ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті бағалау қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) бірлі-жарым көлік құралы – мынадай:
Кеден одағына мүше мемлекеттерде конструкциясына айналымға шығарылғанға дейін жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген сериялық өндіріс немесе жинақтаушы жиынтықтан жеке тәртіппен сериялық өндірістен тыс жағдайда жасалған немесе жеке техникалық шығармашылықтың нәтижесі болып табылатын немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша бұрын жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылатын;
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына жеке тұлға өз мұқтаждары үшін әкелетін (өз мұқтаждарына арналған бірлі-жарым көлік құралдары деп Еуразиялық экономикалық комиссия жеке пайдалануға арналған көлік құралдары ретінде айқындаған авто- және мотокөлік құралдарының бірлі-жарым түрлері мен авто- және мотокөлік құралдарының тіркемелері түсініледі), оның ішінде жеке тұлға электрондық сауда тауарлары ретінде немесе заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға сатып алған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде бұрын жол қозғалысына қатысқан, көлік құралы жасалған сәттен бастап үш жылдан астам уақыт өткен, оның ішінде жеке тұлғаларға электрондық сауда тауары ретінде өткізуге арналған көлік құралы;";
31, 31-1 және 31-2-тармақтар алып тасталсын:
2-тарау мынадай мазмұндағы 4-1-параграфпен толықтырылсын:
"4-1-параграф. Өнімді сәйкестікті міндетті растауға жататын объектілерге жатқызу мақсатында сәйкестендіру
36-1. Өнімді сәйкестікті міндетті растауға жататын немесе жатпайтын объектілерге жатқызу мақсатында СРО өтініш берушінің өтініші бойынша СРО құрамында қызметін жүзеге асыратын сарапшы-аудитордың өз саласы шегінде мыналарға аттестаттау жүргізуін ұйымдастырады:
1) өтініш беруші ұсынатын техникалық құжаттаманы (жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану) және өнімнің сәйкестігін тікелей немесе жанама растайтын өзге де құжаттаманы талдау негізінде, сондай-ақ өнімге берілген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды бар құжаттардың негізінде өнімді сәйкестендіру;
2) стандарттау жөніндегі құжатқа сәйкес өтініш беруші ұсынған өнімнің үлгісін көзбен шолып тексеру.
Фото- және (немесе) бейнематериалдарды талдау арқылы қашықтықтан көзбен шолып тексеруге мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде жол беріледі:
өнімнің сәйкестендіру белгілерін анықтау үшін өлшеулер, сынақтар жүргізу, арнайы жабдықты қолдану не сарапшы-аудитордың өнімге тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету талап етілмейді;
тиісті мәліметтер болған жағдайда – өнімнің барлық жағынан жалпы көрінісін, таңбалаудың, заттаңбаның (шильдиктің), тауар белгісінің, атауының, типінің, маркасының, моделінің, артикулының, дайындалған күнінің және дайындаушы атауының бейнелерін, техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы ұсынылатын құжаттардағы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін қаптаманың, жиынтықтылығының және конструктивтік элементтерінің бейнелерін қамтитын түрлі түсті фото- және (немесе) бейнематериалдар;
3) өнімді техникалық регламенттерге, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 шешімімен бекітілген Бірыңғай құжаттарды бере отырып, кеден одағы шеңберінде сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне сәйкес сәйкестікті міндетті растау объектілеріне жатқызу бойынша талдау.
36-2. Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көзделген сәйкестендіруді жүргізу нәтижелері бойынша СРО өнімнің үлгісі не осы Қағидалардың 36-1-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін фото- және (немесе) бейнематериалдар ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде техникалық реттеу тізілімінде тіркей отырып, осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімді сәйкестендіру актісін немесе дәлелді бас тарту ресімдейді.
Өнімді сәйкестендіру актісі ЕАЭО СЭҚ ТН кодының алғашқы төрт белгісі деңгейінде бір тауар позициясына жататын бір дайындаушы өнімінің бір немесе бірнеше атауларына (белгілеріне немесе атауларына) қатысты ресімделеді.
Өнімді бірдейлендіру актісінде СРО аккредиттеу саласына енгізілген өнімнің ЕАЭО СЭҚ ТН кодының кемінде төрт бірінші белгісіне сәйкес келетін өнімнің ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі.
Техникалық реттеудің цифрлық жүйесінің техникалық реттеудің цифрлық жүйесін әкімшілендіруді және киберқауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымның актісімен расталған техникалық ақауы жағдайында, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімнің өтуі 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
36-3. Осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімді сәйкестендіру актісін толтыру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1-жолда – аккредиттеу субъектісінің қызмет бағыты көрсетіле отырып, СРО-ның тіркеу нөмірі (кодтық деректеме) (Қазақстан Республикасының ҚР СТ 7.17 "Аккредиттеу субъектілері тізімінің құрылымы және жүргізу тәртібі" ұлттық стандартына сәйкес беріледі);
2-жолда – техникалық реттеу тізіліміндегі өнімді сәйкестендіру актісі туралы электрондық жазбаға жылдам өтуге арналған оптикалық оқылатын матрицалық код (Quick Response code);
3-жолда – өнімді сәйкестендіру актілерінің тізіліміне мәліметтер енгізілген күні (күні – екі араб цифрымен, айы – екі араб цифрымен, жылы – төрт араб цифрымен);
4-жолда – сәйкестендіру актісінің тіркеу нөмірі;
5-жолда – осы Қағидалардың 36-4-тармағына сәйкес айқындалатын өнімді сәйкестендіру актісінің қолданылу мерзімінің аяқталу күні. Күні 3-жолдағыдай толтырылады.
6-жолда – өнімді сәйкестендіру актісін берген сәйкестікті растау жөніндегі органның толық атауы, оның заңды мекенжайы, сондай-ақ қызметті жүзеге асыру орнының нақты мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі мен тіркелген күні, сондай-ақ телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайы;
7-жолда – өнімнің атауы және белгіленуі және (немесе) өнімді дайындаушы берген өнімнің атауы (бар болса), өнімнің мақсаты, өнімді қолдану жөніндегі ұсынымдар, сәйкестікті міндетті растау объектісі болып табылатын өнімге бір мәнді жатқызу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өнімнің басқа да негізгі тән қасиеттері мен сипаттамалары;
өнімді бір мәнді сәйкестендіру үшін қажетті оның таңбалануы, конструкциясы, құрамы, мақсаты мен техникалық сипаттамлары туралы мәліметтер (бар болса);
өнім дайындалған құжаттың (құжаттардың) белгіленуі мен атауы (стандарт, ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) (бар болса);
8-жолда – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес өнімнің коды (кодтары);
9-жолда – дайындаушының толық атауы, оның орналасқан жері (заңды мекенжайы) және өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) – өнімді дайындайтын заңды тұлға мен оның филиалдары үшін немесе тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) – дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін;
10-жолда – өнімді сәйкестікті міндетті растау объектілеріне жатқызған жағдайда, осы өнімге қолданылатын техникалық регламенттердің атауы және сәйкестікті бағалау нысаны көрсетіледі;
өнімді міндетті сәйкестікті растауға жатпайтын объектілерге жатқызған жағдайда: "техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін міндетті растауға жатпайды" деп көрсетіледі;
11-жолда – өтініш берушінің толық атауы, оның заңды мекенжайы және қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) – заңды тұлға үшін тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін, сондай-ақ өтініш берушінің тіркеу бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;
12-жолда – сәйкестікті міндетті растау объектілерін және нақты өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін құқықтық актілер және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттар, техникалық құжаттама (жобалау, және (немесе) конструкторлық, және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану);
13-жолда – сәйкестендіру туралы шешім қабылданған негіздеме және қосымша мәліметтер;
14-жолда – сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
15-жолда – сарапшы-аудитордың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса). Өнімге бірнеше техникалық регламенттің қолданысы таралатын жағдайда, СРО сәйкестендіру жүргізуге өз қызметкерлерінің құрамынан аттестаттаудың әртүрлі бағыттарының бірнеше сарапшы-аудиторын тарта алады, олар да өнімді сәйкестендіру актісіне қол қояды.
Өнімнің сәйкестендіру белгілері болып табылатын партиясы мен сериялық (зауыттық) нөмірлері туралы мәліметтерді қоспағанда, өнімнің сәйкестендіру актісінде нақты азаматтық-құқықтық немесе сыртқы экономикалық мәмілені сипаттайтын шарттардың, шот-фактуралардың (инвойстардың), тапсырыстардың, ерекшеліктердің және өзге де құжаттардың деректемелері көрсетілмейді.
Өнімді сәйкестендіру актісінің 7, 8, 12 және 13-жолдарында көрсетілген ақпараттың көлемі едәуір болған кезде мұндай ақпарат өнімді сәйкестендіру актісінің ажырамас бөлігі болып табылатын, осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестендіру актісіне қосымшада келтіріледі.
Өнімді сәйкестендіру актісіне қосымшаның әрбір беті нөмірленеді, онда өнімді сәйкестендіру актісінің тіркеу нөмірі, СРО басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның, өнімді сәйкестендіру актісіне қол қойған сарапшы-аудитордың (сарапшы-аудиторлардың) тегтері, аттары және әкелерінің аттары (олар болған кезде) көрсетіледі.
36-4. Өнімді сәйкестендіру актісінің қолданылу мерзімі осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген, мерзім 12 (он екі) айдан кем белгіленетін жағдайды қоспағанда, ол туралы мәліметтер техникалық реттеу тізіліміне енгізілген күннен бастап 12 (он екі) айды құрайды.
СРО өнімді сәйкестендіру актісін ресімдеу кезінде өнімді міндетті сәйкестікті растау объектілеріне жатқызуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілу күніне дейінгі оның қолданылу мерзімінің аяқталу күнін белгілейді. Өнімді сәйкестендіру актісі әкелінетін өнімнің көлеміне қарамастан, өзінің қолданылу мерзімі ішінде өнімді айналысқа шығару кезінде жарамды болады.
36-5. Өнімді сәйкестендіру актісінде және (немесе) оған қосымшасында грамматикалық және (немесе) орфографиялық қателер (қате жазылулар) анықталған жағдайда, өнімді сәйкестендіру актісін және оған қосымшаларды қайта шығару (қайта ресімдеу) осы Қағидалардың 36-1-тармағында көзделген рәсімдерді орындамай және өнімді сәйкестендіру актісінің қолданылу мерзімін өзгертпей жүзеге асырылады.
36-6. Берілген өнімді сәйкестендіру актісінің қолданысы:
1) өнімді техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне не Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне сәйкес сәйкестікті міндетті растау объектілеріне жатқызған жағдайда СРО шешімімен;
2) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасының шешімімен мынадай:
сәйкестендірудің дәйексіз нәтижелері анықталған жағдайларда;
СРО қызметін тоқтату, оның аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу кезінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
Өнімді сәйкестендіру актісінің қолданылуын тоқтату туралы шешім техникалық реттеу тізіліміне тиісті жазба енгізіле отырып және өтініш берушіні хабардар ете отырып, техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде ресімделеді.
Өнімді сәйкестендіру актісінің қолданылуы техникалық реттеудің цифрлық жүйесіне тиісті мәліметтер енгізілген күннен бастап тоқтатылды деп есептеледі.
36-7. Өнімді сәйкестендіру актісі міндетті сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды бастаудың міндетті шарты болып табылмайды.";
мынадай мазмұндағы 85-1, 85-2, 85-3 және 85-4-тармақтармен толықтырылсын:
"85-1. Бірлі-жарым көлік құралдарына қойылатын талаптардың орындалуын тексеруді қызметін тек осы аккредиттелген зертханада жүзеге асыратын аккредиттелген зертхананың кемінде екі маманы жүзеге асырады.
85-2. Аккредиттелген зертхана техникалық реттеу цифрлық жүйесінде көлік құралының ағымдағы орналасқан жері туралы ақпаратты тіркей отырып, бірлі-жарым көлік құралына орнатылған шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысының жұмыс қабілеттілігін функционалдық тексеру процесінің үздіксіз бейнежазбасын жүзеге асырады.
85-3. Бірлі-жарым көлік құралына орнатылған шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысының жұмысқа қабілеттілігін функционалдық тексерудің үздіксіз бейнежазбасы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) зертхана маманын таныстыру (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, зертхананың атауы, тексеру жүргізілген күні мен уақыты, көлік құралының маркасы мен моделі көрсетіле отырып);
2) аккредиттелген зертхананың үй-жайын, сынақ постын не ғимараттың алдыңғы жағы, маңдайшасы не аккредиттелген зертхананың өзге де сәйкестендіру белгілері көрсетілген аккредиттелген зертхананың алдындағы аумақты қоса алғанда, жұмыстардың нақты жүргізілген орнын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тексеру жүргізілетін орынды тіркеу;
3) кузовқа (рамаға) жазылған сәйкестендіру нөмірін (Vehicle Identification Number, бұдан әрі – VIN), дайындаушының сәйкестендіру тақтайшасын, желдеткіш әйнектің астындағы қосымша VIN таңбасын (бар болса) қоса алғанда, бірлі-жарым көлік құралының сәйкестендіру деректерін тіркеу;
4) бірлі-жарым көлік құралының алдыңғы, артқы, сол және оң жақтарын тіркей отырып, оған жалпы шолу жасау;
5) шұғыл жедел қызметтерді шақыру жүйесінің (құрылғысының) жұмысқа қабілеттілігін тексеру.
85-4. Бірлі-жарым көлік құралынағы шұғыл жедел қызметтерді шақыру жүйесінің (құрылғысының) жұмысқа қабілеттілігін тексеру процесі мынадай әрекеттерді қамтиды:
1) тұтануды қосады (іске қосу қосқышын "қосылған" күйіне ауыстырады (жұмыс жағдайы)) және көлік құралының өзін-өзі диагностикалау рәсімі аяқталғаннан кейін құрылғының оптикалық күй индикаторынан алынған ақпараттың немесе көлік құралының аспаптар комбинациясындағы мәтіндік хабарламаның негізінде шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысының жұмыс қабілеттілігіне көз жеткізеді;
2) көлік құралының кабинасында (салонында) орналасқан "Шұғыл шақыру" батырмасын (шұғыл жедел қызметтерді шақыру батырмасын) басады;
3) апаттар кезінде ұлттық шұғыл ден қою жүйесінің сүзгі байланыс орталығы операторының жауабын күтеді;
4) жүргізіліп жатқан тексеру туралы операторға хабарлайды, ол үшін микрофонға мына фразаны айтады: "Сынақ шақыруы. Сынақ орталығында автокөлікті тексеру (маркасын, моделін және түсін көрсетеді). Ақпаратты растауыңызды сұраймын" (шұғыл шақыру кезінде белгіленген дауыстық қосылу шеңберінде шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысы авариялар кезінде шұғыл ден қою жүйесіне шұғыл шақыруды жүзеге асыру сәтіндегі көлік құралының координаталық-уақыттық параметрлері туралы, сондай-ақ бірлі-жарым көлік құралының сәйкестендіру параметрлері туралы ақпаратты қамтитын ең аз деректер жиынтығын беруді жүзеге асырады).
Көлік құралының сәйкестігін бағалау үшін дәлелдеме ретінде пайдаланылатын материалдар, оның ішінде сынақтар жүргізудің фото, бейнежазба материалдары аккредиттелген зертханада көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік берілген күннен бастап кемінде 3 (үш) жыл сақталады.";
мынадай мазмұндағы 86-1-тармақпен толықтырылсын:
"86-1. Аккредиттелген зертхана бірлі-жарым көлік құралын сынауды ұлттық стандарттарға сәйкес келетін үй-жайларда жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 87-1, 87-2 және 87-3-тармақтармен толықтырылсын:
"87-1. Зертхана жұмысының бірлі-жарым көлік құралдарына қатысты нәтижесі, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік түрінде ресімделеді.
Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу және беру КО 018/2011 ТР 11, 12, 13, 14, 15, 68, 69, 70 және 71-тармақтарының талаптарына, № 4 және № 8 қосымшаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу кезінде ең жоғары 30 минуттық қуат көлік құралының типін ресми бекіту туралы хабарламада және (немесе) көлік құралының типін мақұлдауда қамтылған мәліметтерге сәйкес көрсетіледі.
87-2. Жеке тұлға үшінші елдерден жеке пайдалану үшін әкелетін көлік құралына көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде ең көбі 1 (бір) рет ресімделеді.
Әкелінетін 1 (бір) жеңіл автомобильге (медициналық мақсаттар үшін арнайы жасалған автомобильді қоспағанда) немесе ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 тауар позициясында жіктелетін, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған өзге моторлы көлік құралына не ЕАЭО СЭҚ ТН 8702 тауар позициясында жіктелетін, жүргізушіні қоса алғанда, ең көбі 12 (он екі) адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралына көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу кезінде аталған көлік құралымен бірге әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН 8716 тауар позициясында жіктелетін, қоса алғанда толық массасы 3,5 тоннаға дейінгі тек бір тіркемеге (автомобильдерді тасымалдауға арналған тіркемені қоспағанда), сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН 8716 10 субпозициясында жіктелетін, тұруға немесе автотуристерге арналған "үй-тіркеме" типті тіркемеге көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті бір уақытта ресімдеуге жол беріледі.
87-3. Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін:
1) "Жеке пайдалануға араналған көлік құралдарымен байланысты кейбір мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 74 шешіміне сәйкес жеке тұлғалар үшінші елдерден әкелетін, жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылмайтын;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілетін параметрлеріне сәйкес келмейтін, жеке тұлғалар үшінші елдерден әкелетін;
3) жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелетін;
4) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 14 қазандағы № 434 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37131 болып тіркелген) (бұдан әрі – №434 бұйрық) бекітілген көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларына сәйкес, көлік құралының электрондық паспорты ресімделмейтін көлік құралдарына қатысты жүзеге асырылмайды.";
мынадай мазмұндағы 87-4 тармақпен толықтырылсын:
"87-4. Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, басқару органдарының оң жақ орналасуынан сол жаққа қайта жабдықталған көлік құралына қатысты жүзеге асырылмайды.";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) бұрын сертификатталған өнімге арналған жаңа қаптаманың (тараның) түрін өзгерту және (немесе) оған өзгерістер енгізу;";
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) СРО ретінде өз қызметін тоқтатуды және (немесе) заңды тұлғаны таратуды жоспарлап отырған СРО-дан сәйкестік сертификатын СРО-ға берген жағдайда.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің техникалық регламенттерде, стандарттау құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы расталған мәліметтер болған жағдайда, егер өтініш беруші СРО-мен келісілген түзету іс-қимылдары арқылы анықталған сәйкессіздіктерді жойса және өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігін қосымша сынақтар жүргізбей растаса;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) уәкілетті органның немесе соттың қаулысы негізінде СРО қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда немесе аккредиттеу жөніндегі органның бұйрығы негізінде аккредиттеу аттестаты кері қайтарылған жағдайда, осы өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің өтініш берушісінің өтініші бойынша тоқтата тұрады.
Өнімге, көрсетілетін қызметке, процеске сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылуын тоқтата тұру туралы ақпарат мемлекеттік кірістер органдарына, сондай-ақ техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға жіберіледі.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өтініш берушінің СРО қызметін тоқтата тұрған немесе тоқтатқан немесе СРО аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алған жағдайда сәйкестікті растау саласындағы құжаттардың қолданылуын тоқтату туралы негізделген шешім қабылдауы;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Өнімге, көрсетілетін қызметке, процеске сәйкестікті бағалау құжаттарының қолданысы тоқтатылғаны туралы ақпарат мемлекеттік кіріс органдарына, сондай-ақ тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға жіберіледі.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көлік құралы иесінің кеден ісі саласындағы уәкілетті орган көлік құралын еркін айналысқа шығарғанға дейін және тиісті құжатпен расталатын, Қазақстан Республикасының аумағында оның мемлекеттік тіркелуіне дейін аккредиттелген зертханаға берген өтініші;";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Аккредиттелген зертхана таратылған, аккредиттелген зертхананың қызметі уәкілетті орган/ сот шешімімен тоқтатылған не аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алған жағдайларда көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын көлік құралы иесінің өтініші бойынша уәкілетті орган тоқтатады.";
165-2-тармақ мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Қағидалардың 165-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған кезде аккредиттелген зертхана техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде көлік құралы иесінің өтінішін және куәліктің қолданылуын тоқтатуға негіз болған растайтын құжаттарды қосымша орналастырады.";
165-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"165-3. Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын тоқтату кезінде техникалық реттеудің цифрлық жүйесі көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны автоматты түрде қалыптастырады, ол № 434 бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу жөніндегі өкілеттіктерді ұйымдарға беру туралы немесе өкілеттіктерді беруден бас тарту туралы қорытынды беру қағидалары мен шарттарында көзделген көлік құралдарының (көлік құралдары шассилері паспорттарының) электрондық паспорттары және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторына (ұлттық әкімшісіне) жіберіледі.";
165-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"165-5. Тоқтатылғанның орнына берілген көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу туралы хабарлама автоматты түрде:
1) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық органына;
2) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 387-бабы 1-тармағында көзделген кәдеге жарату алымын қосымша есептеу үшін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына;
3) осы Қағидалардың 165-3-тармағында көзделген, Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторына (ұлттық әкімшісіне) жіберіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-1- қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық:
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші және сексен бірінші;
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сексен екінші және сексен үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 268-НҚ бұйрыққа 1-қосымша |
|
| Сәйкестікті бағалау қағидаларына 1-қосымша |
|
| Сертификаттауды жүргізуге өтінім нысаны |
Сертификаттауды жүргізуге өтінім
1. Сәйкестікті растау жөніндегі орган _______________________________
2. Өтініш беруші туралы мәліметтер: Заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _________________________________
Ұйымның толық атауы___________________________________________
Мекенжайы_____________________________________________________
Телефон нөмірі__________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Есеп айырысу шоты (IBAN) _______________________________________
Банктік сәйкестендіру коды (БСК) _________________________________
Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)_________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_______________________________________________________________
Басшының лауазымы ____________________________________________
3. Өнімді, процесті, қызметтерді сертификаттау схемасы ______________
4. Мәлімделген өнімнің, процестің, қызметтің атауы __________________
5. Нақты талаптардың атауы ______________________________________
6. Нормактивтік құжаттың атауы, нөмірі және күні ___________________
7. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес өнім коды (кодтары) және
Ұлттық тауарлар каталогында берілген тауардың сәйкестендіру коды ____________________________________________________________________
8. Өнім дайындалған құжаттың (құжаттардың) белгіленуі және атауы (техникалық регламент, стандарттау жөніндегі құжат, техникалық шарттар
немесе өзге де құжат) (ол болған кезде) __________________________________
9. Сертификаттау объектісінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе жеке өнім, процесс, қызмет) _____________________________________
10. Бір бұйымды немесе өнім партиясын сәйкестендіретін келісімшарттың (жеткізу шартының) және тауарға ілеспе құжаттардың
деректемелері, оның ішінде оның мөлшері (бар болса, өнім партиясы мен бір бұйым үшін) _____________________________________________________
Қосымша:
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді, сондай-ақ жеке деректер мен басқа да
ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығаруға және пайдалануға келісемін.
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасының деректері:
____________________________________________________________
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні мен уақыты:
_________________________________________________________.
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 268-НҚ бұйрыққа 2-қосымша |
|
| Сәйкестікті бағалау қағидаларына 3-1-қосымша |
|
| Өнімді сәйкестендіру актісінің нысаны |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
Аккредиттеу белгісінің суреті KZ. (1) Quick Response code (2)
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген
Өнімді сәйкестендіру актісі
20___ жылғы "____" ________ (3)
№ ________________________ (4) тіркелген
20___ жылғы "___" _______ дейін жарамды (5)
Сәйкестікті растау жөніндегі орган (6)
Осы өнімді сәйкестендіру актісі тиісті түрде куәландырады сәйкестендірілген өнім (7)
Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды (8)
өндірілген (9)
техникалық регламенттердің (регламенттердің) талаптарына сәйкестігі міндетті түрде расталуға жатады/жатпайды (10)
Өтініш беруші (11)
Осы өнімді сәйкестендіру актісі:
негізінде ресімделді (12)
Қорытынды (13)
Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (14) | аты-жөні, тегі |
Сарапшы-аудитор (15) | аты-жөні, тегі |
Өнімді сәйкестендіру актісі оның қолданылу мерзімі ішінде, әкелінетін өнімнің көлеміне қарамастан, өнімді айналымға шығару кезінде жарамды болып табылады.
Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде Интернет арқылы тексеруге болады.
| Өнімді сәйкестендіру актісінің нысанына қосымша |
20__ жылғы "___" _______ |
Quick |
Өнімді сәйкестендіру актісінің күші қолданылатын нақты өнімнің тізбесі
р / с № | Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды | Өнімнің атауы | Осылардың негізінде өнімді сәйкестендіру актісі ресімделген құжаттар | Қорытынды |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (14) | аты-жөні, тегі | |||
Сарапшы-аудитор (15) | аты-жөні, тегі | |||
Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде Интернет арқылы тексеруге болады.