Уран саласындағы жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 88-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 қыркүйекте № 39943 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
      Осы бұйрық 07.09.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 47-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Уран саласындағы жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасы
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасы
2026 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 88-н/қ бұйрығымен
бекітілген
  Нысан

Уран саласындағы жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама

  20__жылғы "___" ___________

      Жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерге) ие
жер қойнауын пайдаланушы
__________________________________________________________
(заңды тұлға атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Уран саласындағы жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлайды.

№ р/н

Мәліметтер санаты

Мәлімет

Бақылауды жоғалтқан немесе бақылауды алған тұлға, мемлекет немесе ұйым туралы мәліметтер

1.

жеке тұлғалар үшін - алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы


2.

заңды тұлғалар үшін - аты, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігін көрсету


3.

мемлекет үшін - мемлекеттің толық атауы, мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік органның атауы және орналасқан жері


Сатып алынған (жоғалған) бақылау нысаны мен тәсілі туралы мәліметтер

1.

Тікелей бақылау

1)

аңды тұлғаға немесе өзге ұйымға қатысу құқығының жиырма бес пайыздан астамын иелену (қатысу үлесіне құқық, акцияларға, пайларға және үлестік құқығын растайтын немесе акцияларға немесе пайларға ауыстырылатын бағалы қағаздарды қоса алғанда, үлестік қатысудың басқа да нысандары)


2)

ұйымның жоғары басқару органында барлық дауыстың жиырма бес пайыздан астамымен дауыс беру құқығына ие болу


3)

жер қойнауын пайдаланушының бөлінетін таза кірісінің жиырма бес пайыздан астамын алу


4)

шартқа сәйкес немесе Қазақстан Республикасы заңының негізінде басқа ұйымның шешімін айқындау құқығына ие болу


2.

Жанама бақылау

1)

тұлғаның, ұйымның өз араларында тікелей бақылау болатын үшінші ұйым (үшінші ұйымдар) арқылы басқа ұйымды бақылау мүмкіндігі


2)

Бақылауды жоғалту немесе сатып алу негізі (құжаттар деректемелерін көрсете отырып)


3)

Бақылаудың өзгеру күні


      _____________________________________________________________________
Жер қойнауын пайдаланушының немесе уәкілетті адамның (өкіл өтініш берген жағдайда
өкілеттікті куәландыратын тиiстi түрде ресiмделген құжат қоса беріледi) тегі, аты және
әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы және қолы
Мөр орыны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады