Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 қыркүйекте № 39963 болып тіркелді

      "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына мәлімет үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2026 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 153 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы" № 1-ӘІ есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 43 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31810 болып тіркелген).

      2. "Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы" № 1-ӘІ есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 43 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 93 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34778 болып тіркелген).

      3. "Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы" № 1-ӘІ есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 43 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 17 маусымдағы № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36297 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады