"Бал ара шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Омартаның ветеринариялық паспортын беру қағидалары және оның нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 343 бұйрығымен бекітілген |
Омартаның ветеринариялық паспортын беру қағидалары және оның нысандары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Омартаның ветеринариялық паспортын беру қағидалары және оның нысандары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бал ара шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және омартаның ветеринариялық паспортын беру тәртібін және оның нысандарын айқындайды.
2. Омартаның ветеринариялық паспорты ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан омартаға беріледі.
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бал ара ұясы – аналық бал арадан, бал аралардан, аталық бал аралардан, белсенді кезеңде тұқымдығы бар ұядан және қоректен тұратын қауымдастық;
2) омарта – бал ара ұялары бар белгілі бір жерде орналастырылған бал араның бал ұялары;
3) омартаның ветеринариялық паспорты – омарта иесі, бал ара ұяларының саны, жүргізілген ветеринариялық өңдеулердің мерзімі мен сипаты көрсетілетін белгіленген нысандағы құжат.
2-тарау. Омартаның ветеринариялық паспортын беру тәртібі және оның нысаны
4. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманы (бұдан әрі – ветеринариялық ұйым) омарталарды есепке алу және емдеу-алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында әрбір омартаға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша омартаның ветеринариялық паспортын береді және ветеринариялық ұйымның мөрімен куәландырылады.
5. Омартаның ветеринариялық паспортын алу үшін омарта иесі ветеринариялық ұйымға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
6. Ветеринариялық ұйымның жұмыскері келіп түскен күні өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы жауапты маманы (бұдан әрі – жауапты маман) тағайындалатын ветеринариялық ұйымның басшысына жібереді.
Ветеринариялық ұйымда өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі болып табылады.
7. Жауапты маман өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның толықтығын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.
Омарта иесі мәліметтерді толық көрсетпей, өтініш берген жағдайда, жауапты қызметкер омарта иесіне омартаның ветеринариялық паспортын беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ омарта иесінің алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша жауапты қызметкер Қағидалардың 8-тармағына сәйкес іс-шаралар жүргізеді не омарта иесіне омартаның ветеринариялық паспортын беруден уәжді бас тартуды жібереді.
8. Омарта иесі толық мәліметтерді көрсете отырып, өтініш берген жағдайда, сондай-ақ бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, жауапты қызметкер құжаттарды тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде омартаны тексеруді жүзеге асырады және қорытындысы бойынша омартаның ветеринариялық паспортын ресімдейді.
9. Омартаның ветеринариялық паспорты ветеринариялық ұйымда тіркеу журналында тіркеледі. Тіркеу журналында омартаның ветеринариялық паспортының нөмірі, кім бергені (лауазымы мен аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, омарта иесінің аты, әкесінің аты (бар болса), берілген күні, тегі, омартаның мекенжайы, қарап-тексеру күні, бал ара ұяларының саны, омартаның ветеринариялық-санитариялық жай-күйі, оның эпизоотиялық ахуалы және ұсынылған ветеринариялық іс-шаралар, паспорттың күші жойылған күні көрсетіледі.
10. Омартаның ветеринариялық паспортын жауапты маман қысқаша және анық толтырады. Омартаның ветеринариялық паспортының бөлімдері Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес толтырылады және оны толтырған тұлғаның қолымен куәландырылады.
11. Омартаның ветеринариялық паспортының нөмірі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес берілген омартаның есептік нөміріне сәйкес келеді.
Омартаның ветеринариялық паспорты № __
_______________________________________________________________
(омарта иесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
орналасқан ____________________________________________________
(жергілікті жердің атауы, мекенжайы)
оған тиесілі ________ бал ара ұялары бар омартаға
___________________________________________________________ берілді
Ветеринариялық қызмет мыналарға жүктеледі____________________________
___________________________________________________________________
(ветеринариялық дәрігердің, ветеринария саласындағы маманның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)
Берілген күні 20 _____ жылғы ______ ____________
Мөрдің орны
ветеринария саласындағы маман_______________________________________
____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның атауы)
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты ( бар болса), тегі, қолы)
| Омартаның ветеринариялық паспорты № ___ |
Жүргізілген ветеринариялық өңдеулер туралы мәліметтер
1. Омартаның ветеринариялық-санитариялық жай-күйі
№ | Зерттеп-қараукүні | Омартаны зерттеп-қарау нәтижелері* | Омартаға зерттеп-қарау жүргізген адамның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы |
Ескертпе: * - еркін нысанда сипатталады:
1) бал араның бал ұяларын орналастыру аралықтары, бояуы, нөмірлеу, ұшу алдындағы алаңдар, тұғырлар;
2) омарта мен омарта үй-жайларының, қосалқы бал араның ара ұяларының, ара ұясы жақтауларының, қоректендіргіштердің, кенеп жапқыштардың, жылу оқшаулағыш жастықшалардың ветеринариялық-санитариялық жай-күйі;
3) дезинфекциялық техниканың, дезинфекциялық құралдардың, санитариялық-гигиеналық мақсаттағы объектілердің (атап айтқанда, қол жуғыштың, сабынның, арнайы киімнің, омарташыға арналған дәретхана үй-жайының) болуы;
4) бал ара ұяларының саны, аналық бал аралар мен тұқымдықтың жай-күйі;
5) омарталарда ағымдағы немесе өткен жыл ішінде аналық бал араларды алғанын растайтын құжаттама болған кезде бал аралардың тұқымы көрсетіледі;
| Омартаның ветеринариялық паспорты № ___ |
2. Омартадағы эпизоотиялық ахуал
№ | Аурудың атауы | Аурудың пайда болу күні | Жұқтыру көздері | Карантин (шектеу іс-шаралары) белгіленген күн, оны белгілеу туралы шешімнің нөмірі, күні және оны қабылдаған орган | Карантинді (шектеу іс-шаралары) алып тастау күні, оны алып тастау туралы шешім нөмірі, күні және оны қабылдаған орган | Мәліметтерді толтырған адамның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы |
| Омартаның ветеринариялық паспорты № ___ |
3. Зертханалық зерттеулер
№ | Материалдың келіп түскен және зерттелу күні | Зерттеу объектісі* | Жұқтыру көздері | Сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) № және күні, зертхананың атауы | Зерттеу нәтижелері, ветеринариялық іс-шараларды жүргізу бойынша ұсынымдар | Мәліметтерді толтырған адамның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы |
Ескертпе: * - патологиял материалды зерттеу объектісі (бал аралар, тұқымдық, бал, балтозаң, балауыз, балауыз тетік, бал шырын)
| Омартаның ветеринариялық паспорты № ___ |
4. Ветеринариялық іс-шаралар
№ | Ветеринариялық іс-шараларды өткізу күні | Ветеринариялық іс-шаралардың атауы* | Орындалған жұмыс көлемі (еселік) | Ветеринариялық препараттың атауы | Ветеринариялық препараттың дозасы, экспозициясы | Ветеринариялық іс-шараларды жүргізген адамның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы |
Ескертпе: * - ветеринариялық препараттарды қолдана отырып (пайдалана отырып) ветеринариялық өңдеулер жүргізу
Өтініш
____________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
маған тиесілі омартаға омартаның ветеринариялық паспортын беруіңізді
сұраймын:_______________________________________________________
________________________________________________________________
Омартаның есептік нөмірі _________________________________________
Бал ара ұяларының саны: __________________________________________
Омартаның орналасқан жері: ______________________________________
Меншік нысаны: _________________________________________________
Иесінің байланыс телефоны: _______________________________________
Электрондық мекенжайы (бар болса) ________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс мәліметтер
бермегенім үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік
туралы хабардармын және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Омарта иесінің немесе оның өкілінің қолы
__________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Күні___________________