Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 221) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 212 бұйрығына қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығына 1-қосымша |
Жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 221) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері;
2) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;
3) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлерi дарақтарын таралу ареалынан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшiн жаңа мекендеу орындарына әдейi немесе кездейсоқ тарату;
4) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлерi дарақтарын бұрынғы мекендеу орталарына әдейi ауыстыру.
2-тарау. Жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру тәртібі
3. Жануарлар түрлері дарақтарын:
1) санын көбейту;
2) жергілікті фаунаға жануардың жаңа түрін енгізу;
3) жануардың пайдалы қасиеттерін пайдалану мақсатында таралу ареалынан тысқары, олар үшін жаңа мекендеу орындарына әдейі тарату қажеттігі интродукция үшін негіз болып табылады.
4. Жануарлар түрлерінің дарақтарын:
1) бұрын мекендеген түрлерді қайтару;
2) санын қалпына келтіру;
3) репродуктивтігін жақсарту мақсатында оларды бұрынғы мекендеу орындарына әдейі ауыстыру қажеттігі реинтродукция үшін негіз болып табылады.
5. Жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру арқылы шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу қажеттігі будандастыру үшін негіз болып табылады.
6. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 249 және 250-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау жануарлардың саулығына барынша қамқорлық жасалып, арнайы торларда, контейнерлерде және резервуарларда көлік құралымен тасымалдау арқылы жүзеге асырылады.
8. Жануарларды тасымалдау, тиеу және түсіру кезінде:
1) жануарларға зиян келтіруге және қақпақтардың өздігінен ашылып кетуіне жол бермейтін қауіпсіздік шаралары;
2) ветеринариялық іс-шаралар;
3) желдету, азық және ішетін су;
4) жануарларды тасымалдау кезінде ауру немесе жаралы жануарларды оқшаулау, қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету қамтамасыз етіледі.
9. Аумақтық бөлімшенің бұйрығымен құрамына аумақтық бөлімшенің, ветеринариялық қызметтің қызметкерлері және өтініш беруші енгізілетін жануарларды қабылдап алу және табиғи ортаға жіберу жөніндегі комиссия құрылады.
10. Жануарлар межелі орынға әкелінген соң комиссия осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды қабылдап алу (жіберу) актісін жасайды.
11. Бейімделу және карантин мақсатында өтініш беруші жіберілетін жерге келген соң биологиялық негіздемеге сәйкес түріне, жасына және табиғи физиологиялық жай-күйіне байланысты жануарларды күтіп-бағу талаптарына сай келетін торларда, қоршауларда және басқа үй-жайларда жануарларды ұстай тұруды жүзеге асырады. Бейімдегеннен кейін комиссия олардың табиғи жай-күйі көрсетілген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды жіберу актісін жасайды.
12. Аумақтық бөлімшелер жануарлардың жай-күйіне және интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсаттарына қол жеткізуді есепке алу мен мониторингілеуді жүзеге асырады.
| Жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Жануарларды қабылдап алу (жіберу) АКТІСІ
20 жылы "_____" |
___________________ |
Мына құрамдағы комиссия:
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, ветеринариялық қызметтің өкілдері және өтініш беруші:____________________________________
___________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі лауазымы)
Жануарларды қабылдап алуды (жіберуді) жүргізді:
Жануар түрі | Саны | Жынысы | Жануардың табиғи жай-күйі | ||
еркегі | ұрғашысы | төлі | |||
Қосымша мәліметтер: _____________________________________________
________________________________________________________________
Акт үш данада жасалды.
Қолтаңбалары:
1. __________________________________________
2.___________________________________________
3. ___________________________________________.
| Жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Жануарды қолда ұстағаннан кейін жіберу
АКТІСІ
20 жылы "_____" |
___________________ |
Мына құрамдағы комиссия:
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, ветеринариялық қызметтің өкілдері және өтініш беруші:
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі лауазымы)
Жануарларды жіберуді жүргізді:
Жануар түрі | Саны | Жынысы | Жануардың табиғи жай-күйі | ||
еркегі | ұрғашысы | төлі | |||
Қосымша мәліметтер:_____________________________________________
________________________________________________________________
Акт үш данада жасалды.
Қолтаңбалары:
1. __________________________________________
2.___________________________________________
3. ___________________________________________.
| 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 212 бұйрығына қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығына 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 мамырда № 18-02/434 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11346 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 446 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18010 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 619 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29838 болып тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 140 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32445 болып тіркелген).