"Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 қыркүйекте № 39917 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33405 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларында:

      көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ережеде:

      5-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді және мемлекеттік органға енгізеді;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) кәсіптік біліктілікті тану орталығын аккредиттеу үшін ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша қорытынды береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 367 бұйрығына
қосымша
Кәсіптік біліктілік
жөніндегі салалық кеңестерді
құру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
__________________________
(мемлекеттік орган атауы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

Өтініш

      Мені ______________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (салалық бағыттың атауы) салалық кеңестің құрамына

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (ұйымның/органның атауы) өкілі/тәуелсіз сарапшы (керегін таңдаңыз) ретінде қосуды сұраймын.

      Мына құжаттарды қоса беремін (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33405 болып тіркелген) Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларының 9-тармағына сәйкес):

      1.

      2.

      3.

      20__ж. "____"________ _____________________

      Қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады