"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құстарды қорғауға арналған құрылғыларға қойылатын талаптарды және электр беру желілерін құстар үшін қауіп төндіретін желілерге жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| 2026 жылғы 25 қыркүйектегі | |
| № 216 бұйрығымен бекітілген |
Құстарды қорғауға арналған құрылғыларға қойылатын талаптарды және электр беру желілерін құстар үшін қауіп төндіретін желілерге жатқызу өлшемшарттары
1 – Тарау Жалпы ережелер
1. Осы Құстарды қорғауға арналған құрылғыларға қойылатын талаптарды және электр беру желілерін құстар үшін қауіп төндіретін желілерге жатқызу өлшемшарттары (бұдан әрі – Талаптар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және құс қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды және электр беру желілерін құстарға қауіп төндіретін желілерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайды.
2. Осы Талаптар жаңа электр беру желілерін жобалау және салу, сондай-ақ қолданыстағы электр беру желілерін реконструкциялау және жаңғырту кезінде қолданылады. Талаптар электр беру желісінің конструкциялық орындалуын, кернеу класын немесе трассасын өзгертуге әкеп соқпайтын техникалық қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеуге, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына және электр беру желісінің жекелеген элементтерін ауыстыруға қолданылмайды. Осы Қағидалардың талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елді мекендерді, кәсіпорындарды және басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және салу кезінде жануарларды қорғау жөніндегі іс-шараларға қойылатын талаптардың, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау қағидаларының бұзылуына әкеп соғады.
Осы Қағидаларды және қолданыстағы заңнаманы орындау мақсатында Қазақстан Республикасындағы ірі құстардың таралу орны деп ірі құстар ұя салатын, қоныс аударатын немесе көшіп-қонатын, сондай-ақ қыстайтын аумақ есептеледі. Егер жүргізілген экологиялық бағалаумен өзгеше расталмаса, Қазақстан Республикасындағы ірі құстардың таралу орны деп елді мекендердің аумақтарын қоспағанда, кез келген аумақ есептеледі.
3. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) құс қорғау құрылғысы – құстардың электр тогымен зақымдануынан қырылуын болдырмайтын және электр беру желілерін құстардың тіршілік әрекетінің теріс әсерінен қорғауға арналған құрылғы;
2) электр беру желісі – электр станциясының немесе қосалқы станцияның шегінен тыс орналасқан және электр энергиясын беруге арналған электр желісі;
3) әуе электр беру желісі – жер үстінде орналасқан сымдар арқылы электр энергиясын беруге арналған, сымдары оқшаулағыштар мен арматуралардың көмегімен тіректерге немесе инженерлік құрылыстардағы кронштейндер мен бағаналарға бекітілген құрылғы;
4) ток өткізгіш бөлік – жұмыс режимінде кернеу астында болатын электр қондырғысының электр тогын өткізетін бөлігі;
5) өздігінен көтергіш оқшауланған сым – жеке көтергіш талсымы бар немесе онсыз орындалған, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес келетін бір немесе бірнеше оқшауланған талсымнан тұратын сым.
4. Жұмыс істеп тұрған электр беріліс желілерінің осы Талаптардың 3-тарауында көзделген өлшемшарттарға сәйкестігін осы Қағиданың талаптары негізінде мұндай желінің меншік иесі немесе жобалау ұйымы айқындайды. Бұл ретте, жобаны (жобалау-сметалық құжаттаманы) келісу барысында жануарлар дүниесін қорғау саласындағы уәкілетті орган электр беріліс желісінің осы Қағидалардыңң талаптарына сәйкестік мәртебесін негізді түрде қайта қарауға құқылы.
2 – Тарау. Құстарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар
5. Осы Талаптардың 3-тарауында белгіленген өлшемшарттар болған кезде электр беру желісінің элементтері құс қорғау құрылғыларымен жабдықталады не құстардың электр тогымен зақымдану қаупін болдырмайтын конструкциялық шешімдер қолданылады. Осы тармақты орындау міндеті электр беру желісінің меншік иесіне не құрылыстың, реконструкциялаудың немесе жаңғыртудың тапсырыс берушісіне, ал шартта көзделген жағдайларда электр беру желісін пайдалануды немесе оған техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымға жүктеледі.
6. Құс қорғау құрылғысы оқшауланбаған ток өткізгіш бөліктерді жабу, құстың әртүрлі потенциалдағы ток өткізгіш бөліктермен не ток өткізгіш және жерге тұйықталған бөлікпен бір мезгілде жанасуын болдырмау, сондай-ақ құстардың қауіпті жерде қонуын немесе ұя салуын болдырмау арқылы олардың электр тогымен зақымдануына жол бермеуді қамтамасыз етеді.
7. Оқшаулағыш және жабушы құс қорғау құрылғылары құстардың электр тогымен зақымдану қаупін туғызатын орындардағы электр беру желісінің оқшауланбаған ток өткізгіш элементтерін қорғау үшін қолданылады және тіректер арасындағы аралықтарда сымдарды міндетті түрде тұтас жабуды көздемейді.
8. Өздігінен көтергіш оқшауланған сымдары немесе қорғаныш қабығы бар сымдары бар электр беру желілерінде құс қорғау құрылғылары оқшаулауы немесе қорғаныш қабығы жоқ, аяқталатын, тесілетін, зақымданатын не оқшауланбаған ток өткізгіш элементтермен қосылатын орындарда қолданылады.
9. Қонуды және ұя салуды болдырмайтын құрылғылар құстардың электр тогымен зақымдану қаупін туғызатын жерлерде олардың қонуына немесе ұя салуына жол бермеу үшін қолданылады.
10. Құстарға қолжетімді оқшауланбаған ток өткізгіш бөліктер болған кезде қонуды және ұя салуды болдырмайтын құрылғылар оқшаулағыш немесе жабушы құс қорғау құрылғыларын алмастырмайды.
11. Құс қорғау құрылғысы қорғалатын элементтің номиналды кернеуіне сәйкес келуге, климаттық факторлардың әсері кезінде қорғаныш қасиеттерін сақтауға, сымды бекітудің механикалық беріктігін төмендетпеуге және электр беру желісі элементтерінің жұмысын нашарлатпауға тиіс.
12. Құс қорғау құрылғысын бекіту оның өздігінен жылжуын, ашылуын, түсіп қалуын немесе айналуын, сондай-ақ сымның, оқшаулағыштың, қысқыштың немесе жабдықтың зақымдануын болдырмауға тиіс.
13. Құстардың электр тогымен зақымдануын болдырмайтын немесе құстарға зиян келтіруі мүмкін оқшауланбаған металл конструкцияларды, қондырмаларды, мұртшаларды, тікенектерді, қылшықтарды, бос оқшаулағыштарды және өзге де құралдарды құс қорғау құрылғылары ретінде қолдануға жол берілмейді.
14. Құс қорғау құрылғылары дайындаушының техникалық құжаттамасына және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, техникалық реттеу, техникалық пайдалану және электр қондырғыларының қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес қолданылады.
Құстардың электр тогымен зақымдануын болдырмаудың баламалы немесе одан да жоғары деңгейін қамтамасыз ететін өзге де техникалық шешімдерді қолдануға жол беріледі.
15. Құс қорғау құрылғысының түрін және оны орнату орындарын таңдау электр беру желісінің конструкциялық ерекшеліктері және осы Талаптардың 3-тарауында көзделген өлшемшарттар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
3 – тарау. Электр беру желілерін құстарға қауіп төндіретін желілерге жатқызу өлшемшарттары
16. Электр беру желісі немесе оның жекелеген учаскесі тиісті учаскеде осы тарауда белгіленген бір немесе бірнеше өлшемшарт болған кезде құстарға қауіп төндіретін желіге жатады.
Электр беру желісі немесе оның жекелеген учаскесі тиісті учаскеде осы Қағидаларда белгіленген кемінде бір өлшемшарт болған кезде құстарға қауіп төндіретін желіге жатады.
Құстардың электр тогымен зақымдану қаупі белгіленген электр беру желісінің элементтері мен учаскелері құс қорғау құрылғыларымен жабдықталуға не осындай қауіпті болдырмайтын конструкциялық шешімдер қолданылуға тиіс.
17. Электр беру желісін немесе оның жекелеген учаскесін құстарға қауіп төндіретін желіге жатқызу осы тарауда көзделген өлшемшарттар ескеріле отырып жүзеге асырылады. Меншік иесі әуе электр беру желісіне қауіпсіздіктің жоғары деңгейдегі шараларын көздеуге құқылы.
Бұл ретте жобаны (жобалау-сметалық құжаттаманы) келісу барысында жануарлар дүниесін қорғау саласындағы уәкілетті орган электр беру желісінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестік мәртебесін негізді түрде қайта қарауға құқылы.
18. Осы тарауда белгіленген өлшемшарттар номиналды кернеуі 1 киловольттан жоғары және 20 киловольтты қоса алғанға дейінгі әуе электр беру желілеріне қолданылады.
19. Электр беру желісін құстарға қауіп төндіретін желіге жатқызу өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) құстардың құстардың ықтимал қону немесе орналасу орындарында әртүрлі потенциалдағы жақын орналасқан оқшауланбаған ток өткізгіш бөліктер арасындағы аралықтың 1400 миллиметрден кем болуы;
2) құстардың ықтимал қону немесе орналасу орындарында оқшауланбаған ток өткізгіш бөлік пен конструкцияның жерге тұйықталған элементі арасындағы аралықтың 700 миллиметрден кем болуы;
3) құс қорғау құрылғыларымен жабдықталмаған, жерге тұйықталған траверстерде істікшелі немесе кермелі (анкерлік тіректер үшін) оқшаулағыштары бар темірбетон немесе металл тіректерде орындалған, оқшауланбаған сымдары бар номиналды кернеуі 6, 10 немесе 20 киловольт әуе электр беру желісінің болуы;
4) оқшаулағыш тізбектің ұзындығы 700 миллиметрден кем болған кезде аспалы немесе кермелі оқшаулағыштары бар оқшауланбаған сымды әуе электр беру желісінің болуы;
5) жоғарғы сым траверстің үстінде 1000 миллиметрден кем қашықтықта орналасқан кезде аспалы оқшаулағыштары бар оқшауланбаған сымды әуе электр беру желісінің болуы;
6) жақын орналасқан оқшауланбаған ток өткізгіш бөліктер арасындағы фазааралық қашықтық 1400 миллиметрден кем болған кезде ағаш траверстері бар жерге тұйықталған темірбетон тіректердегі істікшелі оқшаулағыштары бар әуе электр беру желісінің болуы;
7) құстың әртүрлі потенциалдағы ток өткізгіш бөліктермен не ток өткізгіш және жерге тұйықталған бөлікпен бір мезгілде жанасуына қолжетімді оқшауланбаған ток өткізгіш элементтердің болуы;
8) өздігінен көтергіш оқшауланған сымдары немесе қорғаныш қабығы бар сымдары бар электр беру желісінде оқшаулаудың немесе қорғаныш қабығының аяқталу, тесілу немесе зақымдану орындарында, сондай-ақ қысқыштарды, ұштықтарды, жалғастырғыштарды, шлейфтерді, қорғау аппараттарын, кірмелерді немесе кабельдік ұштықтарды орнату орындарында оқшауланбаған ток өткізгіш элементтердің болуы;
9) құстардың қолжетімді оқшауланбаған ток өткізгіш бөліктерге тікелей жақын орналасуына жағдай жасайтын және олардың электр тогымен зақымдану қаупін туғызатын конструкциялық элементтердің болуы.
20. Электр беру желісінің номиналды кернеуінің 35 киловольт және одан жоғары болуы өздігінен мұндай желіні құстарға қауіп төндіретін желіге жатқызу өлшемшарты болып табылмайды.
21. Құстардың электр тогымен зақымдану қаупін туғызбайтын сымдардың, найзағайдан қорғау арқандарының, сымдардың көрнекі маркерлерінің және өзге де созылыңқы элементтердің болуы электр беру желісін құстарға қауіп төндіретін желіге жатқызудың дербес өлшемшарты болып табылмайды.
22. Әуе электр беру желісінің меншік иесі, операторы, сондай-ақ жобалаушы ұйым осы Қағидаларда және қолданыстағы заңнамада көзделген электр желілерін орналастыру, жобалау және салу кезінде жануарлардың мекендеу ортасын, көбею жағдайларын, көші-қон жолдарын және шоғырлану орындарын сақтау бөлігіндегі талаптардың сақталуына жауапты болады.
23. Осы Қағидалардың талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елді мекендерді, кәсіпорындарды және басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде жануарларды қорғау жөніндегі іс-шаралардың, сондай-ақ өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде жануарлар дүниесін қорғау қағидаларының бұзылуына әкеп соғады.