"Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 352-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қыркүйекте № 39995 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 250) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары";

      Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 250) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс орталығына және "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына жібереді;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Белгіленген электр қуаты 5 (бес) МегаВаттан (бұдан әрі – МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 (бір жүз он) килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан астам жылу қазандықтары), жылу тасымалдаушы субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу желілері) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын (бұдан әрі – Әзірлік паспорты) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша астанада, облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган береді.";

      5 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Өз құрамында кернеуі 35 (отыз бес) кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, белгіленген электр қуаты 5 (бес) МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 35 (отыз бес) МВт дейін қоса алғанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ астанада, облыс орталықтарындағы және республикалық маңызы бар қалалардағыны қоспағанда, жылу өндіруші субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан төмен жылу қазандықтары), жылу тасымалдаушы субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу желілері) Әзірлік паспортын осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері береді.

      6. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардан және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерден (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау жыл сайын 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғандағы кезенде "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – www.elicense.kz платформасы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Өтініш жұмыс күні аяқталғаннан кейін немесе жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.";

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы төрағадан, төраға орынбасарынан және оның мүшелерінен тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы мүшелерінің жалпы саны Комиссия төрағасы мен төраға орынбасарын қоса алғанда, тақ санды, кемінде 5 (бес) адамды құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы құрамына көрсетілетін қызметті алушының жауапты лауазымды адамдары, жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері Заңмен белгіленген құзыреті бойынша кіреді.

      Комиссия жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Әзірлік актісін дайындау үшін дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар) немесе саяси партиялардың өкілдері көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының отырысына қатыса алады.";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын.";

      "17. Құжаттар Портал арқылы келіп түскен күні іс қағаздарын жүргізуге жауапты көрсетілетін қызметті беруші тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді, ол көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;

      2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын мәселелер шешілгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен Мемлекеттік қызметті көрсету мүмкін болмаған;

      4) Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:

      1) осы тармақтың төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті тұлғаның құқықтық мирасқоры айқындалғанға немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;

      2) осы тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін, сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен шешілгенге дейін;

      3) осы тармақтың төртінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

      Бұл ретте осы тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасымен Мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:

      1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;

      2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы кемшіліктерді жойған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдаған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.

      Осы тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Ұсынылған құжаттар толық болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Әзірлік паспортын беру үшін қажетті осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген Әзірлік паспортын беруден бас тарту үшін негіздердің болуын талдауды жүзеге асырады, тиісті қорытынды дайындайды және бұл қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге енгізеді.

      1 (бір) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімше басшысы жауапты орындаушының қорытындысын келіседі және осы қорытынды көрсетілетін қызметті берушінің Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерін қарау жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы) қарауына енгізіледі.";

      24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "24. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде тыңдау жүргізілмейді.

      Құжаттар топтамасын, қорытындыны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Әзірлік паспортын беру;

      2) Әзірлік паспортын ескертулермен беру;

      3) Әзірлік паспортын беруден бас тарту.";

      33-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "33. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде түседі.";

      Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Энергия өндіруші, энергия
  беруші ұйымдар мен жылу
  өндіруші, жылу тасымалдаушы
  субъектілердің күзгі-қысқы
  кезеңдегі жұмысқа әзірлік
  паспортын алу қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан";

      Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 6, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 8-1 және 10-қосымшалар алып тасталсын;

      Қағидаларға 9-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
      Е. Акбаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  2026 жылғы 25 қыркүйектегі
  № 352-н/қ
  Бұйрыққа 1-қосымша
  Энергия өндіруші, энергия
  беруші ұйымдар мен жылу
  өндіруші, жылу тасымалдаушы
  субъектілердің күзгі-қысқы
  кезеңдегі жұмысқа
  әзірлік паспортын алу
  қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

_______________________________________________________ (паспортты берген мемлекеттік органның толық атауы)

Энергия беруші ұйымдардың ______ жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты

№__________________________
"___"_____________20____жыл
(паспорттың нөмірі және берілген күні)

қала_________________________
(паспорт жасау орны)

      Осы паспортты__________________________________________ берді (ұйымның атауы)

_________________________
(басшының лауазымы)

______________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))

  2026 жылғы 25 қыркүйектегі
  № 352-н/қ
  Бұйрыққа 2-қосымша
  Энергия өндіруші, энергия
  беруші ұйымдар мен жылу
  өндіруші, жылу тасымалдаушы
  субъектілердің күзгі-қысқы
  кезеңдегі жұмысқа әзірлік
  паспортын алу қағидаларына
  6-қосымша
  Нысан

_______________________________________________________ (паспортты берген мемлекеттік органның толық атауы)

Жылу өндіруші субъектілердің ______ жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен

№__________________________
"___"_____________20____жыл
(паспорттың нөмірі және берілген күні)

қала_________________________
(паспорт жасалған жер)

      Осы паспортты __________________________________________ берді (ұйымның заңды атауы)

_________________________
(басшының лауазымы)

______________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))

  2026 жылғы 25 қыркүйектегі
  № 352-н/қ
  Бұйрыққа 3-қосымша
  Энергия өндіруші, энергия
  беруші ұйымдар мен жылу
  өндіруші, жылу тасымалдаушы
  субъектілердің күзгі-қысқы
  кезеңдегі жұмысқа әзірлік
  паспортын алу қағидаларына
  7-қосымша
  Нысан

_______________________________________________________ (паспортты берген мемлекеттік органның толық атауы)

Жылу тасымалдаушы субъектілердің ______ жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты

№__________________________
"___"_____________20____жыл
(паспорттың нөмірі және берілген күні)

қала_________________________
(паспорт жасалған жер)

      Осы паспортты __________________________________________ берді (ұйымның заңды атауы)

_________________________
(басшының лауазымы)

______________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))

  2026 жылғы 25 қыркүйектегі
  № 352-н/қ
  Бұйрыққа 4-қосымша
  Энергия өндіруші, энергия
  беруші ұйымдар мен жылу
  өндіруші, жылу тасымалдаушы
  субъектілердің күзгі-қысқы
  кезеңдегі жұмысқа әзірлік
  паспортын алу қағидаларына
  8-қосымша
  Нысан

_______________________________________________________ (паспортты берген мемлекеттік органның толық атауы)

Жылу тасымалдаушы субъектілердің ______ жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен

№__________________________
"___"_____________20____жыл
(паспорттың нөмірі және берілген күні)

қала_________________________
(паспорт жасалған жер)

      Осы паспортты __________________________________________ берді (ұйымның заңды атауы)

_________________________
(басшының лауазымы)

______________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))

  2026 жылғы 25 қыркүйектегі
  № 352-н/қ
  Бұйрыққа 5-қосымша
  Энергия өндіруші, энергия
  беруші ұйымдар мен жылу
  өндіруші, жылу тасымалдаушы
  субъектілердің күзгі-қысқы
  кезеңдегі жұмысқа әзірлік
  паспортын алу қағидаларына
  9-қосымша

"Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті – белгіленген электр қуаты 5 (бес) Мегаваттан астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 (бір жүз он) киловольт және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға, жылу өндіруші субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын 100 Гкал/сағаттан астам жылу қазандықтары), жылу тасымалдаушы субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу желілері) астанада, облыстық орталықтарда және республикалық маңызы бар қалаларда күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын береді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері – өз құрамында кернеуі 35 (отыз бес) кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші ұйымдарға белгііленген электр қуаты 5 (бес) МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 35 (отыз бес) МВт дейін қоса алғанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға, облыс орталықтарындағы және қалалардағыны қоспағанда, жылу өндіруші субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын 100 Гкал/сағаттан төмен жылу қазандықтары), жылу тасымалдаушы субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу желілері) әзірлік паспортын береді.
Астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары – жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу энергиясы мен жылу желілерінің көздеріне күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын береді.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.elicense.kz ( бұдан әрі – Портал).

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын; осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен;
осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты береді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 35 (отыз бес) МВт дейін қоса алғанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен; осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 35 (отыз бес) МВт дейін қоса алғанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен; осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты береді;
Астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары - жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу энергиясы мен жылу желілерінің көздеріне күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын; осы Қағидаларға 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу энергиясы мен жылу желілерінің көздеріне күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен;
осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты береді.

7.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

8.

Көрсетілетін қызметті берушілердің, "цифрлық үкімет" веб-порталының жұмыс кестесі

Жұмыс графигі:
1) көрсетілетін қызметті берушілер - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады;
2) Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, 15 (он бесінші) тамыз сағат 8-00-ден 30 (отызыншы) қыркүйек сағат 17:30-ға дейінгі кезеңде тәулік бойы (Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға осы "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметкіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – Тізбе);
2) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
3) осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалғанын растайтын құжаттар тізбесі;
4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 59 бұйрығымен бекітілген Энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларының (мемлекеттік тіркеудің нормативтік құқықтық актілер тізілімінде тіркелген) талаптарына сәйкес, энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын бірінші санаттағы сараптама ұйымының станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдықтарының, ғимараттары мен құрылысжайларының техникалық жай-күйі, сондай-ақ ұйымның алдағы күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге дайындығы туралы қорытындысы;
5) электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларында, мамандарында техникалық пайдалану қағидалары мен техника қауіпсіздігі қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтудің оң нәтижесі болып табылады.
Білімін біліктілік тексеруден өтуі қажет басшы лауазымға тағайындалғаннан кейін бір айдан кешіктірілмей немесе техникалық басшы бекіткен үлгілік немесе жеке даярлау бағдарламасында көрсетілген мерзім өткенге дейін лауазымға тағайындалған немесе ауысқан кезде басшыны лауазымға тағайындау туралы қолданыстағы бұйрықты қоса беру қажет.
Бұл ретте, егер даярлаудың үлгілік немесе жеке бағдарламасындағы мерзім бір айдан асса, онда техникалық басшы бекіткен мерзім де қоса берілуі қажет.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды Портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін Қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) осы Тізбеге 3-қосымшада белгіленген шарттар мен талаптардың орындалғанын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда;
2) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің 9-қосымшаның 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

1) Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардан және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерден (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау жыл сайын 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.
Егер өтінішті беру күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келген жағдайда, мұндай өтінішті тіркеуді Көрсетілетін қызметті беруші демалыс немесе мереке күндерінен кейінгі алғашқы жұмыс күні жүзеге асырады.
2) Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
3) Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Біртұтас байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар;
4) Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқасы қолжетімді;
5) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары beta.egov.kz/memleket/entities / energo, интернет-ресурсында "Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Біртұтас байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Энергия өндіруші, энергия
  беруші ұйымдар мен жылу
  өндіруші, жылу тасымалдаушы
  субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі
  жұмысқа әзірлік паспортын беру"
  мемлекеттік қызмет көрсетуге
  қойылатын негізгі талаптардың
  тізбесіне 1-қосымша
  Нысан
  __________________________
  (органның атауы)
  _________________________
  (заңды тұлғаның атауы)

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш

____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы)

____________________________________________________________________ (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нөмірі және күні)

      Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:

      ________________

      Пошта мекенжайы: ____________________________________________________

      Телефон нөмірлері: ____________________________________________________

      Электрондық мекенжайы:_______________________________________________

      Факс: ________________________________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

      1.___________________________ 2.___________________________

      3.___________________________ 4.___________________________

      5.___________________________ 6.___________________________

      Осы өтінішпен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының  1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім беремін.

      Ұйым басшысы ____________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      "____"____________ 20____ жыл

  "Энергия өндіруші, энергия
  беруші ұйымдар мен жылу
  өндіруші, жылу тасымалдаушы
  субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі
  жұмысқа әзірлік паспортын беру"
  мемлекеттік қызмет көрсетуге
  қойылатын негізгі талаптардың
  тізбесіне 2-қосымша
  Нысан

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің ______ жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі

______________________________
(актіні жасау орны)

___________________
(күні)

      Бұйрықпен тағайындалған бастап Комиссия ____________________________________ _________________№ _______. (ұйымның атауы)

      _________________________________________________________________________________ (энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуы – орындалмауы көрсетіледі)

      Қорытынды:___________________________________________________________

      (ұйым күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын/дайын емес)

Комиссия төрағасы:

__________
(лауазымы)

 
_________________
(ұйым басшысының қолы)

 
___________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

Заместитель председателя комиссии:

__________
(лауазымы)

_________________
(мемлекеттік Органның
қолы және мөрі)

___________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

Члены комиссии:

__________
(лауазымы)

_________________
(қолы)

___________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))


__________
(лауазымы)

_________________
(қолы)

___________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))


__________
(лауазымы)

_________________
(қолы)

___________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

  "Энергия өндіруші, энергия
  беруші ұйымдар мен жылу
  өндіруші, жылу тасымалдаушы
  субъектілерге күзгі-қысқы
  кезеңдегі жұмысқа әзірлік
  паспортын беру" мемлекеттік
  қызмет көрсетуге қойылатын
  негізгі талаптардың тізбесіне
  3-қосымша

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін шарттардың орындалғанын растайтын құжаттар тізбесі

      1. Энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер үшін (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші және жылу өндіруші ұйымдарды қоспағанда):

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелген) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидалары) сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператормен келісім бойынша күрделі және кеңейтілген-ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтың техникалық жай-күйі параметрлері ведомостарының көшірмелері;

      2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге негізгі, резервтік, авариялық және жағатын отынды жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері (өз отынын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда);

      3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтардың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың зақымдануының алдын алу жөніндегі жоспарланған іс-шараларды толық көлемде орындау туралы акт;

      4) энергия өндіруші ұйымның жүктемелер (электр, жылу) графигін орындауға әзірлік актісі, яғни жұмыста және резервте негізгі жабдықтың қажетті құрамының болуы;

      5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14033 болып тіркелген) энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларына сәйкес қоймада негізгі, резервтік, авариялық және жағатын отын қалдығының болуы туралы анықтама;

      6) өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі актісі;

      7) релелік қорғау және автоматика құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі актісі;

      8) күл үйіндісінің қалдық сыйымдылығын күзгі комиссиялық қарап-тексеруді жүргізу туралы акт (бар болса).

      2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер үшін:

      1) Техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператормен келісім бойынша күрделі және кеңейтілген-ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтың техникалық жай-күйі параметрлері ведомостарының көшірмелері;

      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтардың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың зақымдануының алдын алу жөніндегі жоспарланған іс-шараларды толық көлемде орындау туралы акт;

      3) өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі актісі;

      4) релелік қорғау және автоматика құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі актісі;

      5) гидроқұрылыстарды күзгі комиссиялық қарап-тексеруді жүргізу туралы акт (бар болса).

      3. Энергия беруші ұйымдар үшін:

      1) Техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі жөндеуден өткен электр беру желілері мен кіші станцияның негізгі жабдығының техникалық жай-күйі параметрлері ведомостарының көшірмелері;

      2) электр жүктемелерінің кестесін көтеруге әзірлік туралы акт, яғни жұмыста және резервте жүктемелер кестесін көтеруге және электр энергиясы мен трансформаторлардың электр беру желілері мен трансформаторларының өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатын беруге арналған жабдықтың қажетті құрамының болуы, күзгі-қысқы кезеңге 10-110 кВ-тан режимдік (қалыпты) схемалар, жазғы бақылау күндеріне режимдік схема кезінде ағымдағы жылдың және өткен жылдың қысқы бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеу;

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидаларының және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15045 болып тіркелген) бекітілген Электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келетін көлемде және мерзімдерде электр желілерінің жабдықтарына сынақтар жүргізу туралы акт;

      4) релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді толық көлемде орындау, ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің дайындығы туралы актілер (актілердің көшірмелері);

      5) энергия көздері қуатының тапшылығы, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдай туындаған кезде тұтынушыларды шектеу (веерлі ажыратулар) кестелерінің көшірмелері;

      6) кестелер мен кезеңділікке сәйкес пайдалануға берілген және техникалық жай-күйді бағалау жылын көрсете отырып, жұмыс комиссиялардан техникалық куәландырудан өткен жабдықтардың, электр қондырғыларының, әуе желілерінің, кабель желілерінің, релелік қорғау және автоматика құрылғыларының, энергия кәсіпорындарының ғимараттары мен құрылыстарының тізбесі;

      7) өткізілген аварияға қарсы, өртке қарсы жаттығулар туралы актілер (өткізілген жаттығулардың тақырыбы және персоналдың іс-қимылын бағалау);

      8) жедел-көшпелі және желілік бригадаларды көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз ету туралы акт.

      4. Жылу энергиясын тасымалдауды және бөлуді жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдар мен жылу тасымалдаушы субъектілер үшін (жылу желілері):

      1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық және техникалық актілердің талаптарына сәйкес келетін қажетті көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдықтарды жоспарлы жөндеуді орындау актілері;

      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтардың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың зақымдануының алдын алу жөніндегі жоспарланған іс-шараларды толық көлемде орындау туралы акт;

      3) өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі актісі;

      4) ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі туралы акт;

      5) жылу беруші ұйымдардың жылу желілері мен жылу көздерінің осы жердегі жылыту үшін сыртқы ауаның есептік температурасына жылу желілері жұмысының температуралық кестелерін орындауға дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі акті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады