"Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілері жоқ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өзінің банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде келіп түскен ақшаны бағыттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 375 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 207 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 қыркүйекте № 39921 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілері жоқ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өзінің банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде келіп түскен ақшаны бағыттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 375 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33807 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қағидаларда:

      4-қосымшаның 3.1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.1. Қағидаларда және осы Шартта көзделген талаптар мен тәртіп бойынша Төлемдерді алушы "Тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында өндіретін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы жинаушы өндірілетін өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30484 болып тіркелген) сәйкес мыналарды қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім қалдықтарын жинауды жүзеге асыруға міндеттенеді:

      пайдаланудан шыққан көлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын;

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25100 болып тіркелген) бекітілген кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесімен кәдеге жарату төлемін есептеу үшін "0" (нөл) коэффициенті белгіленген өнім (тауар) қалдықтарын;

      Кодекстің 367-бабының талаптарына және "Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26341 болып тіркелген) сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі шеңберінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және полигондарда көмуді;

      Кодекстің 389-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес көлемі-өндірушілердің (импорттаушылардың) өтініштері негізінде артық және (немесе) қате төленген сомаларды қайтару жүзеге асырылған, артық және (немесе) қате төленген сомалар фактілері расталған жағдайда жинақталған, қайта өңделген және (немесе) кәдеге жаратылған қаптама қалдықтары өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы белгілеген тәртіппен өндірушілердің (импорттаушылардың) өтінішін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, ал Оператор Алушыға Қағидаларда және осы Шартта көзделген шарттарда және тәртіппен қалдықтарды жинағаны үшін төлемдер жүргізуге міндеттенеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект

      және цифрлық даму

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады