ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14971 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларында осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 933 Бұйрыққа қосымша |
Сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және сот сараптамасы органы мен жеке сот сарапшыларының сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау тәртібін айқындайды.
2. Сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген сот сараптамаларының түрлері мен күрделілік санаттары бойынша оларды жүргізу уақытының нормативтері қолданылады.
3. Осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген сот сараптамаларын жүргізу уақытының нормативтері тиісті түрдегі және күрделілік санатындағы сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті шекті (ең жоғары) уақыт нормативтері болып табылады. Сот сараптамасын жүргізудің нақты уақыты жүргізілген зерттеулердің көлемі мен күрделілігіне, зерттеу объектілерінің санына және нақты сот сараптамасын жүргізуге әсер ететін өзге де мән-жайларға байланысты белгіленген уақыт нормативінен аз болуы мүмкін.
4. Сот сараптамаларының күрделілік санаттары Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларына, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібіне, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібіне сәйкес айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14961 болып тіркелген).
2-тарау. Сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау тәртібі
1-параграф. Сот сараптамасы органында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау тәртібі
5. Сот сараптамасы органында сот сараптамасын жүргізудің құны осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген сот сараптамаларының түрлері мен күрделілік санаттары бойынша оларды жүргізу уақытының нормативтеріне сүйене отырып негізінде айқындалады және сарапшының еңбекақысын төлеу шығыстарын және еңбекақы төлеуге байланысты аударымдарды, материалдық шығындарды, әкімшілік-шаруашылық шығыстарды қамтиды.
6. Сот сараптамасы органы сарапшысының еңбегіне ақы төлеу шығыстары тиісті түрдегі және күрделілік санатындағы сот сараптамасын жүргізу уақытының нормативін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысына сәйкес есептелген орташа сағаттық тарифтік мөлшерлемеге көбейту жолымен айқындалады.
Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар мына формула бойынша айқындалады:
ЕТҚ = УН × СТМ, мында:
ЕТҚ – сот сараптамасы органы сарапшысының еңбекақы төлеу қоры;
УН – сот сараптамасын жүргізу уақытының нормативі;
СТМ – сағаттық тарифтік мөлшерлеме.
7. Еңбекақы төлеуге байланысты аударымдар еңбекақы төлеуге арналған шығыстар мөлшеріне қарай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және сот сараптамасын жүргізудің құнын есептеу күні қолданыста болатын салықтар мен міндетті төлемдердің мөлшерлемелері қолданыла отырып айқындалады.
8. Материалдық шығындар химиялық реактивтерге, шығыс материалдарына, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың стандарттық үлгілеріне, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізу әдістемелерінде және бекітілген шығыс нормаларында пайдаланылуы көзделген өзге де материалдарға нақты қажеттілікке сүйене отырып айқындалады.
9. Әкімшілік-шаруашылық шығыстар коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, ғимараттарды, үй-жайлар мен инженерлік инфрақұрылымды күтіп-ұстауға, жабдықтарды күтіп-ұстауға және пайдалануға, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясына, әкімшілік-басқару персоналының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды, сот сараптамасы органының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де шығыстарды қамтиды.
10. Әкімшілік-шаруашылық шығыстар сот сараптамаларын жүргізу уақытының нормативтеріне пропорционалды түрде не тиісті есептік кезеңде орындалған сот сараптамаларының жалпы санына сүйене отырып сот сараптамалары арасында бөлінеді.
11. Бір сот сараптамасын жүргізудің құны еңбекақы төлеуге арналған шығыстарды, еңбекақы төлеуге байланысты аударымдарды, материалдық шығындарды және әкімшілік-шаруашылық шығыстарды қосу жолымен айқындалады.
Сот сараптамасын жүргізудің құны формула бойынша айқындалады:
Қ = ЕТҚ + ЕТА + МШ + ӘШШ, мында:
Қ – сот сараптамасын жүргізудің құны;
ЕТҚ – еңбекақы төлеуге арналған шығыстар;
ЕТА – еңбекақы төлеуге байланысты аударымдар;
МШ – материалдық шығындар;
ӘШШ – әкімшілік-шаруашылық шығыстар.
Сот сараптамасы органының бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыстарды қайта есепке алуға жол бермеу мақсатында
формула бойынша шығындар калькуляциясы тек жекелеген сот сараптамасының өзіндік құнын айқындау үшін қолданылады.
12. Сот сараптамаларын жүргізуге бюджет қаражатының жылдық қажеттілігі тиісті түрдегі және күрделілік санатындағы бір сот сараптамасын жүргізудің құнын сот сараптамаларының болжамды санына көбейту жолымен айқындалады.
Есептеу формула бойынша жүзеге асырылады:
БҚЖҚ = Қ × СБС, мында:
БҚЖҚ – бюджет қаражатының жылдық қажеттілігі;
Қ – бір сот сараптамасын жүргізудің құны;
СБС – сот сараптамаларының болжамды саны.
13. Сот сараптамаларының болжамды саны соңғы бес жылда орындалған сот сараптамаларының саны туралы статистикалық деректер негізінде, сот сараптамаларының түрлері мен күрделілік санаттары бойынша санының өзгеру динамикасы ескеріле отырып айқындалады.
14. Сот сараптамасы органында сот сараптамаларын жүргізудің тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
15. Сот сараптамасы органы сарапшысының қорытындысына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасын жүргізу құнының есебі қоса беріледі.
2-параграф. Жеке сот сарапшыларының сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау тәртібі
16. Осы Қағидаларда айқындалған жеке сот сарапшыларының сот сараптамасын жүргізудің құны оған бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу кезінде ғана қолданылады. Сот сараптамасын жүргізуге арналған шығыстар тараптарға жүктелген жағдайларда, сот сараптамасын жүргізудің құны шарттық негізде айқындалады.
17. Жеке сот сарапшысының сот сараптамасын жүргізудің құны осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген сот сараптамаларының түрлері мен күрделілік санаттары бойынша оларды жүргізу уақытының нормативтері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1070 "Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде адамдардың шыққан шығыстарын өтеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен белгіленген сарапшыға сыйақы мөлшерлемесі (бұдан әрі – Қаулы), сондай-ақ нақты сот сараптамасын жүргізуге тікелей байланысты расталған шығыстар негізінде айқындалады.
18. Сот сараптамасын жүргізудің құны мына формула бойынша есептеледі:
Қ = (УН × СМ) + РШ, мында:
Қ – сот сараптамасын жүргізу құны;
УН – сот сараптамасын жүргізу уақытының нормативі, сағатпен;
СМ – Қаулыға сәйкес айқындалатын жеке сарапшының бір сағат жұмысына арналған сыйақы мөлшерлемесі;
РШ – нақты сот сараптамасын жүргізуге тікелей байланысты расталған шығыстар.
19. Расталған шығыстарға нақты жүргізілген және құжатпен расталған, нақты сот сараптамасын жүргізуге тікелей байланысты шығыстар, оның ішінде:
1) материалдық (химиялық реактивтер, шығыс материалдары, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың стандарттық үлгілері, қосалқы материалдар (кеңсе, шаруашылық және тағы басқа);
2) ілеспе (коммуналдық шығыстар, байланыс қызметтері, үй-жайды жалға алу және тағы басқа);
3) нақты сот сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар.
20. Расталған шығыстар олардың нақты жүзеге асырылғанын және тиісті сот сараптамасын жүргізумен тікелей байланысын растайтын құжаттар болған кезде сот сараптамасын жүргізудің құнына енгізіледі.
21. Нақты сот сараптамасын жүргізуге тікелей байланысты емес шығыстарды сот сараптамасын жүргізу құнына енгізуге жол берілмейді.
22. Жеке сот сарапшылары арнайы жабдықтарды, зертханалық зерттеулерді, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ шығыс материалдарын пайдалана отырып сот сараптамасын жүргізген кезде тиісті шығындар расталған шығыстар құрамына енгізіледі.
23. Бірнеше дербес объектіні зерттеу не сот сараптамаларының әртүрлі түрлеріне жататын мәселелерді шешу кезінде сот сараптамасын жүргізудің құны әрбір зерттеу объектісі немесе сот сараптамасының тиісті түрі үшін көзделген уақыт нормативтері ескеріле отырып айқындалады.
24. Жеке сот сарапшысының қорытындысына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасын жүргізу құнының есебі қоса беріледі.
3-тарау. Сот сараптамаларының жекелеген түрлерінің құнын айқындау ерекшеліктері
25. Қосымша сот сараптамасын жүргізудің құны қосымша зерттеулердің көлемі, қойылған мәселелердің саны және оларды шешуге қажетті уақыт нормативі негізінде айқындалады.
26. Қайталама сот сараптамасын жүргізудің құны осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздерде айқындалады.
27. Комиссиялық немесе кешенді сот сараптамасын жүргізу кезінде құны уақыт нормативі, күрделілік санаты, зерттеу объектілерінің саны, материалдардың көлемі, қатысатын сот сарапшыларының саны, сондай-ақ расталған шығыстар ескеріле отырып айқындалады.
| Сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Сот сараптамаларын жүргізуге арналған уақыт нормалары
1. "Құжаттардың сот сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
"Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу" | |||
1.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 12,07 |
1.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 20,14 |
1.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 42,04 |
1.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 65,17 |
"Құжаттарды сот-техникалық зерттеу" | |||
1.2.1. | Қарапайым | бір сараптама | 14,1 |
1.2.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 21,06 |
1.2.3. | Күрделі | бір сараптама | 43,21 |
1.2.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 66,25 |
"Сот автортану зерттеуі" | |||
1.3.1. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 21,32 |
1.3.2. | Күрделі | бір сараптама | 44,16 |
1.3.3. | Аса күрделі | бір сараптама | 66,19 |
2. "Сот портреттік сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ |
Жұмыстардың атауы/ | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу | |||
2.1.1. | Күрделі | бір сараптама | 48,7 |
2.1.2. | Аса күрделі | бір сараптама | 88,56 |
3. "Сот бейнефонографиялық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ |
Жұмыстардың атауы/ | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауыс пен дыбысталған сөздерді спектрлік (аспаптық) зерттеу | |||
3.1.1. | Күрделі | бір сараптама | 39,07 |
3.1.2. | Аса күрделі | бір сараптама | 85,65 |
Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауыс пен дыбысталған сөздерді аудитивтік және лингвистикалық зерттеу | |||
3.2.1. | Күрделі | бір сараптама | 39,07 |
3.2.2. | Аса күрделі | бір сараптама | 85,65 |
4. "Сот фототехникалық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ |
Жұмыстардың атауы/ | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Сот-сараптамалық фототехникалық зерттеу | |||
4.1.1. | Күрделі | бір сараптама | 60,69 |
4.1.2. | Аса күрделі | бір сараптама | 89,88 |
5. "Сот трасологиялық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ |
Жұмыстардың атауы/ | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу | |||
5.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 7,62 |
5.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 17,62 |
5.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 34,44 |
5.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 46,2 |
6. "Сот баллистикалық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ |
Жұмыстардың атауы/ | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу | |||
6.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 9,04 |
6.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 18,47 |
6.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 37,78 |
6.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 46,02 |
7. "Заттар мен материалдардың сот сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ |
Жұмыстардың атауы/ | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Лакты бояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу | |||
7.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 13,41 |
7.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 31,34 |
7.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 45,13 |
7.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 93,97 |
Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу | |||
7.2.1. | Қарапайым | бір сараптама | 24,51 |
7.2.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 45,19 |
7.2.3. | Күрделі | бір сараптама | 63,92 |
7.2.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 93,63 |
Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу | |||
7.3.1. | Қарапайым | бір сараптама | 18,02 |
7.3.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 30,42 |
7.3.3. | Күрделі | бір сараптама | 34,86 |
7.3.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 69,12 |
Топырақты сот-сараптамалық зерттеу | |||
7.4.1. | Қарапайым | бір сараптама | 22,86 |
7.4.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 44,95 |
7.4.3. | Күрделі | бір сараптама | 96,8 |
7.4.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 123,8 |
Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу | |||
7.5.1. | Қарапайым | бір сараптама | 7,55 |
7.5.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 32,88 |
7.5.3. | Күрделі | бір сараптама | 49,23 |
7.5.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 80,45 |
Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу | |||
7.6.1. | Қарапайым | бір сараптама | 17,05 |
7.6.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 47,22 |
7.6.3. | Күрделі | бір сараптама | 69,77 |
7.6.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 80,96 |
Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу | |||
7.7.1. | Қарапайым | бір сараптама | 3,5 |
7.7.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 17,17 |
7.7.3. | Күрделі | бір сараптама | 20,37 |
Әйнектен, керамикадан және силикат құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу | |||
7.8.1. | Қарапайым | бір сараптама | 17,57 |
7.8.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 39,18 |
7.8.3. | Күрделі | бір сараптама | 56,41 |
7.8.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 117,10 |
8. "Жол-көлік оқиғаларының мән-жайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Жол-көлік оқиғаларының мән-жайларын сот-сараптамалық зерттеу | |||
8.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 14,52 |
8.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 22,77 |
8.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 29,70 |
8.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 80,12 |
Сот-сараптамалық көліктік-трасологиялық зерттеу" | |||
8.2.1. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 30,28 |
8.2.2. | Күрделі | бір сараптама | 45,65 |
8.2.3. | Аса күрделі | бір сараптама | 96,21 |
Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу | |||
8.3.1. | Қарапайым | бір сараптама | 12,63 |
8.3.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 26,51 |
8.3.3. | Күрделі | бір сараптама | 42,31 |
8.3.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 95,66 |
ЖКО орнындағы жолдың техникалық күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу | |||
8.4.1. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 37,60 |
8.4.2. | Күрделі | бір сараптама | 56,34 |
8.4.3. | Аса күрделі | бір сараптама | 99,62 |
9. "Сот экономикалық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ |
Жұмыстардың атауы/ | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Шаруашылық операцияларды сот-сараптамалық зерттеу | |||
9.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 21,01 |
9.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 30,15 |
9.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 43,48 |
9.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 82,55 |
Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу | |||
9.2.1. | Қарапайым | бір сараптама | 20,44 |
9.2.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 29,05 |
9.2.3. | Күрделі | бір сараптама | 45,17 |
9.2.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 84,23 |
Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу | |||
9.3.1. | Қарапайым | бір сараптама | 20,63 |
9.3.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 30,51 |
9.3.3. | Күрделі | бір сараптама | 45,69 |
9.3.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 82,83 |
Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу | |||
9.4.1. | Қарапайым | бір сараптама | 22,11 |
9.4.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 31,25 |
9.4.3. | Күрделі | бір сараптама | 44,93 |
9.4.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 84,42 |
10. "Сот тауартану сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеу | |||
10.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 13,65 |
10.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 24,85 |
10.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 33,78 |
10.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 55,14 |
Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеу | |||
10.2.1. | Қарапайым | бір сараптама | 14,31 |
10.2.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 23,58 |
10.2.3. | Күрделі | бір сараптама | 38,57 |
10.2.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 56,82 |
Сот-сараптамалық автотауартану зерттеу | |||
10.3.1. | Қарапайым | бір сараптама | 15,44 |
10.3.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 23,27 |
10.3.3. | Күрделі | бір сараптама | 37,06 |
10.3.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 57,93 |
Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеу | |||
10.4.1. | Қарапайым | бір сараптама | 11,01 |
10.4.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 13,54 |
10.4.3. | Күрделі | бір сараптама | 26,29 |
10.4.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 55,38 |
Дыбыстау-бейнелеу және бағдарламалық өнімдерін сот-сараптамалық тауартану зерттеуі | |||
10.5.1. | Қарапайым | бір сараптама | 14,77 |
10.5.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 26,57 |
10.5.3. | Күрделі | бір сараптама | 45,91 |
10.5.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 70,11 |
11. "Сот құрылыс сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Ғимараттар мен құрылыстарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу | |||
11.1.1. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 43,11 |
11.1.2. | Күрделі | бір сараптама | 65,2 |
11.1.3. | Аса күрделі | бір сараптама | 105,4 |
Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу | |||
11.2.1. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 48,26 |
11.2.2. | Күрделі | бір сараптама | 68,83 |
11.2.3. | Аса күрделі | бір сараптама | 106,55 |
12. "Сот технологиялық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ |
Жұмыстардың атауы/ | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Сот-сараптамалық технологиялық зерттеу | бір сараптама | 48,80 | |
Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу | |||
12.2.1. | Қарапайым | бір сараптама | 15,25 |
12.2.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 26,51 |
12.2.3. | Күрделі | бір сараптама | 43,62 |
12.2.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 58,97 |
13. "Сот өрт-техникалық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Өрт жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу | |||
13.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 10,71 |
13.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 25,39 |
13.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 48,22 |
13.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 82,95 |
Сот-сараптамалық электротехникалық зерттеу | |||
13.2.1. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 25,67 |
13.2.2. | Күрделі | бір сараптама | 49,31 |
13.2.3. | Аса күрделі | бір сараптама | 90,32 |
14. "Сот жарылыс-техникалық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ |
Жұмыстардың атауы/ | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Жарылыс жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу | |||
14.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 16,44 |
14.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 25,41 |
14.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 45,38 |
14.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 82,48 |
15. "Есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу | |||
15.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 3,34 |
15.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 10,86 |
15.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 25,18 |
15.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 48,74 |
16. "Сот биологиялық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу | |||
16.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 22,39 |
16.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 37,24 |
16.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 81,14 |
16.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 91,31 |
Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу | |||
16.2.1. | Қарапайым | бір сараптама | 23,06 |
16.2.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 38,02 |
16.2.3. | Күрделі | бір сараптама | 81,16 |
16.2.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 91,33 |
17. "Сот молекулярлық-генетикалық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Жұмыстардың атауы | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
17.1. | Сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу | зерттеулерді есепке алудың бір шартты бірлігі (объект) | 1,42 |
18. "Адамның психофизиологиялық процестерінің сот сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу | |||
18.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 7,10 |
18.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 22,22 |
18.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 39,31 |
18.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 65,48 |
Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу | |||
18.2.1. | Күрделі | бір сараптама | 45,84 |
18.2.2. | Аса күрделі | бір сараптама | 79,19 |
Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу | |||
18.3 | Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу | бір сараптама | 44,48 |
19. "Сот экологиялық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Сот-сараптамалық экологиялық зерттеу | |||
19.1.1. | Күрделі | бір сараптама | 285,05 |
19.1.2 | Аса күрделі | бір сараптама | 473,77 |
20. "Гендік түрлендірілген организмдердің сот сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
20.1. | Гендік түрлендірілген организмдерді сот-сараптамалық зерттеу | зерттеулерді есепке алудың бір шартты бірлігі | 1,47 |
21. "Сот дінтанушылық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Сот-сараптамалық дінтанушылық зерттеу | |||
21.1.1. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 28,33 |
21.1.2. | Күрделі | бір сараптама | 45,84 |
21.1.3. | Аса күрделі | бір сараптама | 87,19 |
21.2. | Діни сипаттағы объектілерді сот-сараптамалық дінтанушылық-саясаттанушылық зерттеу | бір сараптама | 94,18 |
22. "Сот техногендік апаттар сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Теміржол көлігін сот-сараптамалық зерттеу | |||
22.1.1. | Күрделі | бір сараптама | 151,91 |
22.1.2. | Аса күрделі | бір сараптама | 224,99 |
23. "Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдары бойынша мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа да адамдардың сот-медициналық сараптамасы" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Сот-жалпысараптамалық зерттеу | |||
23.1.1. | Жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа да адамдардың сараптамасы | ||
23.1.1.1. | Қарапайым | бір сараптама | 0,51 |
23.1.1.2. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 2,33 |
23.1.1.3. | Күрделі | бір сараптама | 4,25 |
23.1.1.4. | Аса күрделі | бір сараптама | 5,87 |
23.1.2. | Мәйіттер сараптамасы | ||
23.1.2.1. | Орташа күрделілік дәрежесіндегі | бір сараптама | 2,72 |
23.1.2.2. | Күрделі | бір сараптама | 5,61 |
23.1.2.3. | Аса күрделі | бір сараптама | 21,18 |
23.1.3. | Комиссиялық сараптамалар | ||
23.1.3.1. | Күрделі | бір сараптама | 70,08 |
23.1.3.2. | Аса күрделі | бір сараптама | 105,92 |
24. "Сот-гистологиялық сараптама" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Жұмыстардың атауы | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
24.1. | Сот-гистологиялық зерттеу | зерттеудің бір объектісі | 0,53 |
25. "Сот-биологиялық сараптама (медициналық)" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Жұмыстардың атауы | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
25.1. | Сот-биологиялық зерттеу (медициналық) | зерттеудің бір объектісі | 0,62 |
26. "Медициналық-криминалистикалық сараптама" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
26.1. | Сот медициналық-криминалистикалық зерттеу | зерттеудің бір объектісі | 2,46 |
27. "Химиялық-токсикологиялық сараптама" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Жұмыстардың атауы | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
27.1. | Сот химиялық-токсикологиялық зерттеу | бір толық талдау | 16,4 |
28. "Сот-наркологиялық сараптама" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Сот-наркологиялық зерттеу | |||
28.1.1. | Күрделі | бір сараптама | 2,86 |
28.1.2. | Аса күрделі | бір сараптама | 4,5 |
29. "Сот-психиатриялық сараптама" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
Сот-психиатриялық зерттеу | |||
29.1.1. | Күрделі | бір сараптама | 17,32 |
29.1.2. | Аса күрделі | бір сараптама | 24,83 |
30. "Сот-психологиялық сараптама" мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға арналған уақыт нормалары
№ | Сараптамалардың күрделілік санаты | Өлшем бірлігі |
Уақыт нормасы |
30.1. | Сот-сараптамалық психологиялық зерттеу | бір сараптама | 25,6 |
| Сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Сот сараптамасы органында сот-сараптамалық зерттеу жүргізудің құны
Тапсырыс беруші: ____________________________________________________________
(сараптаманы тағайындаған органның атауы, оның заңды мекенжайы)
Орындаушы:_________________________________________________________
(сараптаманы жүргізген органның атауы, оның заңды мекенжайы)
Сараптама түрі | Сараптама нөмірі | Сараптаманың аяқталу күні | Шығыстардың атауы | Жүргізілген сараптаманың құны, теңге |
Барлығы: |
Сомасы: ___________________________________________________ теңге.
(жазбаша)
Сарапшы толтырды: _________________ ______________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
"Келісілді"
Директор:
_______________ _____________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
202_ ж. "___" __________
| Сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Жеке сот сарапшыларының сот-сараптамалық зерттеу жүргізудің құны
Тапсырыс беруші:
____________________________________________________________
(сараптаманы тағайындаған органның атауы, оның заңды мекенжайы)
Орындаушы:___________________________________________________________
(сараптаманы жүргізген жеке сот сарапшысы)
Сараптама түрі | Сараптама нөмірі | Сараптаманың аяқталу күні | Шығыстардың атауы | Жүргізілген сараптаманың құны, теңге |
Барлығы: |
Сомасы: ___________________________________________________ теңге.
(жазбаша)
Сарапшы толтырды: _________________ _____________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))