ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27066 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Тендерлік комиссия Ұлттық парк басшысының бұйрығымен құрылады, оның құрамына Ұлттық парктің өкілдері, туризм саласында жергілікті атқарушы органдардың, жер қатынастары саласындағы уәкілетті органының астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, сәулет және қала құрылысы саласындағы функционалдарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың (келісімі бойынша), Ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесінің өкілдері кіреді.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Тендерлік комиссия Ұлттық парк басшысының бұйрығымен құрылады, оның құрамына Ұлттық парктің өкілдері, туризм қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың (келісімі бойынша), Ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесінің өкілдері кіреді."
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
