Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кейбір қаулыларына қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 126 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 қыркүйекте № 39846 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

      17-тармақтың 19) тармақшасы алып тасталсын;

      25-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк берілген сенімхат негізінде клиенттің атынан әрекет ететін клиенттің өкілі арқылы іскерлік қатынастар орнатқан клиентке қатысты банк шығыс немесе кіріс операцияларын жүргізгенге дейін клиентті қосымша биометриялық аутентификациялауды жүргізеді.

      Клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде, клиент ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірін не электрондық банктік қызметтерге қол жеткізу үшін пайдаланылатын ұялы байланыс абоненттік құрылғысын ауыстырған кезде банк клиентті биометриялық аутентификациялауды жүргізе отырып, клиентті екі факторлы сәйкестендіру қолданады. Клиентті биометриялық аутентификациялауды жүргізу үшін банк шотын ашу арқылы қашықтан тәсілімен іскерлік қатынастар орнатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының (бұдан әрі – СДАО) қызметтері "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы алған ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің биометриялық деректерін міндетті пайдалану және (немесе) толтыру жағдайларын қоса алғанда, қаржы және төлем ұйымдарының биометриялық аутентификация жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 99 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 маусымдағы № 72 бірлескен қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39186 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен пайдаланылады. Клиентті сәйкестендірудің (аутентификациялаудың) екінші тәсілін банк Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы, қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес дербес айқындайды. Банк клиентті биометриялық аутентификациялауды жүргізу кезінде клиентпен іскерлік қатынастар, оның ішінде аутсорсинг негізінде тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл қозғалысты анықтау технологиясын пайдалана отырып, клиентпен бейнеконференция сеансының жазбасын не клиенттің алынған ағымдағы бейнесін сақтауды қамтамасыз етеді.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қазақстан Республикасының бейрезидентіне, электрондық резиденттерге (e-Residency) банктік шот ашу және (немесе) төлем карточкасын шығару кезінде банк:

      1) клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттарды тексереді;

      2) биометриялық аутентификациялауды жүргізеді;

      3) тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, құжаттық растау негізінде банктің ішкі құжаттарында көзделген клиенттерді тиісті тексеру бойынша қосымша шаралар қабылдайды.

      Клиенттің биометриялық аутентификациялауды жүргізу үшін банктік шот ашу арқылы қашықтан іскерлік қатынастар орнатылған жағдайда СДАО қызметтерін пайдаланады.

      27. Банк Талаптардың 22-тармағына және банктің ішкі құжаттарына сәйкес тәуекел дәрежесін және Талаптардың 26-тармағының бірінші бөлігінің 1), 2 және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды талдауды, шаралар қабылдауды, сондай-ақ клиенттің белсенділік бейінін ескере отырып, клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін айқындайды.

      Банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген немесе олар бойынша алаяқтық тәуекелдеріне және құқыққа қарсы оқыс оқиғаларға ұшырауға бейім деген күдік бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қатысты банк тиісті күшейтілген тексеру шараларын қолданады және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға және банктің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес операциялардың мониторингін жүзеге асырады.".

      2. "Банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі №86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38586 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      21-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) банктің директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін, осы банктің ірі қатысушысы мәртебесі бар банктің директорлар кеңесінің мүшесін қоспағанда, мерзімді түрде (жылына бір реттен кем емес) бағалау;";

      111-тармақта:

      бірінші бөліктің 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңсыз қызметті, оның ішінде алаяқтықты, алдауды, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ, есірткінің заңсыз өндірілуін, айналымын және (немесе) транзитін, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыруға, электрондық казино мен интернет-казиноның, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар пайдасына, сондай-ақ мөлшерлемелер мен ұтыстар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, бірыңғай есепке алу жүйесінен тыс букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға;";

      екінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың екінші бөлігінде (5) тармақшаны қоспағанда) көрсетілген клиенттерге қатысты банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін береді, осындай клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады және:";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк осы тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген клиенттерді мәртебесі және (немесе) кімнің қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне жатқызады және талдау қорытындылары бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейіндегі клиентке қатысты банкте бар мәліметтер мен ақпаратты берген кезде осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-шараларды жүргізеді.".

      3. Қаржы ұйымдарын әдіснама және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) Заң департаментімен бірлесіп, осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі

О внесении изменений в некоторые постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка по вопросам регулирования финансового рынка и противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения на финансовом рынке

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 7 сентября 2026 года № 126. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 сентября 2026 года № 39846

      Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 22 марта 2020 года № 18 "Об утверждении Требований к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения для банков второго уровня, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан и Национального оператора почты" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20160) следующие изменения:

      в Требованиях к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения для банков второго уровня, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан и Национального оператора почты, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 19) пункта 17 исключить;

      части четвертую и пятую пункта 25 изложить в следующей редакции:

      "В отношении клиента, с которым банк установил деловые отношения посредством представителя клиента, действующего от имени клиента на основании выданной доверенности, банком до проведения расходных или приходных операций, дополнительно проводится биометрическая аутентификация клиента.

