Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 қыркүйекте № 39912 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы
Т. Султангазиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 110 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы тізбеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21557 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 73) тармақшасына, "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық куәландырудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 73) тармақшасына, "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну тәсілдерін, мерзімін, нысанын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қамтитын "Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе оларға өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартады және денсаулық сақтау субъектілеріне, "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      15. Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші (медициналық ұйымдар) арқылы жүзеге асырылады, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Өтінімді электрондық нысанда берген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші порталдағы тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) алады.

      Мемлекеттік көресетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезде "Жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күнінің белгіленуі туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттардың топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды, анық емес мәліметтерді ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту түрінде бас тартады.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көрсетілетін қызметті беруші цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Алматы қаласы мен Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының, облыстардың және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      Көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 21660 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 89-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 89-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және медициналық еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, ұйымдардың еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын құжаттарды беру тәртібін айқындайды."

      2-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері".

      5) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;".

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды, олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, қызметтерді электрондық нысанда алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының объектісі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу үшін жеке тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) денсаулық сақтау субъектісіне (көрсетілетін қызметті алушыға) жеке басты куәландыратын құжатты не сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты ұсына отырып жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші пациентке "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін тікелей жүгінген кезде немесе "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы ұсынады.

      "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада көзделген.

      Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі жеке басты куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      "Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысаны бойынша уәкілетті органмен бекітілген еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес мынадай жағдайларда:

      1) білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жіті немесе созылмалы ауруларының өршуі, жарақаттары және улануы;

      2) алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған кезде алған жарақаттары, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткілік жіті уыттанған;

      3) басқа бұзылулар мен аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеу;

      4) науқас балаға күтім;

      5) консультацилық-диагностикалық ұйымдарда инвазивті зерттеп-қарау әдістерін жүргізу кезеңінде тексеруден өту кезінде;

      6) жүктілікті жасанды үзу кезінде;

      7) білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жүктілігі мен босануы кезінде;

      8) жаңа туған нәрестені (балаларды) асырап алу;

      9) санаторийлік-курорттық ұйымдарда емдеуді жалғастыру;

      10) карантин;

      11) ортопедиялық протездеу;

      12) ауысым аяқталғанға дейін еңбекке жарамсыздық белгілері болған кезде (кәсіпорындар мен ұйымдардың медициналық пункттерінің медицина қызметкерлері береді) беріледі.

      "Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген.

      Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші құжат иесінің келісімі болған жағдайда, "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі құжат тапсырылған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      57-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жүктіліктің жасанды үзу операциясы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын операция жүргізілген стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде болған кезде дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді, ал асқынулар болған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздығының бүкіл кезеңіне береді.

      Өздігінен аборт (түсік тастау) жасаған жағдайда медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігері), ол болмаған жағдайда - дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп ДКК-нің қорытындысынан кейін бақылау орны бойынша босандыру ұйымының/көпбейінді стационардың үзінді көшірмесіне сәйкес амбулаториялық пациенттің медициналық картасында еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беріледі, медициналық цифрлық жүйеде науқастың жағдайын, диагнозы мен асқынуларын сипаттайтын тиісті жазба жүргізіледі;"

      көрсетілген қағидаларға 1 және 3-қосымшалар осы тізбеге 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21859 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 212-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      көрсетілген бұйрықпен Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларында:

      1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 212-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету тәртібін айқындайды.".

      "2. Трансплантаттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін ағзаларын (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерін (тін бөлігінің) алудан бас тарту немесе келісімі туралы адамның ерік білдіруін тіркеу медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға (бұдан әрі – МСАК) тікелей жүгінген кезде немесе "цифрлық үкімет" веб-порталында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа ниет білдірген азаматтардың тіркелімінде жүргізіледі";

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      "1) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқық білдірген азаматтардың тіркелімі (бұдан әрі – Тіркелім) – "Бекітілген халық тіркелімі" (бұдан әрі – БХТ) мемлекеттік цифрлық жүйесіндегі модуль түрінде құрылған, трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім беру құқығын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген, кәмелетке толған және іс - әрекетке қабілетті адамдардың деректер базасы;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) қайтыс болғаннан кейінгі донор – он сегіз жастағы және одан үлкен, миының біржола семуі расталған, ағзалары (ағзасының бөлігі) және (немесе) тіні (тіннің бөлігі) реципиентке трансплантаттау үшін пайдаланылуы мүмкін адам;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      5) мидың біржола семуі – ағзалардың функцияларын қолдау жөніндегі шаралар жүргізілуі мүмкін, мидың бүкіл заттарының семуімен қатар жүретін, ми қызметінің толықтай жоғалуы;

      6) өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші – Үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, астанадағы, облыс орталықтарындағы, және республикалық маңызы бар қалалардағы ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау саласындағы медициналық ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін дәрігер;

      7) өтініш беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім беру құқығын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген, кәмелетке толған және іс-әрекетке қабілетті адам;

      8) республикалық трансплантаттауды үйлестіруші (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) – Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, өңірлік трансплантаттауды үйлестірушілердің жұмысын үйлестіруді және трансплантаттау қызметінің мәселелері жөніндегі медициналық ұйымдардың ведомствоаралық тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін дәрігер;

      9) Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы – ағзаларды (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерді (тін бөлігіннің) трансплантаттауды үйлестіру және сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын, ол туралы ережені уәкілетті орган бекітетін денсаулық сақтау ұйымы;

      10) цифрлық құжаттар сервисі – "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған цифрлық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).

      4. Дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау Кодекске және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23 және 29-бабтарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) МСАК немесе "цифрлық үкімет" веб-порталында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      12. Өтініш электрондық нысанда берілген кезде, көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді құжат иесінің келісімі болған жағдайда, "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы біржолғы парольді беру немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) алады".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      14. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартып, ақпаратты МСАК, "цифрлық үкіметтің" цифрлық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.".

      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын::

      "Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына тікелей келіп түскен қызметті алушының шағымы."

      Көрсетілген қағидаларға 3-қосымша осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22493 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды айқындайды."

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Қабылдау бөлімшесінің мейіргері медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымына бекітілуі болған жағдайда пациенттің бекітілген орны бойынша цифрлық жүйе арқылы активті (хабарлама) жібереді."

      6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ - 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22866 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 60) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 60) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген".

      4. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеуді жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту орындылығы туралы құжаттарды қарау үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      13-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаралып отырған технологияның бейініне сәйкес "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 62) тармақшасына сәйкес бекітілген ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің цифрлық дерекқорына енгізілген;".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      14. Жұмыс органы республикалық денсаулық сақтау ұйымынан пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) ТМККК шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеуді жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытынды келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде деректерді жұмыс органының сайтында орналастырылған "күту парағы" цифрлық жүйесіне енгізеді.

      Көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      7. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24094 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 82) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 82) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халыққа медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      7) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      8) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар.

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. МСАК ұйымы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) сәйкес уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізеді және нысандар мен тәртіп бойынша есептерді, оның ішінде медициналық цифрлық жүйелер арқылы ұсынады.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. МСАК ұйымына алғаш жүгінген кезде тіркеу орнында электрондық форматта медициналық цифрлық жүйелерде № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы ресімделеді.

      Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда амбулаториялық емдеу аяқталған күні, кейіннен медициналық цифрлық жүйеге енгізе отырып амбулаториялық пациенттің медициналық картасы қағаз түрінде ресімделеді.

      МСАК ұйымы бастапқы есепке алу медициналық құжаттамасының, оның ішінде электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді.";

      16-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шұғыл емдеуге жатқызуды қарастырмайтын жағдайлар кезінде пациентті одан әрі байқау амбулаториялық деңгейде жүзеге асырылады, оның ішінде цифрлық инфрақұрылым арқылы қашықтықтан консультация беру арқылы жүзеге асырылады.";

      24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Көрсетілетін қызметті алушылар туралы мәліметтер (пациенттің немесе заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы, телефондары) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Бірыңғай төлем жүйесі" цифрлық жүйесіне енгізіледі.";

      25. Жүкті әйелдерге патронаж жүргізу нәтижелерін учаскелік мейіргер № 077/е нысаны бойынша жүкті және босанған әйелдің жеке картасына, ал жаңа туған нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балаларға қатысты мәліметтерді № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізеді, отбасымен жеке жұмыс жоспарын, оның ішінде медициналық цифрлық жүйелер арқылы қалыптастырады.

      Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда патронаж аяқталған күні кейіннен медициналық цифрлық жүйеге енгізе отырып қағаз түрінде рәсімделеді.

      26. Патронажды жүзеге асыру кезінде МСАК маманы: өлшеуіш таспа, дене температурасын және бөлме температурасын өлшеуге арналған термометрлерді, фонендоскоп және тонометр, қолды өңдеуге арналған дезинфектант, медициналық алғашқы көмек көрсетуге арналған ең аз жиынтық, ақпараттық материалдарды пайдаланады. Медициналық цифрлық жүйелерді, оның ішінде мобилдік қосымшаларды енгізген жағдайда МСАК маманы ұялы қосымшасы бар планшетті немесе смартфонды пайдалана алады.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Мінез-құлықтық қауіп факторлары бар адамдардың мінез-құлқын өзгерту бойынша профилактикалық консультациялар жүргізу және егжей-тегжейлі ұсынымдар беру үшін МСАК ұйымы бекітілген халыққа қауіп факторларын төмендету дағдыларына оқытуды қамтамасыз етеді. Бұл оқытуды МСАК ұйымының маманы профилактикалық кабинеттерде немесе арнайы бөлінген аймақтарда, оның ішінде цифрлық технологиялар арқылы қашықтықтан консультация арқылы жүргізеді.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Профилактикалық екпелерді есепке алу екпе жүргізілетін орын бойынша денсаулық сақтау объектілерінде, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, білім беру ұйымдарында № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 066/е нысаны бойынша профилактикалық екпелерді есепке алу журналы, № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы, № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы сақталатын есепке алу нысаны бойынша, оның ішінде медициналық цифрлық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.

      Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда профилактикалық екпелер аяқталған күні кейіннен медициналық цифрлық жүйеге енгізе отырып қағаз түрінде ресімделеді.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21695 теркелді) бекітілген Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығы) сәйкес туберкулездің профилактикасы, белсенді ерте анықтау және диагностика бойынша іс-шаралар кешенін, оның ішінде медициналық цифрлық жүйелер арқылы ұйымдастырады және жүргізеді.";

      55-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартады және денсаулық сақтау субъектілеріне, "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Динамикалық байқауға алғаш алынған пациентті ресімдеу кезінде учаскелік мейіргер № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 052/е "динамикалық байқау" нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына 5-қосымша парақты, оның ішінде медициналық цифрлық жүйелер арқылы толтырады.

      Техникалық мүмкіндік болмаған кезде амбулаториялық емдеу аяқталған күні, кейіннен медициналық цифрлық жүйеге енгізе отырып, қағаз түрінде ресімделеді.";

      67, 68, 69-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде телефон байланысы арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшада көзделген.

      Пациент өз бетінше немесе МСАК ұйымына телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары "Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу" журналына жазба енгізеді және дәрігердің қабылдау графигіне сәйкес ауызша түрде дәрігердің қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты береді.

      Пациент Портал арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау салу қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

      МСАК ұйымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді цифрлық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.";

      68. МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде телефон байланысы немесе Портал арқылы "Дәрігерді үйге шақырту" мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      "Дәрігерді үйге шақырту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген.

      Пациент МСАК ұйымына өз бетінше немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары "Шақыртуларды тіркеу журналына" жазба жасайды және ауызша түрде дәрігердің келу күні мен уақыты көрсетілген жауапты береді. "Дәрігерді үйге шақырту" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау салу қабылданғаннан кейін үйде медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

      Пациент Портал арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. "Дәрігерді үйге шақырту" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау салу қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

      МСАК ұйымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында "Дәрігерді үйге шақырту" мемлекеттік қызметін көрсету туралы деректерді цифрлық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.

      69. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін пациенттер МСАК ұйымына өз бетінше жүгінеді немесе Портал арқылы жүзеге асырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшада көзделген.

      Пациент МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК мамандары медициналық цифрлық жүйеде пациенттің динамикалық байқауда тұратыны/тұрмайтыны туралы тексеруді жүзеге асырады, содан кейін № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/е нысаны бойынша әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда (туберкулез, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру, психикалық, мінез-құлықтың бұзылуы (аурулар)) диагноздың атауын көрсете отырып, "медициналық қорытынды" 5-тармағын толтыра отырып анықтама ресімдейді және учаскелік дәрігердің немесе жалпы практика дәрігерінің жеке қолымен және мөрімен және МСАК ұйымының мөрімен куәландырылады.

      Пациент Портал арқылы жүгінген кезде МСАК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанындағы медициналық ұйымнан анықтама қалыптастырылады, ол "Жеке кабинетке" жіберіледі.

      Нәтижесінде МСАК ұйымынан динамикалық байқауда тұратыны және (немесе) тұрмайтыны туралы анықтама беріледі.

      МСАК ұйымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында цифрлық жүйеге "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      71-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      осы қағидаларға 5, 6 және 7-қосымшалар осы тізбеге 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      8. "Қазақстан Республикасының ересек халқына гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы және "Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25880 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ересек халқына гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      52-тармақ алып тасталсын.

      9. "Медициналық көмек көрсету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № 99 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35418 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы тізбеге 12, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-49/2020
бұйрығына
1-қосымша

"Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа адамға қатысты "цифрлық үкімет" веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшада көзделген.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      11. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Фтизиатрия"
Фтизиопульмонология
орталығынан мәліметтер ұсыну"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына қосымша

"Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Денсаулық сақтау ұйымдары

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау салған сәттен бастап – 30 (отыз) минут

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (толық цифрландырылған)

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Осы негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастардың динамикалық байқаудағы жай-күйі туралы (не динамикалық байқауда болмауы) қарау режиміндегі мәлімет

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Электрондық сұрау салу

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша

Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Мәліметтердің қолданылу мерзімі –күнтізбелік 10 күн.

  "Фтизиатрия"
Фтизиопульмонология
орталығынан мәліметтер ұсыну"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
көрсетуге қойылатын
негізгі талаптарға
2-қосымша
нысан

Мәлімет (туберкулезбен ауыратын науқастардың динамикалық байқауда тұратыны немесе тұрмайтыны туралы)/Сведения (о состоянии или не состоянии на динамическом наблюдении больных туберкулезом)

      Берілген күні ________________________________________________

      Дата выдачи

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________

      Ф.И.О. (при его наличии)

      Туған күні __________________________________________________

      Дата рождения

      Мекенжайы (тұрғылықты мекенжайы) ________________________________________

      Адрес (место жительства)

      Динамикалық бақылауда тұратыны (тұрмайтыны) _________состоит/не состоит_________

      На динамическом наблюдении

      Деректер _________________________цифрлық жүйеде берілген

      Данные предоставлены цифровой системой ______________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-49/2020
бұйрығына 2-қосымша

"Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну"" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау ұйымдармен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама – есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты "цифрлық үкімет" веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды Порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе Порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет тізбесінде баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізу цифрландырылған.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      11. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Психиатрия" Психикалық
денсаулық орталығынан
мәліметтер ұсыну"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына қосымша

"Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Денсаулық сақтау ұйымдары

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау салу берген сәттен бастап – 30 (отыз) минут

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (толық цифрландырылған)

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес қарау режимінде электрондық құжат нысанындағы динамикалық байқауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық байқауда болмауы) мәлімет

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Электрондық сұрау салу

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша

Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Мәліметтердің қолданылу мерзімі –күнтізбелік 10 күн.

  "Психиатрия" Психикалық
денсаулық орталығынан
мәліметтер ұсыну" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптарға
қосымша
Нысан

Мәлімет (психикалық мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар науқастардың динамикалық байқауда болуы туралы (не динамикалық байқауда болмауы)/ Сведения (о динамическом наблюдении (либо отсутствии динамического наблюдения) больных с психическими поведенческими расстройствами)

      Берілген күні ________________________________________________

      Дата выдачи

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________

      Ф.И.О. (при его наличии)

      Туған күні __________________________________________________

      Дата рождения

      Мекенжайы(тұрғылықты мекенжайы) ________________________________________

      Адрес

      Динамикалық бақылауда тұратыны (тұрмайтыны)________состоит/не состоит_______

      На динамическом наблюдении

      Деректер _________________________цифрлық жүйеде берілген

      Данные предоставлены цифровой системой _______________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 18 мамыры
№ ҚР ДСМ-49/2020
бұйрығына
3-қосымша

"Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама – есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты "цифрлық үкімет" веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін..

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды Порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе Порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет тізбесінде баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      11. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Наркология" Психикалық
денсаулық орталығынан
мәліметтер ұсыну" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
қосымша

"Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Денсаулық сақтау ұйымдары

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау берген сәттен бастап – 30 (отыз) минут

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (толық цифрландырылған)

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы динамикалық бақылауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық бақылауда болмауы) қарау режиміндегі мәлімет

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Электрондық сұрау салу

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша

Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Мәліметтердің қолданылу мерзімі –күнтізбелік 10 күн.

  "Наркология" Психикалық
денсаулық орталығынан
мәліметтер ұсыну"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптарға
қосымша
Нысан

Мәлімет (наркологиялық науқастардың динамикалық байқауда тұратыны туралы (не динамикалық байқауда тұрмайтыны)/Сведения (о динамическом наблюдении (либо отсутствии динамического наблюдения) наркологических больных)

      Берілген күні ________________________________________________

      Дата выдачи

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________

      Ф.И.О. (при его наличии)

      Туған күні __________________________________________________

      Дата рождения

      Мекенжайы (тұрғылықты мекенжайы) _________________________________

      Адрес

      Динамикалық байқауда тұратыны (тұрмайтыны) _____состоит/не состоит_____

      На динамическом наблюдении

      Деректер _________________________цифрлық жүйеде берілген

      Данные предоставлены цифровой системой _______________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
"Көлік құралдарын басқару
құқығын алуға үміткер адамды
медициналық қарап-тексеруден,
механикалық көлік құралдары
жүргізушісін қайта
медициналық қарап-тексеруден
өткізу қағидаларын бекіту
туралы" қағидаларына
1-қосымша

"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

портал

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

портал арқылы – құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (толық цифрландырылған)

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) бекітілген № 073/е нысаны бойынша берілген көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы медициналық анықтама не осы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы негізде, мемлекеттік қызмет көрсету құны "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабына сәйкес айқындалады.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Бұл ретте әрбір көрсетілетін қызметті беруші жұмыс берушімен Еңбек кодексінің 63-бабына сәйкес еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес жұмыс режимін бекітеді;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге: жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) порталға: электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімімен "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар (сәйкестендіру үшін) сервисінен алады

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуы;
3) Қағидаларға сәйкес медициналық қарап-тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

073/е нысанындағы медициналық анықтаманы беру медициналық цифрлық жүйеге енгізу және дәрігердің қол қойылған ЭЦҚ арқылы ғана электрондық форматта жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Портал арқылы толық пакетті қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті алушы көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы медициналық анықтамасын электрондық форматта қалыптастыру үшін медициналық мекемеде медициналық қарап-тексеруден өтуі қажет.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақырту түймесі, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
Еңбекке уақытша
жарамсыздыққа сараптама
жүргізу, сондай-ақ еңбекке
уақытша жарамсыздық
парағын немесе анықтамасын
беру қағидаларына
1-қосымша

"Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Денсаулық сақтау субъектілері

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей жүгінген кезде);
2) "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (толық цифрландырылған)/қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ не осы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші - дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс (жексенбі) және мереке күндеріне кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін берілуі қажет;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге: жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) порталға: электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімімен "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар (сәйкестендіру үшін) сервисінен алады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
Еңбекке уақытша
жарамсыздыққа сараптама
жүргізу, сондай-ақ еңбекке
уақытша жарамсыздық
парағын немесе
анықтамасын беру
қағидаларына
3-қосымша

"Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Денсаулық сақтау субъектілері

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей жүгінген кезде);
2) "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (толық цифрландырылған)

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ не осы Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші - дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс (жексенбі) және мереке күндеріне кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы.

2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге: жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) порталға: электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша
Ағзалардың (ағза бөлігінің)
және (немесе) тіндердің (тін
бөлігінің) қайтыс болғаннан
кейінгі донорлығына адамның
тірі кезінде ерік білдіруін
беру және бұл жөнінде жұбайын
(зайыбын) немесе жақын
туыстарының бірін хабардар
ету қағидаларына
3-қосымша

"Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі"

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымы.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар;
2) "цифрлық үкімет" веб - порталы

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету мерзімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
2) портал арқылы-құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минуттан аспайды;
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 1 (бір) жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Цифрлық (толық автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметке 1– қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тартуды тіркеу туралы анықтама;
Осы мемлекеттік қызметке 2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде келісімді тіркеу туралы анықтама.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында үзіліссіз сағат 8.00 - ден 20.00 - ге дейін, сенбі күні сағат 9.00 - ден 14.00 - ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) портал арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
2) осы Қағидаларға 1, 2 – қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш.
Порталға:
1) электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша

1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) нақты медициналық - санитариялық алғашқы көмек ұйымына бекітілмеуі.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақырту түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс - орталығында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
8-қосымша
"Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде
Қазақстан Республикасының
азаматтарын шетелге емделуге
жіберу және (немесе) емдеуді
отандық медициналық
ұйымдарда жүргізу үшін
шетелдік мамандарды
тарту қағидаларына
1-қосымша

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты".

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі – көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап-2 (екі) жұмыс күні ішінде;

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Қағаз түрінде

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытындысына қосымшасымен жазбаша жауап не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі –Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
3) пациенттің ауру тарихынан үзінді (ескіру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды).

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы не осы Қағидалармен белгіленген тексерулер.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған. dsm. gov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.
Қызмет көрсетілетін орынның жағдайларын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған тағандар) және тағы сол сияқты).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген. dsm. gov. kz мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
9-қосымша
Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсету
қағидаларына
5-қосымша

"Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Дәрігердің қабылдауына жазылу"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйым

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйым (бұдан әрі – МСАК ұйымы) (тікелей жүгіну немесе телефон байланысы арқылы);
2) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

МСАК ұйымына жүгінген кезде (тікелей немесе телефон арқылы):
1) пациент құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 (он) минуттан аспайды;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 10 (он) минут;
3) МСАК ұйымында қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 10 (он) минут. Осы уақыт ішінде пациентке ауызша жауап беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған) және қағаз түрінде

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

1) МСАК ұйымына тікелей немесе телефон арқылы жүгінген кезде – дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу журналына тіркеу және дәрігердің қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып ауызша жауап беру;
2) портал арқылы жүгінген кезде – жеке кабинетте электрондық өтінім мәртебесі түріндегі хабарлама.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) МСАК ұйымы – дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбі – жұма күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс (жексенбі) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке күндерін қоспағанда;
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (пациент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) МСАК ұйымына:
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) Порталға:
электрондық нысандағы сұрау салу.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) МСАК ұйымы Портал арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен Порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөміріне жіберілген бір реттік парольді енгізу немесе Портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызметті алу үшін пациент ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық емес екендігі анықталған жағдайда;
2) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 тіркелді) сәйкес пациенттің осы медициналық-санитариялық алғашқы көрсететін медициналық ұйымға тіркелуі болмаған жағдайда.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Пациент Порталда тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді енгізу немесе Портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ пациент электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда мемлекеттік қызметті Портал арқылы электрондық нысанда ала алады.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада авторизациядан өткен пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшада ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы авторизациядан өтіп, одан кейін "Цифрлық құжаттар" бөліміне кіріп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақырту батырмасы, көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған тактильді жолақ, күту залы, құжаттардың үлгілері бар ақпараттық үстел қарастырылған.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
10-қосымша
Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсету
қағидаларына
6-қосымша

"Дәрігерді үйге шақырту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Дәрігерді үйге шақырту"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйым.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйым (бұдан әрі – МСАК ұйымы) (тікелей жүгінген кезде немесе МСАК ұйымына телефон арқылы хабарласу арқылы);
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – www.egov.kz (бұдан әрі – Портал).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

МСАК ұйымына (тікелей немесе телефон арқылы) жүгінген кезде:
1) пациент құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 (он) минуттан аспайды;
2) МСАК ұйымының қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
Портал арқылы жүгінген кезде:
пациент құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет Порталға жүгінген күні көрсетіледі.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған) / қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

1) тікелей немесе телефон арқылы жүгінген кезде – МСАК ұйымының шақыртуларды тіркеу журналына жазба енгізу және дәрігердің келу күні мен уақытын көрсете отырып ауызша жауап беру;
2) Портал арқылы жүгінген кезде электрондық түрде – жеке кабинетте электрондық өтінім мәртебесі түріндегі хабарлама.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) МСАК ұйымы – дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбі – жұма аралығында сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), жексенбі және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке күндерін қоспағанда;
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (пациент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс немесе мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) МСАК ұйымына:
тікелей жүгінген кезде – жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) Портал арқылы:
электрондық түрде берілген сұрау салу.
Жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы мәліметтерді (сәйкестендіру үшін) МСАК ұйымы Портал арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен Порталда тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру немесе Портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылған интеграция негізінде алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша

1) мемлекеттік қызметті алу үшін пациент ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық емес екендігі анықталған жағдайда;
2) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 тіркелді) сәйкес пациенттің осы МСАК ұйымына бекітілмеуі.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Пациент Порталда тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді енгізу немесе Портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндік алады.
Пациенттің ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада авторизациядан өткен пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшада ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы авторизациядан өтіп, "Цифрлық құжаттар" бөліміне кіріп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақырту батырмасы, зағиптар мен көзі нашар көретін адамдарға арналған тактильді жолақ, күту залы және құжаттардың үлгілері бар ақпараттық стенд болуы қамтамасыз етіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
11-қосымша
Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсету
қағидаларына
7-қосымша

"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйым.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйым (бұдан әрі – МСАК ұйымы) (тікелей жүгінген кезде немесе МСАК ұйымына телефон арқылы хабарласу арқылы);
"цифрлық үкіметтің" веб-порталы – www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

МСАК ұйымына (тікелей немесе телефон арқылы) жүгінген кезде:
1) пациент құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 (он) минуттан аспайды;
2) МСАК ұйымының қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут. Портал арқылы жүгінген кезде: пациент құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған) / қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

1) тікелей немесе телефон арқылы жүгінген кезде – МСАК ұйымының шақыртуларды тіркеу журналына жазба енгізу және дәрігердің келу күні мен уақытын көрсете отырып ауызша жауап беру;
2) Портал арқылы жүгінген кезде электрондық түрде – жеке кабинетте электрондық өтінім мәртебесі түріндегі хабарлама. Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салу қабылданғаннан кейін пациентке белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) МСАК ұйымы – дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбі–жұма күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), жексенбі және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке күндерін қоспағанда;
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (пациент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс немесе мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) МСАК ұйымына: тікелей жүгінген кезде – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) Портал арқылы: электрондық нысандағы сұрау салу. Жеке басын куәландыратын құжаттар не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) туралы мәліметтерді МСАК ұйымы Портал арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен іске асырылған интеграция арқылы алады.
Бұл құжат иесінің келісімі болған жағдайда, Порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді енгізу немесе Порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен жүзеге асырылады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызметті алу үшін пациент ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық емес екендігі анықталған жағдайда;
2) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 тіркелді) сәйкес пациенттің осы бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітілмеуі.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Пациент Порталда тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді енгізу немесе Порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндік алады.
Пациенттің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда, мемлекеттік қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизациядан өткен пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильді қосымшада ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы авторизациядан өтіп, "Цифрлық құжаттар" бөліміне кіріп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустың, шақырту батырмасының, зағиптар мен көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған тактильді жолақтың, күту залының және құжаттардың үлгілері орналастырылған ақпараттық стендтің болуы қамтамасыз етіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
12-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы 27 қарашадағы
№99 бұйрығына
1-қосымша

"Стационарға емделуге жатқызу үшін пациенттерге жолдама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Пациенттерге стационарға жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Пациенттерге стационарға жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      4) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды, олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, қызметтерді электрондық нысанда алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының объектісі;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған цифрлық жазба (сандық деректер жиынтығы).

2-тарау. "Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұсыну тәсілдерін, мерзімін, нысанын қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі – МСАК ұйымы) тікелей және (немесе) "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға ЭЦҚ қол қойылған сұрау салуды порталда қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға "Жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбенің 8-тармағымен көзделген құжаттарды беру кезінде "Жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру күнін белгілеу туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) Порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      10. Қызмет көрсетуші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      11. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартады және МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына, "Цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3-тарау. "Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті диагнозы бойынша клиникалық-диагностикалық (зертханалық, аспаптық және функционалдық, бейінді мамандардың консультациялары) зерттеулерінің (бұдан әрі – зерттеулер) нәтижелерімен алдын ала жазылу бойынша учаскелік дәрігерге қабылдауға барады.

      Учаскелік дәрігер қарап-тексеру, зерттеу нәтижелері негізінде медициналық картада стационарға жолдама үшін медициналық картада көрсетілімдердің және (немесе) қарсы көрсетілімдердің болуы туралы жазбаны ресімдейді. Қарсы көрсетілімдер болған кезде учаскелік дәрігер бас тартудың негіздерін көрсете отырып, медициналық картада бас тартуды ресімдейді.

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы көрсету үшін МСАК ұйымының басшысы медициналық цифрлық жүйелер мен дербес медициналық деректерге қол жеткізе алатын мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты адамды (бұдан әрі – жауапты маман) тағайындайды.

      14. Жауапты маман дәрігердің стационарға емдеуге жатқызуға жолдама туралы жазбаларының электрондық көшірмелерінің толықтығы мен сәйкестігіне құжаттар пакетін, клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерінің медициналық цифрлық жүйелердің деректеріне сәйкестігін тексереді.

      15. Құжаттардың толық пакеті және дәрігердің стационарға емдеуге жатқызуға жолдама туралы қорытындысының электрондық көшірмелері, клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері медициналық цифрлық жүйелердің деректеріне сәйкес болған кезде жауапты маман осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында стационарға жолдаманы қалыптастырады, ЭЦҚ арқылы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде жауапты маман дәлелді бас тартуды ресімдейді, ЭЦҚ арқылы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім және (немесе) өзге де әкімшілік әрекет қабылданған кезде шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Пациенттерге стационарға
емдеуге жатқызуға жолдама
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – МСАК ұйымдары).

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тікелей МСАК ұйымдарымен.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

МСАК ұйымына жүгінген кезде:
1) пациент құжаттарын тапсырған сәттен бастап - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Портал арқылы жүгінген кезде
мемлекеттік көрсетілетін қызмет пациент құжаттарды тапсырған сәттен бастап жүгінген күні 30 (отыз) минуттан аспай көрсетіледі.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

"Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1. Көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіге дейін (дүйсенбі-жұма күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.
2. Портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін) қабылданады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
2) жіберілетін диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері.
Портал арқылы жүгінген кезде:
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Учаскелік дәрігер, бейінді мамандар жазбаларының және клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерінің электрондық көшірмелері медициналық цифрлық жүйелерден алынады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы.
2) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандустың, шақырту түймесінің, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жолдың, күту залының, құжаттар үлгілері бар тіреуіштердің болуы.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  "Пациенттерге стационарға
емдеуге жатқызуға жолдама
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Стационарға емдеуге жатқызуға жолдама

      Жолдама беруші МСАК ұйымның атауы_____________________________

      __________________________________________________________________

      жіберіледі ____________________________________________________

      медициналық ұйымның атауы, бөлімше

      Азамат__________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні

      ________________________________________________________________

      болуы________________________________________________________________

      пациенттің амбулаториялық медициналық картасының №

      Мекенжайы___________________________________________________

      Жұмыс орны және (немесе) оқу орны_________________________________________

      Диагнозы___________________________________________________

      Аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша коды

      МСАК ұйыммен белгіленген жоспарлы емдеуге жатқызу күні____

      Дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), коды____________________

      Дәрігер*_________________________________________________________

      Қолы

      Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты адамының тегі, аты, әкесінің аты

      (олболған жағдайда)**______________________

      қолы_________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты адамы

      ___________________________________________________

      * Дәрігер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы тікелей МСАК ұйымына жүгінген кезде қол қояды.

      ** Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты адамы көрсетілетін қызметті алушы "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қол қояды.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
13-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 27 қарашадағы
№ 99 бұйрыққа
2-қосымша

"Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Пациенттерге стационарға жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Пациенттерге стационарға жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      4) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды, олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, қызметтерді электрондық нысанда алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының объектісі.

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған цифрлық жазба (сандық деректер жиынтығы).

2-тарау. "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұсыну тәсілдерін, мерзімін, нысанын қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген.

      4. Көрсетілетін қызметті беруші стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – стационар) болып табылады.

      Емдеуші дәрігер мен бөлімше меңгерушісі қол қойған, жүргізілген зерттеп-қарау, емдеу және одан әрі байқау жөніндегі ұсынымдары бар, қағаз жеткізгіштегі стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмесі (бұдан әрі – үзінді көшірме) осы Қағидаларға 2-қосымшаға (бұдан әрі – 2-қосымша) сәйкес нысан бойынша стационарда емдеу аяқталғаннан кейін шығару кезінде (шығару күні) беріледі.

      Үзінді көшірме медициналық цифрлық жүйелерге шығарудың нақты уақыты көрсетіле отырып, шығару күні енгізіледі.

      5. Стационардан шығарылғаннан кейін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге тікелей және (немесе) "цифрлық үкімет" (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға ЭЦҚ арқылы қол қойылған сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға "Жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбенің 8-тармағымен көзделген құжаттарды беруі кезінде "Жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру күнін белгілеу туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) Порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 2-қосымшаға сәйкес медициналық картадан үзінді көшірме немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      10. Қызмет көрсетуші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) бекітілген тәртіпке және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      11. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) осы Қағидаларға бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартады және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына, "Цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3-тарау. "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы стационардың басшысы тағайындайтын жауапты маманға жүгінеді.

      Статистика бөлімінің (кабинетінің) қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны медициналық цифрлық жүйелерде және Уәкілетті органның цифрлық жүйелерінде емдеуге жатқызу фактісі туралы деректерді нақтылайды.

      Емдеуге жатқызу фактісі расталған және тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттардың болуы кезінде статистика бөлімінің (кабинетінің) қызметкері медициналық цифрлық жүйелерден үзінді көшірме алады. Емдеуші дәрігер мен бөлімше меңгерушісі келіскен және қол қойған үзінді көшірме көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген күні беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде осы Қағидалардың 9-тармағының негізінде бас тарту негіздерін көрсете отырып, жазбаша бас тарту ресімделеді.

      13. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үшін стационар басшысы Уәкілетті органның медициналық цифрлық жүйелеріне рұқсаты бар мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты адамды (бұдан әрі – жауапты маман) тағайындайды.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде жауапты маман дәлелді бас тартуды ресімдейді, ЭЦҚ арқылы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім және (немесе) өзге де әкімшілік әрекет қабылданған кезде шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Стационарлық науқастың
медициналық картасынан
үзінді көшірме беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Стационарлық жағдайдаларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – стационар) тікелей, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Стационарға тікелей жүгінген кезде және портал арқылы 1 (бір) жұмыс күні көрсетіледі.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1. Көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, үзіліссіз.
2. Портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін) қабылданады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлеметтерді цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы.
2) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме шығарудың нақты уақыты көрсетіле отырып, шығарылған күні медициналық цифрлық жүйеге енгізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда қызметті алу мүмкіндігі бар.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандустың, шақырту түймесінің, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жолдың, күту залының, үлгі құжаттары бар тіреуіштердің болуы.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  "Стационарлық науқастың
медициналық картасынан үзінді
көшірме беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме

      Стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау

      ұйымының, бөлімшенің атауы ______________________________________

      Азамат__________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні

      __________________________________________

      стационарлық науқастың медициналық картасының №

      Мекенжайы_______________________________________________________

      Жұмыс және (немесе) оқу орны______________________________________

      Стационарға түскен күні_____________________________________________

      Клиникалық диагнозы______________________________________________

      Жүргізілген зерттеп-қарау, емдеу динамикасындағы жай-күйі туралы мәліметтер,

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Ұсынымдар ________________________________________________________

      Еңбекке жарамсыздық парағын беру туралы мәліметтер__________________

      ___________________________________________________________________

      еңбекке жарамсыздық парағының № _________, ашылу және жабылу күні

      Стационардан шығарылған күні_______________________________________

      Болу нәтижесі _____________________________________________________

      Дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), коды______________

      Дәрігер* __________________________________________________________

      Қолы

      Бөлімше меңгерушісі*_______________________________________________

      Қолы

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты адамы**______________________

      Қолы

      * Дәрігер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы тікелей денсаулық сақтау ұйымына (стационарға) жүгінген кезде қол қояды.

      ** Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты адамы көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қол қояды.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
кейбір бұйрықтарына
енгізілетін өзгерістер
тізбесіне
14-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 27 қарашадағы
№ 99 Бұйрыққа
3-қосымша

"Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Пациенттерге стационарға жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Пациенттерге стационарға жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      4) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды, олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, қызметтерді электрондық нысанда алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының объектісі.

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған цифрлық жазба (сандық деректер жиынтығы).

2-тарау. "Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұсыну тәсілдерін, мерзімін, нысанын қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға қосымшада көзделген.

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы қызмет көрсетушіге (тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі – МСАК ұйымы)) тікелей және (немесе) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді. Мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу кезінде қызмет алушы Порталда электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған сұранысты қалыптастырады. Тізімнің 10-тармағында көзделген құжаттарды тапсыру кезінде қызмет алушының "Жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күнінің белгіленгені туралы хабарлама немесе қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі де қызмет алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      5. Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші құжат иесінің келісімі болған жағдайда цифрлық құжаттар сервисінен (идентификациялау үшін) алады. Бұл келісім порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді жолдау немесе Порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен беріледі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) бекітілген 069/е нысаны бойынша берілген санаторийлік-курорттық карта немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      11. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартады және МСАК ұйымдарына, "Цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3-тарау. "Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті диагноз бойынша клиникалық-диагностикалық (зертханалық, аспаптық және функционалдық, бейінді мамандардың консультациялары) зерттеулерінің (бұдан әрі – зерттеулер) нәтижелерімен алдын ала жазылу бойынша учаскелік дәрігерге қабылдауға барады.

      Учаскелік дәрігер қарап-тексеру, зерттеу нәтижелері негізінде амбулаториялық науқастың медициналық картасында санаторийлік-курорттық емдеу мұқтаждығы туралы қорытынды ресімдейді, санаторийлік-курорттық картаны толтырады.

      Санаторийлік-курорттық емдеуге қарсы көрсетілімдер болған кезде, зерттеу нәтижелері болмаған кезде учаскелік дәрігер бас тарту негіздерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды ресімдейді.

      13. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету үшін МСАК ұйымының басшысы медициналық цифрлық жүйелер мен дербес медициналық деректерге қол жеткізе алатын мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты адамды (бұдан әрі – жауапты маман) тағайындайды.

      14. Жауапты маман дәрігердің құжаттар топтамасының толықтығы және санаторийлік-курорттық емдеу мұқтаждығы туралы қорытындысының электрондық көшірмелерінің сәйкестігін, клиникалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің медициналық цифрлық жүйелерінің деректері негізінде тексереді.

      15. Құжаттардың толық пакетінің болуы және дәрігердің санаторийлік-курорттық емдеу мұқтаждығы туралы қорытындысының электрондық көшірмелері, клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері медициналық цифрлық жүйелердің деректеріне сәйкес келген кезде жауапты маман медициналық цифрлық жүйелерден санаторийлік-курорттық картаның ЭЦҚ қол қойылған электрондық көшірмесін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде жауапты маман дәлелді бас тартуды ресімдейді, ЭЦҚ арқылы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім және (немесе) өзге де әкімшілік іәрекет қабылданған кезде шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Санаторийлік-курорттық
емделуге мұқтаждығы туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру"

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – МСАК ұйымдары).

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тікелей МСАК ұйымдарымен.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

МСАК ұйымына жүгінген кезде:
1) пациент құжаттарын тапсырған сәттен бастап- 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
Портал арқылы жүгінген кезде
пациент құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минуттан аспайды.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет порталға жүгінген күні көрсетіледі.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) бекітілген, көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжаттың 069/е нысаны бойынша берілген санаторийлік-курорттық карта немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін) қабылданады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
2) Жіберілетін диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері.
Портал арқылы жүгінген кезде:
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Дәрігердің санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытындысының электрондық көшірмелері және клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері медициналық цифрлық жүйелерден алынады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы.
2) Мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік пароль беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандустың, шақырту түймесінің, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жолдың, күту залының, үлгі құжаттары бар тіреуіштердің болуы.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады