БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 910 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19616 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Іріктеу комиссиясы жұмысты ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шараларды жүргізеді:
кандидаттардың жеке ісін тексеру;
кандидаттардың әскери-есептік мамандығына және тағайындау үшін қаралатын әскери лауазымның біліміне сәйкес келуін тексеру;
кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру;
кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
іріктеу комиссиясының отырысында іріктелген кандидаттарды қарау;
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген мәліметтердің болуына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің "Талдау орталығы" ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттарды тексеру.".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Д. Косанов |