ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төтенше жағдайлар министрі | М. Муханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
| Төтенше жағдайлар министрі 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 365 Бұйрығына қосымша |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейтін 2 (екі) жұмыс күні белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің анықтығын тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты ресімдейді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жауап жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
8-1-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.";
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларында:
8-1-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жауапты орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде онда көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген не негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейтін анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы өтініш берген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы толық мәліметтерді көрсеткен жағдайда, жауапты орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға емтихан қабылдау жүзеге асырылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі бар емтихандарды тапсыру күні туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаға көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орнындағы адамның ЭЦҚ-сы қол қойылады және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге беріледі, оның шешіміне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы Әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.";
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Сертификат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту. |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 186 "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20340 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидаларында:
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген не негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейтін анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы өтініш берген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Ұсынылған құжаттардың мәліметтері анық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10188 болып тіркелді) (бұдан әрі - талаптар) бекітілген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес келмеген туралы қорытынды алу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі-аумақтық департамент) сұрау салу жібереді.
Аумақтық департамент "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының негізгі талаптар тізбесіне сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының негізгі талаптар тізбесіне сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкесстігі туралы қорытынды жасайды.
Көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес келмеу туралы қорытынды алған кезде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.
10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.";
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20338 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жауапты орындаушы бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейтін 2 (екі) жұмыс күні белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды және оларда көрсетілген мәліметтерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және осы Қағидаларға 4, 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеп, оны электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.";
осы Қағидаларға 3-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу шифрын бере отырып тіркеу немесе тіркеуден шығару не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 208 "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жауапты орындаушы екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейтін 2 (екі) жұмыс күні белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды және оларда көрсетілген мәліметтерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам ЭЦҚ-сымен қол қояды және портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.";
осы Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі; |
";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 234 "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдар саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы және "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейтін 2 (екі) жұмыс күні белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің анықтығын тексереді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсатты ресімдейді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жауап жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
8-1-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.";
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Кеден одағының "Жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 "Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларында:
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген не негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейтін анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы өтініш берген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 3 немесе 4 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ресімделеді.
12. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.";
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Келісу хаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі; |
";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 463 "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24449 болып тіркелген) мынадай өзгерістертер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларында:
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтер келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді, олар жауапты орындаушыны тағайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің анықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейтін 2 (екі) жұмыс күні белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ұсынылған құжаттардағы мәліметтер анық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының Негізгі талаптар тізбесіне сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық департамент) сұрау салу жібереді.
Аумақтық департамент "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының Негізгі талаптар тізбесіне сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігіне рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды.
Көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны алған кезде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.";
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – Аттестат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) аумақтық департаменттің көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 "Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10261 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 "Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17233 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 360 "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23812 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келмеуі туралы қорытындысы; |
";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
9. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 "Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейтін 2 (екі) жұмыс күні белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 4-қосымшада баяндалған
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.";
осы Қағидаларға 4-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама, қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі; |
";
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесіне 1-қосымша |
|
| Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесіне 2-қосымша |
|
| Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Мемлекеттік органның |
|
Наименование государственного |
___________ қаласы | город _____________ |
Мерзімі: [Берілген күні] жыл [Ұйымның атауы] Номері: [Құжаттың нөмірі]
[Мекенжайы]
БАС ТАРТУ
[Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Мерзімі] жылғы № [Құжаттың кіріс нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тартудың негіздемесі]
[Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)] ]

| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесіне 3-қосымша |
|
| Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
[Мемлекеттік органның атауы] |
|
[Наименование государственного | ||
[Мемлекеттік органның |
[Реквизиты государственного | |||
Берілген күні: [күні] | [Заңды тұлғаның атауы] | |||
Нөмірі: [құжат нөмірі] |
[Заңды тұлғаның | |||
БАС ТАРТУ [Мемлекеттік органның атауы], сіздің _________ жылғы [өтініш күні] № [Өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тартудың негіздемесі]
| ||||
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесіне 4-қосымша |
|
| "Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
[Мемлекеттік органның |
|
[Наименование государственного | ||||
[Мемлекеттік органның |
[Реквизиты государственного | |||||
Күні: [Берілген күні] |
[Жеке немесе заңды тұлғаның | |||||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] |
[Жеке немесе заңды тұлғаның | |||||
БАС ТАРТУ [Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Өтініш күні] жылғы № [Өтініштің нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тартудың негізі]
| ||||||
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесіне 5-қосымша |
|
| "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметің көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
[Мемлекеттік органның |
|
[Наименование государственного | ||||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||||
Күні: [Берілген күні] | [Жеке немесе заңды тұлғаның атауы] | |||||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | [Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес- сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||||
БАС ТАРТУ [Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Өтініш күні] жылғы № [Өтініштің нөмірі] өтінішіңізді және [Сараптамалық қорытындының күні] жылғы № [Сараптамалық қорытындының нөмірі] [Сараптамалық қорытындыны берген ұйымның атауы] сараптамалық қорытындыны қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тартудың негізі]
| ||||||
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесіне 6-қосымша |
|
| "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
|
| Нысан |
[Мемлекеттік органның |
|
[Наименование государственного | ||
[Мемлекеттік органның |
[Реквизиты государственного | |||
Күні: [Берілген күні] | [Заңды тұлғаның атауы] | |||
Нөмірі: [Құжаттың нөмірі] |
[Жеке немесе заңды тұлғаның | |||
БАС ТАРТУ [Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Өтініш күні] жылғы № [Өтініштің нөмірі] өтінішіңізді және [Сараптамалық қорытындының күні] жылғы № [Сараптамалық қорытындының нөмірі] [Сараптамалық қорытындыны берген ұйымның атауы] сараптамалық қорытындысын қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тартудың негізі]
| ||||
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесіне 7-қосымша |
|
| Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
[Мемлекеттік органның атауы] |
|
[Наименование государственного | ||
[Мемлекеттік органның деректемелері] |
[Мемлекеттік органның | |||
Күні: [берілген күні] |
[Жеке немесе заңды тұлғаның | |||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | ||||
[Жеке немесе заңды тұлғаның | ||||
БАС ТАРТУ [Мемлекеттік органның атауы] сіздің өтінішіңізді [өтініштің күні] жылғы № [өтініштің нөмірі] және қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тарту негіздемесі]
| ||||
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесіне 8-қосымша |
|
| "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық- құтқару қызметтерін аттестаттау қағидалары" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
[Мемлекеттік органның атауы] |
| [Наименование государственного органа] | ||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Күні: [Берілген күні] | [Заңды тұлғаның атауы] | |||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | [Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||
БАС ТАРТУ [Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Өтініш күні] жылғы № [Өтініштің нөмірі] өтінішіңізді және қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тартудың негізі]
| ||||
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесіне 9-қосымша |
|
| Қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларына 7-қосымша |
|
| Нысан |
[Мемлекеттік органның атауы] |
|
[Наименование государственного | ||
[Мемлекеттік органның | [Реквизиты государственного органа] | |||
Күні: [берілген күні] | [Жеке немесе заңды тұлғаның атауы] | |||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] |
[Жеке немесе заңды тұлғаның | |||
БАС ТАРТУ [Мемлекеттік органның атауы], Сіздің өтінішіңізді [өтініш күні] жыл № [өтініш нөмірі] және қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі қарағаннан кейін мынаны хабарлайды: [Бас тартудың негіздемесі]
| ||||


































