Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 263-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 қыркүйекте № 39928 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ш. Акпарова

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 263-НҚ бұйрыққа
қосымша

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларында:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген Тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (бұдан әрі – МЖМБС) көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.";

      45-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 39 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидаларында:

      23-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Компьютерлік тестілеу цифрлық жүйелерге енгізілген құралдардың көмегімен немесе жеке құралдардың көмегімен өткізіледі. Тестілеу процесі автоматтандырылған. Тестілеу нәтижелерін автоматтандырылған өңдеу және сақтау қамтамасыз етіледі.";

      2. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:

      1) тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;

      2) тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар балалардың дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

      3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;

      4) тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың тәрбие және оқыту процесіне тарту;

      5) тәрбиеленушілерге күтім жасау, оларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету; балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша отбасына қолдау көрсету;

      6) баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған өзгеретін ойын және тақырыптық зоналарды (аймақтарды), инклюзивті дамыту ортасын құру.";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі ұйымдар Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес тәрбиеленушілерге, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.";

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген балаларды Қазақстан Республикасының аумағындағы мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау білім беру саласындағы цифрлық объекті арқылы жолдамаларды есепке алудың, кезектіліктің және берудің бірыңғай базасы арқылы жүзеге асырылады.";

      20-тармақтың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен автоматты түрде ақпараттармен алмасуды және мәліметтерді өзектендіруді;

      9) білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық өзара әрекеттесудің регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

      1) арнайы мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін арнайы жағдайлар жасайтын оқу орны;

      2) әлеуметтік оңалту – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;

      3) әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымы – жалпы орта білім алуды және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген және дене шынықтыру даярлығының қосымша білім беру бағдарламаларын, әскери-техникалық мамандықтар бойынша білім берудің кейінгі деңгейлерінде оқуды жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, негізгі орта білім беру аяқталғаннан кейін медициналық куәландыру көрсеткіштері бойынша 15-16 жастағы еркек жынысты балаларды конкурстық негізде қабылдауды жүзеге асырады;

      4) бастауыш мектеп – бастауыш білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      5) бейін алды даярлық – білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;

      6) бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;

      7) бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;

      8) гимназия – білім алушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және басқа бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      9) жалпы білім беретін және кешкі мектептер жанындағы оқу-консультациялық пункт – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген орта білім алу үшін жергілікті басқару органдарының шешімі бойынша кәсіпорындарда, мекемелерде және білім беру ұйымдарында құрылатын пункт;

      10) жалпы білім беретін мектеп – білім алушылар мен тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, арнаулы оқу мен жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      11) жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат – тиісті білім беретін мектептері жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

      12) желілік мектептер – орналасқан жеріне қарамастан бірыңғай мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын орта білім беру ұйымдары;

      13) кәмелетке толмаған баланы қамтамасыз ету – кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің оның толыққанды дамуы, оның мүліктілік және мүліктілік емес құқықтарын, мүдделерін және мемлекеттің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын қорғауы үшін жағдай жасауы;

      14) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу – балаға қоғамда қабылданған және оның рухани, дене бітімі, психикалық, мәдени, адамгершілік тұрғыдан дамуына және әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғауға бағытталған мінез-құлық ережелері мен нормаларын дамыту бойынша ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлері тарапынан ықпал етудің үздіксіз процесі;

      15) көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" № 320 қаулысына (бұдан әрі – № 320 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) сәйкес мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар балаларының, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар балаларының, ата-анасы немесе оларды алмастыратын тұлғалардың өмір сүру жағдайы, еңбегі, денсаулық жағдайы бойынша отбасыларға көмек берілетін, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен кіріс кіретін отбасылар балаларының жалпы орта білім алуын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

      16) қосымша білім беретін мектеп-орталық – құрылымдық бөлімшесінде қосымша білім беру орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп;

      17) лицей – білім алушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес кеңейтілген және тереңдетілген жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      18) мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын білім алушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

      19) мектеп-интернат-колледж – тұру үшін орын ұсынумен жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуды қамтамасыз ететін дербес заңды тұлға;

      20) негізгі орта мектеп – бастауыш және негізгі орта білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      21) оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық) – жергілікті атқарушы органдармен қаржыландырылатын, оқушыларды мамандықты саналы түрде таңдау арқылы қоғамдық өмірге бейімделуін қамсыздандыратын, мемлекеттік білім беру ұйымы;

      22) санаториялық мектеп-интернат – белгіленген режимді сақтай отырып, білім алушылардың жалпы орта білім алуды, қалпына келтіру емін, медициналық оңалту мен демалысты, туберкулезге қарсы емдеу-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

      23) тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары оның базасында шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;

      24) тірек мектеп жанындағы (ресурстық орталық) интернат – жақын маңдағы шағын жинақты мектептердің білім алушыларына сапалы білім алу үшін білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін, сондай-ақ сессиялық оқу кезеңінде, білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауы кезінде тұруға орын ұсынатын тірек мектептің (ресурстық орталықтың) құрылымдық бөлімшесі;

      25) халықаралық мектеп – Халықаралық Бакалавриат ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен өз бетінше әзірленген кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      26) шағын жинақты мектеп – білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.";

      9-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру ұйымдары Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерге, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 564 бұйрық) бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді және ұлттық білім беру деректер қорындағы деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.";

      94-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) оқытудың цифрлық технологияларын қолдану;";

      138-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) № 075/у нысаны "Медициналық анықтама (дәрігерлік-кәсіби консультациялық қорытынды)", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық);";

      170-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) № 065/у нысаны "Иммундау паспорты" және № 052-2/у нысаны "Баланың денсаулық паспорты", № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген;";

      216-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) № 065/у нысаны "Иммундау паспорты" және № 052-2/у нысаны "Баланың денсаулық паспорты", № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген;";

      342, 343, 344 және 346-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "342. Оқу орталықтары білім басқармасының цифрландыру аясындағы құрылым бөлімшесі ретінде құрылады.

      343. Оқу орталықтарының негізгі мақсаты цифрландыруды енгізу процесін қолдау мен үйлестіруді қамтамасыз ету.

      344. Аталған мақсатқа қол жету үшін Оқу орталығы келесі міндеттерді жүзеге асырады:

      1) цифрлық инфрақұрылымның қызмет етуі мен дамуын, сондай-ақ сәйкесінше территорияда үслестіруді қалыптастыру, қамтамасыз ету;

      2) аналитикалық, консалтингтік қызмет түрін көрсету, интерактивті сабақ өткізу;

      3) шағын кешенді мектептер мен тірек мектептерді бір білім беру кеңістігіне шоғырландыру және қашықтан оқытуда сессияаралық әрекеттесуін қамтамасыз ету.

      346. Оқу орталығы цифрландырудың тиімділігін жоғарылату және қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындайды, қашықтықтан оқу сұрақтары бойынша қажетті материалдарды белгіленген тәртіпте білім беру ұйымдарынан жинау және талдауды жүзеге асырады, тәжірибе алмасу бойынша басқа да цифрлық материалдарды, қашықтықтан оқу мәселелері бойынша нұсқаулар, цифрландырудың тиімді енгізудің жағдайы мен деңгейін зерттеп, талдау жасайды.";

      350-тармақтың 5 және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) желілік өзара іс-қимыл жүйесін және дарынды балалармен жұмыс бойынша бірыңғай цифрлық кеңістікті қалыптастыру;

      6) дарынды балалардың бірыңғай тізілімі - дарынды балалардың цифрлық дерекқорын құру;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы үлгілік Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жоғары колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      2) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

      3) колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      4) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;

      5) училище – мәдениет саласындағы негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.";

      5-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеретін қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік, цифрлық – технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТжКБ ұйымдары білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға (балаларға) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 болып тіркелген) бекітілген Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметі қағидаларына сәйкес психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсетеді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Оқытудың кредит технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32140 болып тіркелген) бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.";

      48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Қашықтықтан оқыту ТжКБ ұйымдарында "Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33682 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      49. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді.

      ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен цифрлық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы үлгілік Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жоғары колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      2) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

      3) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары "қолданбалы бакалавр" біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;

      4) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;

      5) училище – мәдениет саласындағы негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.";

      4-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеретін қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік, цифрлық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;";

      10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру бағдарламаларының тізілімі "Білім туралы" Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес білім беру саласындағы цифрлық объектіде қамтылады.";

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ОБК ұйымдары "Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес білім алушылар, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Оқытудың кредит технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32140 болып тіркелген) бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді.

      ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен цифрлық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. ОБК ұйымдарында қашықтықтан оқыту "Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33682 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.

      Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен цифрлық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;

      2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар);

      3) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау;

      4) мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) – белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар).";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Арнайы мектептердің /сыныптардың түлектеріне "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік үлгідегі аттестаттар беріледі."

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

      1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адам (отбасы) – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабында көзделген, адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын негіздер бойынша осындай деп танылған адам (отбасы);

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары-қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықтың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға тұрақты немесе уақытша (күндізгі) болу, сондай-ақ ақпараттық, консультациялық, делдалдық қызметтер көрсету арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;

      4) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;

      5) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым.";

      8-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi цифрландыру;";

      28-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) туу туралы куәлік (жеке куәлік) "Азаматтық хал актілері жазбаларын тіркеу тармақі" цифрлық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз түріндегі көшірмесі;

      44-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тез дамып келе жатқан цифрлық қоғам жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға, олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықтың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға цифрлық, консультациялық, делдалдық қызметтер көрсетеді.";

      58 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының түлектері "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік үлгідегі аттестат алады.";

      72-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) туу туралы куәлік (жеке куәлік) "Азаматтық хал актілері жазбаларын тіркеу тармақ" цифрлық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз түріндегі көшірмесі;

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Кәмелетке толмағандарды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру үшін мынадай негіздер болып табылады:

      1) осы Қағидалардың 77-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты соттың қаулысы;

      2) осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты білім басқармасының жолдамасы;

      3) осы Қағидалардың 77-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізген адамның өтініші.

      Кәмелетке толмағанды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру туралы білім басқармасының жолдамасына мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) тұрғынжай-тұрмыстық жағдайды тексеру актісі (тұрғылықты жері анықталған кезде);

      2) кәмелетке толмағанға, сондай-ақ оның ата-анасына немесе басқа да заңды өкілдеріне мінездеме (ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері анықталған кезде);

      3) "АХАЖ тіркеу пункті" цифрлық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған тұлғаларға қатысты цифрлық нысандағы туу туралы куәлік (жеке куәлік) немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;

      4) білім беру ұйымынан анықтама (мектеп жасындағы балалар үшін);

      5) медициналық құжаттар (бар болған жағдайда - егу паспорты және амбулаториялық карта).";

      86-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "АХАЖ тіркеу пункті" цифрлық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған тұлғаларға қатысты электрондық нысандағы туу туралы куәлік (жеке куәлік) немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Балаларға қосымша білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығымен бекітілген "Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29187 болып тіркелген) "Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – ҰБДҚ) мәліметтердің жүргізілуін және өзектендіріліп отыруын қамтамасыз етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген) жүзеге асырылады.".

      3. "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстарды), орындаушылар конкурстарын, кәсіби шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36187 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстарды), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың іріктеу қағидаларындағы

      5-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйелеріне кіріктірілген сервистер арқылы деректерді бере отырып, іс-шараларды өткізуді және оның қорытындыларын қалыптастыруды автоматтандыруға арналған цифрлық жүйеге сілтеме.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстарды), орындаушылар конкурстарын, кәсіби шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды іріктеу өлшемшарттарындағы:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Іс-шараны өткізу шарттары:
барлық қатысушылар үшін іс-шараларға тегін қолжетімділікті қамтамасыз ету және оларды өткізу туралы ақпаратты қамтитын материалдар мен интернет-ресурстарға сілтемелердің болуы (3 балл);
іс-шараларды қауіпсіз өткізу жағдайларын қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын материалдар мен интернет-ресурстарға сілтемелердің болуы (1 балл);
қазылар алқасының сапалы және кәсіби құрамын, оның қызметінің объективтілігі мен ашықтығын мынадай параметрлер негізінде қамтамасыз ету: қазылар алқасы мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен тәжірибесінің болуы (ғылыми дәрежесі, практикалық тәжірибесі), мүдделер қақтығысының болмауы, хаттамалар жүргізу, қорытындылар жариялау (1 балл);
апелляция және қатысушылардың төрешіліктің ашықтығы туралы пікірлері жүйесінің болуы (1 балл);
іс-шаралар қорытындысы бойынша берілетін құжаттарда, сертификаттарда QR (кюар) кодының болуы (1 балл);
білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйелеріне интеграцияланған сервистер арқылы деректерді бере отырып, іс-шаралардың өткізілуін және қорытындыларын қалыптастыруды автоматтандыруға арналған цифрлық жүйенің болуы (3 балл).

10

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады