өткізбеген энергия өндіруші ұйымның тиісті сұрау салуы негізінде жүйелік оператор осы тармақтың жиырма төртінші бөлігіне сәйкес ақпарат бергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушы растайтын есептері бар ақпарат түрінде ұсынады.
Қажет болған жағдайда энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттар жөніндегі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес, сондай-ақ жүйелік оператор қандай да бір энергия өндіруші ұйымның өлшемсіз коэффициенттерінің мәндерін өзгерткен кезде түзетіледі.";
3. "Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметті сатып алу туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт;";
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Уәкілетті органмен қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалардағы "тенге" сөзі "теңге" сөзімен ауыстырылсын;
осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.
4. "Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) негізгі генерациялайтын жабдыққа инвестицияларды жыл сайынғы қажетті қайтару деңгейі – энергия өндіруші ұйымның негізгі генеерациялайтын жабдықты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға инвестициялық салымдарды қайтару үшін қажетті жыл сайынғы жылдық табысы, ол электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф мәнінің және осы инвестициялық бағдарламаның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі мәнінің, сондай-ақ айлармен көрсетілген жыл ұзақтығы мәнінің көбейтіндісімен айқындалады;";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) қосалқы жабдыққа инвестицияларды жыл сайынғы қажетті қайтару деңгейі – энергия өндіруші ұйымның қосалқы жабдықты жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарлама іс-шараларын іске асыруға инвестициялық салымдарын қайтару үшін қажетті жыл сайынғы жылдық табысы, ол электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф мәнінің және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің бірлікке теңестірілген мәнінің, сондай-ақ тоқсанмен көрсетілген жыл ұзақтығы мәнінің көбейтіндісі арқылы айқындалады.";
2-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) рұқсат етілген көлем – 2015 жылғы инвестиция көлемінің 900 (тоғыз жүз) пайызының және алдыңғы кезеңдерде (жылдарда) жасасқан жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған қолданыстағы инвестициялық келісімдердің жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту инвестициялық бағдарламалары бойынша қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейі сомасының айырмасы;";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасуға ниет білдіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар Жоспар-графикпен және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларының (бұдан әрі – инвестициялық бағдарламалар) негізгі параметрлері туралы ақпаратпен бірге инвестициялық бағдарламаларды қағаз және электрондық жеткізгіштерде өтінім берген жылдың бірінші мамырынан кешіктірмей Нарық кеңесіне жолдайды.
2026 жылы қосалқы жабдыққа қатысты уәкілетті органмен Келісім жасасуға ниет білдірген қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдар 2026 жылғы 1 қазанға дейін Нарық кеңесіне өтінім береді.
Сондай-ақ Нарық кеңесіне инвестициялық бағдарламалармен бірге осы инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу барысында жүргізілген тәуелсіз техникалық және қаржылық аудиттердің қорытындылары және инвестициялық бағдарламаны беру сәтінде өзекті болып табылатын жабдық өндіруші зауыттардың және/немесе EPC (Engineering procurement construction) мердігерлерінің кемінде үш коммерциялық ұсынысы не Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес жүргізілетін мемлекеттік ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен жобалау құжаттамасы (техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама) (бұдан әрі – Жобалау құжаттамасы) енгізіледі.
Бұл ретте уәкілетті органмен қосалқы жабдыққа қатысты Келісім жасасуға ниет білдірген қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес жүргізілетін мемлекеттік ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттамасын жолдайды.
Дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйыммен қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық келісімдер жасасу кезінде қосалқы жабдығы жаңғыртылған, кеңейтілген, реконструкцияланған және (немесе) жаңартылған осы тұлғалар тобының құрамына кіретін электр станциясының генерациялайтын жабдығының белгіленген қуатына қатысты техникалық шарттарға сәйкес тұлғалар тобының құрамына енгізілген тұтынушының қосылған қуатының үлесіне пропорционалды үлес қосалқы жабдыққа инвестицияларды жыл сайын қайтарудың қажетті деңгейінен шегеріледі.
Осы тармақтың төртінші бөлігіне сәйкес тұлғалар тобының құрамына енгізілген тұтынушының шегерілетін қосылған қуатының көлемі осы Қағидалардың 1-қосымшасының 5-тармағына сәйкес тұтынушының қосылған қуатының көлемі өзгерген жағдайда түзетілуге тиіс.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Нарық кеңесі осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес енгізілген әрбір инвестициялық бағдарлама бойынша жеке онда қамтылған құжаттар мен мәліметтердің толық болуын, Заңның 15-4-бабының талаптарына және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты қарауға жіберу өлшемшарттарына не осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген қосалқы жабдыққа қатысты қарауға жіберу өлшемшарттарына сәйкес келуін тексереді және оның іске асырылуының орындылығы немесе орынсыздығы, құны мен іске асыру мерзімінің негізділігі туралы ұсыным дайындайды.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Уәкілетті органмен негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей жыл сайын уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы осы келісімдерде белгіленген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізілгені туралы тәуелсіз энергетикалық сараптама растаған есепті ұсынады және осы есептің көшірмесін Нарық кеңесіне жолдайды.
Нарық кеңесі осы келісімдерде белгіленген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізілгені туралы есепті қарау қорытындылары бойынша және қажеттілігіне қарай жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда уәкілетті органға осы келісімді бұзу туралы ұсыныс жібереді.
Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген, сондай-ақ Нарық кеңесінен осындай ұсыныс келіп түскен жағдайда уәкілетті орган жүйелік операторды және бірыңғай сатып алушыны хабардар ете отырып, осы келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімдерін өзгертеді.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Уәкілетті орган қарауға жіберілген негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаларды қарау кезінде бір мезгілде мына іріктеу өлшемшарттарын басшылыққа алады:
1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф (бұдан әрі – жеке тариф);
2) электр станциясының типі;
3) экологиялық және технологиялық көрсеткіштерді жақсарту;
4) қазақстандық өндірістің тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін сатып алу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықтың үлесі.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф жобаны іске асыру үшін тартылған тиісті қарыздар (капиталдандырылатын және қайтару кезеңіндегі) бойынша құрылысқа жұмсалған күрделі шығындар сомасын және сыйақыларды және инвестицияланған капиталдың рентабельділік нормасын қайтаруды қамтиды (инвестицияланған капиталдың рентабельділік нормасы қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық келісімдер жасалған жағдайда қолданылмайды).";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Қосалқы жабдыққа қатысты қарауға жіберілген инвестициялық бағдарламаларды қарау кезінде уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаларды мынадай басымдық тәртібімен іріктеуді жүзеге асырады:
1) ҮҚТ (ең үздік қолжетімді техникалар) немесе экологиялық іс-шаралар;
2) Түтін мұржалары;
3) Күл үйінділері немесе күл-қожды гидравликалық шығару объектілері;
4) Ашық тарату құрылғысы;
5) Градирнялар немесе салқындатқыш тоғандар;
6) Отын беру;
7) Айналымдағы су құбырлары;
8) Суды дайындау;
9) Ішкі газ инфрақұрылымы.";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті орган қаралатын негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламалардың әрқайсысы үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес іріктеу өлшемшарттары бойынша балл қояды, ал қосалқы жабдыққа қатысты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес іріктеу өлшемшарттары бойынша инвестициялық бағдарламаларды іріктеуді жүзеге асырады.";
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Сараланған тізім жасалғаннан кейін уәкілетті орган қаралатын инвестициялық бағдарламалардың қажетті жыл сайынғы қайтарым деңгейлері сомасын есептейді, оған ранжирленген тізімдегі осы инвестициялық бағдарламалар кезектілігінің өсу тәртібімен оларға сәйкес келетін қажетті жыл сайынғы қайтарым деңгейлерін кезекпен енгізеді. Қажетті жыл сайынғы қайтарым деңгейлерінің сомасы жол берілетін көлемнен аспайтын негізгі жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламалар іріктелген деп танылады.
Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламалар бойынша қосалқы жабдыққа салынған инвестицияларды қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейінің сомасы рұқсат етілетін көлем мәнінің жиырма пайызынан аспайтын инвестициялық бағдарламалар іріктелген деп танылады.";
4-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдерді жасасу тәртібі";
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған тізімге қосылған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар көрсетілген жарияланым күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органмен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі генерациялайтын жабдыққа арналған тиісті Келісімдерді, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосалқы жабдыққа арналған Келісімді жасасады.";
мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2 және 15-3-тармақтармен толықтырылсын:
"15-1. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар осындай инвестициялық келісім жасалған күннен бастап тоқсан сайын уәкілетті органға уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалу барысы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ақпарат ұсынады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган уәкілетті органмен қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасасқан энергия өндіруші ұйымдарға қатысты ұсынылған ақпараттың сәйкестігіне субъектіге бара отырып, тексеруді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның тоқсан сайынғы есептік ақпаратты тексеру қорытындылары бойынша қорытындысын алғаннан кейін бірыңғай сатып алушыға инвестициялық келісімде көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты жібереді.
Уәкілетті органмен жасалған қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер негізінде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шарт жасалған жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан бастап қосалқы жабдық пайдалануға берілгенге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган тарапынан уәкілетті органның қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалмағаны бойынша ескертулер анықталған жағдайда уәкілетті орган бірыңғай сатып алушыға ескертулер отыз күнтізбелік күн ішінде жойылғанға дейін қосалқы жабдыққа жұмсалған шығындарды төлеуді тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
Бірыңғай сатып алушы уәкілетті органның хабарламасы негізінде қосалқы жабдыққа жұмсалған шығындарды төлеуді тоқтата тұрады.
Энергия өндіруші ұйым анықталған ескертулерді жойғаннан кейін энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган ескертулердің жойылу фактісін растау мақсатында қайта тексеруді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган ескертулердің жойылғаны туралы растауды алғаннан кейін Бірыңғай сатып алушыға инвестициялық келісімге сәйкес толық алынбаған кірісті өтеуді ескере отырып, энергия өндіруші ұйымға төлемдерді қайта бастағаны туралы хабарлайды.
Уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған мерзімдерде қосалқы жабдықты пайдалануға беру актісі ұсынылмаған және (немесе) уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган осы инвестициялық келісімді бұзады, ал энергия өндіруші ұйымдар осы инвестициялық келісім шеңберінде алынған қаражатты бірыңғай сатып алушыға қайтаруды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімнің бұзылғаны туралы бірыңғай сатып алушыны 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
15-2. Қаражатты қайтаруды энергия өндіруші ұйым инвестициялық келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде бірыңғай сатып алушыдан алынған қаражаттың бүкіл көлемін бірыңғай сатып алушының атына жүзеге асырады.
Энергия өндіруші ұйым көрсетілген қаражатты белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, сондай-ақ бірыңғай сатып алушыдан тиісті хабарлама алынған кезде, уәкілетті орган көрсетілген қаражат толық өтелгенге дейін осы энергия өндіруші ұйымның негізгі жабдыққа да, қосалқы жабдыққа да қатысты жаңа инвестициялық бағдарламаларын қарауға жол бермейді.
15-3. Осы Қағидалардың 15-1-тармағына сәйкес төленуі тоқтатылған қаражат сомасын энергия өндіруші ұйым уәкілетті органға іс-шаралардың орындалуы туралы есепті ұсынғаннан кейінгі келесі есептік кезеңде "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайларын растайтын құжатты қоса бере отырып, ақпарат ұсынған жағдайда ғана Бірыңғай сатып алушы өтейді.
22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"22. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты жасасуды тиісті Келісімді, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімге, пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімге, сондай-ақ уәкілетті органмен қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімге, қол қойылған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.";
24-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Бұл ретте Қосалқы жабдыққа арналған келісімдер бойынша жеке тарифтер индекстеуге жатпайды.";
осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
осы Тізбеге 4 қосымшаға сәйкес 3 қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тәуелсіз энергетикалық сараптама растаған, осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізу туралы есепті уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;";
3-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) тоқсан сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 10-шы күніне дейін өзінің интернет-ресурсында және уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы растайтын құжаттарды (шарттар, орындалған жұмыстар актілері, қабылдау-беру актілері, шот-фактуралар) жариялай отырып, Жоспар-графиктің іске асырылуы туралы есепті орналастыруға міндеттенеді. Жобаны іске асыру процесінде мүдделі тараптардың қатысуымен тоқсанына бір рет жария тыңдаулар өткізеді.
осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес 5-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын;
5. "Жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 170 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20594 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті бекіту қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдарды электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізу үшін жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – Өтініш беруші) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдарды электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізу үшін өтініш;
2) электр станциясының және негізгі жабдықтың сипаттамасы (белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отын тұрған жерінен алыстығы) туралы еркін нысандағы ақпаратты;
3) жабдық паспортының көшірмесі;
4) есеп саясатының көшірмесі;
5) жүйелік оператор келіскен электр қуатын беру схемасы;
6) осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге арналған болжамды шығындар.";
мынадай мазмұндағы 8-2 және 8-3-тармақтармен толықтырылсын:
"8-2. Энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, уәкілетті органға электр энергиясын өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындар бойынша, алдыңғы күнтізбелік жылдағы электр энергиясын өндіру және өткізу көлемдері бойынша есептерді ұсынады.
8-3. Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге және өткізуге жұмсайтын шығындарына, электр энергиясын өндіру және өткізу көлемдеріне мониторинг жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
"10-1. Іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілетін кезеңде электр энергиясын өткізетін жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті тариф электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындардан тұрады, уәкілетті орган бекітеді және электр энергиясына арналған шекті тариф енгізілгенге дейін қолданылады.
Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйым іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу кезеңіне шекті тарифті бекітуге арналған өтінімді энергетикалық объектідегі жұмыстардың басталатын күні туралы іске қосу-баптау ұйымының хабарламасына дейін кемінде екі ай бұрын Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 627 бұйрығымен бекітілген Энергетикалық объектiлерi жабдықтарының техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжатқа 14-қосымшаға сәйкес береді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12374 болып тіркелген).
10-2. Іске қосу-баптау жұмыстары кезеңінде өткізілетін электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындарға тек материалдық шығындар (отын, отынды тасымалдау, технологиялық қажеттіліктерге арналған су, жанар-жағармай материалдары, қосалқы материалдар) кіреді.".
6. "Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 389 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30836 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларының 2-қосымшасында;
2) және 3) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"2) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға тәуелсіз энергетикалық сараптама растаған, осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізгені туралы есепті ұсынуға;
3) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін өзінің интернет-ресурсында және уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы растайтын құжаттарды (шарттар, орындалған жұмыстар актілері, қабылдау-беру актілері, шот-фактуралар) жариялай отырып, жоспар-графикті іске асыру туралы есепті орналастырады.".
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына 7-қосымша |
Уәкілетті органмен қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
___________________________
20__жылғы "___"__________
(шарт жасасу орны)
____________________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә )
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бір тараптан бұдан әрі "Субъект" деп аталатын
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә. )
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
екінші тараптан бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын бұдан әрі бірге "Тараптар" деп, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары);
2) ___________ жылғы ___________ №____ __________ жылдарға арналған жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді (бұдан әрі – Инвестициялық келісім) назарға ала отырып, уәкілетті органмен қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы төмендегілер туралыосы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) тоқсан сайынғы есеп – энергия өндіруші ұйымның уәкілетті органға ұсынатын, қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы есеп;
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың нысанасы
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті (бұдан әрі – әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары:
_______________________________________________________________________.
(аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Осы Шарт бойынша Бірыңғай сатып алушы Субъектіге әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеуге міндеттенетін баға (жеке тариф) (бұдан әрі – шарттық баға) Инвестициялық келісімнің талаптарына сәйкес айқындалады.
5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көлемі (бұдан әрі – шарттық көлем) Инвестициялық келісім шарттарына сәйкес айқындалады.
6. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге міндеттелетін, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттелетін мерзім Инвестициялық келісім шарттарына сәйкес айқындалады.
Шарттық баға (жеке тариф), Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті жылдар бөлінісінде сатып алу көлемі мен мерзімі осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
7. Субъектінің жылдар бойынша электр қуатының мәні бір бірлікке (1 МВт) тең.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес Субъектінің әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға міндетті.
9. Бірыңғай сатып алушының:
1) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша олардың құзыреті шегінде Субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) Субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқығы бар.
10. Субъект:
1) Инвестициялық келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз етуге;
2) Инвестициялық келісімде көзделген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
3) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
4) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы, қосалқы жабдықтарды күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға міндетті.
11. Субъектінің:
1) қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есептік ақпарат ұсынылған жағдайда, осы Шартқа сәйкес Бірыңғай сатып алушыдан электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге, электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті сатып алу туралы тиісті шарт жасалған жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан бастап электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді тоқсан сайын алуға;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
4-тарау. Ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу
12. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша Субъектінің электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді тоқсан сайын, қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті ақпаратты алған күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей, электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті сатып алу туралы тиісті шарт жасалған жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан бастап жүзеге асырады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органы уәкілетті орган айқындаған инвестициялық келісіммен белгіленген қосалқы жабдықты жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі іс-шаралардың орындалмағаны туралы ескертулер анықталған жағдайда, электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеу осы Қағидалардың 15-1-тармағына сәйкес есептік ақпарат ұсынылғаннан кейін тоқсан сайын, инвестициялық келісімге сәйкес толық алынбаған кірісті өтеуді ескере отырып жүзеге асырылады.
13. Осы Шарттың 12-тармағында көрсетілген ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
14. Егер Бірыңғай сатып алушы ұсынылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол уәкілетті органнан ақпарат алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтарын білдіріп жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы осы Шарттың 12-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес шот-фактураның даусыз бөлігін төлеуге міндетті.
15. Қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде белгіленген іс-шаралардың орындалмауы бойынша уәкілетті орган немесе мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган тарапынан ескертулер анықталған жағдайда уәкілетті орган Бірыңғай сатып алушыға ескертулер жойылғанша отыз жұмыс күніне дейінгі кезеңге қосалқы жабдыққа арналған шығындарға ақы төлеуді тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
16. Уәкілетті органнан уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімнің бұзылғаны туралы хабарлама алған жағдайда, бірыңғай сатып алушы қолдау жөніндегі қызметті сатып алу туралы шартты бұзады, ал Субъект инвестициялық келісім бұзылған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күні ішінде бірыңғай сатып алушыға қаражатты толық көлемде қайтаруға міндетті.
Энергия өндіруші ұйым көрсетілген қаражатты белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, бірыңғай сатып алушы уәкілетті органды хабардар етеді.
17. Осы Шарттың 15-тармағына сәйкес төлемей тоқтатыла тұрған қаражат көлемін Бірыңғай сатып алушы іс-шаралардың орындалуы туралы есеп ұсынылғаннан кейін келесі есептік кезеңде уәкілетті орган алдында энергия өндіруші ұйым "Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайларын Ұлттық палата берген еңсерілмейтін күш мән-жайының туындағаны туралы куәлікті ұсыну арқылы растаған жағдайда ғана өтейді.
18. Бірыңғай сатып алушының ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін есептеу арқылы жүзеге асырылады.
19. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде бірінші кезекте төлем осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
20. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
21. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
22. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
6-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
23. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
24. Егер бұл жағдай еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
25. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жай-күйде болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
7-тарау. Дауларды қарау
26. Осы Шарттың мәнінен туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
8-тарау. Басқа жағдайлар
27. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
28. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
29. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашуға және/немесе үшінші тараптарға беруге жатпайды.
30. Осы Шартқа барлық енгізілетін өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі Тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
31. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Субъектіні ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
32. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр Тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дананың да заңдық күші бірдей.
9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
33. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары.
Бірыңғай сатып алушының атауы
Субъектінің атауы
Мекенжайы:
Мекенжайы:
Телефон:
Телефон:
Банк деректемелері:
Банк деректемелері:
_________________Т.А.Ә. ________________Т.А.Ә.
(қолы) (қолы)
Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасының негізгі параметрлері туралы ақпарат
1. Инвестициялық бағдарламаның шеңберінде іске асыру жоспарланатын іс-шаралармен қамтылатын электр станциясының атауы (атауы көрсетіледі).
2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асыру жоспарланатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.
№ р/с | Іс-шара атауы | Іс-шараның басталу мерзімі (айы, жылы) | Іс-шараның аяқталу мерзімі (айы, жылы) | Құны, (млн теңге) | Енгізілетін негізгі генерациялайтын жабдықтың техникалық параметрлері** | Экологиялық және технологиялық көрсеткіштері | ||
Белгіленген электр қуаты, (МВт)) | Белгіленген жылу қуаты, (Гкал/сағ) | Экологиялық параметрлері | Технологиялық параметрлері | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының негізгі генерациялайтын жабдығын жаңасына ауыстыру | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының бұрын пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясындағы қосымша негізгі генерациялайтын жабдығын енгізу (кеңейту) | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының қосалқы жабдықтарын ауыстыру *** | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының бұрын пайдаланудан шығарылған қосалқы жабдықтарын қалпына келтіру *** | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясында қосымша қосалқы жабдықты енгізу (кеңейту) *** | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының іс-шаралары*** | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – электр станциясының номиналды жұмыс режимінде;
*** – тек 5-қосымшаға сәйкес.
3. Негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаны іске асыру алдында және кейінгі кезеңде электр станциясының параметрлері туралы ақпарат (атауы көрсетіледі)*.
№ | Белгіленген қуаты | Орташа жылдық қолда бар қуат | Шартты отынның босатуға бөлінген үлестік шығыны** | |||
Электр (МВт) | Жылу (Гкал/сағ) | Электр (МВт) | Жылу (Гкал/сағ) | Электр энергиясының (гут/кВтсағ) | Жылу энергиясының (кгут/Гкал) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін | ||||||
1. | ||||||
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін | ||||||
2. | ||||||
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – электр станциясының номиналды жұмыс режимінде;
Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін және кейін электр станциясының жұмыс параметрлері туралы ақпарат (атауы көрсетіледі) *.
№ | Көрсеткіштері*** | Өлшемшарттары*** | ||||
Пайдалануға берілген негізгі генерациялайтын жабдықтың қызмет ету мерзімі (кезең соңындағы жағдай бойынша қалған) (жыл) | Электр станциясының азот оксидтері шығарындыларының кезең ішіндегі орташа үлестік мәні (мг/м3)** | Электр станциясының күкірт оксидтері шығарындыларының кезең ішіндегі орташа үлестік мәні (мг/м3)** | Электр станциясының қатты бөлшектер шығарындыларының кезең ішіндегі орташа үлестік мәні (мг/м3)** | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |||
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін | ||||||
1. | ||||||
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін | ||||||
2. | ||||||
Ескертпе
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – электр станциясының номиналды жұмыс режимінде;
*** - қосалқы жабдықтың типіне байланысты 5-қосымшаға сәйкес толтырылады.
4. Негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына (атауын көрсету) салынған инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат *.
№ | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге/ (МВт * ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, мың теңге / (МВт | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті стып алу мерзімітеңге / (МВт * ай | Қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейі, жылына мың теңге** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – жаңадан енгізілген/қалпына келтірілген жабдықтан амортизациялық аударымдардың сомасы инвестициялық салымдарды қайтару көлемінде ескеріледі.
5. Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат (атауы көрсетіледі)*.
№ р/с | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге / (МВт * ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, ай | Қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейі, мың теңге/жыл |
Адамдар тобының құрамына енгізілген тұтынушының қосылған қуатының шегерілетін көлемі, МВт |
1 | 2 | 4 | 5 | 6 |
1. |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – жаңадан енгізілген/қалпына келтірілген жабдықтан амортизациялық аударымдардың сомасы инвестициялық салымдарды қайтару көлемінде ескеріледі.
*** – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі бірлікке (1МВт) теңестіріледі
Іріктеу өлшемшарттары бойынша баллдар
№ | Өлшемшарт атауы | Өлшемшарт мөлшерлігі | Мәні | Балл | Өлшемшарт салмағы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф | %* | 50,0 ÷ 200,0 | 5,0 | 0,3 |
200,1 және 300,0 | 4,5 | ||||
300,1 және 400,0 | 4,0 | ||||
400,1 және 500,0 | 3,5 | ||||
500,1 және 600,0 | 3,0 | ||||
600,1 және 700,0 | 2,5 | ||||
700,1 және 800,0 | 2,0 | ||||
800,1 және 900,0 | 1,5 | ||||
900,1 және 1000,0 | 1,0 | ||||
1000,1 және одан жоғары | 0,5 | ||||
Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең | |||||
2 | Электр станциясының типі ** | - | ЖЭО | 5,0 | 0,3 |
КЭС | 4,0 | ||||
БГЭС | 3,0 | ||||
ГЭС, ГТЭС | 2,0 | ||||
БГЭС | 1,0 | ||||
Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең | |||||
3 | Жергілікті қамту үлесі*** | % | 81,0÷100,0 | 5,0 | 0,2 |
61,0÷80,0 | 4,0 | ||||
41,0÷60,0 | 3,0 | ||||
21,0÷40,0 | 2,0 | ||||
10,0÷20,0 | 1,0 | ||||
Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең | |||||
4 | Экологиялық және техникалық көрсеткіштерді жақсарту бойынша орташа мән **** | % | 81,0÷100,0 | 5,0 | 0,2 |
61,0÷80,0 | 4,0 | ||||
41,0÷60,0 | 3,0 | ||||
21,0÷40,0 | 2,0 | ||||
10,0÷20,0 | 1,0 | ||||
Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең | |||||
Ескертпе:
*– Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11850 болып тіркелген) бекітілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф мәнінің пайызы;
** – ЖЭО – жылу электр орталығы, ГЭС – гидроэлектр станциясы, КЭС – конденсациялық электр станциясы, БГЭС – бу-газды электр станциясы, ГТЭС – газ турбиналық электр станциясы, ГПЭС – газ поршеньді электр станциясы.
*** – инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде қолданылатын қазақстандық өндірістің тауарларының, жұмыстарының және көрсетілетін қызметтерінің үлесі.
**** – экологиялық және техникалық көрсеткіштерді жақсарту бойынша орташа мән көрсеткіштердің пайыздық арақатынасы сомасының көрсеткіштер санына қатынасы ретінде айқындалады.
Инвестициялық келісім жасалатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияларының қосалқы жабдықтарының тізбесі
Р/с№ | Жабдықтың атауы | Жұмыс түрі, іс-шаралар | Өлшемшарттар, өлшем бірлігі |
1. | ҮҚТ (ең үздік қолжетімді техникалар) немесе экологиялық іс-шаралар | Реконструкциялау / салу | Маркерлік заттар бойынша шығарындылардың технологиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу (отын түріне байланысты), мг/Нм³ * |
2. | Түтін құбырлары | Реконструкциялау / салу | Қолданыстағы түтін мұржасының пайдалану мерзімін шектеу туралы сараптама ұйымының қорытындысы * |
3. | Күл үйінділері күл-қожды гидравликалық шығару объектілері |
Реконструкциялау / салу / | Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаның құнының пайдалану мерзіміне (жыл) арақатынасы, % ** |
4. | Ашық тарату құрылғысы | реконструкциялау /салу / кеңейту | Тозуды төмендету мөлшері, % *** |
5. | Градирнялар | Реконструкциялау / салу/ кеңейту | Жылыту маусымынан тыс кезеңде қолжетімді қуатты ұлғайту, МВт *** |
6. | Отын беру | Реконструкциялау / салу | Жылыту маусымынан тыс кезеңде қолжетімді қуатты ұлғайту, МВт *** |
7. | Айналымдағы су құбырлары | Реконструкциялау / салу | Жылыту маусымынан тыс кезеңде қолжетімді қуатты ұлғайту, МВт *** |
8. | Суды дайындау | Реконструкциялау / салу | Жылыту маусымынан тыс кезеңде қолжетімді қуатты ұлғайту, МВт *** |
9. | Ішкі газ инфрақұрылымы | Реконструкциялау / салу | Жылыту маусымынан тыс кезеңде қолжетімді қуатты ұлғайту, МВт *** |
10. |
1-7-тармақтар | Тиісті жұмыс түрі/іс-шаралар | Инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде қолданылатын Қазақстанда өндірілген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің үлесі, % **** |
Ескертпе:
* – тиісті өлшемшарттарға сәйкес келетін барлық инвестициялық бағдарламалар іріктеуге жатады;
** – тиісті өлшемшарт бойынша мәні неғұрлым төмен инвестициялық бағдарламалар іріктеуге жатады;
*** – тиісті өлшемшарттар бойынша мәні неғұрлым жоғары инвестициялық бағдарламалар іріктеуге жатады;
**** – жергілікті қамту үлесі технология мен жабдықтағы қамту және құрылыс-монтаждау жұмыстарына қамту бойынша бөліністе ескеріледі.
Қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім
______________________ 20 ___ жылғы "____" ____________
(қол қою қаласы) (жасасу күні)
Бұдан әрі "Тараптар деп аталатын
_______________________________________________________________,
(мемлекеттік органның атауы)
тұлғасында
______________________________________________________________,
(уәкілетті адамның Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(ереже немесе бұйрық)
бұдан әрі "Уәкілетті орган" деп аталатын және
(энергия өндіруші ұйымның атауы)
______________________________________________________________ тұлғасында,
(уәкілетті адамның Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(жарғы немесе сенімхат)
бұдан әрі "Энергия өндіруші ұйым" деп аталатын екінші тараптан "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім/ жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке келісім/ пайдалануға берілген электр станциясы бойынша инвестициялық жеке келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
1. Келісімде мына түсінік пайдаланылады:
1) тоқсан сайынғы есеп – энергия өндіруші ұйымның уәкілетті органға ұсынатын, қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы есеп;
2. Келісім қосалқы жабдықтарға қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаның (бағдарламаларының) іс-шараларын іске асыру бойынша Келісім Тараптарының міндеттемелері мен құқықтарын көздейді.
3. Энергия өндіруші ұйым:
1) осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес қосалқы жабдықты жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарламаның (инвестициялық бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға;
2) инвестициялық келісім жасалған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жобаны іске асырудың жоспар-кестесін ұсынуға;
3) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынуға, сондай-ақ растайтын құжаттарды (шарттар, орындалған жұмыстар актілері, қабылдау-беру актілері, шот-фактуралар және т.б.) жариялай отырып, өзінің интернет-ресурсында және энергетиканың цифрлық платформасында жоспар-кестенің іске асырылуы туралы есепті орналастыруға. Жобаны іске асыру процесінде мүдделі тараптардың қатысуымен тоқсанына бір рет жария тыңдаулар өткізуге;
4) қосалқы жабдыққа қатысты уәкілетті органмен жасалған жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық келісімде белгіленген іс-шаралардың орындалмауы бойынша бақылау органы тарапынан ескертулер анықталған жағдайда, көрсетілген ескертулерді 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жоюға;
5) энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган өкілдерінің қосалқы жабдықты жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарламаның (инвестициялық бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыру орындарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген есепте көзделген іс-шаралардың орындалуын растайтын материалдарды ұсынуға;
6) қосалқы жабдыққа қатысты уәкілетті органмен жасалған жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық келісімде айқындалған мерзімдерде қосалқы жабдықты пайдалануға беру актісі ұсынылмаған, сондай-ақ іс-шаралар орындалмаған жағдайларда инвестициялық келісім бұзылған күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде қаражатты Бірыңғай сатып алушыға толық көлемде қайтаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
4. Энергия өндіруші ұйымдар:
1) қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынған кезде Заңға және осы Келісімге сәйкес электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді тоқсан сайын алуға;
2) қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есептік ақпаратты ұсынған кезде электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті сатып алу туралы шарт жасалған жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан бастап электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді тоқсан сайын алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
5. Уәкілетті орган:
1) жаңғырту, реконструкциялау, кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық келісім жасалған жағдайда, осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес мыналарды белгілеуге:
келісімге енгізілген инвестициялық бағдарламаларда көзделген тоқсандарға бөлінген, күнтізбелік жылға ұсынылатын электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке арналған жеке тарифті;
мәні бірлікке теңестірілетін, тоқсандар бойынша электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызмет көлемін;
күнтізбелік жылға ұсынылатын, тоқсандармен көрсетілген электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті сатып алу мерзімін;
2) осы Келісім үшін мынадай көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторларды белгілеуге: қосалқы жабдықтың тозу дәрежесін төмендету; экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға міндетті (зиянды заттар шығарындыларын азайту).
6. Уәкілетті орган:
1) осы Келісім бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды энергия өндіруші ұйымнан сұратуға және алуға;
2) Осы Келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, сондай-ақ осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген жаңғыртудың, кеңейтудың, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық (инвестициялық) бағдарлама (бағдарламалар) іс-шараларының іске асырылу мерзімдері бұзылғанда осы Келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін жүйелік операторға хабардар ете отырып өзгертуге;
3) қосалқы жабдыққа қатысты уәкілетті органмен жасалған жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық келісімде белгіленген іс-шаралардың орындалмауы бойынша бақылау органы тарапынан ескертулер анықталған жағдайда, уәкілетті орган Бірыңғай сатып алушыға ескертулер отыз жұмыс күні ішінде жойылғанға дейінгі кезеңге қосалқы жабдыққа жұмсалатын шығындарға ақы төлеуді тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
7. Келісімде реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын және азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.
8. Келісім бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар сот тәртібімен шешіледі.
9. Келісімнің ережелерін, Келісімді іске асыру процесінде кез келген Тарап алған немесе алынған ақпарат Тараптардың шешімі бойынша құпиялылықты қамтамасыз етеді.
10. Тараптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат берген;
2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты басқа Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермейді.
11. Келісімге қол қойылған күн оның күшіне енген күні болып табылады.
12. Тараптардың екі жақты келісім бойынша жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
13. Барлық қосымша келісімдерге Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды.
14. Келісім бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекенжайлар бойынша жіберіледі: Уәкілетті орган
_____________________________________
Энергия өндіруші ұйым
_____________________________________
15. Келісім:
1) қолданылу мерзімі аяқталған;
2) бұзылған ;
3) сот шешкен жағдайда;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында, азаматтық заңнамасында және Келісімде көзделген өзге де жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
16. Тараптардың заңды мәртебесінің не ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі Келісімнің қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Келісімді бұзуға, Тараптарды екі жақты келісімі бойынша өзгерсеғ не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті заңды мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы 3 күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етеді.
17. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде және бірдей заң күші бар екі түпнұсқа данада жасалды.
18. Энергия өндіруші ұйымның жауапкершілігі:
Энергия өндіруші ұйым Келісім бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Уәкілетті орган:
Энергия өндіруші ұйым:
______________________
______________________
| Қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімге 1-қосымша |
|
| Нысан |
Жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламалар (әрбір инвестициялық бағдарлама төменде келтірілген нысанға сәйкес жеке ресімделеді) № ___ инвестициялық бағдарлама (бірліктерден бастап, реттік нөмірін көрсету қажет).
1. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асыру жоспарланатын іс-шараларды қамтылатын электр станциясының атауы (атауы көрсетіледі).
2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.__
Р/с № | Іс-шара атауы | Іс-шараның басталу мерзімі (айы, жылы) | Іс-шараның аяқталу мерзімі (айы, жылы) | Құны, (млн теңге) | Енгізілетін қосалқы жабдықтың экологиялық және технологиялық көрсеткіштері | |
Экологиялық параметрлер | Технологиялық | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының негізгі генерациялайтын жабдығын жаңасына ауыстыру | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының бұрын пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру ** | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясындағы қосымша негізгі генерациялайтын жабдығын енгізу (кеңейту)** | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының қосалқы жабдықтарын ауыстыру ** | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Ескертпе:
* – кестедегі параметрлердің сандық мәндері ондық үлеске дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – тек осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес.
3. Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін және іске асырғаннан кейін электр станциясының (атауы көрсетіледі) жұмыс параметрлері туралы ақпарат*.
Р/с № | Көрсеткіштер*** | Өлшемшарттар*** | |||
Пайдалануға енгізілген жабдықтың қызмет ету мерзімі (кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қалған мерзімі) (жыл) | Электр станциясы шығарындыларының азот оксидтерінің кезеңдегі орташа үлестік мәні (мг/м³)** | Электр станциясы шығарындыларының күкірт оксидтерінің кезеңдегі орташа үлестік мәні (мг/м³)** | Электр станциясы шығарындыларының қатты бөлшектерінің кезеңдегі орташа үлестік мәні (мг/м³)** | ||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
Инвестициялық бағдарлама іске асырылғанға дейін | |||||
1. | |||||
Инвестициялық бағдарлама іске асырылғаннан кейін | |||||
2. | |||||
Ескертпе:
* – кестедегі параметрлердің сандық мәндері ондық үлеске дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – электр станциясының номиналды жұмыс режимінде;
*** – қосалқы жабдықтың типіне қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес толтырылады.
4. Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына (атауын көрсету) салынған инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат*.
Р/с № | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай)** | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, ай. | Қажетті жыл сайынғы қайтарым деңгейі, мың теңге/жыл** |
1 | 2 | 4 | 5 |
1. |
Ескертпе:
* – кестедегі параметрлердің сандық мәндері ондық үлеске дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
** – жаңадан енгізілетін/қалпына келтірілген қосалқы жабдық бойынша амортизациялық аударымдар сомасы инвестициялық салымдарды қайтару көлемінде ескеріледі;
*** – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметтің көлемі бір (1 МВт) бірлікке теңестіріледі.
| Қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімге 2-қосымша |
Қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі*
Р/c№ | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, мың теңге/(МВт**ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, ай | Қажетті жыл сайынғы қайтарым деңгейі, мың теңге/жыл** |
1 | 2 | 4 | 5 |
1. |
Ескертпе:
* – кестедегі параметрлердің сандық мәндері ондық үлеске дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
** – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі (1 МВт) бірлікке теңестіріледі.