      При дистанционном установлении деловых отношений с клиентом, при смене клиентом абонентского номера устройства сотовой связи либо абонентского устройства сотовой связи, используемого для доступа к электронным банковским услугам, банк применяет двухфакторную идентификацию клиента с проведением биометрической аутентификации клиента. В случае установления деловых отношений дистанционным способом путем открытия банковского счета для проведения биометрической аутентификации клиента используются услуги Центра обмена идентификационными данными Национального Банка Республики Казахстан (далее – ЦОИД) в порядке, установленном совместным постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 26 июня 2026 года № 99 и постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 июня 2026 года № 72 "Об утверждении Правил проведения биометрической аутентификации финансовыми и платежными организациями, включая случаи обязательного использования и (или) наполнения биометрическими данными национальной системы биометрической аутентификации, полученными центром обмена идентификационными данными Национального Банка Республики Казахстан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 39186). Второй способ идентификации (аутентификации) клиента определяется банком самостоятельно в соответствии с законодательством Республики Казахстан о платежах и платежных системах, о противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения. Банк при проведении биометрической аутентификации клиента обеспечивает хранение записи сеанса видеоконференции с клиентом либо полученного текущего изображения клиента с использованием технологии выявления движения не менее пяти лет со дня прекращения деловых отношений с клиентом, в том числе на основе аутсорсинга.";

      пункты 26 и 27 изложить в следующей редакции:

      "26. При открытии банковского счета и (или) выпуске платежной карточки нерезиденту Республики Казахстан, электронным резидентам (e-Residency) банк:

      1) проверяет документы клиента, удостоверяющие личность;

      2) проводит биометрическую аутентификацию;

      3) принимает дополнительные меры по надлежащей проверке клиентов, предусмотренные внутренними документами банка, на основании документального подтверждения, с учетом риск-ориентированного подхода.

      Для проведения биометрической аутентификации клиента используются услуги ЦОИД в случае установления деловых отношений дистанционным способом путем открытия банковского счета.

      27. Банк определяет уровень риска клиента (группы клиентов) в соответствии с пунктом 22 Требований и внутренними документами банка с учетом степени риска, анализа документов, принятия мер, указанных в подпунктах 1), 2 и 3) части первой пункта 26 Требований, а также профиля активности клиента.

      В отношении нерезидентов Республики Казахстан, по которым банком присвоен высокий уровень риска ОД/ФТ/ФРОМУ или по которым имеются подозрения в подверженности рискам мошенничества и противоправных инцидентов, банк применяет усиленные меры надлежащей проверки и осуществляет мониторинг операций в соответствии с Законом о ПОД/ФТ/ФРОМУ и правилами внутреннего контроля банка.".

      2. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 28 апреля 2026 года № 86 "Об утверждении Правил формирования системы управления рисками и внутреннего контроля для банков и филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 38586) следующие изменения:

      в Правилах формирования системы управления рисками и внутреннего контроля для банков и филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 17) пункта 21 изложить в следующей редакции:

      "17) периодическая (не реже одного раза в год) оценка деятельности каждого члена совета директоров банка, за исключением члена совета директоров банка, имеющего статус крупного участника данного банка;";

      в пункте 111:

      абзац второй подпункта 4) части первой изложить в следующей редакции:

      "в осуществление противоправной деятельности, в том числе мошенничества, обмана, ОД/ФТ/ФРОМУ, незаконного производства, оборота и (или) транзита наркотиков, организацию деятельности финансовых пирамид, осуществление платежей и (или) переводов денег в пользу электронного казино и интернет-казино, иностранных букмекерских контор и (или) тотализаторов, не имеющих лицензий на право занятия деятельностью в сфере игорного бизнеса в Республике Казахстан, а также букмекерских контор и (или) тотализаторов вне единой системы учета, предусмотренной Законом Республики Казахстан "Об игорном бизнесе", обеспечивающей осуществление расчетов по ставкам и выигрышам;";

      подпункт 4) части второй исключить;

      абзац первый части третьей изложить в следующей редакции:

      "В отношении клиентов, указанных в части второй настоящего пункта (за исключением подпункта 5)), банк присваивает высокий уровень риска ОД/ФТ/ФРОМУ, применяет усиленные меры надлежащей проверки таких клиентов и отвечает за:";

      часть четвертую изложить в следующей редакции:

      "Банк относит клиентов, указанных в подпункте 5) части второй настоящего пункта, к типам клиентов, чей статус и (или) чья деятельность повышают риск ОД/ФТ/ФРОМУ, и при присвоении по итогам анализа имеющихся у банка сведений и информации в отношении клиента высокого уровня риска ОД/ФТ/ФРОМУ проводит мероприятия, указанные в части третьей настоящего пункта.".

      3. Департаменту методологии и пруденциального регулирования финансовых организаций в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
М. Абылкасымова

      "СОГЛАСОВАНО"
Агентство Республики Казахстан
по финансовому мониторингу