"Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 328 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 қыркүйекте № 39855 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда:

      25-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тиісті аумақтық бөлімшеге (көрсетілетін қызметті берушіге) электрондық нысанда "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы не қағаз және (немесе) электрондық түрінде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) № 1 тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жер әкетуге арналған фитосанитариялық сертификат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап өтініш тіркелген сәттен бастап 16 (он алты) жұмыс сағатынан аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық нысанда ресімделеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшада:

      "Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      3-бағанда, реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Фитосанитариялық сертификат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз және (немесе) электрондық түрде.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Жасанды

      интеллект және цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады