Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 932 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 қыркүйекте № 39931 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 932 Бұйрыққа
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 326 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14966 болып тіркелген);

      2. "Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 342 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15003 болып тіркелген);

      3. "Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 326 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 891 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17054 болып тіркелген);

      4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 342 "Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын бекіту" және 2017 жылғы 31 наурыздағы № 346 "Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 19 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19967 болып тіркелген);

      5. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы "Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" № 326 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 5 наурыздағы № 88 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20121 болып тіркелген);

      6. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 549 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерiс пен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 6-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38981 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады