БҰЙЫРАМЫЗ:
1. ""Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы" Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 217 және Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 230/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әкімшілік-аумақтық бірлік – Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі, оның шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылады.
Әкімшілік-аумақтық бірлікке облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, кент, ауыл жатады;";
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) елдi мекен – халқының саны кемiнде 50 адам болатын, тұрақты тұруға арналған Қазақстан Республикасы аумағының халық ықшам қоныстанған бөлігі;
8) елді мекендердің құрамдас бөліктері – қаладағы аудандар, шағын аудандар, орамдар, даңғылдар, көшелер, тұйық көшелер, тұрғын алаптары, алаңдар, бульварлар, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер;";
18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"18) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) – елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;
19) қойма – көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген, тұрғын емес үй-жай болып табылмайтын, өрт қауіпсіздігінің нормалары мен өзге де талаптарды сақтай отырып мүлікті сақтауға арналған, пәтерден тыс орналасқан, жиынтығында үйге ортақ инженерлік жүйелер, сондай-ақ жеке кіретін жері жоқ және дара (бөлек) меншіктегі орын;";
27), 28), 29), 30), 31) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"27) орынтұрақ орны – паркингте (болған кезде гаражда) автокөлік құралын қоюға арналған, тұрғын емес үй-жай болып табылмайтын және дара (бөлек) меншіктегі орын;
28) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – сәулет және қала құрылысы органы) – сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
29) тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
30) тұрақты адрестеу – осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне тұрақты мекенжай беру;
31) тұрғын үй-жай (пәтер) – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғынжайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;
32) үй-жай – тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады;";
мынадай редакциядағы 33) тармақшасымен толықтырылсын:
"33) шағын аудан – құрылыстың қала құрушы құрылымдық-жоспарлық элементі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мыналарға:
өз бетімен тұрғызылған объектілерге;
жеке тұрғын үй құрылысы үшін Қазақстан Республикасы азаматтарына бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілерге, шаруашылық құрылыстарға, гараждарға, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілеріне, тазарту құрылысжайлары, мұнай айдайтын құрылысжайлар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылысжайларға, мобильдік павильондарға, дүңгіршектерге, шатырларға, аялдамаларға мекенжай берілмейді.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне санатына байланысты (ішкі, жапсарлас салынған, жапсарлас-жанастыра салынған) кейінгі объект типі (пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма) беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
__________Ж. Мадиев__________Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі