Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 934 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 қыркүйекте № 39932 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 934 Бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 "Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы" бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14961 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларында, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібінде, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидалары, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң).";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сараптама жүргізу мерзімі сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны (ұйғарымды) және оның объектілерін сот сараптамасы органы, жеке сот сарапшысы іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап есептеледі және оларды кеңсеге тапсырған күні аяқталады.";

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 "Сот сараптама объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14958 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу тәртібін сот сараптамасы органының сарапшылары, жеке сот сарапшылары және "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сот сараптамасын біржолғы тәртіппен жүргізуді жүзеге асыратын өзге де адамдар жүзеге асырады.

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      5. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органының басшысына не жеке сот сарапшыларына немесе сот сараптамасын біржолғы тәртіппен жүргізуді жүзеге асыратын өзге адамға сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қажетті зерттеу объектілері мен өзге де материалдарды ұсынады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сараптама жүргізуге арналған материалдарды сараптаманы тағайындаған орган (адам) немесе оның уәкілетті өкілі ұсынған кезде сарапшы сараптамасын тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) көрсетілген объектілер тізбесінің және олардың санының сәйкестігін тексереді.

      Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген объектілер тізбесінің, олардың санының сәйкессіздігі, қаптаманың тұтастығының бұзылуы анықталған кезде зерттеуге келіп түскен материалдар мен объектілерді қарау актісі (бұдан әрі – Қарау актісі) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данада жасалады. Қарау актісіне осы сараптаманы қабылдаған сот сарапшысы, сараптаманы тағайындаған орган (адам) немесе оның уәкілетті өкілі және кеңсе қызметкері қол қояды.

      Қарау актісінің бір данасы сот сараптамасын тағайындаған адамға беріледі, екіншісі – сарапшы қорытындысының екінші данасымен бірге бақылау іс өндірісіне тігіледі.

      Объектілер пошта немесе арнайы пошта байланысы арқылы жеткізілген жағдайда Қарау актісіне:

      аумақтық бөлімшенің басшысы не оның орынбасары;

      осы сараптаманы қабылдаған сот сарапшысы;

      кеңсе қызметкері қол қояды.

      Осыдан кейін актінің бір данасы сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) қайтарылады, екіншісі – сарапшы қорытындысының екінші данасымен бірге бақылау өндірісіне тігіледі.

      Биологиялық объектілердің тізілімі мен сандарының сәйкессіздігі анықталған кезде объектілердің бұзылуына жол бермеу мақсатында сот сараптамасы органы, жеке сот сарапшылары немесе сот сараптамасын біржолғы тәртіппен жүргізуді жүзеге асыратын өзге адам сараптама объектілерін орындау үшін (объектілер қойылған сұрақтарды шешуге жарамды болу шартымен) қабылдайды. Бұл ретте Қарау актісі жасалады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Сақтауға жауапты адам сақтау камерасынан сот сараптамасы объектілерін сот сараптамасы органының сарапшысына беруді, сондай-ақ оларды сақтау камерасына қабылдауды жүзеге асырады.

      Сот сараптамасы объектілерін қабылдау және беру туралы мәліметтер № 13 журналға енгізіледі.";

      24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Сот сараптамасына ұсынылған сот сараптамасы объектілері бастапқы қасиеттерін сақтауды талап ететін биологиялық текті объектілерді қоспағанда, сот сараптамасы органында, жеке сот сарапшыларында немесе сот сараптамасын біржолғы тәртіппен жүргізуді жүзеге асыратын өзге адамда сот-сараптамалық зерттеу жүргізілетін уақыт ішінде ғана, сараптаманы тағайындаған орган (адам) белгілеген мерзімде болады.";

      28, 29, 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Мәйіт сот сараптамасы органына, жеке сот сарапшыларына немесе сот сараптамасын біржолғы тәртіппен жүргізу тапсырылған өзге адамға мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулымен, оқиға болған жердегі (немесе ол табылған жердегі) мәйітті қарап-тексеру хаттамасының көшірмесімен, медициналық құжаттармен (бар болса) бірге жіберіледі.

      29. Мәйітті сот сараптамасы органы, жеке сот сарапшылары немесе сот сараптамасын біржолғы тәртіппен жүргізуді жүзеге асыратын өзге адам қабылдаған кезде мәйітпен бірге жеткізілген киім, құндылықтар, қайтыс болған адамның құжаттары және басқа да заттар осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәйтханада киім заттарын, зерттеу объектілерін, құндылықтар мен құжаттарды тіркеу журналына тіркеледі және мәйітке қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жасы мен тіркеу нөмірі көрсетілген бирка немесе мөртаңбамен басылған тіркеу нөмірі бар металл жетон бекітіледі.

      30. Сот-медициналық сараптаманы тағайындаған орган (адам) мәйітті сот сараптамасы органына, жеке сот сарапшыларына немесе сот сараптамасын біржолғы тәртіппен жүргізуді жүзеге асыратын өзге адамға жіберген кезде қосымшалары бар медициналық картаның түпнұсқасын және оның медициналық ұйымға түскен кездегі киімін бір мезгілде жеткізуді қамтамасыз етеді. Егер киімді анықтау немесе тергеу органдары алып қойған не олардың рұқсатымен заңды өкілге берген болса, қаулыда тиісті жазба жасалады.";

      36, 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Мәйіттің киімі және онымен бірге жеткізілген өзге де заттар сот-медициналық сараптама жүргізу басталғанға дейін сот сараптамасы органына, жеке сот сарапшыларына немесе сот сараптамасын біржолғы тәртіппен жүргізуді жүзеге асыратын өзге адамға қандай күйде келіп түссе, сол күйінде сақталады.

      Мәйітке сот-медициналық зерттеу жүргізілгеннен кейін дымқыл киім мен аяқкиім тікелей күн сәулесі түспейтін, желдетілетін үй-жайда бөлме температурасында кептіріледі.

      37. Мәйіттер, сондай-ақ бөлшектелген мәйіттердің бөліктері сот сараптамасы органында, жеке сот сарапшыларында немесе сот сараптамасын біржолғы тәртіппен жүргізуді жүзеге асыратын өзге адамда олардың бастапқы қасиеттерінің өзгеруіне кедергі келтіретін жағдайларда сақталады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Мәйіттер сот сараптамасы органында, жеке сот сарапшыларында немесе сот сараптамасын біржолғы тәртіппен жүргізуді жүзеге асыратын өзге адамда қайтыс болу туралы медициналық куәлік, перинаталдық өлім туралы куәлік ресімделіп, қайтыс болған адамның туыстарына немесе жақындарына берілгенге дейін сақталады.

      Танылған мәйіттерді одан әрі сақтау қайтыс болғандардың туыстарымен шарттық негізде жүзеге асырылады.";

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 "Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14992 болып тіркелген):

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін сот-сараптама қызметі саласындағы уәкілетті орган беретін сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін сот-сараптама қызметі саласындағы уәкілетті орган беретін сараптама мамандықтарының тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесінде:

      Тізбенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін сот-сараптама қызметі саласындағы уәкілетті орган беретін сараптама мамандықтарының тізбесі";

      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 328 "Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14969 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Валидация рәсіміне сот сараптамасы органының сарапшылары, жеке сот сарапшылары, "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабына сәйкес шет мемлекеттің сот сарапшылары (бұдан әрі – валидация рәсіміне қатысушылар) қатысады";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 330 "Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14988 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әдістемелерді әзірлеушілер (авторлар, құрастырушылар):

      сарапшылар және сот сараптамасы органдарының қызметкерлері;

      жеке сот сарапшылары;

      ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері болып табылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Сынамадан өткізу рәсіміне сот сараптамасы органының сарапшылары, жеке сот сарапшылары, сондай-ақ Заңның 60-бабына сәйкес шет мемлекеттің сот сарапшылары қатысады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Әдістемені сыртқы рецензиялауға тиісті мамандық бойынша жеке сот сарапшысы, тиісті мамандық бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, медициналық мамандықтар бойынша жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар ғылыми-зерттеу ұйымының қызметкері, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Жеке сот сарапшылары әзірлеген Әдістемелерді сынамадан өткізу және рецензиялау рәсіміне қойылатын талаптар сот сараптамасы органының сарапшылары әзірлеген Әдістемелерді сынамадан өткізу және рецензиялау рәсіміне қойылатын талаптармен бірдей.";

      6. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 331 "Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15028 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, ақпарат ҒӘК отырысында қаралғаннан кейін әдістеме әзірленген ұйымның мөрімен немесе жеке сот сарапшысының жеке мөрімен куәландырылған, мемлекеттік және орыс тілдерінде баспа және электрондық түрде, бекітілген әдістемелер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҒӘК отырысында шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Орталыққа жіберіледі.

      Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды Орталық осы тармақта көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізеді.";

      7. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 "Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15033 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бала күтіміне байланысты демалыста болған сот сараптамасы органының сарапшылары қызметке шыққаннан кейін үш айдан ерте емес және алты айдан кешіктірілмей аттестаттауға жатады.

      Лицензиясының қолданылуы үш жылдан астам уақытқа тоқтатыла тұрған жеке сот сарапшылары лицензияның қолданысы қайта жалғастыру күннен бастап үш айдан ерте емес және алты айдан кешіктірілмей аттестаттауға жатады.";

      6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ССО Операторды және аттестаттауға жататын сот сараптамасы органының сарапшысын, жеке сот сарапшысын (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) аттестаттау өткізілетіні туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Аттестаттауға жататын көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін ССО қалыптастырады және оны Операторға жібереді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жеке сот сарапшыларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы шешімді сот-сараптама қызметі саласындағы уәкілетті орган, ал сот сараптамасы органы сарапшыларын ССО басшысы қабылдайды.";

      8. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 346 "Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14980 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидалары осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      9. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 483 "Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15075 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік тізілім сот сараптамасы органының сарапшылары және жеке сот сарапшылары (бұдан әрі – сот сарапшылары) туралы мәліметтерді қамтиды.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру және жүргізу үшін ақпараттық қамтамасыз етуді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) және Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы (бұдан әрі – Палата) сот сарапшылары туралы мәліметтерді ұсына отырып, жүзеге асырады.

      6. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге (одан алып тастауға) жататын сот сарапшылары туралы мәліметтерді Орталық және Палата сот сарапшысының біліктілігін беру, аттестаттаудан өту, сот сараптамасы органдарына жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару не сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, қайта жалғастыру, тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде Орталық пен Палата өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпаратты Департаментке бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде, баспа және электрондық түрде жолдайды. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды Департамент осы тармақта көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізеді.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Сот-сараптамалық зерттеулердің
әдістері мен әдістемелері
валидациясының қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Сот-сараптамалық зерттеу әдісі мен әдістемесінің валидация жоспары

1. Сот-сараптамалық зерттеу әдісін (әдістемесін) валидациялаудың мақсаты мен міндеттері


2. Валидация рәсіміне қатысушылар.


3. Валидация рәсімін өткізу жоспарында қолданылатын терминдер мен анықтамалар.


4. Валидация рәсімінде пайдаланылған нормативтік және техникалық құжаттама, материалдар, жабдықтар.


5. Валидацияны жүргізу рәсімі:
валидацияны жүргізу түрі, кезеңдері;
валидация рәсімін өткізу орны мен уақыты;
валидация рәсіміне тартылатын өзге қатысушылар туралы мәліметтер (бөгде ұйымдар, зертханалар, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының осы аумақтық бөлімшесінің сарапшылары болып табылмайтын адамдар не жеке сот сарапшылары және тағы басқа қатысқан жағдайда);
валидациялық хаттамалардың, есептердің, жиынтық кестелердің және тағы басқа нысандары;
қолданылатын өлшем құралдарын калибрлеу/тексеру рәсімі;
сот-сараптамалық зерттеудің нақты әдісін валидациялау рәсімдерінің және оларды өткізу жағдайларының тізбесі. Жекелеген рәсімдерді алып тастау қажет болған жағдайда мұндай алып тастау негізделуге тиіс;
валидацияның жоспарланған нәтижелері;
сот-сараптамалық зерттеу әдісін (әдістемесін) қайта валидациялау жағдайлары;
жүргізілетін сынақтардың (өлшеу, сынама алу және тағы басқа) тізбесі, алынған нәтижелерді бағалау өлшемшарттары;


6. Әдісті немесе әдістемені валидациялау жөніндегі іс-шараларды өткізу графигі (валидацияланатын әдістің атауы, сот-сараптамалық зерттеу әдістемесінің атауы, валидация хаттамаларын келісуге/бекітуге жауаптылар, уақыты мен орны және тағы басқа көрсетілген кесте түрінде).


7. Валидация жоспарына қоса берілетін қосымша материалдар (сызбалар, схемалар және тағы басқа)


8. Валидацияны өткізудің жалпы мерзімдері


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 31 наурыздағы
№ 346 бұйрығына
1-қосымша

Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидалары "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сот сараптамасы органы сарапшыларының сондай-ақ жеке сот сарапшыларының біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.

      2. Сот сараптамасы органы сарапшылардың және жеке сот сарапшыларының біліктілігін арттыру олардың сот сарапшылары ретіндегі функцияларын орындау үшін қажетті кәсіби білімдері мен дағдыларын дамыту және тереңдету мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Сот сараптамасы органы сарапшыларының және жеке сот сарапшыларының біліктілігін арттырудың негізгі қағидаттары өзін-өзі білім алумен ұштастырылған оқытудың жүйелілігі, үздіксіздігі және сабақтастығы болып табылады.

      4. Сот сараптамасы органы сарапшыларының және жеке сот сарапшыларының біліктілігін арттыру мәселелері бойынша қызметті үйлестіруді Қазақстан Республикасы Сот сарапшылары палатасының (бұдан әрі – Палата) қатысуымен сот сараптамасы органы жүзеге асырады.

      5. Сот сараптамасы органы сарапшыларының және жеке сот сарапшыларының біліктілігін арттыру оқыту семинарлары, біліктілікті арттыру курстары, оқыту тренингтері, "шеберлік сыныптары", практикада (тағылымдама) оқыту түрінде:

      1) сот сараптамасы органында;

      2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда;

      3) оқу-білім беру мекемелерінде;

      4) Қазақстан Республикасында да, шетелде де өндірістік базаларда өткізіледі.

      6. Медициналық білімі бар сот медицинасы, сот психиатриясы және наркология саласындағы сарапшылардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Сарапшылардың біліктілігін арттыру тәртібі

      7. Тиісті кәсіби деңгейді қамтамасыз ету үшін сот сараптамасы органы сарапшылары мен жеке сот сарапшылары бес жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.

      8. Бесжылдық кезең сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігін алған жылдан кейінгі жылдан басталады.

      Бесжылдық кезеңге сот сараптамасы органы сарапшыларының және жеке сот сарапшыларының жұмыс өтіліндегі үзіліс, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты жалақы сақталмайтын демалыс кірмейді.

      9. Сот сараптамасы органы сарапшыларының және жеке сот сарапшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарланған іс-шаралар туралы ақпаратты сот сараптамасы органының ресми сайтында, сонымен қатар Палатаның сайтында орналастырады.

      10. Сот сараптамасы органының басшысы Палатаның ұсынуы бойынша сот сараптамасы органының сарапшыларының және жеке сот сарапшыларының тізімі бекітіледі.

      11. Біліктілігін арттырудан өтетін сарапшылардың тізімі бекітілгеннен кейін сот сараптамасы органының басшысы не оның міндетін атқарушы адам сот сараптамасы органының аумақтық бөлімшелеріне оқытуды өткізу күні мен орны туралы дереу хабарлайды. Жеке сот сарапшыларына біліктілікті арттырудың өткізу күні мен орны туралы Палата хабардар етеді.

      12. Біліктілікті арттыру 120 оқу сағатын құрайды, оның ішінде:

      1) сарапшылар міндетті 60 академиялық оқу сағатын осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген тәртіппен өтеді;

      2) қосымша 60 сағат осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген тәртіппен өтеді.

      13. Біліктілікті арттырудың міндетті сағаттары тікелей сараптама мамандығы бойынша теориялық және практикалық мәселелерді зерделеуді қамтиды.

      14. Біліктілікті арттырудың қосымша сағаттары кәсіби, зияткерлік, арнайы және функционалдық білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды дамыту мақсатында өткізіледі.

      15. Қосымша сағаттарға осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген біліктілікті арттырудың әртүрлі нысандарынан басқа, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесімен есептелетін ғылыми жұмыстарды, мақалаларды, баяндамаларды жариялау, конференцияларға, семинарларға, форумдарға қатысу енгізіледі.

      16. Сот сараптамасы органы сарапшылары сот сараптамасы органының басшысы бекіткен жоспарларға сәйкес біліктілігін арттырудан өтеді.

      Жеке сот сарапшылары Палата басшысы бекіткен жоспарларға сәйкес біліктілігін арттырудан өтеді.

      17. Біліктілікті арттыру курстары аяқталғаннан кейін сарапшылар сот сараптамасы органына, ал жеке сот сарапшылары Палатаға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) біліктілікті арттырудан өткені туралы құжаттың көшірмесі;

      2) біліктілікті арттырудан өткені туралы есеп.

  Сот сарапшыларының
біліктілігін арттыру
қағидаларына
қосымша

Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру курстарынан өту кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесі

№

Іс-шаралар

Сынақ бірліктерінің саны (СБ)

Негізгі сынақ бірліктері

1

Біліктілікті арттыру* - 60 міндетті академиялық сағат
* - Қазақстан Республикасында да, шетелде де сот сараптамасы органында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, оқу-білім беру мекемелерінде, өндірістік базаларда өткен біліктілікті арттыру сағаттары ескеріледі

60

Қосымша сынақ бірліктері

2

Конференция жұмысына қатысуы сертификатпен расталған (тақырыбы, өткізу орны, ұйымдастырушысы, күні):
- ғылыми-практикалық (қатысу/баяндамамен қатысу);
- халықаралық (қатысу/баяндамамен қатысу)

5/12
7/14

3

Сот сараптамасы органында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, оқу-білім беру мекемелерінде, өндірістік базаларда Қазақстан Республикасында да, шетелде де, оның ішінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып өткізілетін оқыту семинарларына, дәрістерге қатысу (тақырыбы, сағаттың ұзақтығы, өткізу орны, ұйымдастырушысы, күні)

1 сағат = 1

4

Монография жариялау (тақырыбы, авторлар, баспа, күні):
- Моно-авторлық/бірінші автор
- Бірлескен авторлық

20
10

5

Жоғары аттестаттау комиссиясының тізбесі бойынша басылымдарда ғылыми мақала жариялау (тақырыбы, авторлар, атауы және басылым нөмірі, күні):
- Моно-авторлық/бірінші автор
- Бірлескен авторлық

7
5

6

Шетелдік басылымдарда ғылыми мақала жариялау (тақырыбы, авторлар, атауы және басылым нөмері, күні):
- Моно-авторлық/бірінші автор;
- Бірлескен авторлық
Рецензияланатын журналдарда:
- Моно-авторлық/бірінші автор
- Бірлескен авторлық

10
8
20
15

7

Басқа мамандандырылған басылымдарда, сайттарда ғылыми мақала жариялау (тақырыбы, авторлар, атауы және басылым нөмірі, күні, сайтқа сілтеме):
- Моно-авторлық/бірінші автор
- Бірлескен авторлық

5
3

8

Ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында баяндама тезистерін жариялау* (тақырыбы, авторлар, атауы және басылым нөмірі, күні):
- республикалық деңгейде;
- халықаралық деңгейде;
* - автор және алғашқы 3 бірлескен автор үшін ескеріледі

1 тезис = 3
1 тезис = 5

9

Сот сараптамасының әдістемелері мен әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу (тақырыбы, авторлар):
Әдістемелер:
- Моно-авторлық/бірінші автор;
- Бірлескен авторлық
Әдістемелік ұсынымдар:
- Моно-авторлық/бірінші автор
- Бірлескен авторлық

20
15
15
10

10

Өнертабысқа патент алу (куәліктің нөмірі және берілген күні)

20

11

Зияткерлік меншік туралы куәлік алу (куәліктің № және берілген күні)

15

12

Жұмыс сағаттарының саны туралы құжат берумен расталған шетелде тағылымдамадан өту (қашықтықтан оқыту) (тақырыбы, ұзақтығы, өту орны, күні)

1 күн = 5

13

Мамандық бойынша шеберлік сыныбына, тренингке қатысу (тақырыбы, ұзақтығы, өткізу орны, ұйымдастырушысы, күні):
- Қазақстан Республикасында
- шетелде

1 күн = 5
1 күн = 10

14

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс (тақырыбы, телеарна мен бағдарламаның атауы, атауы, басылым нөмірі, күні):
- сот сараптамасы мәселелеріне арналған телебағдарламаларға қатысу;
- газеттерде және мамандандырылмаған журналдарда жарияланымдар

5
3

15

Стандартты әзірлеу және практикалық қызметке енгізу:
- Моно-авторлық/бірінші автор
- Бірлескен авторлық

30
25

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Сот сарапшыларының
мемлекеттік тізілімін
қалыптастыру, жүргізу және
пайдалану қағидаларына
қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімі

№ р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Білімі, ғылыми дәрежесінің, атағының болуы

Сараптама мамандығы (мамандықтары), сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күні/жеке сот сарапшылары сот сараптама қызметімен айналасуға берілген лицензияның нөмірі мен күні

Аттестаттаудан өткен күні

Сот сараптамасы органы қызметкерлерінің жұмыс орны және олар атқаратын лауазым

Ескертпе

Қазақстан Республикасы Сот сарапшылары палатасына мүшелік иә/жоқ

1

2

3

4

5

6

7

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады