"Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 277-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 қыркүйекте № 39962 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20050 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өздеріне бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын (бұдан әрі – объектілер) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін www.gosreestr.kz мекен-жайы бойынша Интернет желісіндегі интернет-ресурста мынадай ақпаратты қамтитын хабарландыру орналастырады:

      1) атауын, санын, өлшем бірлігін, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мерзімін, қысқаша сипаттамасын, орналасқан жерін көрсете отырып, объект туралы мәліметті;

      2) объектінің баланс ұстаушысы туралы мәліметті (пошта мекенжайы, телефон, электронды пошта мекен-жайы).

      Хабарландыруды орналастыру мерзімін мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес анықтайды, бірақ үш жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы өтінімдер мен оларға қоса берілген құжаттарды олар түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кезектілік тәртібімен қарайды.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешімі объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру шартын жасасуға негіз болып табылады. Аталған шарт жасалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде www.gosreestr.kz мекен-жайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурста тіркелуі тиіс.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жалдау (жалға алу) ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында белгіленген базалық мөлшерлемелерді және қолданыстағы коэффициенттердің мөлшерлерін басшылыққа алады.";

      қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ж. Шарабасов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 277-НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Мемлекеттік орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарына
бекітілген дене шынықтыру-
сауықтыру және спорт құрылыс
жайларын мүліктік жалдауға
(жалға) беру қағидаларына
қосымша
  нысан

Объектіні мүліктік жалдауға (жалға) беруге ӨТІНІМ

      1. Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекен-жайы бойынша орналасқан интернет-ресурста жарияланған мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы ақпаратпен, Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен, сондай-ақ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген Республикалық мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында белгіленген жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу шарттарымен таныса отырып,___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) төменде көрсетілген объектіні жалға алуға ниет білдіреді.

      Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объект туралы мәлімет:

Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объектінің атауы

Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объектіні жалдауға (жалға алуға) берушінің атауы және деректемелері



      Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объект___________________ ______________________________________________ үшін талап етіледі.

      (объектіге деген қажеттілік негіздемесі көрсетіледі)

      2. Өзім(-із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-з):

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы ______________________________________________________________

      БСН _______________________________________________________________

      Басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________

      ___________________________________________________________________

      Мекен-жайы: ________________________________________________________

      Телефон нөмірі: _____________________________________________________

      Электронды пошта адресі _____________________________________________

      Шарт жасасу үшін банк деректемелері:

      ЖСК _______________________________________________________________

      Банктің атауы _______________________________________________________

      Кбе ________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) _________________________________________________________________;

      2) _________________________________________________________________;

      3) _________________________________________________________________;

      4) _________________________________________________________________.

      Жеке тұлға үшін:

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)______________________________

      ___________________________________________________________________

      ЖСН _______________________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттар ___________________________________

      Мекен-жайы: ________________________________________________________

      Телефон нөмірі: _____________________________________________________

      Электронды пошта адресі _____________________________________________

      Шарт жасасу үшін банк деректемелері:

      ЖСК _______________________________________________________________

      БСК ____ ___________________________________________________________

      Банктің атауы _______________________________________________________

      Кбе ________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) _________________________________________________________________;

      2) _________________________________________________________________;

      3) _________________________________________________________________.

      Осымен дербес деректерді жинауға жəне өңдеуге өз келісімімді беремін______

      ____________________________________________________________________

      (қолы) жеке тұлғаның, заңды немесе сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлғаның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      20 __ жылғы "___" ____________

      www.gosreestr.kz мекен-жайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста, 20 __ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минутта қабылдады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады