Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 657 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 қыркүйекте № 39913 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 657 Бұйрықпен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10352 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдегі № 602 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының 120, 121 және 122-тармақтарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

Өтініш бергеннен кейін ішкі істер органының қызметкері объектіні, үй-жайларды тексеруді жүргізеді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 193 бұйрық) ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес аяқталу нысаны - объектіні тексеру туралы акт толтырылады

      ";

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18

Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№ 193 бұйрық

      ";

      реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

25

Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№ 193 бұйрық

      ";

      реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

28

Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№ 193 бұйрық

      ";

      реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

31

Қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлар.
Жеке қару үшін – қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты жері бойынша үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сейфтер немесе металл шкафтар

Құжат берілмейді

№ 193 бұйрық

      ";

      реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

35

Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№ 193 бұйрық

      ".

      2. "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10353 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі

Құжат берілмейді

Өтініш бергеннен кейін ішкі істер органы қызметкері объектіні, орын-жайды тексеруді жүргізеді. Аяқталу нысаны - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес объектіні тексеру туралы акті жасалады (бұдан әрі - № 193 бұйрық)

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№ 193 бұйрық

      ";

      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№ 193 бұйрық

      ";

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№ 193 бұйрық

      ".

      3. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларында:

      11-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) үрлемелі қуаты 7,5 Джоульден (бұдан әрі - Дж) аспайтын және конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды қоса алғанда, 4,5 мм дейінгі калибрлі белгi беретін, қару, пневматикалық қаруды, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары азаматтың жеке басын куәландыратын, соттылығының жоқтығын, психикалық мінез-құлық ауытқулары және наркология бойынша динамикалық бақылауда тұрғаны (не динамикалық бақылауда тұрмағаны) туралы мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды "цифрлық үкімет" арқылы ұсынғаннан кейін, сатып алушымен қаруды қауіпсіз ұстау жөнінде нұсқама өткізгеннен және жеткізіп беруші заңды тұлғалардан қару мен оның патрондарының келіп түсуін және сатылуын есепке алу кітабында "сатып алуға рұқсаттар берудің нөмірі мен күні" бағанасында нұсқама алынғаны жөнінде сатып алушының қолы қойылғаннан кейін оларды сатып алу рұқсатынсыз он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына өткізеді.

      Заңды тұлғаларға көрсетілген қару оны сатып алуға рұқсаттар бойынша сатылады.

      Оқсыз атылатын қаруды жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары Заңның 12-бабының 8) және 8-1) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаларға, коллекциялауға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаларға сатады.";

      12-тармақта:

      6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қаруға арналған дыбыссыз ату үшін жабдықтар мен түнде көру көздеуішін (көздеуіш кешендері) сатуға, мыналарды қоспағанда:

      оларды жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға;

      аңшылыққа арналған көздеуіштерді;";

      21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) жеке пайдалану үшін азаматтар жарақтаған тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруға патрондарды сатуға;";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Барлық деңгейдегі спорттық федерациялар, мектептегі ұлттық командалар және спорт резерв дирекциялары, жоғары шеберлік спорт мектептері, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары, олимпиадалық даярлау орталықтары, балалар мен жасөспірімдер, спорт мектептері олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептері, спорттық атыс бойынша спорттық клубтар және дене шынықтыру - спорт қоғамдары, атыс спорт түрлері (оқ ату, стендтік ату, практикалық ату) бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген спорттық ату клубтары (бұдан әрі – спорттық ұйымдар) спорттық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" нысан бойынша ішкі істер органдары беретін рұқсат құжаттарының негізінде осы Қағидалардың 47-тармағында айқындалған тәртіпте спорттық қару мен оның патрондарын сатып алады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген).

      Қазақстан Республикасының азаматтары спорттық қаруды (қысқа ойық ұңғылыдан және үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан жоғары және калибрі 4,5 мм-дан асатын спорттық пневматикалық қарудан басқа) спорттық ұйымдар қолдаухаты бойынша жалпы негіздерде және оларда Қазақстан Республикасының атыс спорт түрлері (оқ ату, стендтік ату, практикалық ату) шеберіне кандидаттан (бұдан әрі - СШҮ) төмен емес разрядты көрсете отырып, спортшыны тіркеу туралы куәлігі бар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 295 бұйрығымен бекітілген спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсынуы, спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9673 тіркелген) нысан бойынша сатып алуға жол беріледі.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, азаматтық спорттық пневматикалық қаруды, дыбыстық белгі беруге пайдаланылатын белгі беру қаруын, азаматтың жеке басын куәландыратын, соттылығының жоқтығын, психикалық мінез-құлық ауытқулары және наркология бойынша динамикалық бақылауда тұрғаны (не динамикалық бақылауда тұрмағаны) туралы мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды "цифрлық үкімет" арқылы ұсынғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтары рұқсатсыз жеткізіп беруші заңды тұлғалардан сатып алуға құқылы.

      Коллекциялау лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар лицензия берілгеннен кейін оқсыз атылатын қаруды сатып алады.

      Заңның 12-бабының 8) және 8-1) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар өздерінің білім беру немесе мәдениет ұйымдарына (кинематографиялық ұйымдар, театрлар, цирктер, мұражайлар) қатынасын растайтын құжаттар негізінде оқсыз атылатын қаруды сатып алады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Азаматтық атыс қаруды, газды тапаншалар мен револверлерді, электр қаруын азаматтар ішкі істер органдары беретін рұқсат бойынша сатып алады.

      Аңшылық суық жүзді қару атыс қаруын сақтау және алып жүру рұқсаты бойынша сатып алынады және аңшылық куәлігіне жазылады.

      Конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар он сегіз жасқа толған азаматтың жеке басын куәландыратын, соттылығының жоқтығын, психикалық мінез-құлық ауытқулары және наркология бойынша динамикалық бақылауда тұрғаны (не динамикалық бақылауда тұрмағаны) туралы мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды "цифрлық үкімет" арқылы ұсынғаннан кейін, қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бойынша нұсқамалықты өткеннен кейін, жеткізіп беруші заңды тұлғалардан қару мен оның патрондарының келіп түсуін және сатылуын есепке алу кітабында, "сатып алуға рұқсаттар берудің нөмірі мен күні" бағанасында нұсқамалық алынғаны жөнінде сатып алушының қол таңбасын ұсынумен, оларды сатып алу рұқсатынсыз Қазақстан Республикасы азаматтарына сатады.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Аңшылыққа шығуға белгіленген тәртіпте құқығы бар, меншігінде кемінде үш жыл тегіс ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруы бар Қазақстан Республикасының азаматының ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын сатып алады.

      Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарулардың жалпы саны:

      1) аңшылық атыс қаруы: ойық ұңғылы - бес бірлік; тегіс ұңғылы қару - бес бірлік;

      2) өзін-өзі қорғау қарулары, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы немесе газды тапанша, револьверлер немесе электр қаруы - екі бірліктен аспауы қажет.

      Аталған шектеулер коллекциялық объекті болып табылатын қаруға таралмайды.

      Шектеулі сандағы қарулар болған жағдайда қолданыстағы қаруға қосымша ауыспалы ұңғыларды рұқсат бойынша сатып алуға жол беріледі.

      Қосымша ауыспалы ұңғыларды сатып алу осы Қағидалардың 48-тармағының талаптарына сәйкес (жинақталған қарудың қарапайым бірлігі ретінде) жүзеге асырылады.";

      63-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қару алуға рұқсат беру үшін белгіленген талаптардың сәйкестілігіне, сондай-ақ өтініш берушіні Заңның 19-бабына сәйкестілігін тексереді.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Азаматтық атыс қарудың немесе газды тапаншалардың және револверлердің патрондарын азаматтар жеткізіп беруші заңды тұлғалардан қарудың тиісті түрін және оның калибрін сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын ұсынған кезде сатып алады.

      Аңшылық оқ дәрі, гильзалар, оқтар (бытыра, картечь), капсюльдер (жевело) мынадай шарттары бір мезгілде сақталған жағдайда жеткізіп беруші заңды тұлғалардан сатып алынады:

      1) аңшылық және (немесе) спорттық атыс ұзын тегіс ұңғылы атыс қаруды сақтау мен алып жүру құқығына берілген қолданыстағы рұқсаттың болуы;

      2) қолданыстағы аңшы куәлігі және (немесе) ату спорты түрлері бойынша СШК спорттық разрядынан төмен емес спортшыны тіркеу туралы куәліктің болуы.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Қару мен патрондарды ішкі істер органдарында есептен шығару және есепке қою Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда қызметтік немесе спорттық қару мен оның патрондарын есепке алу осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда қару мен оның патрондарын есепке алу кітабында және осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарын беру және қабылдау журналында жүргізіледі, олар нөмірленеді, тігіледі және аумақтық ішкі істер органының "Лицензиялық-рұқсат жүйесі" деген бедерімен арнайы мөрмен бекітіледі.

      Спортшылар сатып алған спорттық қару қызметтік қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда (спортшы тұратын ұйымның спорт федерацияларында) қаруды иесіне (спортшыға) беру туралы тиісті белгісі бар қару мен оның патрондарын есепке алу кітабына енгізіледі.

      Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қызметтік қаруға дыбыссыз атуға арналған құрылғылар және түнде көру көздеуішін (көздеуіш кешендері) қызметтік қару мен оның патрондарын есепке алу кітабына енгізеді.

      Қызметтік қару үшін дыбыссыз атуға арналған жабдықтар мен түнде көру көздеуіштерін (көздеуіш кешендерін) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген мерзімдерге сәйкес тиісті міндеттерді орындау үшін беріледі.

      Қабылдау, беру, тапсыру және қажетті есепті құжаттарды ресімдеу тәртібі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес заңды тұлғалар басшыларының бұйрықтарымен белгіленеді.

      Қызметтік қару үшін дыбыссыз атға арналған жабдықтар мен түнде көру көздеуіштерін (көздеуіш кешендерін) осы Қағидалардың 120-тармағының талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырады.";

      120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "120. Қызметтiк қару мен оның патрондары арнайы жабдықталған қоймада сақталады, ол мынадай талаптарға сәйкес:

      1) басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшау болуы керек, ішкi қабырғалары (қоршаулары) беріктігі жағынан арасына болат тор өткiзiлген, әрқайсысының қалыңдығы 80 мм қосарланған гипсобетонды панельдерге немесе металл тормен арматураланған, қалыңдығы кемінде 120 мм кiрпiш қабырғаға тең, темірбетонды төбе жабындысы мен едені болуы тиіс;

      2) екі есiгi болуы керек, бұл ретте сыртқысы - металды қалыңдығы кемінде 5 мм, ал iшкiсi - болат тордан жасалады.

      Бұл ретте, сыртқы есiк екi iшкi құлыппен жабылып, мөр немесе пломбы басылуы тиiс, iшкi торлы есік - iшкi немесе аспалы құлыппен жабылады.

      Қару-жарақ бөлмесi есiгiнiң ойығы (есiктiң қорабы) қабырғаға диаметрi 10-12 мм арматуралы болат шегемен он жерден қағылған бұрыштама темiрмен күшейтiлген "П" әрпі пішініндегі болат профильден жақтауланады;

      3) үй-жайдың iшкi жағындағы терезе ойықтарында немесе жақтауларының арасында болат тор жүргiзiлуі тиіс. Бiрiншi қабатта орналасқан үй-жайларда терезе жақтаулары iшкi жағынан металл немесе екi жағынан мырышты болатпен қапталған ағаш қақпақпен жабдықталады. Торлардың ұшы қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке дейін қағылып және бетон құйып бекiтiледi. Терезенiң қақпақтары аспалы құлыппен жабылуы керек.

      Есiк, терезе ойықтарына және қабырғаны нығайту үшiн тартылатын торлар диаметрi кемiнде 15 мм болат шыбықтан жасалады. Шыбықтардың тор көздерi кемінде 150х150 мм-ден айқастырылып дәнекерленедi;

      4) екi және одан көп күзет-өрт белгі беру құралдарымен жабдықталады, ол электр қуатымен қамтамасыз ету қалқанына жасырын сым тарту арқылы орындалады, терезелерге, есіктерге, люктерге, қабырғаларға, төбеге, еденге қару мен патрондар сақталатын сейфтерді, шкафтарды ашқанда немесе бұзғанда, сондай-ақ бөлменің iшiнде адам жүргенде iске қосылатын хабарлағыштар орнатылады. Бұл үй-жайлар кезекші бөлімдеріндегі шығарылатын жұмыс орындары бар оператор-фирмалар мен iшкi істер органдарының күзет бөлiмдерінің арасында орнықты байланысты орната отырып, оператор-фирмаларының орталықтандырылған бақылау пультiне сигнализация қоса отырып, күзетке беріледі. Күзету белгi беру құралдарының шлейфін темiрбетонды және бетонды құрылыс конструкциялары бойынша тек қана бөлме iшiнде құбырмен "кабель төсеуге арналған арна" жүргiзуге рұқсат етiледi;

      5) желдеткiш терезе, люк болған жағдайда, оларға бұл жүйелер арқылы өту мүмкiндiгiн болдырмайтын көлемi 100х100 мм-ден аспайтын тор көздерi бар болат тор орнатылады. Инженерлiк желiлердi тартуға арналған қабырғалардағы тесiктердiң диаметрi 200 мм-ден аспауы керек;

      6) қару мен патрондар сақтайтын бөлмеде өртке қарсы құралдар, мүлiктердiң тiзімдемесi болуы тиiс, онда шкафтардың, металл жәшiктердiң саны, олардың нөмiрлерi және қандай мөр басылғаны көрсетiледi;

      7) қару мен оның патрондары бар қару-жарақ бөлмесi және металл шкафтар (сейфтер) кiлттерiнiң екi жинағы болуы тиiс.

      Кiлттердiң бiр жинағы қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екiншiсi - атына сақтау рұқсаты берiлген ұйым басшысының мөрленген сауытында ұдайы сақталады.

      Қару-жарақ бөлмесiнiң, қару мен патрондар бар металл шкафтардың, сейфтердiң кiлттерiн столдарда және бөгде адамдардың қолы жететiн өзге де жерлерде қалдыруға тыйым салынады.";

      122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "122. Қарумен және патрондармен бiрге қару-жарақ бөлмесiнiң темiр тормен бөлiнген бөлiгiнде сақтауға болатын пневматикалық қару, арнаулы құралдар, радиостанциялар, қызметтік қару үшін дыбыссыз атға арналған жабдықтар мен түнде көру көздеуіштерін (көздеуіш кешендерін) мен дозиметриялық аспаптарды қоспағанда, басқа бұйымдарды сақтауға жол берілмейді. Қарудың патрондары қарудан бөлек металл жәшiкте, шкафта сақталуы тиiс.

      Сүрту материалдары, май және сiлтiлер, қаруды тазалау мен майлауға арналған бұйымдар қару мен патрондардан бөлек, ол үшiн арнайы бөлiнген жерде сақталады.";

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген Қағидаларға 11-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшыларына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттардың, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу немесе жасау немесе сату немесе коллекцияға жинау немесе экспонаттау, күзет қызметі, ақшалай қаражатты инкассациялау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, өндірістік-техникалық базаға, мамандандырылған шеберханаға, қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған арнайы жабдықталған үй-жайларға, коллекцияға жиналанатын қаруды сақтауға арналған үй-жайларға, күзет сигнализациясымен, кілтке жабылатын сөрелермен, сейфтермен немесе металл шкафтармен жабдықталған үй-жайларға меншік құқығын растайтын құжаттар туралы, соттылығының, әкімшілік құқық бұзушылықтардың болмауы туралы мемлекеттік алымның төленгені, жоғары техникалық білімінің болуы туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден цифрлық үкімет "шлюзі" арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10352 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - № 5 бұйрық) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестілігін растайтын құжаттар тізбесін сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      Бұл ретте, 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтық Ұлттық қауіпсіздік органдарына (бұдан әрі - бірлесіп қызмет көрсетуші) және полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөлімшелеріне экстремизмге мен терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласының есепке алулары бойынша қаруға рұқсат алатын адамдарды тексеру үшін сұрау сауалар жіберіледі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және ішкі істер органдарының цифрлық жүйелері бойынша соттылығының және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеру жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарды әзірлеу, жасау, сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттар ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері лицензия беруді келісу үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне сұрау салу жолдайды.

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауапты көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      Сонымен қатар қару мен оның патрондарын сақтау, сақтау және есепке алу шарттарының тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - № 602 Бұйрық) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларда белгіленген талаптарының сәйкестігін мекенжайға дербес шыға отырып немесе қалалық және аудандық полиция органдарының бөлімшелеріне сұрау салу жіберу арқылы тексеруді жүзеге асырады, тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 193 Бұйрық) Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 15-қосымшадағы нысан бойынша объектіні тексеру туралы акт толтырылады.

      Бірлесіп қызмет көрсетуші, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және полиция органдарының бөлімшелері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес белгіленген мерзімде 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда лицензия беру келісілген болып есептеледі.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру бойынша дайындайды.

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету негізгі талаптар Тізбесінің 10-тармағында 8) тармақшасында көрсетілген құжаттарды портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіне осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген бөлініп шығу және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған кезінде.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағының 8) тармақшасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері қару мен оның патрондарын сақталу жағдайы тексеріледі, тексеріс нәтижелері бойынша № 193 Бұйрығымен белгіленген 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша объектіні тексеру туралы акт толтырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру бойынша дайындайды, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсат алу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайлар туындаған жағдайда негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.

      Нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеудің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10352 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі – № 5 бұйрық) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестілігін растайтын құжаттар тізбесін сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұратын жерінің;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайдың;
3) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесiнің қайтыс болуы;
4) қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
6) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493 және 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
8) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
10) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
11) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
12) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) бірлесіп қызмет көрсетушінің есебінде тұрса;
13) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің № 5 Бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
14) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады;
16) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
17) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
18) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
19) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
20) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
21) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
22) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген соттылығы бар адамдарға.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшыларына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманың, өндірістік-техникалық базаның, дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған үй-жайлардың меншік құқығын растайтын құжаттар туралы, соттылығының, мәлімделген қызметті жүзеге асырумен байланысты қарсы айғақтардың (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық), әкімшілік құқық бұзушылықтардың болмауы туралы мәліметтерді, мемлекеттік баж төлегені туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден цифрлық үкімет "шлюзі" арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10353 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - № 6 Бұйрық) Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      Бұл ретте, 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және ішкі істер органдарының цифрлық жүйелері бойынша соттылығының және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеру жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері лицензия беруді келісу үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне сұрау салу жібереді.

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауапты көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Сонымен қатар азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдармен сауда жасайтын үй-жайды, қойманы және құрылғыларды, оларды сақтау, сақтауын, пайдалануын және есебін жүргізу тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11193 тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - № 319 Бұйрық) Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларында белгіленген талаптарының сәйкестігін мекенжайға дербес шыға отырып немесе қалалық және аудандық полиция органдарының бөлімшелеріне сұрау салу жолдау арқылы тексеруді жүзеге асырады, тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 193 Бұйрық) Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 15-қосымшадағы нысан бойынша объектіні тексеру туралы акт толтырылады.

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес белгіленген мерзімде 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда лицензия беру келісілген болып есептеледі.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру бойынша дайындайды.

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу негізгі талаптар Тізбесінің 10-тармағында 6) тармақшасында көрсетілген құжаттарды портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіне осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген бөлініп шығу және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған кезінде.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағының 8) тармақшасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтау және іске асыру жағдайы тексеріледі, тексеріс нәтижелері бойынша № 193 Бұйрығымен белгіленген 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша объектіні тексеру туралы акт толтырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру бойынша дайындайды, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсат алу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайлар туындаған жағдайда негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.

      Нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеудің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10353 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі – № 6 Бұйрық) Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады;
4) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (кайта тіркеу) туралы куәлігі, жеке басын анықтау, тұрғылықты жері, соттылығы, әкімшілік құқық бұзушылығы болмауы туралы құжаттардың мәліметтерін қызметті көрсетуші тиісті цифрлық үкімет мемлекеттік цифрлық жүйелерінің "шлюзі" арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11219 тіркелген) (бұдан әрі - № 365 Бұйрық) атыс тирлерін (атыс орыны) мен стендтерін ашу және жұмыс істеу қағидаларына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады.

      Бұл ретте, 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтық Ұлттық қауіпсіздік органдарына (бұдан әрі - бірлесіп қызмет көрсетуші) және полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөлімшелеріне экстремизмге мен терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласының есепке алулары бойынша қаруға рұқсат алатын адамдарды тексеру үшін сұрау сауалар жіберіледі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және ішкі істер органдарының цифрлық жүйелері бойынша соттылығының және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеру жүргізіледі.

      Заңды тұлғаларды тексеруді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өздігінен қалалық және аудандық полиция органдарына атыс тиріне (атыс орнына) тексеру жүргізу үшін № 365 бұйрықпен айқындалған талаптарға сәйкестігін тексеру үшін бару арқылы жүзеге асырады, тексеру нәтижелері бойынша объектілерді тексеру туралы ақтісі Қазақстан Республикасы министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы ішкі істер органдарының бөліністерінің қызметін ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа 15 қосымшаға сәйкес толтырылады.

      Бірлесіп қызмет көрсетуші және полиция органдары белгіленген 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда "Рұқсаттар және мәліметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес рұқсат беру келісілді деп есептеледі.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік реестрінде № 16733 тіркелген) 12 қосымшасына сәйкес нысан бойынша атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға рұқсат дайындайды.

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлардың болмауы;
2) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесінің қайтыс болуы;
3) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493 және 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
7) азаматтық және қызметтік қарудың иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану бойынша білімін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
9) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
10) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
11) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) бірлесіп қызмет көрсетушінің есебінде тұрса;
12) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13694 тіркелген) (бұдан әрі - № 365 Бұйрық) атыс тирлерін (атыс орыны) мен стендтерін ашу және жұмыс істеу қағидаларына сәйкестігіне белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
13) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
14) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады;
16) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
17) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
18) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
19) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
20) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
21) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
22) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген соттылығы бар адамдарға.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын және (немесе) мәліметтерді ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде олардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының саласында Қазақстан Республикасы Заңдарымен халықаралық заңдылықты актілердің талаптарына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңынын "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер органдарының және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептері бойынша тексеру үшін ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органдарына (бұдан әрі - бірлесіп қызмет көрсетуші) және экстремизмге, терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністерге сұрау салу жібереді.

      Бірлесіп қызмет көрсетуші мен полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністері белгіленген мерзімдерде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда қорытынды беру келісілген болып есептеледі.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық сервисінде көрсетілетін қызметті беруші соттылыққа қойылатын талаптары бар электрондық сұрау салуды қалыптастырады және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеруді жүзеге асырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден цифрлық үкіметтің "шлюзі" арқылы, сондай-ақ ішкі істер органдарының ведомстволық есептері бойынша алады.

      Аң аулауға келісімшарт немесе спорттық іс-шараларға, көрмелерге қатысу үшін шақыру бар болған кезде Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен келетін шетелдік азаматтарды тексеру талап етілмейді.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күн ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және 2018 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 133 "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелді) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар беру бойынша қорытынды дайындайды (бұдан әрі - қорытынды).

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.

      Азаматтық немесе қызметтік қаруды уақытша әкелуге (уақытша әкетуге) қорытынды (рұқсат беру құжаты) қайта әкетуге (әкелуге) қорытынды болып табылады.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлардың болмауы;
2) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесінің қайтыс болуы;
3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493 және 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
7) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
9) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
10) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
11) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) бірлесіп қызмет көрсетушінің есебінде тұрса;
12) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі);
13) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
14) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады;
16) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
17) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
18) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
19) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
20) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
21) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
22) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген соттылығы бар адамдарға.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзитке қорытындылар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын және (немесе) мәліметтерді ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде олардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының саласында Қазақстан Республикасы Заңдарымен халықаралық заңдылықты актілердің талаптарына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңынын "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер органдарының және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептері бойынша тексеру үшін ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органдарына (бұдан әрі - бірлесіп қызмет көрсетуші) және экстремизмге, терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністерге сұрау салу жібереді (азаматтық және қызмет қаруды сату жүзеге асыру заңды тұлғаларды қоспағанда).

      Көрсетілетін қызметті алушы азаматтық және қызметтік қаруды, олардың негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын (аң аулау мақсатында келетін шетел азаматтары мен спорттық іс-шараларға қатысуға арналған спорттық қаруды қоспағанда) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері қорытынды беруді келісу үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне сұрау салу жібереді.

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауапты көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Бірлесіп қызмет көрсетуші, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністері белгіленген мерзімдерде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда қорытынды беру келісілген болып есептеледі.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық сервисінде көрсетілетін қызметті беруші соттылыққа қойылатын талаптары бар электрондық сұрау салуды қалыптастырады және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеруді жүзеге асырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы мәліметтерді, мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші цифрлық үкіметтің "шлюзі" арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Спорттық іс-шараларға, көрмелерге қатысу үшін шақыру болған кезде Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік заңды тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен келетін шетелдік азаматтарды тексеру талап етілмейді.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күн ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және 2018 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 133 "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелді) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзитке қорытындылар беру бойынша қорытынды дайындайды (бұдан әрі - қорытынды).

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.

      Азаматтық немесе қызметтік қаруды уақытша әкелуге (уақытша әкетуге) қорытынды (рұқсат беру құжаты) қайта әкетуге (әкелуге) қорытынды болып табылады.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлардың болмауы;
2) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесінің қайтыс болуы;
3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493 және 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
7) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
9) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
10) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
11) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;
12) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі);
13) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
14) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады;
16) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
17) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
18) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
19) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
20) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
21) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
22) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген соттылығы бар адамдарға.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 602 Бұйрық), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларда белгіленген талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептері бойынша тексеру үшін ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органдарына (бұдан әрі - бірлесіп қызмет көрсетуші) және экстремизмге, терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністерге сұрау салу жібереді.

      Бірлесіп қызмет көрсетуші мен полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністері белгіленген мерзімдерде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда қорытынды беру келісілген болып есептеледі.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық сервисінде көрсетілетін қызметті беруші соттылыққа қойылатын талаптары бар электрондық сұрау салуды қалыптастырады және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеруді жүзеге асырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, қызметті жүзеге асыруға лицензиялар туралы, осы адамның заңды пайдалануында кемінде үш жыл аңшылық тегіс ұңғылы қаруы болғанын растайтын ішкі істер органы берген қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы (ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын сатып алған кезде), қаруды иелену құқығы туралы, қару саудасы жөніндегі мамандандырылған дүкендерде сатып алынған қару туралы мәліметтер, мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпарат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда), көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден цифрлық үкіметтің шлюзі арқылы алады.

      Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген, Қазақстан Республикасына туризм мақсатымен, жеке және қызметтік істер бойынша келген және ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік азаматтар жоғарыда көрсетілген есепке алу бойынша тексеру талап етілмейді.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі - № 193 бұйрық) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша қаруды сақтау шарттарын тексеру туралы учаскелік полиция инспекторына тапсырма дайындайды және жолдайды.

      Учаскелік полиция инспекторы тапсырманы алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны оның тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша № 193 бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру туралы баянат жасалады және көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру жеке түлғаларға рұқсат дайындайды.

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлардың болмауы;
2) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесінің қайтыс болуы;
3) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493 және 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
7) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
9) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
10) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
11) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) бірлесіп қызмет көрсетушінің есебінде тұрса;
12) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған материалдары, объектілер, деректер мен мәліметтер № 602 Бұйрығының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
13) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
14) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса;
16) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
17) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
18) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
19) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
20) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
21) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
22) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген соттылығы бар адамдарға.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 602 Бұйрық), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларда белгіленген талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептері бойынша тексеру үшін ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органдарына (бұдан әрі - бірлесіп қызмет көрсетуші) және экстремизмге, терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністерге сұрау салу жібереді.

      Бірлесіп қызмет көрсетуші мен полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністері белгіленген мерзімдерде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда қорытынды беру келісілген болып есептеледі.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық сервисінде көрсетілетін қызметті беруші соттылыққа қойылатын талаптары бар электрондық сұрау салуды қалыптастырады және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеруді жүзеге асырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, қызметті жүзеге асыруға лицензиялар туралы, Ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін азаматтық және қызметтік қаруды сақтауға және өткізуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың меншік құқығын растайтын құжаттар туралы, Ішкі істер органы берген азаматтық және қызметтік қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы, қаруды иелену құқығы туралы, қару сату жөніндегі мамандандырылған дүкендерде сатып алынған қару туралы мәліметтер, мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші цифрлық үкіметтің "шлюзі" арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Заңды тұлғаларды тексеруді қызмет берушінің қызметкері үй-жайларды, қару мен оның патрондарын сақтау, сақтау және есепке алу жағдайларына, № 602 Бұйрықпен белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін өз бетінше барып жүзеге асырады немесе полиция органдарының қалалық және аудандық бөлімшелеріне сұрау салу жібереді (азаматтық және қызметтік қару саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда), тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні тексеру туралы акт толтырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, заңды түлғаларға рұқсат дайындайды.

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлардың болмауы;
2) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесінің қайтыс болуы;
3) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493 және 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
7) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
9) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
10) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
11) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) бірлесіп қызмет көрсетушінің есебінде тұрса;
12) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған материалдары, объектілер, деректер мен мәліметтер № 602 Бұйрығының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
13) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
14) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса;
16) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
17) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
18) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
19) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
20) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
21) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
22) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген соттылығы бар адамдарға.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 602 Бұйрық), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларда белгіленген талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер органдарына және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептері бойынша тексеру үшін ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органдарына (бұдан әрі - бірлесіп қызмет көрсетуші) және экстремизмге, терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністерге сұрау салу жібереді.

      Бірлесіп қызмет көрсетуші мен полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністері белгіленген мерзімдерде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда қорытынды беру келісілген болып есептеледі.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық сервисінде көрсетілетін қызметті беруші соттылыққа қойылатын талаптары бар электрондық сұрау салуды қалыптастырады және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеруді жүзеге асырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, қызметті жүзеге асыруға лицензиялар туралы, осы адамның заңды пайдалануында кемінде үш жыл аңшылық тегіс ұңғылы қаруы болғанын растайтын ішкі істер органы берген қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы (ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын сатып алған кезде), қаруды иелену құқығы туралы, жеткізіп беруші заңды тұлғалардан сатып алынған қару туралы мәліметтер, мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпарат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда), көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден цифрлық үкіметтің "шлюзі" арқылы алады.

      Қаруды тұрақты тұратын жері бойцынша сақтау шарттары көрсетілетін қызметті алушының өтінішімен расталады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге жеке түлғаларға рұқсат дайындайды.

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлардың болмауы;
2) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесінің қайтыс болуы;
3) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493 және 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
7) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
9) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
10) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
11) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) бірлесіп қызмет көрсетушінің есебінде тұрса;
12) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған материалдары, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
13) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
14) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса;
16) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
17) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
18) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
19) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
20) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
21) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
22) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген соттылығы бар адамдарға

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғалар жұмыскерлеріне қызметтік қару және оған патрондарды сақтауға және алып жүруге рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 602 Бұйрық), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларда белгіленген талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер органдарының және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептері бойынша тексеру үшін ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органдарына (бұдан әрі - бірлесіп қызмет көрсетуші) және экстремизмге, терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністерге сұрау салу жібереді.

      Бірлесіп қызмет көрсетуші мен полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністері белгіленген мерзімдерде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда қорытынды беру келісілген болып есептеледі.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық сервисінде көрсетілетін қызметті беруші соттылыққа қойылатын талаптары бар электрондық сұрау салуды қалыптастырады және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеруді жүзеге асырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, қызметті жүзеге асыруға лицензиялар туралы, Ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін қызметтік қаруды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың меншік құқығын растайтын құжаттар туралы, азаматтық және қызметтік қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы, жеткізіп беруші заңды тұлғалардан сатып алынған қару туралы мәліметтер, мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпарат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда), көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден цифрлық үкіметтің "шлюзі" арқылы алады.

      Заңды тұлғаларды тексеруді қызмет берушінің қызметкері үй-жайларды, қару мен оның патрондарын сақтау, сақтау және есепке алу жағдайларына, № 602 Бұйрықпен белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін өз бетінше барып жүзеге асырады немесе полиция органдарының қалалық және аудандық бөлімшелеріне сұрау салу жібереді, тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні тексеру туралы акт толтырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң тұлғаларға қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат дайындайды.

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлардың болмауы;
2) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесінің қайтыс болуы;
3) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493 және 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
7) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
9) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
10) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
11) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) бірлесіп қызмет көрсетушінің есебінде тұрса;
12) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған материалдары, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
13) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
14) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса;
16) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
17) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
18) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
19) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
20) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
21) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
22) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген соттылығы бар адамдарға.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларға қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 602 Бұйрық), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларда белгіленген талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер органдарына және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептері бойынша тексеру үшін ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органдарына (бұдан әрі - бірлесіп қызмет көрсетуші) және экстремизмге, терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністерге сұрау салу жібереді.

      Бірлесіп қызмет көрсетуші мен полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністері белгіленген мерзімдерде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда қорытынды беру келісілген болып есептеледі.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервисінде көрсетілетін қызметті беруші соттылыққа қойылатын талаптары бар электрондық сұрау салуды қалыптастырады және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеруді жүзеге асырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, қызметті жүзеге асыруға лицензиялар туралы, Ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін қызметтік қаруды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың меншік құқығын растайтын құжаттар туралы, қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы, жеткізіп беруші заңды тұлғалардан сатып алынған қару туралы мәліметтер, мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпарат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда), көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден цифрлық үкіметтің "шлюзі" арқылы алады.

      Заңды тұлғаларды тексеруді қызмет берушінің қызметкері үй-жайларды, қару мен оның патрондарын сақтау, сақтау және есепке алу жағдайларына, № 602 Бұйрықпен белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін өз бетінше барып жүзеге асырады немесе полиция органдарының қалалық және аудандық бөлімшелеріне сұрау салу жібереді, тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні тексеру туралы акт толтырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат беру заңды түлғаларға рұқсат дайындайды.

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлардың болмауы;
2) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесінің қайтыс болуы;
3) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493 және 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
7) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
9) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
10) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
11) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) бірлесіп қызмет көрсетушінің есебінде тұрса;
12) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған материалдары, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
13) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
14) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса;
16) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
17) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
18) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
19) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
20) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
21) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
22) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген соттылығы бар адамдарға.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 602 Бұйрық), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларда белгіленген талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер органдарына және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептері бойынша тексеру үшін ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органдарына (бұдан әрі - бірлесіп қызмет көрсетуші) және экстремизмге, терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністерге сұрау салу жібереді.

      Бірлесіп қызмет көрсетуші мен полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністері белгіленген мерзімдерде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда қорытынды беру келісілген болып есептеледі.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық сервисінде көрсетілетін қызметті беруші соттылыққа қойылатын талаптары бар электрондық сұрау салуды қалыптастырады және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеруді жүзеге асырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, қызметті жүзеге асыруға лицензиялар туралы, азаматтық қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы, қаруды иелену құқығы туралы, жеткізіп беруші заңды тұлғалардан сатып алынған қару туралы мәліметтерді, мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші цифрлық үкіметтің "шлюзі" арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Қаруды тұрақты тұратын жері бойцынша сақтау шарттары көрсетілетін қызметті алушының өтінішімен расталады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру жеке түлғаларға рұқсат дайындайды.

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлардың болмауы;
2) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесінің қайтыс болуы;
3) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493 және 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
7) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
9) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
10) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
11) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) бірлесіп қызмет көрсетушінің есебінде тұрса;
12) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған материалдары, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
13) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
14) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса;
16) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
17) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
18) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
19) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
20) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
21) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
22) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген соттылығы бар адамдарға.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 602 Бұйрық), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларда белгіленген талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер органдарының және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі - бірлесіп қызмет көрсетуші) есептері бойынша тексеру үшін ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органдарына және экстремизмге, терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністерге сұрау салу жібереді.

      Бірлесіп қызмет көрсетуші мен полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністері белгіленген мерзімдерде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда қорытынды беру келісілген болып есептеледі.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық сервисінде көрсетілетін қызметті беруші соттылыққа қойылатын талаптары бар электрондық сұрау салуды қалыптастырады және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеруді жүзеге асырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, қызметті жүзеге асыруға лицензиялар туралы, Ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін қызметтік қаруды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың меншік құқығын растайтын құжаттар туралы, қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы, Қару саудасы жөніндегі мамандандырылған дүкендерде сатып алынған қару туралы мәліметтер, мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпарат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда), көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден цифрлық үкіметтің "шлюзі" арқылы алады.

      Заңды тұлғаларды тексеруді қызмет берушінің қызметкері үй-жайларды, қару мен оның патрондарын сақтау, сақтау және есепке алу жағдайларына, № 602 Бұйрықпен белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін өз бетінше барып жүзеге асырады немесе полиция органдарының қалалық және аудандық бөлімшелеріне сұрау салу жібереді, тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні тексеру туралы акт толтырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру жеке тұлғаларға рұқсат дайындайды.

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлардың болмауы;
2) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесінің қайтыс болуы;
3) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493 және 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
7) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
9) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
10) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
11) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) бірлесіп қызмет көрсетушінің есебінде тұрса;
12) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған материалдары, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
13) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
14) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса;
16) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
17) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
18) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
19) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
20) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
21) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
22) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген соттылығы бар адамдарға.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 319 бұйрық) бекітілген азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларының талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық сервисінде көрсетілетін қызметті беруші соттылыққа қойылатын талаптары бар электрондық сұрау салуды қалыптастырады және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеруді жүзеге асырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі лицензиялар туралы, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған меншік құқығында дайын пиротехникалық өнімді өткізу және сақтау қоймасы үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды растайтын рұқсаттар туралы мәліметтер, мемлекеттік бажды төлеу туралы (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда), қарсы көрсетілімдердің, өтініш берілген қызметті жүзеге асыруға байланысты (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден цифрлық үкіметтің "шлюзі" арқылы алады.

      Заңды тұлғаларды тексеруді қызмет берушінің қызметкері үй-жайларды, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақтау және есепке алу жағдайларына, № 319 бұйрықпен белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін өз бетінше барып жүзеге асырады немесе полиция органдарының қалалық және аудандық бөліністеріне сұрау салу жібереді, тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі ішкі істер органдары бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні тексеру туралы акт толтырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттың және оған қосымшасын заңды түлғаларға рұқсат дайындайды.

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) бекітілген азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы;
5) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық пиротехникалық заттарды және оны қолданып жасаған бұйымдарды сақтауға рұқсаттар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 319 бұйрық) бекітілген азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларының талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық сервисінде көрсетілетін қызметті беруші соттылыққа қойылатын талаптары бар электрондық сұрау салуды қалыптастырады және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеруді жүзеге асырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі лицензиялар туралы, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған меншік құқығында дайын пиротехникалық өнімді өткізу және сақтау қоймасы үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды растайтын рұқсаттар туралы мәліметтер, мемлекеттік бажды төлеу туралы (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда), қарсы көрсетілімдердің, өтініш берілген қызметті жүзеге асыруға байланысты (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден цифрлық үкіметтің "шлюзі" арқылы алады.

      Заңды тұлғаларды тексеруді қызмет берушінің қызметкері үй-жайларды, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақтау және есепке алу жағдайларына, № 319 бұйрықпен белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін өз бетінше барып жүзеге асырады немесе полиция органдарының қалалық және аудандық бөліністеріне сұрау салу жібереді, тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі ішкі істер органдары бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні тексеру туралы акт толтырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №133 "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттың және оған қосымшасын заңды түлғаларға рұқсат дайындайды.

      Негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - уәжді бас тарту) нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) бекітілген азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы;
5) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда

      ".

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
8-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы мемлекеттік инспекторлары мен жануарлар мен өсімдік әлемін қорғау, қалпына келтіру, пайдалану жөніндегі ұйым қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген нормалар

№ р/с

Лауазымы

Тапанша

Карабин

Тегіс ұзын ұңғылы (карабин)

1

Жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор

1

немесе 1

немесе 1

2

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор

1

немесе 1

немесе 1

3

Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы

1

немесе 1

немесе 1

4

Орманды қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері

1

немесе 1

немесе 1

      Оқ-дәрілер:

№ р/с

Қарудың атауы

Патрондардың саны (дана)

ауысымға арналған қызметкер

бірлікке азаймайтын қор

жылдық шығын:

бір адамға практикалық атыс үшін

қару бірлігіне атуды тексеру

Жануарлар санын реттеуге

1

тапанша

16 патрон (2 оқжатарда)

24

8

4

2

карабин

10 патрон (қорапта)

30

10

5

1 данасына 4

3

Тегіс ұзын ұңғылы (карабин) қару

10 патрон (қорапта)

30

10

5

1 данасына 5

      Ескертпе:

      Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте 10 бірлікке қаруға бір резервтік ұстауға рұқсат етіледі.

      Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөліністері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.

      Мамандандырылған ұйымның жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымның жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор - мемлекеттік табиғи қорықтың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің, мемлекеттік табиғи резерваттың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктің жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері, орманшы, орман шебері, орман күтуші, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маман).

      Мемлекеттік орман инспекциясының және мемлекеттік орман күзетінің қызметкері - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлінісінің орманды қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орман шебері, орман күтуші, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маман).

      Тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7 немесе № 8 бытыралармен оқталады не жарақат салатын патрондармен оқталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 08 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5139 болып тіркелген) қарудың зақымдау факторларының адамға жол берілетін әсерінің тиісті нормалары бойынша жарақат салатын әрекеті бар патрондары қолдануға пайдаланылады.

      Қорқауларды, қарғаларды, сауысқандарды, ала қарғаларды, қаңғыбас иттерді ату үшін тегіс ұңғылы қару патрондарын № 1; № 0 немесе № 00 бытыралармен оқтауға жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
11-қосымша
  нысан

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі, олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептеріндегі, жоғары спорттық шеберлік мектептеріндегі, олимпиадалық даярлық орталықтарындағы, спорт клубтарындағы, федерациялардағы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардағы, штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясындағы, дене шынықтыру-спорт қоғамдарындағы спорттық қаруды ұстау нормалары Ұйымдарда спорттық қаруды ұстау нормалары (бір ұйымға арналған данада)

р/с
№

Қарудың атауы

Федерация

Басқа ұйымдар

Республикалық

Филиалдар

Облыстық

Мектептің ұлттық командалары мен спорттық резервінің дирекциясы

Жоғары спорттық шеберлік мектептері

Спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернаттар

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Калибрі 6.0-8,0 мм винтовкалар:

30

6

12

20

12

10

2

Калибрі 5.6 мм жанынан жанатын винтовкалар: оқ ату биатлон

250
60

100
30

100
20

200
40

80
50

50
50

3

Калибрі 6,0-9,65 мм тапаншалар мен револьверлер:

100

20

40

40

20

10

4

Калибрі 5,6 мм тапаншалар:

250

100

100

100

50

30

5

Калибрі 4,5-6,35 мм пневматикалық винтовкалар:

250

100

100

100

100

50

6

Калибрі 4,5 мм пневматикалық тапаншалар: оқ ату қазіргі заманғы бессайыс

250
30

100
20

100
20

100
30

70
20

50
30

7

Калибрі 12 және одан кіші (16,20) спорттық-аңшылық тегіс ұңғылы қару

250

100

100

200

80

50

      кестенің жалғасы

р/с №

Басқа ұйымдар

Олимпиадалық даярлық орталығы

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері

Олимпиадалық резрвтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері

Спорт клубтары

Дене шынықтыру спорт-қоғамдары

1

9

10

11

12

13

1

12

0

12

12

20

2

100
30

100
20

100
20

100
20

100
15

3

20

20

20

20

10

4

70

70

70

50

100

5

100

100

100

50

100

6

50
20

100
20

100
20

70
20

100
10

7

100

100

100

100

100

      Спорттық қаруға патрондардың саны (бір спортшыға мың данадан бір жылға):

р/с №

Даярланатын контингент

Калибрі 4,5-6,35 мм оқтар

Калибрі 5,6 мм жанынан жанатын патрондар

Калибрі 12 (16, 20) спорттық-аңшылық патрондар

Калибрі 6,0-ден 8,0 мм-ге дейін ортасынан жанатын винтовка патрондары

Калибрі 6,0 мм-нен 9,65 мм-ге дейін ортасынан жанатын тапанша патрондары

1

2

3

4

5

6

7

Винтовка, тегіс ұңғылы қару

1

Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері

30000

40000

50000

10000

2

Спорт шеберлері

20000

30000

40000

7000

3

Спорт шеберлігіне кандидаттар

15000

20000

20000

5000

4

1 разряд

10000

12000

10000

1000

5

2 разряд

5000

6000

10000

6

3 разряд

3000

3000

10000

7

1 жасөспірім разряды

3000

1000

6000

Тапанша

1

Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері

30000

40000

10000

2

Спорт шеберлері

20000

30000

5000

3

Спорт шеберлігіне кандидаттар

15000

25000

3000

4

1 разряд

10000

17000

2000

5

2 разряд

5000

8000

1000

6

3 разряд

3000

3000

7

1 жасөспірім разряды

3000

1000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады