ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 343-н/қ бұйрықпен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10957 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі – уәкілетті органның цифрлық жүйесі) – жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің деректерін жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның цифрлық жүйесі.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қолданылады.";
54-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"54. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу деректері уәкілетті органның цифрлық жүйесіне деректерді одан әрі бере отырып, деректерді жинау және беру құрылғыларына әрбір он бес минут сайын беріледі. Ақпаратты берудің істен шығуы кезінде бірнеше он бес минуттық аралықта бір мезгілде деректерді жинау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.";
77-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"77. Электр энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің субъектілері уәкілетті органның цифрлық жүйесімен электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің өздерінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қол жеткізуді ұсынады және интеграциялайды.".
2. "Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 4-н/қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35637 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі – уәкілетті органның цифрлық жүйесі) – жылумен жабдықтау субъектілерінің уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің деректерін жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның цифрлық жүйесі.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Уәкілетті органның цифрлық жүйесіне деректерді беруді тәртібі";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Жылумен жабдықтау субъектілері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 355-н/қ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36862 болып тіркелген) бекітілген Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеу қағидаларында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның цифрлық жүйесіне қосылуды, сондай-ақ "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды сақтай отырып деректерді беруді қамтамасыз етеді.";
6-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде жұмыс істейтін жылу өндіруші субъектілер уәкілетті органның цифрлық жүйесіне жылу өндіруші субъектілерді есепке алу тораптарында орнатылған жылу энергиясын есепке алу жүйелерінен деректерді үздіксіз қашықтықтан беруді мына үш модуль бойынша жүзеге асырады:";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде жұмыс істейтін жылу тасымалдаушы субъектілер уәкілетті органның цифрлық жүйесіне жылу тасымалдаушы субъектілердің есепке алу тораптарында орнатылған жылу энергиясын есепке алу жүйелерінен деректерді үздіксіз қашықтықтан беруді жүзеге асырады.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген деректер жинақталады және нақты уақыт режимінде, сондай-ақ сағат, тәулік, ай бөлінісінде уәкілетті органның цифрлық жүйесіне беріледі.";
12-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Жылу энергиясын есепке алу жүйелерінің деректерін уәкілетті органның цифрлық жүйесіне қашықтықтан беру арнасы:".
3. "Жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 493-н/қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37632 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлеу және бекіту қағидаларында:
79-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"79. Тереңдетілген талдау шеңберінде жылуды тікелей өндіру үшін күн энергиясын зерделеу қажет.
Алаңға қойылатын талаптарға және желіге жақын орналасу қажеттілігіне байланысты учаскені мұқият таңдау өте маңызды. Әлеуетті талдау қолайлы учаскелерді ерте айқындауға, техникалық жүзеге асырылуын бағалауға және жоспарлау кезінде тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
Қарастырылып отырған аумақты талдау географиялық цифрлық жүйенің көмегімен жүргізіледі. Негіз ретінде цифрлық учаскелер, аэрофотосуреттер, жерді пайдалану және топырақ туралы ақпарат жүйелері, сондай-ақ жер бедері модельдері пайдаланылады. Аумақты тарылту үшін алып тастау өлшемшарттары қолданылады, мысалы:
1) қорғалатын аумақтар;
2) жерүсті су объектілері, олардың су қорғау аймақтары және белдеулері, су басу аймақтары;
3) елді мекендер мен өнеркәсіптік аудандар;
4) тік беткейлер (>5%) және солтүстік жағы;
5) тығыздалған немесе қазірдің өзінде қарқынды пайдаланылатын учаскелер;
6) батпақты немесе шымтезек топырақтары бар учаскелер.
Осы учаскелер алып тасталғаннан кейін тереңдетілген талдау жасалатын учаскелер қарастырылады.".