БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Құқықтық бөлімі:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында және ішкі порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының м.а. |
Б. ЖУЛАМАНОВ |
| 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 5 Бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 6001-16-7-6/196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13794 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі туралы Нұсқаулықта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Шет мемлекеттердің соттары мен басқа мекемелерінің тапсырмаларын Қазақстан Республикасының соттары оларды Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) немесе оның астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Департаменттер) арқылы алған кезде, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта құжаттарды жіберудің өзге тәртібі көзделмесе орындайды.
Қарым-қатынас тәртібін бұза отырып, соттарға келіп түскен шет мемлекеттер соттарының немесе басқа мекемелерінің тапсырмалары орындалуға жатпайды және халықаралық шартқа не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орталық немесе аумақтық орган арқылы бастамашыға қайтарылады.".
2. "Тағылымдамадан өту туралы Үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) Басшысының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 6001-16-7-6/149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13703 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өту туралы Үлгілік келісім осы Тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 6001-17-7-6/148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15135 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Кеңестің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі;";
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану қағидаларының қосымшасындағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
4. "Сот жүйесінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 23 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34884 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы сот жүйесінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"келуші – сот жүйесі объектісіндегі Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сот жүйесі объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын мыналар ұйымдастырады:
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (бұдан әрі – Жоғарғы Сот) ғимаратында – Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы (бұдан әрі – Сот әкімшілігі);
- облыстық және оларға теңестірілген соттардың ғимараттарында – Сот әкімшілігінің астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің басшылары (бұдан әрі – Департаменттер);
- аудандық және оларға теңестірілген соттардың ғимараттарында – Департаменттердің Сот әкімшілерінің басшылары;";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Паспорттың жобасы объектіні астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне енгізу туралы тиісті хабарлама алынған кезден бастап қырық бес жұмыс күні ішінде жасалады.".
Тағылымдамадан өту туралы
ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМ
___________________________ 20__жылғы "__"__________
(келісімнің жасалған орны) (жасалған күні)
Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Сот
әкімшілігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) атынан
________________________________________________________________________________
(Сот әкімшілігі Департаментінің атауы) Сот әкімшілігі
Департаментінің басшысы
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_________________________________________________________________
бір тараптан, бұдан әрі Судьялыққа кандидат деп аталатын
_________________________________________________ екінші тараптан және
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жұмыс берушінің лауазымы)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен
бекітілген Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтуі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес және
____________________________________________________________
(облыстық және оған теңестірілген соттың атауы) төрағаcының _____________
жылғы___________ № _____өкімінің негізінде Тағылымдамадан өту туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты.
Тағылымдамадан өту орны:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
1. Келісім нысаны
1. Осы Келісімнің нысаны судьялыққа кандидаттың іскерлік, кәсіби және адамгершілік қасиеттерін зерделеу, оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективасын айқындау, судьялыққа кандидаттың жергілікті соттарда жұмыстың ерекшеліктерін зерделеуі, судья лауазымындағы жұмыс үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеруі мақсатында оның тағылымдамадан өтуі кезінде туындайтын Тараптардың өзара қарым-қатынастары болып табылды.
2. Тағылымдамадан өту шарттары және тәртібі
2. Тағылымдамадан өту негізгі жұмыс орнынан қол үзе отырып, тұрақты негізде жүзеге асырылады.
3. Тағылымдамадан өту шарттары және тәртібі Ереженің 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Тағылымдамадан өту кезеңінде жұмыс беруші судьялыққа кандидатқа еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақысы сақталмайтын демалыс береді.
5. Тағылымдамадан өту кезеңінде "Мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған барлық органдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбпү қаулысымен белгіленген судьялыққа кандидатқа бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар аудандық және оған теңестірілген сот судьясы лауазымдық айлықақысының 70% мөлшерінде жалақының белгіленген сомасы төленеді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
6. Уәкілетті орган:
1) судьялыққа кандидаттан осы Келісімнің шарттарын, жұмыс істеу тәртібі ережелерін, еңбек тәртібін сақтауды талап етуге;
2) судьялыққа кандидат осы Келісімде белгіленген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тағылымдама үйлестірушісі - облыстық сот судьясына жазбаша түрде хабарлауға;
3) судьялыққа кандидат тағылымдамадан өту кезеңінде келтірген материалдық залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
7. Уәкілетті орган:
1) судьялыққа кандидатты тағылымдамадан өту үшін облыстық сот төрағасының өкімімен белгіленген аудандық және оған теңестірілген соттарда (бұдан әрі - аудандық сот), облыстық және оған теңестірілген соттарда (бұдан әрі - облыстық сот) қауіпсіз еңбек жағдайымен жұмыс орнымен қамтамасыз етуге;
2) судьялыққа кандидаттың тағалымдамадан өтудің жеке жоспарын орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық базаға, арнайы әдебиетке және материалдық-техникалық құралдарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
3) судьялыққа кандидаттың аудандық немесе облыстық сотта тағылымдамадан өтудің бекітілген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
4) судьялыққа кандидатқа жалақының белгіленген сомасын уақтылы және толық көлемде төлеуге;
5) судьялыққа кандидатты облыстық сот төрағасының, уәкілетті орган басшысының актілерімен таныстыруға міндетті.
8. Судьялыққа кандидаттың:
1) уәкілетті органнан осы Келісімнің орындалуын талап етуге;
2) еңбек қауіпсіздігі мен еңбектің қорғалуына;
3) тағалымдамадан өтудің жеке жоспарын орындауға қажетті нормативтік құқықтық базаға, арнайы әдебиетке және материалдық-техникалық құралдарға қол жеткізуге;
4) жалақының белгіленген сомасының уақтылы және толық көлемде төленуіне;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыруға;
6) заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына;
7) еңбек қауіпсіздігі мен еңбектің қорғалуына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына құқығы бар.
9. Судьялыққа кандидат:
1) Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуінің үлгі бағдарламасының негізінде әзірленген тағылымдамадан өтудің жеке жоспарының іс-шараларын орындауға;
2) тағылымдама күнделігін жүргізуге;
3) тағылымдамадан өту барысында алынған азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын, қадiр-қасиетiн қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге;
4) іскерлік әдепті сақтауға, киімнің іскерлік талаптарын ұстануға;
5) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға;
6) еңбек тәртібін сақтауға;
7) тағылымдама ұйымдастырылған соттың ішкі тәртіптеріне бағынуға;
8) аудандық, облыстық сотта тағылымдамадан өтудің белгіленген мерзімін, ережесін және тәртібін сақтауға;
9) еңбек қызметін куәландыратын құжаттарды, жеке куәлігін, карталық базада 20 сандық ағымдағы есеп шот ашқандығы туралы хабарламаны, электрондық нұсқадағы фотосурет ұсынуға;
10) мемлекеттік мүлікті ұқыпты пайдалануға;
11) _____________________________________________________________________
________________________________________________________________________
сот(тар)ындағы (жалпы отырыстың оң қорытындысының қолданысы кезеңінде) судьялардың бос лауазымдарына арналған конкурсқа қатысуға;
12) судьялардың тиісті бос лауазымдарына конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда, оны тағылымдамадан өтуге жұмсалған мемлекет қаражатын қайтаруға міндетті.
10. Жұмыс беруші:
1) судьялыққа кандидаттан уәкілетті органмен және жұмыс берушімен қатынастарда міндеттемелерді тиісінше орындауды талап етуге құқылы.
11. Жұмыс беруші:
1) тағылымдамадан өту кезеңінде судьялыққа кандидатқа жалақысы сақталмайтын демалыс беруге;
2) тағылымдамадан өту кезеңінде судьялыққа кандидаттың жұмыс орнын (лауазымын) сақтауға;
3) тағылымдама аяқталғаннан кейін судьялыққа кандидатқа бұрынғы лауазымына сәйкес жұмыс беруге міндетті.
4. Өзге шарттар
12. Осы Келісім бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде әрбір тарап үшін бір-бір данадан үш данада жасалды.
13. Келісімнің қолданысы:
1) тағылымдамадан өту мерзімі аяқталған;
2) Ереженің 4-тармағында көзделген негіздер бойынша тағылымдама тоқтатылған;
3) Ереженің 19-тармағына сәйкес тағылымдамадан өту мерзімінен бұрын тоқтатылған;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасыylf көзделген өзге жағдайларда қолданысы тоқтатылады.
14. Осы Келісім тағылымдама басталған күнінен бастап күшіне енеді.
Тараптардың мекенжайы мен деректемелері
Ескертпе: Егер судьялыққа кандидат еңбек қатынастарында болмаса, тағылымдамадан өту туралы келісім уәкілетті орган басшысы мен судьялыққа кандидат арасында жасалады.