БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекет кепілгерліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыздар тарту қағидаларында:
16 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қарыз шарты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайымен ратификациялануға тиіс.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11-тармақтың 5) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
23-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшасының орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету қағидаларында:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;";
3) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің болжамдық көрсеткіштері жергілікті өкілетті органдар мақұлдаған аумақтардың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдерімен анықталады. Тиісті қаржы жылғы ұлттық валюта бағамы Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған кезекті жылға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен Қазақстан Республикасының бюджеттік өлшемдері ескеріле отырып анықталады.".
9-тармақтың 5) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
17-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борыш мониторингінің қағидаларында:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;";
5) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6-тармақтың 3) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 626 бұйрығына 1- қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 2-қосымша |
Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 140 бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
2-тарау. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу тәртібі
3. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы:
1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу;
2) қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығын жабуға жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік кредиттер алу;
3) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылады.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органымен келісу бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш саласында бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органымен айқындалады және "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 385 қаулысымен бекітілді;
4) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы;
5) Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан ұлттық валютада қарыз алуы түрінде жүзеге асырылады.
4. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) тиісті қаржы жылына арналған борыш лимиті және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталған жергілікті бюджет қаражатының көлемі шегінде қарыз алуды шектеуді белгілеу;
2) қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын айқындау;
3) басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру.
5. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жергілікті атқарушы органның борыш лимитін және басым (республикалық және жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясының қарауына осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы жөніндегі ұсыныстарын жібереді және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын жасайды.
6. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы қарыз шарты, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нысанында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 449 қаулысымен айқындалатын тәртіппен "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды ұлттық валютада шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес "жасыл" жобаларға жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан ұлттық валютада қарыз алу нысанында жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы орналастыру жөніндегі агенттен алынған негізгі борыштың, сыйақының және бағалы қағаздар шығару талаптарында көзделген өзге де төлемдердің есептелген және төленген сомалары туралы ақпарат негізінде бағалы қағаздарды орналастырудан алынған қаражатты есепке алуды жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар шығару есебінен қаржыландырылатын "жасыл" жобаларға жатқызылған жобалардың қаражатын пайдалану мониторингін жүзеге асырады.
9. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган Бюджет кодексінің 137-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін айқындайды.
10. Бюджет комиссиясының шешімі және жергілікті бюджеттер тапшылығының бекітілген параметрлері негізінде, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органын Бюджет кодексінің 140-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының белгілі бір заңында мемлекеттік бағалы қағаздарды бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының көлемі мен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы мемлекеттік қарыздарын, сондай-ақ Бюджет кодексінің 140-бабының 4-тармағына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілетін борышты өтеу мен оған қызмет көрсету мөлшері бекітілсін.
11. Ресімделген қарыз шартына қол қою Бюджет кодексінің 155-бабына сәйкес қабылданатын қарыз берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
12. Қол қойылған қарыз шарттары өтеу, сыйақы төлеу кестелерімен және басқа да қосымшалармен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тіркеуіне жатады. Бұл ретте қарыз шарты оны тіркегеннен кейін ғана күшіне енеді.
13. Жергілікті атқарушы органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға борыштың жай-күйі және оған қызмет көрсету туралы есепті тоқсан сайын осы бұйрыққа 9 қосымшаға сәйкес Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борыш мониторингінің қағидаларына сәйкес ұсынады.
3-тарау. Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыздары есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру.
14. Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы растайтын құжаттаманы қоса бере отырып, қарыз шартының жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге және қарауға жібереді.
15. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы мемлекеттік қарыздарының талаптары, көлемі және нысаналы мақсаты тұрғысынан қарыз шартының жобасын қарайды.
16. Ресімделген қарыз шартына қол қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
17. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қол қойылған қарыз шарты тіркелуге жатады. Қарыз шарты қарыз шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік қазынашылықта тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
18. Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қарыз берушілерден негізгі борыштың, сыйақының және қарыз шартында көзделген өзге де төлемдердің есептелген және төленген сомалары туралы алынатын ақпарат негізінде сыртқы қарыздар қаражатын есепке алуды жүзеге асырады.
19. Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған, қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалар қаражатының пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:
1) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасын қалыптастыру кезінде белгіленген тәртіппен жобаны қаржыландыру көлемін жоспарлайды;
2) қарыз шартында көзделген рәсімдерге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу арқылы жобаны іске асыруды жүзеге асырады;
3) конкурстық комиссияның қарыз берушімен келісілген шешімі негізінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға келісімшарттар жасасады;
4) жасалған келісімшарттардың мониторингін, сыртқы қарыз қаражатын, сондай-ақ олар бөлінген жағдайда жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді.
21. Қарыз шартына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (бұдан әрі – ТЭН) немесе қаржы-экономикалық негіздемесіне (бұдан әрі – ҚЭН) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап еткен жағдайда, Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН немесе ҚЭН өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөніндегі рәсімдерді жүргізеді.
22. ТЭН немесе ҚЭН енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының бекітуіне жатады.
23. Қарыз шартына сыртқы мемлекеттік қарыздардың талаптарын, көлемін және нысаналы мақсатын өзгерту бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, қарыз шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жобасын Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауына және келісуіне енгізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы мемлекеттік қарыздарының талаптары, көлемі және нысаналы мақсаты тұрғысынан қарыз шартына өзгерістер және (немесе толықтырулар) енгізу жобасын қарайды.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin?lang=kk;
Әкімшілік нысанның атауы: Жергілікті атқарушы орган борышының жай-күйі туралы есеп;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: МБЕ-3;
Кезеңділік: тоқсан сайын;
Есепті кезең: 20 ___ жыл ___ тоқсан;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда);
ЖСН/БСН: |
|
Жинау әдісі: "е-Қаржымині" біріктірілген автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы электрондық форматта.
№ | Қарыздың /кредиттің нөмірі және қол қойылған күні | Жобаның атауы | Қарыз/кредит валютасы | Қарыздың /кредиттің қол қойылған сомасы | Бастапқы есеп беру кезеңіндегі негізгі борыштың қалдығы | Игерілген қарыз/кредит қаражаты (түсті) |
есепті кезеңнің басына | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
I бөлім. Республикалық бюджеттен берілген кредиттер | ||||||
1) әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспары шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға арналған; | ||||||
1. | ||||||
2) үкіметтік сыртқы қарыздар шеңберінде; | ||||||
… | ||||||
3) қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы кезінде. | ||||||
… | ||||||
Бөлім бойынша жиыны: | ||||||
II бөлім. Жергілікті атқарушы органдар бұрын тартқан кредиттер | ||||||
1) әкімнің кепілдігімен; | ||||||
… | ||||||
2) басқа көздерден. | ||||||
… | ||||||
Бөлім бойынша жиыны: | ||||||
III бөлім. Ішкі мемлекеттік қарыз алу | ||||||
1) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы | ||||||
… | ||||||
Бөлім бойынша жиыны: | ||||||
IV бөлім. Сыртқы мемлекеттік қарыз алу | ||||||
1) қарыз шарты; | ||||||
… | ||||||
2) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы; | ||||||
… | ||||||
Бөлім бойынша жиыны: | ||||||
БАРЛЫҒЫ | ||||||
кестенің жалғасы
Игерілген (түскен) қарыз/кредит қаражаты | Негізгі борышты өтеу | Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша негізгі борыштың қалдығы | |||||
Есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша төлемдердің басынан бастап барлығы | есепті кезеңде | ||||||
есепті кезеңде | тиесілі төлемдер | жүргізілген төлемдер | |||||
күні | сомасы | күні | сомасы | ||||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | |
Атауы _________________________ | Мекенжайы________________ | ||||||
Телефоны______________________ | |||||||
Электрондық пошта мекенжайы | |||||||
Орындаушы ____________________________________ |
__________________________ | ||||||
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________ |
_____________________________ | ||||||
Мөрдің орны | |||||||
Ескертпе: "Жергілікті атқарушы орган борышының жай-күйі туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы 1-нысанға қосымшада келтірілген;
ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – Бизнес сәйкестендіру нөмірі.
| "Жергілікті атқарушы орган борышының жай-күйі туралы есеп" 1-нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Жергілікті атқарушы орган борышының жай-күйі туралы есеп" (МБЕ-3, тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) жасалады.
2. Есеп:
бөлімнің символы мен атауын көрсете отырып, әр бөлім бойынша бөлек;
қарыз/кредит валютасындағы барлық сандық бағандар бойынша "Барлығы" деген қорытынды жолды қарыз/кредит валютасында және "Бөлімі бойынша жиыны" деген қорытынды жолды теңгеде көрсете отырып, қарыз/кредит валютасында қарыз/кредит шартына сәйкес әрбір қарыз/кредит бойынша бөліністе бөлек толтырылады.
3. Көрсеткіштерді теңгеде келтіру есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күні валюталардың ресми айырбас бағамы бойынша жүргізіледі.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. 1-бағанда реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі және кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуге тиіс;
5. 2-бағанда қарыздың/кредиттің нөмірі мен қол қойылған күні көрсетіледі;
6. 3-бағанда қол қойылған қарыз/кредит шартына сәйкес қарыз/кредит жобасының атауы немесе мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылған жағдайда қарыз алу мақсаты көрсетіледі;
7. 4-бағанда тартылған қарыз/кредит валютасы көрсетіледі;
8. 5-бағанда қол қойылған қосымша келісімдерді ескере отырып, қол қойылған қарыз/кредит сомасы көрсетіледі;
9. 6-бағанда есепті кезеңнің басындағы негізгі борыштың қалдығы көрсетіледі;
10. 7-бағанда есепті кезеңнің басында қарыз/кредит қаражатының қанша игерілгені көрсетіледі;
11. 8 және 9-бағандарда игерілген күні мен игеру сомасына бөлініп, есепті кезеңде қарыз/кредит қаражатының барлығы қанша игерілгені көрсетіледі, қарыз/кредит қаражаты қайтарылған немесе қарыз/кредит бойынша міндеттемелер берілген жағдайда сома "-" белгісімен көрсетіледі;
12. 10-бағанда қарыз/кредит шартының қолданысы басталғаннан бастап және есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша негізгі борышты өтеу бойынша қанша төлем жүргізілгені көрсетіледі;
13. 11-бағанда есепті кезеңде негізгі борышты өтеу бойынша тиесілі төлемдер көрсетіледі (төлемдер кестесіне сәйкес);
14. 12 және 13-бағандарда есепті кезеңде негізгі борышты өтеу бойынша нақты жүргізілген төлемдер күні мен сомасына бөле отырып көрсетіледі;
15. 14-бағанда есепті кезеңнің соңындағы негізгі борыштың қалдығы көрсетіледі.
16. Арифметикалық-логикалық бақылау:
6-баған = алдыңғы кезеңнің 14-бағаны;
7-баған = алдыңғы кезеңнің 7 + 9-бағандары;
10-баған = алдыңғы кезеңнің 10 + 13-бағандары;
14-баған = 6-баған + 9-баған – 13-баған.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin?lang=kk;
Әкімшілік нысанның атауы: Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету туралы есеп;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: БҚКЕ-3;
Кезеңділік: тоқсан сайын;
Есепті кезең: 20 ___ жыл ___ тоқсан;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда);
ЖСН/БСН: |
|
Жинау әдісі: "е-Қаржымині" біріктірілген автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы электрондық форматта.
№ | Қарызға/кредитке қол қойылған күні және нөмірі | Жобаның атауы | Қарыз/кредит валютасы | Қарыздың /кредиттің қол қойылған сомасы | Сыйақы төлемдері | |||
Есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша төлемдердің басынан бастап барлығы | есепті кезеңде | |||||||
тиесілі төлемдер | жүргізілген төлемдер | |||||||
күні | сомасы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
I Бөлім. Республикалық бюджеттен берілген кредиттер | ||||||||
1) әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспары шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға; | ||||||||
1. | ||||||||
2) үкіметтік сыртқы қарыздар шеңберінде; | ||||||||
… | ||||||||
3) қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы кезінде. | ||||||||
… | ||||||||
Бөлім бойынша жиыны: | ||||||||
II Бөлім. Жергілікті атқарушы орган бұрын тартқан кредиттер | ||||||||
1) әкімнің кепілдігімен; | ||||||||
… | ||||||||
2) басқа көздерден. | ||||||||
… | ||||||||
Бөлім бойынша жиыны: | ||||||||
III Бөлім. Ішкі мемлекеттік қарыз алу | ||||||||
1) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы | ||||||||
… | ||||||||
Бөлім бойынша жиыны: | ||||||||
IV бөлім. Сыртқы мемлекеттік қарыз алу | ||||||||
1) қарыз шарты; | ||||||||
… | ||||||||
2) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы. | ||||||||
… | ||||||||
Бөлім бойынша жиыны: | ||||||||
БАРЛЫҒЫ | ||||||||
кестенің жалғасы
Ілеспе төлемдер төленді | |||
есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша төлемдердің басынан бастап барлығы | есепті кезеңде | ||
тиесілі төлем | жүргізілді | ||
күні | сомасы | ||
10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы
Мерзімі өтіп кеткен төлемдер | |||||
есепті кезең басында | есепті кезең соңында | ||||
негізгі борыш |
сыйақы |
ілеспе |
негізгі борыш |
сыйақы |
ілеспе |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Атауы ___________________________ | Мекенжайы_____________________ | ||||
Телефоны ________________________ | |||||
Электрондық пошта мекенжайы _________ | |||||
Орындаушы________________________________ |
| ||||
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ________________________________ |
______________________ | ||||
Мөрдің орны | |||||
Ескертпе: "Жергілікті атқарушы орган борышының жай-күйі туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы 2-нысанға қосымшада келтірілген;
ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – Бизнес сәйкестендіру нөмірі.
| "Жергілікті атқарушы орган борышының жай-күйі туралы есеп" 2-нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету туралы есеп" (БҚКЕ-3, тоқсан сайын)
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Ілеспе төлемдер – аванстық төлемдер, комиссиондық төлемдер, айыппұлдар, сақтандыру жарналары және кредит беру шарттарынан туындайтын өзге төлемдер.
2. Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) жасалады.
3. Есеп:
бөлімнің символы мен атауын көрсете отырып, әр бөлім бойынша бөлек;
қарыз/кредит валютасындағы барлық сандық бағандар бойынша "Барлығы" деген қорытынды жолды қарыз/кредит валютасында және "Бөлімі бойынша жиыны" деген қорытынды жолды теңгеде көрсете отырып, қарыз/кредит валютасында қарыз/кредит шартына сәйкес әрбір қарыз/кредит бойынша бөліністе бөлек толтырылады.
4. Көрсеткіштерді теңгеде келтіру есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күні валюталардың ресми айырбас бағамы бойынша жүргізіледі.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 1-бағанда реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі және кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуге тиіс;
6. 2-бағанда қарыздың/кредиттің нөмірі мен қол қойылған күні көрсетіледі;
7. 3-бағанда қол қойылған қарыз/кредит шартына сәйкес қарыз/кредит жобасының атауы немесе мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылған жағдайда қарыз алу мақсаты көрсетіледі;
8. 4-бағанда тартылған қарыз/кредит валютасы көрсетіледі;
9. 5-бағанда қол қойылған қосымша келісімдерді ескере отырып, қол қойылған қарыз/кредит сомасы көрсетіледі;
10. 6-бағанда төлемдер басталғаннан бастап және есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша төленген сыйақы төлемдері бойынша ақпарат көрсетіледі;
11. 7-бағанда шарттың талаптарына сәйкес есепті кезеңде төлеуге тиесілі сыйақы төлемдері бойынша ақпарат көрсетіледі;
12. 8 және 9-бағандарда есепті кезеңде төлемнің күні мен сомасына бөле отырып, сыйақы төлемдерінің барлығы қанша жүргізілгені көрсетіледі;
13. 10-бағанда есепті төлемдер басталғаннан бастап есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша ілеспе төлемдердің барлығы қанша төленгені көрсетіледі;
14. 11-бағанда шарттың талаптарына сәйкес есепті кезеңде тиесілі ілеспе төлемдер сомасы көрсетіледі;
15. 12 және 13-бағандарда күні мен сомасына бөле отырып, есепті кезеңде нақты жүргізілген ілеспе төлемдер көрсетіледі;
16. 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағандарда қарызды/кредитті өтеу және оған қызмет көрсету бойынша мерзімі өткен төлемдер көрсетіледі.
17. Арифметикалық-логикалық бақылау:
6-баған = алдыңғы кезеңнің 6 + 9-бағандары;
10-баған = алдыңғы кезеңнің 10 + 13-бағандары.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin?lang=kk;
Әкімшілік нысанның атауы: Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету туралы есеп;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: БҚКЕ-3;
Кезеңділік: тоқсан сайын;
Есепті кезең: 20 ___ жыл ___ тоқсан;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда);
ЖСН/БСН: |
|
Жинау әдісі: "е-Минфин" біріктірілген автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы электрондық форматта.