БҰЙЫРАМЫН:
1. Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 "Ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, арттыру, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16731 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, арттыру, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларында:
21-тармақта мынадай редакцияда жазылсын:
"21. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беруді, жоғарылатуды, растауды, төмендетуді және алып тастауды:
1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі – ІІМ Аппаратының басшысына, Министрдің кеңесшілеріне, Министрдің режим жөніндегі көмекшісіне, комитеттердің төрағаларына, ІІМ орталық аппаратының департаменттері мен дербес бөліністерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, астананың, облыстардын, республикалық маңызы бар қалалардың және полиция департаментінің (бұдан әрі – ПД), қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі – ҚАЖД), ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының командиріне;
2) Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары – ІІО орталық аппараты бөліністерінің қатардағы және басшы құрам лауазымдарында қызмет өткеретін ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ІІМ оқу орталықтарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, Күзет қызметін бақылау комитетінің астананың, облыстардын, республикалық маңызы бар қалалардың, Жезқазған қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқарма бастықтарына, "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі", ІІМ Әскери және арнайы жабдықтау базасы мемлекеттік мекемелерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, Кинологиялық орталықтың бастықтарына және олардың орынбасарларына, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;
3) Министрдің орынбасары - ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке құрамына;
4) ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы – өзінің лауазымдар номенклатурасына сәйкес Күзет қызметін бақылау комитетінің жеке құрамына;
5) ПД, ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары – ПД аппаратының (оның ішінде өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлеріне), ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, бағынысты ішкі істер органдары мен бөліністерінің басшы құрамына;
6) ІІО-ның қалалық, аудандық және көліктегі бөліністерінің бастықтарына, Күзет қызметін бақылау комитетінің астананың, облыстардын, республикалық маңызы бар қалалардың, Жезқазған қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі", "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемелерінің, Кинологиялық орталықтың бастықтары, түзеу мекемелерінің, тергеу изоляторларының, түрмелер мен қоныс колонияларының бастықтары, "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының командирі – бөліністердің жеке құрамына".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |