"Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 468 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 қыркүйекте № 39938 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32759 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында (бұдан әрі – біліктілік талаптар):

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға ниетін растау

Барлық қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен сыртқы сауда шарты (келісімшарты), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – Тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат

Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) оған барлық қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен қолданылу мерзімі болмаған жағдайда, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжат болмаған жағдайда, мәмілеге қатысушылардың мөрімен және қолымен расталған жазбаша нысанда келісімшарттың (шарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың (келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні немесе тараптардың ниетін растайтын өзге құжат көрсетіле отырып) жарамдылығын растауды ұсыну қажет.
Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) немесе тараптардың импорттаушымен (түпкі пайдаланушымен) ниетін растайтын өзге құжаттың талаптарында тараптар қажет болған жағдайда қауіпсіздік пен құпиялылық талаптарын ескере отырып, жеткізілетін өнімнің түпкілікті пайдаланылуын растауға бағытталған консультациялар мен өзге де шараларды өзара сәйкес жүзеге асыра алатындығы туралы тармақ көзделуі тиіс (мына жағдайларды қоспағанда:
- бұрын импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарды иесіне, сатушысына, өндірушісіне қайтару;
- бұрын импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жөндеу, жаңғырту, қайта өңдеу, кепілдік бойынша ауыстыру, сондай-ақ ерекше тауарларды демостранция жүргізу, сынау мақсатында экспорттау).
Әскери мақсаттағы өнімді экспорттау кезінде сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) немесе тараптардың импорттаушымен (түпкі пайдаланушымен) ниетін растайтын өзге құжаттың талаптарында өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың түпкілікті пайдаланушыға жеткізілгенін растау туралы тармақ көзделуі тиіс.

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Алушы елдің Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалану және оны Қазақстан тарапының келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу туралы міндеттемесінің болуы

Мыналарды: тауардың атауы мен саны;
сыртқы сауда келісімшартының (шартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының нөмірлері мен күндері; импортталатын өнімді пайдалану мақсаты;
импортталатын өнімнің мәлімделген мақсаттарда қолданылуына кепілдік; Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті органының келісімінсіз өзіндік ерекшелігі бар тауарларды үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеуді көрсете отырып алушы елдің құзыретті органы берген түпкілікті пайдаланушы сертификаты, халықаралық импорттық сертификат немесе өзге де кепілдік құжаты.

Түпкі пайдаланушының сертификаты, халықаралық импорттық сертификат немесе алушы елдің құзыретті органы берген өзге кепілдік құжат мынадай жағдайларда ұсынылмайды:
жататын өнім экспортын:
0 санаты;
Санаттар 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 (1968 жылғы 12 маусымдағы ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа сәйкес ядролық мемлекеттерге экспорттау үшін ғана;
- бұрын импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарды иесіне, сатушыға, өндірушіге Қазақстан Республикасының аумағына өнімді әкелу туралы растайтын құжаттарды ұсына отырып қайтару;
- азаматтық мақсаттағы пиротехника мен атом энергиясын пайдалану саласындағы өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, Бақылау тізімінің 10-санатына кіретін, 0-9 санаттарымен қамтылмаған, ұлттық қауіпсіздік шеңберінде экспорт пен импорт кезінде бақыланатын өнімдерді экспорттау;
- бұрын импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жөндеу, жаңарту, қайта өңдеу немесе кепілдік бойынша ауыстыру үшін, сондай-ақ ерекше тауарларды демонстрация және сынақ жүргізу үшін ерекше таураларды экспорттау

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады