Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 431-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 қыркүйекте № 39880 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Кырыкбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрі
2026 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 431-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33016 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:

      көрсетілген Қағидалардың қосымшасы осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 283-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33114 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларында:

      2-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) конкурстық өтінім – Қазақстан Республикасы азаматының осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген, конкурсқа қатысуға арналған өтініші;";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Цифрлық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;";

      көрсетілген Қағидалардың 1 және 2-қосымшасы осы Тізбеге 2 және 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидалардың 4, 5 және 6-қосымшасы осы Тізбеге 4, 5 және 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Республикалық жастар форумын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушысының 2025 жылғы 5 маусымдағы № 260-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36271 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық жастар форумын өткізу қағидаларында:

      7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен әділет органдарында тіркелген жастар ұйымдарының қатысуымен астанада, облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда өңірлік форумдарда жүргізіледі.

      8. Делегациялардың сандық құрамы Қазақстан Республикасы жастарының жалпы санынан астананың, әр облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін жастар ұйымдарын Форум делегаттарының жалпы санының 10 пайыздан аспайтын көлемінде қосымша шақыра алады.".

  Тізбеге 1-қосымша
"Дарын" мемлекеттік
жастар сыйлығын
беру қағидаларына
қосымша
Нысан

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі

      1. Тегі _______________________________

      Аты _________________________________

      Әкесінің аты (ол болған жағдайда)________________________________

      2. Туған күні __________________________

      3. Ұсынушы ұйымның толық атауы ______

      4. Номинация _________________________

      5. Образование ________________________

      6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) _____________________________

      7. Ағымдағы қызметі (кандидаттың жұмыс орны, лауазымы/оқу орны) ______________

      8. Жұмыс өтілі (жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) ________________________________

      9. Тұрғылықты мекенжайы ______________

      10. Байланыс телефоны _________________

      11. Электрондық пошта _________________

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1.

      2.

      Ұйым басшысы _____ __________________(қолы)

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Мөр қою орны (болған жағдайда) 20__ жылғы "____" ____________________

  Тізбеге 2-қосымша
"Тәуелсіздік ұрпақтары"
грантын беру қағидаларына
1-қосымша

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру конкурсына қатысу үшін конкурстық өтінім

      1. Тегі ______________________________________________________________

      Аты ________________________________________________________________

      Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________________________

      2. Туған күні ________________________________________________________

      3. Грант жобасының бағыты (көрсетілген бағыттардың бірін таңдаңыз:

      "Ғылым", "Мәдениет", "Цифрлық технологиялар", "Бизнес", "Медиа",

      "Волонтерлік") _____________________________________________________

      4. Білімі (жоғары, орта, оқу орнының атауы)

      ____________________________________________________________________

      5. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) ____________________

      ____________________________________________________________________

      6. Қазіргі қызметі (үміткердің жұмыс орны, лауазымы/оқу орны) ____________

      ____________________________________________________________________

      7. Байланыс деректері (ұялы/жұмыс телефоны, электрондық пошта) _________

      ____________________________________________________________________

      8. Тұратын мекенжайы (облыс, қала, көше, үй/пәтер) _______________________

      ____________________________________________________________________

      20__ жылғы "____" ___________________ Қолы _________

  Тізбеге 3-қосымша
"Тәуелсіздік ұрпақтары"
грантын беру қағидаларына
2-қосымша

Жобаның сипаттамасы

Жобаның атауы және бағыты


Жобаның жетекшісі (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)


Жобаның қысқаша сипаттамасы


Нысаналы аудитория


Жобаның миссиясы


Бастаманың негіздемесі


Жобаның мақсаттары


Жобаның міндеттері


Жобаны іске асыру мерзімдері


Жобаның сәттілігін бағалаудың нысаналы көрсеткіштері мен өлшемшарттары


Жоба өнімі


Жобаның мүдделі тараптары


Жобаны іске асыру құны бойынша алдын ала болжамдар


Жобаның шектеулері (тәуекелдері)


Жобаны іске асыру географиясы (астана, облыс, республикалық маңызы бар қалалар)


  Тізбеге 4-қосымша
"Тәуелсіздік ұрпақтары"
грантын беру қағидаларына
4-қосымша

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру үшін грант алушыларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия мүшесінің бағалау парағы

      Комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ________________________________

      Грант бағыты

      ____________________________________________________________________

№ п/п

Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Жобаның атауы

Қорытынды балл

1

2

3

4

1.




2.




...




      20__ жылғы "____" _________________

      Қолы _________

  Тізбеге 5-қосымша
"Тәуелсіздік ұрпақтары"
грантын беру қағидаларына
5-қосымша

АРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЕСЕП

Грант алушы:


Грант тақырыбы:


Грант сомасы:


      1. Орындалған жұмыстар туралы ақпарат

Жобаның міндеттері

Жоба шеңберіндегі іс-шаралар

Жобаны орындау мерзімі

Әлеуметтік жоба өнімдері бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу деңгейі

Қатысушылар саны

Сипаттама (Егер есеп беру кезінде қызмет ішінара орындалса, онда орындалған жұмыс сипатталады. Бұдан басқа, осы тармақты сипаттау кезінде жобаны іске асыру шеңберінде нысаналы топ өкілдері не алды деген сұраққа жауап беру қажет)

Қоса берілген растайтын құжаттар (фотосуреттер, сілтемелер және тізімдер)

Іс-шаралар құны

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















      2. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде қызметті (жарнаманы қоса алғанда) жариялау

Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер

Басылымдардың атауы

Қамту, деңгей

Жарияланымдар саны

Шығу күні, сілтеме

1

2

3

4

5

оның ішінде:










      3. Егер бар болса, белгілі бір әрекет бойынша сәттілік тарихын жазыңыз

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Грант алушы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):

      Толтыру күні ________

      Қолы ________

  Тізбеге 6-қосымша
"Тәуелсіздік ұрпақтары"
грантын беру қағидаларына
6-қосымша

АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫ ТУРАЛЫ АРАЛЫҚ/ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП

Грант алушы:


Грант тақырыбы:


Грант сомасы:


Шығыстар бабының атауы

Шығындар сметасы

№ 1 аралық есеп

№ 2 аралық есеп

Қорытынды есеп

Қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.







3.







...








Жиыны






      Грант алушы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):

      Толтыру күні ____________

      Қолы ____________

      АҚША ҚАРАЖАТЫН ЖҰМСАУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

      1.

      2.

      3.

      ...

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады