"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған "Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып суармалы жерлерді пайдалану туралы мәліметтер" нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су үнемдеу технологияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы |
Т. Момышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 307-НҚ бұйрығымен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет- ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: "Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып суармалы жерлерді пайдалану туралы мәліметтер".
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-СҮТҚОСЖПТМ нысаны.
Кезеңділігі: жартыжылдық.
Есепті кезең: 20____ жылдың _______жартыжылдығы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: ауыл шаруашылығы және су ресурстары саласындағы функцияларды іске асыратын облыстардың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей.
ЖСН/БИН
![]()
Жинау әдісі: электрондық түрде.
Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып суармалы жерлерді пайдалану туралы мәліметтер.
1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру аумағын көрсетіңіз
Облыс____________________________________________________________________
Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша коды_________________________
№ | Аудандарының атауы | Егілетін дақыл | Егіс алқабы, гектар | оның ішінде суару тәсілдері бойынша | |||
жер үсті, гектар | тамшылатып, гектар | жаңбырлатып, гектар | лазерлік тегістегіш, гектар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы_____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы ____________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы_____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), қолы
Мөрдің орны (ол бар болған жағдайда) (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
"Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып суармалы жерлерді пайдалану туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Нысанға қосымшада берілген.
| "Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлерді пайдалану туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып суармалы жерлерді пайдалану туралы мәліметтер" (1 - СЖСҮТПМ, жартыжылдық) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Нысанның 1-бағанында рет-ретімен нөмірлеу көрсетіледі және кейінгі ақпарат рет-ретімен нөмірлеуді бұзбауы тиіс.
2. Нысанның 2-бағанында ҚР ҰЖ 11-2025 ұлттық Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес аудандардың атауы көрсетіледі.
3.Нысанның 3-бағанында егілетін дақыл көрсетіледі
4. Нысанның 4-бағанында егіс алқабы көрсетіледі.
5.Нысанның 5-бағанында жер үсті суару тәсілінің алқабы көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында тамшылатып суару тәсілінің алқабы көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанында жаңбырлатып суару тәсілінің алқабы көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанында лазерлік тегістегішпен өңделген алқап көрсетіледі (суару тәсілі- лазерлік жоспарлағышты қолдану).