БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларында (бұдан әрі - Қағида):
3-тармақта:
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "Астана Хаб" инновациялық кластері (бұдан әрі – инновациялық кластер) – өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім мен тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы инновациялық қызметті, оның ішінде цифрлық технологиялар саласындағы инновациялық қызметті ынталандыруға арналған инновациялық кластер қатысушыларының бірлестігі;";
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – ҚР ІІМ АПО) – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың көліктегі полиция департаменттері, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың көліктегі полиция органдары;";
9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) "Бүркіт" бірыңғай цирфлық жүйесі (бұдан әрі – "Бүркіт" БЦЖ) – виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуін-кетуін және болуын бақылау бойынша біріздендірілген ақпараттық жүйе;";
11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) визалық көші-қон порталы (бұдан әрі – ВКП) – көші-қон процестерімен байланысты құжаттарды электронды ресімдеуге арналған портал (www.vmp.gov.kz);";
13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі – виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының цифрлық жүйедегі белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;";
25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"25) шақырушы тарап – виза алушылардың Қазақстан Республикасына(нан) келуіне (кетуіне) жәрдемдесетін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, астананың, облыстық әкімдердің, республикалық маңызы бар қалалардың аппараттары, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктері, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғалар;";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. ҚР ІІМ АПО, ҚР СІМ және ҚР-дың шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Шақырушы тарап шақыруды ресімдеу үшін ҚР ІІМ АПО-ға немесе "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы өзінің тіркелген жері бойынша өтінішхат және "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті мынадай құжаттарды ұсынады":
1) Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыруды ресімдеу үшін:
жеке басты куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген және "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы мемлекеттік баж төленген жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді);
2) заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің шақыруын ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген және ЦҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеген кезде осы құжатты ұсыну талап етілмейді);
өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатты (ЦҮТШ арқылы төлеген жағдайда) және басқа да қажетті мәліметтерді "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, цифрлық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 5-қосымшасында келтірілген.";
13-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қандастар үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша қандас куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толық топтамасын Мемлекеттік корпорация немесе ҚР ІІМ АПО-ның уәкілетті қызметкері арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең аз уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда Мемлекеттік корпорация қызметкері немесе ҚР ІІМ АПО уәкілетті қызметкерлері цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) көрсетілетін қызмет берушіде сақтауға қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға жатады. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енгізілмейтін және оның жалпы ұзақтығынан аспайтын ақылға қонымды мерзім белгіленеді.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні ретінде көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні есептеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта жалғасады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері немесе ҚР ІІМ АПО уәкілетті қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шақыруды ресімдеуге құжаттарды қабылдаудан бас тартуы туралы қолхат береді.";
15-тармақтың 3) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚР ҰҚК өтінішті "Бүркіт" БЦЖ арқылы 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде келісуді қамтамасыз етеді. Шақыруларды ресімдеу үшін негіздерді неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу қажет болған жағдайда, ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады.";
16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шақырудың тіркеу нөмірі мен шақыруды беру күні туралы ақпарат "Бүркіт" БЦЖ-ға енгізіледі.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. ҚР ІІМ АПО, ҚР СІМ және шет елдердегі мекемелерінің уәкілетті қызметкерлері құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда ҚР ІІМ АПО, ҚР СІМ және шет елдердегі мекемелерінің уәкілетті қызметкерлері цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) көрсетілетін қызмет берушіде сақтауға қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға жатады. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енгізілмейтін және оның жалпы ұзақтығынан аспайтын ақылға қонымды мерзім белгіленеді.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні ретінде көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні есептеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта жалғасады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызмет беруші өтінішті және құжаттарды қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауапты жолдайды.
Егер көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынса, ҚР ІІМ АПО, ҚР СІМ және шет елдердегі мекемелерінің уәкілетті қызметкерлері тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріп, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын олар түскен күні ҚР ҰҚК-ге осы Қағидалардың 40-тармағында белгіленген мерзімде келісуге жібереді.
ҚР ҰҚК-нен жауап алғаннан кейін, ҚР ІІМ АПО, ҚР СІМ және шет елдердегі мекемелерінің уәкілетті қызметкерлері келіп түскен жауапты 1 (бір) жұмыс күні ішінде өндеуді және тиісті санаттағы визаны беруді немесе виза беруден бас тартуды жүзеге асырады.";
25-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"ВКП-ға электрондық визаны ресімдеу процесінде электрондық виза шақырушы тараптың шақыруында көрсетілген деректердің негізінде қалыптастырылады. Консулдық алым ЦҮТШ арқылы төленгеннен кейін, ресімделген виза көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түседі. Көрсетілетін қызметті алушы электрондық визаны ресімдеу алдында шақыруда көрсетілген ақпараттың паспорттық деректермен сәйкестігін салыстырып тексереді және растайды.";
42, 43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Визалық құжаттар, соның ішінде вербалды ноталар және қолдаухаттар "Бүркіт" БЦЖ арқылы келісіледі. "С11" санатындағы визалар және Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға арналған визалар "Бүркіт" БЦЖ-ға енгізу арқылы келісіледі.
ҚР ҰҚК визаларды ресімдеуді келісуді 3 жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда көрсетілген мерзім 30 күнтізбелік күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
43. "Бүркіт" БЦЖ-да мәліметтері жоқ виза жарамсыз болып саналады. "Бүркіт" БЦЖ істен шыққан жағдайда визалық жапсырма қолмен толтырылады және "Бүркіт" БЦЖ жұмысы қалпына келгенде берілген визаның мәліметтері оған енгізіледі. Сонымен қатар, уәкілетті қызметкер фирмалық бланкте және мөрмен бекітілген жоғарғы визаның берілгені туралы жазбаша растау хатын өтініш берушіге қоса береді.
44. Берілген визаларды есепке алу "Бүркіт" БЦЖ-да тұрақты жүргізіледі.
ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК "Бүркіт" БЦЖ -да ресімделген, берілген және келісілген визалар бойынша бірыңғай статистикалық деректер қалыптастырады.";
46-тармақта:
2) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚР ІІМ және ҚР ІІМ АПО "Бүркіт" БЦЖ-ға енгізілген, виза алушыға Қазақстан Республикасына келуге шақыруды ресімдеген және оның күшін жою туралы өтініш білдірген жеке және заңды тұлғалардың ақпараты негізінде;";
3) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Виза алушының шығуы кезінде визаның күшін жою туралы ҚР ІІМ АПО "Бүркіт" БЦЖ-ға енгізілген ақпараттың негізінде, сондай-ақ визаның күшін бір уақытта жоя отырып, Қазақстан Республикасының аумағына кіргізуден бас тартылады.";
48-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
""Бүркіт" БЦЖ-ды пайдалану арқылы визаның берілу негізін тексергеннен кейін және оның берілу фактісі расталғаннан кейін виза алушының немесе шақырушы тараптың қолдаухатының негізінде виза алушының бүлінген визасындағы сол санатын, мәртелігін, болу кезеңі мен оның қолданылу мерзімін көрсете отырып жаңа виза беру жолымен визаны қалпына келтіру жүзеге асырылады.";
51-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) "С5" – Қазақстан Республикасының астанасының, облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының және оның аудандарының жергілікті атқарушы органдарының жазбаша өтініштері негізінде. Визаның қолданылуын ұзарту 2 (екі) жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Бұрын шақырылған көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауларын қамтамасыз етпеген жеке және заңды тұлғалардың тізімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынған виза алушыларды ҚР ҰҚК және ҚР ІІМ АПО "Бүркіт" БЦЖ-ға енгізеді.";
көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Барлық санаттағы визалар жалған көшірмелерден қорғайтын өзіндік ерекшелігі бар өздігінен желімделетін арнайы жапсырма түріндегі тасығыш-қағазда жасалады. Визалық жапсырма визаның өзінен (тұпнұсқа) және онымен бірдей нөмірі бар түбіртектен тұрады. Толтырылған виза паспортына, ал визалық жапсырманың түбіртегі – визалық сауалнамада арнайы белгіленген орынға жапсырылады.";
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Визалық жапсырмаларды толтыру, осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес "Бүркіт" БЦЖ немесе қолмен толтыру арқылы жүзеге асырылады:";
көрсетілген Қағидалардың 5-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидалардың 7-қосымшасында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-1 тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбағаныңыз үшін "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" жөніндегі мемлекеттік қызметін көрсетуге өтінішті, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттармен қабылдаудан бас тартады.";
көрсетілген Қағидалардың 7-1 қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес толықтырылсын;
көрсетілген Қағидалардың 8-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
|
__________Е. СаденовҚазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі __________М. Тілеуберді
|
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| |
Қазақстан Республикасының |
| |
Ішкі істер министрі |
| |
2026 жылғы 24 қыркүйектегі |
| |
№ 673 мен |
| |
Қазақстан Республикасының |
| |
Сыртқы істер министрі |
| |
2026 жылғы 17 қыркүйектегі |
| |
№ 11-1-4/520 бірлескен |
| |
бұйрыққа 1-қосымша |
| |
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына |
| |
5-қосымша |
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Қызметтік істер бойынша шақыруды рәсімдеу ("А3");
2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін шақыруды ресімдеу ("А5", "А6", "С5");
3. Іскерлік сапарға шақыруды рәсімдеу ("В1", "В2", "В3");
4. Діни іс-шараларға қатысу үшін шақыруды ресімдеу ("В6", "С7");
5. Жеке істер бойынша шақыруды ресімдеу ("В10", "В11", "В12", "С10");
6. Білім алу үшін шақыруды ресімдеу ("В7", "С9");
7. Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шақыруды ресімдеу ("С3", "С4", "С6");
8. Емдеуге шақыруды рәсімдеу ("С12");
9. Гуманитарлық себептер бойынша шақыруды ресімдеу ("С8");
10. Тұрақты тұру үшін шақыруды ресімдеу ("В8", "В9", "С1").
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Аумақтық полиция органдары
|
2.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
|
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) 3 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қолдаухатты келісуді қамтамасыз етеді. ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген 5 жұмыс күн мерзімі күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді ұзартудың себептері мен мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды, ал көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама 3 жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға әрі қарай көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру үшін жолданады.
Келісім беретін мемлекеттік орган жауапты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда мемлекеттік қызмет келісім алғаннан кейін 1 жұмыс күнінің ішінде көрсетіледі (қызмет көрсетушіге жүгінген жағдайда).
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
қағаз түрінде.
|
5.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолдаухаттың бірінші данасына уәкілетті қызметкердің қолымен куәландырылған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітілген келісу нөмірін қою арқылы Қазақстан Республикасына келуіне шақыруын ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
|
6.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж өндіріп алынады, ол Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 666-бабы 3) тармақшасына сәйкес әрбір шақырылушы үшін мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және ақшасыз нысанда жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш берілген жағдайда, төлем "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік бажды төлеуден Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды келісу туралы өтінішхат беруші қабылдаушы адамдар:
1) Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелері және оларға еріп жүретін адамдар;
2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының, мемлекеттік органдардың, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер;
3) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген, гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер;
4) шетелдік инвесторлар;
5) этникалық қазақтар;
6) өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балалар босатылады.
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу орны бойынша сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші қабылдауды кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырады;
2) Мемлекеттік корпорация – өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүзеге асырылады;
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация арқылы:
1) жеке сапар бойынша шақыруды ресімдеу үшін:
жеке басты куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (ЦҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеген кезде осы құжатты ұсыну талап етілмейді);
2) заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің шақыруын ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (ЦҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеген кезде осы құжатты ұсыну талап етілмейді);
өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.
Сұрау салған визаның санатына байланысты қосымша ұсынылады:
1) инвесторлар үшін – Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органының немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) Әкімшілігінің қолдаухаты;
2) іскерлік сапар мақсатында көп мәртелік визаны ресімдеу үшін – (этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарын қоспағанда) шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі;
3) діни іс-шараларға қатысу немесе миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін – діни қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының жазбаша келісімі;
4) Қазақстан Республикасының аумағында түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға бару үшін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жазбаша келісімі;
5) Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін – Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі;
6) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, соның ішінде маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – шақырушы тарапқа шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат, не біліктілік сәйкестігі туралы анықтама, не болмаса "Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысына және "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32955 болып тіркелген) немесе халықаралық шарттарға сәйкес виза алушыға мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы құжаттар, сондай-ақ мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
қандастар үшін – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қандас куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
теңіз, өзен кемелері, әуе көлігі экипаждарының мүшелері, "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына сәйкес ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (бұдан әрі – Білім туралы құжаттарды тану қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары оқу орындарында басшылар лауазымдарында жұмыс істейтін, жоғары білімі бар және экономика саласында кадрларды даярлауды жүзеге асыратын оқытушылар үшін:
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
АХҚО қатысушылары мен органдары тартатын адамдар үшін:
заңды тұлғаны АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес тіркеуді (аккредитациялауды) растайтын сертификаттың көшірмесі;
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
Білім туралы құжаттарды тану қағидаларында белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде құрылымдық бөліністердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар үшін:
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөліністердің бірінші басшыларының шетелдік қызметкерді тағайындауы туралы ұлттық басқару холдингінің бұйрығы;
ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесі мүшелері ретінде жұмыс істеуге тартылатын адамдар үшін:
ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесінің жалпы жиналысынан үзінді;
шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшысы болып жұмыс істейтін адамдарға:
шетелдік қызметкерді бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары болып жұмыс істейтін адамдарға:
шетелдік қызметкерді Қазақстан Республикасында бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшыларының орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдарға:
басшының орынбасары лауазымына жұмысқа қабылдау және тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
7) оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының немесе "Астана Хаб" инновациялық кластерінің (бұдан әрі – Инновациялық кластер) Инновациялық кластер бағдарламалары бойынша оқудан өту үшін қолдаухаты;
8) гуманитарлық уәждер бойынша – қолдаушы халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткенін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған гуманитарлық көмек көрсету туралы халықаралық шарты болған кезде осы елдің заңнамасына сәйкес оның болу еліндегі шетелдік үкіметтік емес ұйымда (қорда) ресми тіркелгенін растайтын құжат;
9) білім алу үшін – Қазақстан Республикасының оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты;
10) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жақын туыстарын не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және денсаулық сақтау ұйымдарында емделіп жатқан виза алушыларды күтіп-бағу үшін – Қазақстан Республикасында орналасқан денсаулық сақтау ұйымы берген – 026/е нысандағы анықтама және тұрақты күтіп-бағу қажеттілігін, сондай-ақ туыстық дәрежесін растайтын құжаттар;
11) Пәкістан Ислам Республикасы азаматтарына "B3" санатындағы бір мәртелік электрондық іскерлік визаны ресімдеу үшін – Пәкістан Ислам Республикасының Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясы берген Пәкістан Ислам Республикасы азаматының қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етілгенін және іскерлік беделін растайтын құжат.
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдарының теріс жауабы;
4) егер шетелдік Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған жазаны өтемеген болса;
5) егер шақырылушы шетелдік өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген болса;
6) егер ол келу туралы өтiнiшхат жолдаған кезде өзі жөнінде жалған мәліметтер хабарлаған болса немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпесе;
7) қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақытылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.
|
10.
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және цифрлық нысанда
|
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
|
| |
Қазақстан Республикасының |
| |
Ішкі істер министрі |
| |
2026 жылғы 24 қыркүйектегі |
| |
№ 673 мен |
| |
Қазақстан Республикасының |
| |
Сыртқы істер министрі |
| |
2026 жылғы 17 қыркүйектегі |
| |
№ 11-1-4/520 бірлескен |
| |
бұйрыққа 2-қосымша |
| |
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына |
| |
7-1 қосымша |
ҚОЛХАТ
цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдау туралы
Осы қолхат ________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
ЖСН/БСН: _______________________________
жеке басын куәландыратын құжат: _______________________________
сериясы (бар болса) __________ № __________________
"__" ____________ 20__ жылы "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенін растайды.
Өтінішті және ұсынылған құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініште және (немесе) құжаттарда қателердің және (немесе) дәлсіздіктердің бар екенін, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін және (немесе) құжаттар топтамасының толық ұсынылмағанын анықтады:
⸻
⸻
⸻
Осыған байланысты өтініш цифрлық күту парағы арқылы қабылданды.
Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жоюға және (немесе) жетіспейтін құжаттарды "__" ____________ 20__ жылға дейін ұсынуға тиіс.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылған жағдайда, өтінішті және құжаттарды қабылдау күні ретінде көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні есептеледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қолхат өтініштің цифрлық күту парағы арқылы қабылданғанын растайды және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім болып табылмайды.
Алғашқы жүгінген күні:
"__" ____________ 20__ жыл
Өтініштің тіркеу нөмірі: _______________________________
Кемшіліктерді жою мерзімінің аяқталатын күні:
"__" ____________ 20__ жыл
____________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қолы: ______________________
Қолхатпен таныстым, көшірмесін алдым:
______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қолы: ______________________
"__" ____________ 20__ жыл
| |
Қазақстан Республикасының |
| |
Ішкі істер министрі |
| |
2026 жылғы 24 қыркүйектегі |
| |
№ 673 мен |
| |
Қазақстан Республикасының |
| |
Сыртқы істер министрі |
| |
2026 жылғы 17 қыркүйектегі |
| |
№ 11-1-4/520 бірлескен |
| |
бұйрыққа 3-қосымша |
| |
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына |
| |
8-қосымша |
"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін визаларды ресімдеу ("А5", "С5");
2. Іскерлік сапарға визаларды ресімдеу ("В2", "В3");
3. Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін визаларды ресімдеу ("С3", "С4");
4. Діни іс-шаралар бойынша визаларды ресімдеу ("С7");
5. ҚР кету үшін визаларды ресімдеу ("В14", "B15", "B16", "B17", "B18", "B19", "B20", "B21", "В22");
6. Білім алу үшін визаларды ресімдеу ("В7", "С9");
7. Тұрақты тұру үшін визаларды ресімдеу ("В8", "С1", "C11");
8. Отбасын біріктіру үшін визаларды ресімдеу ("С2");
9. Қызметтік іс үшін визаларды ресімдеу ("А3");
10. Емдеу үшін визаларды ресімдеу ("С12").
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Аумақтық полиция органдары
|
2.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
|
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "А3", "А5", "В1", "В2", "В3", "В10", "В12", "С12" бір мәртелік визаларды ресімдеу үшін – "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) www.egov.kz;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) 3 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қолдаухатты келісуді қамтамасыз етеді. ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген мерзім 30 күнтізбелік күніне дейін ұзартылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді ұзартудың себептері мен мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды, ал көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама 3 жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға әрі қарай көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру үшін жолданады.
Егер жауап ҚР ҰҚК белгіленген мерзімде берілмей, мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет көрсетушіге жүгінген жағдайда ҚР ҰҚК келісімі алғаннан кейін 1 жұмыс күнінің ішінде көрсетіледі.
Порталға жүгінген жағдайда – 1 (бір) жұмыс күні.
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Цифрлы (ішінара цифрландырылған) / қағаз түрінде.
|
5.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы: Қазақстан Республикасына кіру / шығу үшін виза немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді себептер келтірілген жауап;
2) порталда: электрондық құжат нысанында виза.
|
6.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 666-бабына сәйкес мемлекеттік баж өндіріп алынады, ол:
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағында визаны бергені, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін:
1) Қазақстан Республикасынан шығу құқығына – 0,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына – 7 АЕК;
3) көп мәрте Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету – 30 АЕК-ті құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және ақшасыз нысанда жүргізіледі.
Мемлекеттік бажды төлеуден:
1) Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелері және оларға еріп жүретін адамдар;
2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының, мемлекеттік органдардың, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер;
3) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген, гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер;
4) этникалық қазақтар;
5) өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балалар;
6) шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдар;
7) шетелдік инвесторлар босатылады.
Мемлекеттік баж көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін алынбайды.
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен, сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады;
2) портал – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) Мемлекеттік корпорация – өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Визаларды беру және қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация арқылы:
1) көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;
2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайында виза ресімдеу кезінде – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде (бұдан әрі – ҚР ІІМ) немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде (бұдан әрі – ҚР СІМ) тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаты;
3) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт);
4) мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;
5) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар;
6) "С3" санатындағы визаны беру үшін қосымша:
шақырушы тараптың қолдаухаты;
жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін берген рұқсат ұсынылады.
"Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысына және "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32955 болып тіркелген) сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат талап етілмейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
қандастар үшін – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қандас куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
теңіз, өзен кемелері, әуе көлігі экипаждарының мүшелері, "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына сәйкес ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (бұдан әрі – Білім туралы құжаттарды тану қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары оқу орындарында басшылар лауазымдарында жұмыс істейтін, жоғары білімі бар және экономика саласында кадрларды даярлауды жүзеге асыратын оқытушылар үшін – шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
"Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушылары мен органдары тартатын адамдар үшін:
заңды тұлғаны АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес тіркеуді (аккредитациялауды) растайтын сертификаттың көшірмесі;
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
Білім туралы құжаттарды тану қағидаларында белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде құрылымдық бөліністердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар үшін – Қазақстан Республикасында құрылымдық бөліністердің бірінші басшыларының шетелдік қызметкерді тағайындауы туралы ұлттық басқару холдингінің бұйрығы;
ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесі мүшелері ретінде жұмыс істеуге тартылатын адамдар үшін – ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесінің жалпы жиналысынан үзінді;
шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшысы болып жұмыс істейтін адамдар үшін – шетелдік қызметкерді бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен олардың бірінші басшылары болып жұмыс істейтін адамдар үшін – шетелдік қызметкерді Қазақстан Республикасында бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен олардың бірінші басшыларының орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдар үшін – басшының орынбасары лауазымына жұмысқа қабылдау және тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.
Барлық санатындағы визаларын ұзарту үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
1) виза алу үшін осы Қағидалардың 9-қосымшаға сәйкес визалық сауалнама не көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі түсті не ақ-қара фотосуреті;
2) паспорт;
3) мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
4) мынадай санаттағы визалар үшін:
"А5" – шақырушы тараптың қолдаухаты және Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның жазбаша растауы не АХҚО Әкімшілігінің қолдаухаты;
"В2" – Қазақстан Республикасында болу мақсатын көрсете отыра, бұрын алғашқы виза алу үшін шақыру ресімдеген шақырушы тараптың қолдаухаты;
"В7" – бұрын шақыру ресімдеген шақырушы тараптың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының, АХҚО немесе "Астана Хаб" инновациялық кластерінің (бұдан әрі – Инновациялық кластер) қатысушылары мен органдарының қолдаухаты;
"В8" – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ресімдеу үшін құжаттарды тапсырғаннан кейін қолдаухат;
"В21" – алдын ала тергеп-тексеру жүзеге асыратын органның не қылмыстық істі қарап жатқан соттың жазбаша өтініші;
"С1" – өтініш берушінің қолдаухаты;
"С2" – шақырушы тараптың жазбаша өтініші келесі құжаттар болған кезде:
шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін күтіп-бағуға айына, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде қаржылай қаражаттың болуын растауы;
шақырушы адамның "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында алаңы отбасының әрбір мүшесіне белгіленген ең төменгі нормативтерге сәйкес келетін тұрғын үйдің болуын растауы;
шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін медициналық сақтандыру;
көрсетілетін қызметті алушының шақырушы адаммен отбасылық қатынастарын растайтын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің осыған уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелері.
"С3" – егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе, бастапқы визаны алуға шақыруды бұрын ресімдеген шақырушы тараптың өтінішхаты және шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге берілген еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасына жұмысқа орналасуға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу талап етілмейтінін дәлелдейтін құжаттар бар болған жағдайда.
Қазақстан Республикасының басқа өңірінде еңбек қызметін жүзеге асырған кезде шақырушы тарап еңбекші көшіп-келушінің іссапарға жіберілуі туралы бұйрықты (не шарт немесе келісімшарт) ұсынады;
"С4" – қолдаухат және заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резидентімен біліктілігіне сәйкестігі туралы анықтамада көрсетілген мамандығы бойынша еңбек шарты;
"С5" – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және олардың аудандарының жергілікті атқарушы органдарының жазбаша өтініші;
"С7" – діни қызмет саласын реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосымен келісілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген діни бірлестіктің жазбаша өтініші;
"С9" – Қазақстан Республикасында тіркелген білім беру мәселесі бойынша уәкілетті органның немесе оқу орындарының қолдаухаты;
"С12" – медициналық ұйымдармен берілген, Қазақстан Республикасының медициналық мекемесінде емделіп жатқан қызмет алушыға – шетелдік пациентке ұдайы күтім қажеттілігін растайтын құжаттар не жақын туыстарына – Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге ұдайы күтім қажеттілігін растайтын құжаттар болған кезде қолдаухат не ҚР ІІМ нұсқауы.
Бір мәртелік электронды туристік, іскерлік және емделуге арналған визаларды портал арқылы алу үшін –көрсетілетін қызметті алушының цифрлық сұрауы.
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдарының берген теріс жауабы;
4) егер шетелдік Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған жазаны өтемеген болса;
5) егер ол келу туралы өтiнiшхат жолдаған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
6) егер шақырылушы шетелдік арыз бергенге дейін бес жыл ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген болса.
|
10.
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және цифрлық нысанда
|
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
|