ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 08.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік Климаттық кадастрды жүргізу қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік Климаттық кадастр деректерінің құрамын және мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларға оның деректерін беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 5 тамыздағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23921 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 166-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Мемлекеттік Климаттық кадастрды жүргізу қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік Климаттық кадастр деректерінің құрамын және мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларға оның деректерін беру тәртібі қағидаларында, осы бұйрықпен бекітілген:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік климаттық кадастрды жүргізу қағидалары, сондай-ақ мемлекеттік климаттық кадастр деректерінің құрамын және мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларға оның деректерін беру тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) – Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 166-1 бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік климаттық кадастрды жүргізу қағидаларын, мемлекеттік климаттық кадастр деректерінің құрамын, сондай-ақ оның деректерін мемлекеттік органдарға, өзге де заңды және жеке тұлғаларға беру тәртібін айқындайды.";
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі