БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 294) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің" 15-тармағының 294) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"19. Басшылардың біліміне біліктілік тексеруді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.";
21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"21. Білімді біліктілік тексеруден өту үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды білімді біліктілік тексеру мерзімі аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы арқылы жолдайды.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе портал арқылы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.";
22-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"22-1. Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер өтініш берушілердің тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын мәселелер шешілгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда тоқтата тұрады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай:
1)осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті тұлғаның құқық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2)осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда – мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін, сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен шешілгенге дейін;
3)осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады. Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайларда тоқтата тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады.
Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдаған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Ұсынылған құжаттар толық болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының тестілеуден өту күні, уақыты және орны туралы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама беру үшін қажетті осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін талдауды немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды жүзеге асырады.";
22-3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"22-3. Білімді біліктілік тексеру көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тестілеу көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық құрылымдық бөлімшелері ұсынған орындарда көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен жүргізіледі.
Білімін біліктілік тексеруден өтуі қажет шетел азаматтары (бейрезиденттер) оны осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздерде өтеді.";
22-6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"22-6. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда тыңдау жүргізілмейді.
Тестілеу қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушы электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша білімін біліктілік тексеруден сәтті өтіп, электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы берілді;
2) көрсетілетін қызметті алушы электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша білімін біліктілік тексеруден өтпеген және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы берілмеген.";
25-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"25. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат жібереді және www.gov.kz Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында "Энергетика министрлігі" деген бөлімде орналастырады.";
28-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"28. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғасы шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште беру кезінде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.";
Қағидаларға 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 4, 5 және 6-қосымша осы бұйрыққа 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kaenk.
Әкімшілік нысанның атауы: Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтуге жататын басшылардың тізімі.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ББТБТ.
Кезеңділік: Жылдық.
Есепті кезең: ______ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: электр, жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар және жүйелік оператор.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 1 желтоқсаннан кешіктірмей.
БСН
![]()
Жинау әдісі - электронды түрде.
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Алдағы өткен білімді біліктілік тексеру күні | Лауазымы | Лауазымға қабылдау туралы бұйрықтың № және күні | Рұқсат тобы |
Атауы _____________________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________________
Телефон ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы ______________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ____________________________
_______________________________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтуге жататын басшылардың тізімі" (индекс 1-ББТБТ, кезеңділігі жылдық)
1. "Р/с №" 1-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының реттік нөмірі көрсетіледі.
2. "Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)" 2-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
3. "Жеке сәйкестендіру нөмірі" 3-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
4. "Алдағы өткен білімді біліктілік тексеру күні" 4-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының алдағы өткен оң білімді біліктілік тексеру күні көрсетіледі.
5. "Лауазымы" 5-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының лауазымы көрсетіледі.
6. "Лауазымға қабылдау туралы бұйрықтың № және күні" 6-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының лауазымға қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіледі.
7. "Рұқсат тобы" 7-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы көрсетіледі.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kaenk.
Әкімшілік нысанның атауы: Қабылданған (шығарылған) басшылар туралы ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ҚША.
Кезеңділік: білуін біліктілік тексеруге жататын басшының жұмысқа қабылдау немесе шығару кезінде.
Есепті кезең: тұрақты.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: электр, жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар және жүйелік оператор.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: басшының қабылданған не шығарылған күнінен бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде.
БСН
![]()
Жинау әдісі - электронды түрде.
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Лауазымы | Қабылдау (шығару) туралы бұйрықтың № және күні | Рұқсат тобы |
Атауы ___________________________________________________
Мекенжайы ______________________________________________
Телефон _________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________
Орындаушы _____________________________________ ________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________
_____________________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
| "Қабылданған (шығарылған) басшылар туралы ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Қабылданған (шығарылған) басшылар туралы ақпарат" (индекс 1-ҚША, кезеңділігі білуін біліктілік тексеруге жататын басшының жұмысқа қабылдау немесе шығару кезінде)
1. "Р/с №" 1-бағанында жұмысқа қабылданған немесе шығарылған басшының реттік нөмірі көрсетіледі.
2. "Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)" 2-бағанында жұмысқа қабылданған немесе шығарылған басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
3. "Жеке сәйкестендіру нөмірі" 3-бағанында жұмысқа қабылданған немесе шығарылған басшының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
4. "Лауазымы" 4-бағанында жұмысқа қабылданған немесе шығарылған басшының лауазымы көрсетіледі.
5. "Қабылдау (шығару) туралы бұйрықтың № және күні" 5-бағанында жұмысқа қабылданған немесе шығарылған басшының лауазымға қабылдау немесе шығару туралы бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіледі.
6. "Рұқсат тобы" 6-бағанында жұмысқа қабылданған немесе шығарылған басшының электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы көрсетіледі.
"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру |
2. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері; | www.egov.kz, www.elіcense.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі; | 10 (он) жұмыс күні. |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны; | Электрондық (ішінара цифрландырылған). |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі; | Техникалық пайдалану қағидаларын және электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі, осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
9. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі; |
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
10. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
11. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары: www.gov.kz – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" бөлімінің "Көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде, порталда орналастырылған; |
Өтініш
Сізден мені электр қауіпсіздігі бойынша _______________ рұқсат тобын
(рұқсат тобын көрсету)
________________________ үшін электр қондырғыларының техникалық
(алу, арттыру немесе растау)
жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне
____________________________ біліктілік
(бастапқы, кезекті, кезектен тыс)
тексеруден өтуіме рұқсат беруіңізді сұраймын.
Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі.
талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен ұсынылған
ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ
рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін.
Қосымша:
Ұйымның білімді біліктілік тексеруден өтуге немесе көрсетілетін қызметті алушыны лауазымға қабылдау немесе ауыстыру туралы 20 ___ жылғы "___" ________ № ___
(ұйымның білімді біліктілік тексеруден өтуге жолдамасының немесе көрсетілетін қызметті алушыны лауазымға қабылдау немесе ауыстыру туралы өкімдік құжаттың (бұйрықтың) электрондық көшірмесінің нөмірі) жолдамасы немесе өкімдік құжаттың (бұйрықтың) электрондық көшірмесі.
[МО атауы (мемлекеттік тілде)] |
|
[МО атауы (орыс тілінде)] |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті
_________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қабылданған өтінішіне сәйкес білімді біліктілік тексеру
тестілеу күні: _______
тестілеу уақыты: __________________________________
тестілеу мекенжайы: ________________________ бойынша өткізілетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің автоматтандырылған тіркеу жүйесі электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден "цифрлық үкімет" порталы арқылы өту үшін берді.
Тестілеуден өту тәртібін бұзу туралы акт
20 ___ жылғы "____" __________
____ сағ. ______ мин.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) өкілі:
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
басшы
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларының 22-4-тармағын бұзу фактісін анықтады.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(бұзудың қысқаша сипаттамасы)
Комитет өкілінің қолы: ________________________________
Актімен таныстым: ___________________________________
(басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген басшы осы актіге қол қоюдан бас тартқан кезде тиісті жазба жасалады.
_______________________________________________________________
(жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген басшының осы актіге қол қоюдан бас тарту фактісін растайтын өзге адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі
Тестілеу күні | |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Жеке сәйкестендіру нөмірі | |
Тест сұрақтарының саны | |
Ұйымдағы лауазым | |
Шекті мәні | |
Дұрыс жауап саны | |
Нәтиже |
Тестілеу қорытындылары және (немесе) тыңдау нәтижелері бойынша
_____________________________ электр энергетикасы саласындағы техникалық
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне
___________________________ біліктілік тексеруден өтті/өткен жоқ және электр
(бастапқы, мерзімді немесе кезектен тыс)
қауіпсіздігі бойынша ___________________ рұқсаттама топ берілді/берілген жоқ.
(рұқсаттама тобын көрсету)
Қол қоюшының лауазымы____________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________
