Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 937 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 қыркүйекте № 39955 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Сот-сараптама қызметі туралы" Заңының 15-1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесін пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 937 Бұйрыққа
қосымша

Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесін пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесін (бұдан әрі – ССҚ БЦЖ) пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) биометриялық аутентификация – жеке басты анықтау мақсатында биометриялық деректердің сәйкестігін салыстыру және тексеру процесі.

      2) ССҚ БЦЖ пайдаланушысы – сот сараптамасы органының сот сарапшылары, лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – лицензиаттар), ССҚ БЦЖ-ға қолжетімділік олардың атқаратын функциялары шегінде берілетін өзге де тұлғалар, оның ішінде ССҚ БЦЖ-ға сүймелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар.

      3) өзге де тұлғалар – ССҚ БЦЖ-ға қолжетімділік олардың атқаратын функциялары шегінде берілетін уәкілетті органның, сот сараптамасы органының, Қазақстан Республикасы Сот сарапшылары палатасының қызметкерлері.

      4) Қазақстан Республикасы Сот сарапшылары палатасы (бұдан әрі – Палата) – Палата мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасын сақтау үшін құрылатын коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым.

      5) уәкілетті орган – сот-сараптама қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).

2-тарау. ССҚ БЦЖ-ны пайдалану тәртібі

      3. ССҚ БЦЖ пайдаланушыларына қолжетімділік ұсынуды, өзгертуді, уақытша бұғаттауды және тоқтатуды ұйымдастыруды сот сараптамасы органы жүзеге асырады.

      4. Пайдаланушының ССҚ БЦЖ-ға қол қолжетімділік ССҚ БЦЖ-да көзделген сәйкестендіру және аутентификациялау құралдарын, оның ішінде биометриялық аутентификациялауды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      5. Сот сараптамасы органының сот сарапшысы және лицензиат ССҚ БЦЖ-ға қолжетімділік алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық нысандағы өтінішпен сот сараптамасы органына жүгінеді.

      6. Сот сараптамасы органының, Палата және оның филиалдарының қызметкерлеріне ССҚ БЦЖ-ға қолжетімділік осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген өтініш немесе Палата сот сараптамасы органына жолдаған тізім негізінде ұсынылады.

      7. Уәкілетті органның қызметкерлеріне ССҚ БЦЖ-ға қолжетімділік уәкілетті органның сот сараптамасы органына жолдаған тізім негізінде ұсынылады.

      8. Сот сараптамасы органы өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пайдаланушының есептік жазбасын құрады және оның мәртебесі мен өкілеттіктеріне сәйкес ССҚ БЦЖ-ға қолжетімділікті ұсынады.

      9. ССҚ БЦЖ-ға сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын тұлғаларға қолжетімділік тиісті жұмыстарды орындау үшін осындай қолжетімділіктің қажеттілігін растайтын құжаттар негізінде сот сараптамасы органы тарапынан ұсынылады.

      Көрсетілген тұлғалардың қолжетімділігі ССҚ БЦЖ-ға сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету үшін қажетті функционалдық мүмкіндіктермен шектеледі.

      ССҚ БЦЖ-да қамтылған мәліметтерге қолжетімділік көрсетілген тұлғаларға оларға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті көлемде ғана ұсынылады. Қолжетімділікті ұсынуға негіз болған мән-жайлар тоқтатылғаннан кейін мұндай қолжетімділік тоқтатылады.

      10. Пайдаланушының қолжетімділік рөлін өзгерту оның лауазымдық, кәсіби немесе өзге де функциялары өзгерген кезде тиісті растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

      11. ССҚ БЦЖ мыналар үшін қолданылады:

      1) сот сараптамаларын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ олардың нәтижелері туралы мәліметтерді енгізу, алу, өңдеу және сақтау;

      2) Заңда көзделген жағдайларда сот сараптамасын жүргізу кезеңдерін, оның ішінде өтінішхаттар мен өзге де құжаттарды көрсету;

      3) Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасында көзделген мәліметтерді жүргізу;

      4) Сот сараптамасы органы, Палата және уәкілетті орган өз құзыреті шегінде ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;

      5) Заңда көзделген сот-сараптама қызметі саласындағы өзге де функцияларды орындау.

      12. Сот сараптамасы органының сот сарапшысы және лицензиат ССҚ БЦЖ-ны пайдалану кезінде:

      1) ССҚ БЦЖ-ға Заңда көзделген мәліметтер мен құжаттарды енгізуге;

      2) ССҚ БЦЖ-да сот сараптамасын жүргізу кезеңдерін, оның ішінде өтінішхаттар мен өзге де құжаттарды көрсетеді;

      3) өзі енгізетін мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді;

      4) ССҚ БЦЖ-да қамтылған мәліметтерді сот-сараптама қызметін жүзеге асыру мақсатында ғана және өзіне берілген өкілеттіктер шегінде пайдаланады;

      5) ССҚ БЦЖ-да қамтылған мәліметтерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтайды.

      13. Уәкілетті орган, сот сараптамасы органы және Палата өз құзыреті шегінде Заңның 15-1-бабының 6-тармағына сәйкес ақпаратты жинау және талдау үшін ССҚ БЦЖ-ны пайдаланады.

      Қызметкерлер мен өзге де тұлғаларға ССҚ БЦЖ-да қамтылған, оларға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен функционалдық мүмкіндіктерге ғана қолжетімділік беріледі.

      14. ССҚ БЦЖ-ға мәліметтер мен құжаттарды енгізуді өз рөліне сәйкес тиісті әрекетті жасау құқығы берілген пайдаланушы жүзеге асырады. Пайдаланушы енгізген мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      ССҚ БЦЖ пайдаланушысының әрекеттері жүйенің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес жүйе құралдарымен тіркеледі.

      15. Пайдаланушылар ССҚ БЦЖ-ны пайдалану кезінде:

      1) ССҚ БЦЖ-ны өздеріне берілген өкілеттіктері мен белгіленген рөлдері шегінде ғана пайдаланады;

      2) сәйкестендіру, аутентификациялау құралдарының және ЭЦҚ-ның сақталуын қамтамасыз етеді және оларды басқа тұлғаларға бермейді;

      3) дербес деректер және оларды қорғау, киберқауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды;

      4) мәліметтерге немесе ССҚ БЦЖ-ның функционалдық мүмкіндіктеріне құқыққа қайшы қолжетімділікке бағытталған әрекеттерді жасамауға, оның ішінде қамтылған мәліметтерді тиісті өкілеттіктері болмаған жағдайда өзгертуге, жоюға, бұғаттауға не таратуға жол бермейді.

      16. Пайдаланушы есептік жазбаға құқыққа қайшы қолжетімділік фактісі немесе қатері, сәйкестендіру, аутентификациялау құралдарының немесе ЭЦҚ-ның компрометациясы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай қолжетімділікті тоқтату жөніндегі шараларды дереу қабылдайды және бұл туралы сот сараптамасы органын хабардар етеді.

      17. ССҚ БЦЖ-дағы мәліметтерге құқыққа қайшы қолжетімділік тәуекелі болған кезде қолжетімділік дереу тоқтатылады.

      18. Пайдаланушының ССҚ БЦЖ-ға қолжетімділігі мынадай жағдайларда уақытша бұғатталады:

      1) лицензиат лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған кезде;

      2) Палатаға мүшелік сот-сараптама қызметін жүзеге асырудың шарты болып табылатын жағдайларда лицензиаттың Палатадағы мүшелігі тоқтатыла тұрған кезде;

      3) Заңда көзделген жағдайларда сот сарапшысы кезектен тыс не қайта аттестаттауға жіберілген кезде;

      4) пайдаланушының есептік жазбасына құқыққа қайшы қолжетімділік фактісі немесе қатері не сәйкестендіру және аутентификациялау құралдарының компрометациясы анықталған кезде;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ССҚ БЦЖ-ны пайдалану мүмкіндігін уақытша болдырмайтын өзге де мән-жайлар туындаған кезде.

      19. Уақытша бұғаттау оны қолдануға негіз болған мән-жайлар орын алған кезеңде жүзеге асырылады.

      Көрсетілген мән-жайлар тоқтатылғаннан кейін қолжетімділік растайтын құжаттардың негізінде қалпына келтіріледі.

      20. Қолжетімділікті уақытша бұғаттауға негіз болып табылатын мән-жайлар туындаған кезде пайдаланушы не уәкілетті орган немесе Палата растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ақпаратты қағаз немесе электрондық нысанда сот сараптамасы органына жібереді.

      Сот сараптамасы органы тиісті ақпарат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есептік жазбаны уақытша бұғаттауды жүзеге асырады.

      Киберқауіпсіздік қатері туындаған жағдайларда уақытша бұғаттау дереу жүзеге асырылады.

      21. ССҚ БЦЖ-да қолжетімділікті тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:

      1) сот сараптамасы органы сот сарапшысының сот сараптамасы органымен еңбек қатынастарының тоқтатылуы;

      2) лицензиат лицензиясының қолданысының тоқтатылуы;

      3) Палатаға мүшелік оның сот-сараптама қызметін жүзеге асыруының шарты болып табылған жағдайда лицензиаттың Палатадан шығуы немесе шығарылуы;

      4) уәкілетті орган, сот сараптамасы органы, Палата немесе оның филиалы қызметкерінің еңбек қатынастарының тоқтатылуы не оған қолжетімділік берілген функцияларды орындауының тоқтатылуы;

      5) ССҚ БЦЖ-ны сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін шарттық немесе өзге де негіздердің тоқтатылуы.

      22. Уәкілетті орган немесе Палата, олардың бастамасы бойынша пайдаланушыға ССҚ БЦЖ-ға берілген қолжетімділік, осы қолжетімділікті тоқтатуға негіз туындаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті ақпаратты сот сараптамасы органына жібереді.

      Сот сараптамасы органы ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде пайдаланушының ССҚ БЦЖ-ға қолжетімділігін тоқтатады.

      23. ССҚ БЦЖ-ны пайдалану Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының және киберқауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

      24. Пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ССҚ БЦЖ-да қамтылған мәліметтерді жария етуге және таратуға жол бермейді.

  Сот - сараптама қызметінің
бірыңғай цифрлық жүйесін
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  Кімге: "Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Сот сараптамалары орталығы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнына
Кімнен: Т.А.Ә., байланыс
деректер, электрондық пошта

Өтініш

      Мен, Т.А.Ә., ____________________, сот сарапшысы/лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын сот сарапшысы жеке тұлға "Сот сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-1-бабына сәйкес бірыңғай цифрлық сот-сараптама қызметі жүйесіне қолжетімділік беруіңізді сұраймын.

№

Т.А.Ә

ЖСН

Сараптамалық мамандығы (белгілі бір сот сараптамасы түрін жүргізу құқығына арналған біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күні), жеке сот сарапшысы лицензиясының нөмірі мен берілген күні

Жұмыс орны/Қазақстан Республикасы сот сарапшылары Палатасында мүшелігі

Байланыс деректері
Электрондық пошта

Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесіндегі рөлі








      Осы арқылы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Заңының 15-1-бабының 3-тармағына сәйкес осы цифрлық жүйеде қамтылған мәліметтерді ашпауға және таратпауға, сондай-ақ Заңның 24-бабының 6) тармақшасына сәйкес істің мән-жайлары туралы және сот сараптамасын жүргізуге байланысты маған белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндеттенемін.

      _______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Күні: ___________

  Сот- сараптама қызметінің
бірыңғай цифрлық жүйесін
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  Кімге: "Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Сот сараптамалары орталығы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнына
Кімнен: Т.А.Ә., байланыс
деректер , электрондық пошта

      Мен Т.А.Ә., ____________________ Қазақстан Республикасының "Сот-сараптама қызметі туралы" Заңының 15-1-бабына сәйкес, сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесіне қолжетімділік беруіңізді сұраймын.

№

Т.А.Ә.

ЖСН

Ұйымның толық атауын көрсете отырып, лауазымы

Жұмыс орны/Қазақстан Республикасы сот сарапшылары Палатасында мүшелігі

Байланыс деректері
Электрондық пошта

Сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесіндегі рөлі








      Осы арқылы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Қазақстан Республикасы "Сот-сараптама қызметі туралы" Заңының 15-1-бабының 3-тармағына сәйкес осы цифрлық жүйеде қамтылған мәліметтерді ашпауға және таратпауға міндеттенемін.

      _______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Күні: ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады