"Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қыркүйекте № 40007 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36571 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Су кодексі 25-бабының 2-тармағының 4) және 12) тармақшаларына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережесі 15-тармағының 450) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу Қағидаларының:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексі 25-бабының 2-тармағының 4) және 12) тармақшаларына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережесі 15-тармағының 450) тармақшасына сәйкес әзірленді және мынадай тәртіпті айқындайды:

      1) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредиттер беру;

      2) бюджеттік кредит қаражаты есебінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

      3) түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асыру.";

      2-тармақтың:

      6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қарыз алушы – астана, облыс, республикалық маңызы бар қала жергілікті атқарушы органдары;";

      9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сенім білдірілген өкіл (агент) – конкурстық негізде айқындалған және әкімшімен немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімшемен шарт жасасқан заңды тұлға;";

      21-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) кредиттік шарт теңгеде жасалады;";

      46-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын әрбір лот бойынша конкурстық рәсімдер бюджетінің жалпы құны 50 миллионнан астам теңге болған жағдайда әлеуетті түпкілікті қарыз алушы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдаған кезде осы Қағидаларға сәйкес сенім білдірілген өкілмен (агентпен) конкурстық құжаттама шеңберінде әзірленетін техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келіседі.";

      57-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Құжаттардың және өзге де растайтын көздерден (ресми статистика, мемлекеттік органдардың интернет-сайттары, Астананы, облысты, республикалық маңызы бар қаланы дамытудың бекітілген жоспарлары және тағы басқа) алынған ақпараттың негізінде сенім білдірілген өкіл (агент) бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған, мөрмен расталған бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.";

      57-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жобаның экономикалық және әлеуметтік маңызын бағалау, оны іске асыру үшін бекітілген өлшемшарттар (100 км үшін авариялар санын және желілердің тозуын төмендету, су ысырыптарын қысқарту, коммуналдық қызметтер көрсету сапасын жақсарту, тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілердің шаршы метрлерінің саны) бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінім ұсынылады;";

      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына 2-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына 2-1-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды,реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына 3-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына 4-қосымшасы осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
Р. Исакулов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 481 бұйрығына
1-қосымша
  Сумен жабдықтау және
су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жоба паспорты

Жобаның атауы


Бюджеттік кредитке арналған өтінім бойынша ілеспе хаттың деректемелері (тіркелген күні және тіркеу нөмірі, өтінімге қол қойған қарыз алушының уәкілетті тұлғасының (тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда)


Бюджеттік кредиттің сомасы, мың теңге


Бюджеттік бағдарлама

Қарыз алушы


Нөмірі


Атауы


Шығыстардың жалпы сомасы, мың теңге


Түпкілікті қарыз алушы (Табиғи монополиялар субъектілерінің атауы)


Жоба бойынша ақпарат

№ р/с

Іс-шараның атауы

Құны, барлығы, мың теңге

оның ішінде іске асыру жылдары бойынша

20ХХ

20ХХ+1

…

20ХХ+n

1







...







№







Бюджеттік кредиттің мерзімі


Бюджеттік кредит бойынша сыйақы ставкасы


Бюджеттік кредит бойынша қамтамасыз ету


Объектіні салу және/немесе реуконструкциялау және/немесе жаңғырту орны


Жоба бойынша қосымша ақпарат, оның ішінде инвестициялық жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік-экономикалық тиімділік


Қарыз алушының өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Қарыз алушының құрылымдық бөлімшесінің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары

Ұялы телефон

қалалық телефон



Электрондық пошта


Түпкілікті қарыз алушының (Табиғи монополиялар субъектілерінің атауы) өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Құрылымдық бөлімшенің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары

ұялы телефон

қалалық телефон



Электрондық пошта


Қосымша ақпарат


  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 481 бұйрығына
2-қосымша
  Сумен жабдықтау және
су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
2-1-қосымша

      Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын есептеу

      1. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құны тиісті жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның бекітілген даму жоспарының негізінде жыл сайын қайта қаралады.

      2. Көрсетілетін қызмет құнын айқындау тәртібі:

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның көрсетілетін қызметінің құны:

      1) жоспарлы шығындарға негізделген бір адам-сағатқа алғандағы құны;

      2) көрсетілетін қызмет құнының есебі үшін айқындалған табыс нормалары;

      3) еңбек шығынының нормалары;

      4) Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде тікелей қызмет көрсететін жұмыскерлердің саны негізінде айқындалады.

      3. Бір адам-күнге алғандағы жоспарлы құны мына формуланың негізінде есептеледі:



      мұнда:

      ЖҚ бір –бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-күнге мың теңге;

      ЖШ – қызмет көрсетуге байланысты жоспарлы шығын, мың теңге;

      саны – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту ұйымының өндірістік және әкімшілік персоналының жиынтық штат саны, адамның;

      КК – жоспарланған кезеңдегі жыл ішіндегі күнтізбелік күндер саны, күндермен алғанда (жұмыс уақыты баламасына сәйкес 40 сағаттық апта кезінде);

      ТН – табыс нормасы, пайызбен алғанда.

      4. Тиісті кезеңдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту ұйымындағы табыстың жоспарлы нормасы.

      5. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын айқындау:

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту ұйымының сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде көрсетілетін қызметінің құны төменде келтірілген формулаға сәйкес айқындалады:



      мұнда:

      ҚҚ – көрсетілетін қызмет құны, мың теңге;

      ЖҚбір – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-сағатқа мың теңге;

      С – осы қызметті көрсетуге қатысатын қызметкерлердің саны;

      УН – уақыт нормасы, адам-сағатпен алғанда.

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 481 бұйрығына
3-қосымша
  Сумен жабдықтау және
су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

      "Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kds?lang=ru

      Әкімшілік нысанның атауы: "Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат"

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ИЖІ

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _________

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: қарыз алушы, түпкілікті қарыз алушы, сенім білдірілген өкіл (агент)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей

      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:

     


      1. Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде

№

Жобаның атауы

ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге

Жобаны іске асыру кезеңі

Техникалық-экономикалық негіздемеге/ЖСҚ сәйкес нақты алғанда жұмыстың көлемі (іс-шаралар, құрауыштар)

жұмысты бастау мерзімі

жұмысты аяқтау мерзімі

Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстарды орындалмау себептері

іс-шараның атауы

ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы

Өспелі қорытын дысымен нақты орындау

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының (бұдан әрі – ҚМЖ) кестесіне сәйкес жоспар

факт

ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар

факт


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12
Жүктеу

Атауы
______________________
___________________________

Мекенжайы
_______________________
________________________
Жүктеу

      Телефоны
______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы/ Адрес электронной почты
______________________________________________________________
Орындаушы
______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________________
______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
________________________________________________________________

  Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысанға
қосымша

      "Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат" атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (нысанның индексі: 1-ИЖІ және кезеңділігі: ай сайын)

      1. "Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат" атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан (бұдан әрі - Нысан) әзірленеді.

      2. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

      "№" 1-бағанында нөмір тәртіппен көрсетіледі. Келесі ақпарат ретімен нөмірленуі керек;

      "Жобаның атауы" 2-бағанында ЖСҚ ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;

      "ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге" 3-бағанында жобаның жалпы құны ЖСҚ бойынша (жобалық-іздестіру жұмыстары ескеріп отырып) ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес көрсетіледі;

      "Жобаны іске асыру кезеңі" 4 бағанында жобалау-сметалық құрылыс-монтажды бойынша құжаттамаға арналған ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес жылдар бойынша құрылыс басталғаннан бастап аяқталғанға дейінгі жұмыс кезеңі көрсетіледі;

      "Іс-шараның атауы" 5-бағанында ЖСҚ (реконструкция/салу) арналған ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес жоба бойынша жұмыстардың атауы көрсетіледі;

      "ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы" 6-бағанында желілер мен құрылыстарды реконструкциялау/салу бойынша жоспарланған жұмыстар, атап айтқанда: сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы, кәріздік-тазалау құрылысының саны, су тазарту қондырғылары, қазандықтар, сорғы станциялары, ірі резервуарлар, су қабылдағыш мұнаралар саны көрсетіледі;

      "Өспелі қорытындысымен нақты орындау" 7-бағанында, 6-бағанда көрсетілген іс жүзінде орындалған жұмыстар көрсетіледі;

      "Жұмысты бастау мерзімі", 8-бағанындағы "ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар", 9-бағанындағы "факт" жұмысты бастаудың жоспарланған мерзімі көрсетіледі;

      "ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар" 10-бағанындағы "Жұмысты аяқтау мерзімі", 11-бағанындағы "факт" жұмыстың іс жүзінде аяқтаудың мерзімі көрсетіледі;

      "Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстарды орындалмау себептері" 12-бағанында есепті айда орындалған жұмыстың көлемі, сондай-ақ сот талқылауы, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты қайтадан жариялау, құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеге сәйкестігі сияқты проблемалық мәселелер көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 481 бұйрығына
4-қосымша
  Сумен жабдықтау және
су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

      "Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kds?lang=ru

      Әкімшілік нысанның атауы: "Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат"

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 2- БКТИ

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _________

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: қарыз алушы, түпкілікті қарыз алушы, сенім білдірілген өкіл (агент)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей

      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:

     


      Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде

№

Жобаның атауы

астана, облыс, республикалық маңызы бар қала

Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішісі бойынша орналасқан жер коды

Табиғи монополиялар субъектілерінің атауы

Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы

Бюджеттік кредит қаражатының нақты түсімі

Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені

Бюджеттік кредит қаражатын өтеу




өспелі қорытындысымен

есепті ай үшін

өспелі қорытындысымен

есепті ай үшін

Өтелуі тиіс





мерзімі

сома (мың теңге)

сома (мың теңге)

сома (мың теңге)

сома (мың теңге)

сома (мың теңге)

мерзімі

сома (мың теңге)

1









-

-

-

-










-

-

-

-














1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13
Жүктеу

      кестеннің жалғасы

Бюджеттік кредит қаражатын өтеу

Қарыздың қалғаны

Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек

% игерілгені (өсу қорытындысымен)

Орындалмаған сомасы (мың. теңге) (өсу қорытындысымен)

Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу

Ескерту

Нақты өтелгені

Есептік кезеңнің басталуы

Есептік кезеңнің аяқталуы

мерзімі

сома (мың теңге)

сома (мың теңге)

сома (мың теңге)

сома (мың теңге)

сома (мың теңге)

сома (мың теңге)

сома (мың теңге)

-


-

-

-

-

-

-

-

-


-

-

-

-

-

-

-










14

15

16

17

18

19

20

21

22

Атауы
______________________
___________________________________

Мекенжайы
_______________________
____________________________

      Телефоны______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы/ Адрес электронной почты

      ______________________________________________________________

      Орындаушы

      ______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      ________________________________________________________________

  Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысанға
қосымша

      "Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат" атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (нысанның индексі: 2-БКТИ және кезеңділігі: ай сайын)

      1. "Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат" атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан (бұдан әрі - Нысан) әзірленді.

      2. Нысан мынадай ретпен толтырылады:

      "№" 1-бағанында нөмір ретпен көрсетіледі. Келесі ақпарат тәртіп бойынша нөмірлеуді үзбеуі керек;

      "Жобаның атауы" 2-бағанында;

      Әкімшілік-аумақтық объектілердің Ұлттық жіктеуішіне сәйкес "Астана, облыс, республикалық маңызы бар қаланың атауы" 3-бағанында;

      "Әкімшілік-аумақтық объектілердің Ұлттық жіктеуішіне сәйкес орналасқан жер коды" 4-бағанында;

      "Мемлекеттік кәсіпорының атауы" 5-бағанында, жобалық-сметалық құжаттамаға арналған ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;

      "Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы" бағанында "мерзімі" 6-бағанында;

      "сома (мың теңге)" 7-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген жобаның сомасы көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатының нақты түсімі" бағанында "өспелі қорытындысымен" 8-бағанында, "есепті ай үшін" 9-бағанында жобаның іске асыруға бөлінген республикалық бюджеттен келіп түскен сома көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені" бағанында "өспелі қорытындысымен" 10-бағанында, "есепті ай үшін" 11-бағанында жобаны іске асыруға бөлінген республикалық бюджеттен игерілген ақша сомасы көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатын өтеу" бағанында "Өтелуі тиіс" бағанында "мерзімі" 12-бағанында, "сома (мың теңге)" 13-бағанында, "Нақты өтелгені" бағанында "мерзімі" 14-бағанында, "сома (мың теңге)" 15-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес өтелуі тиіс кредит сомасы көрсетіледі;

      "Қарыздың қалғаны" бағанында "Есептік кезеңнің басталуы" 16-бағанында, "Есептік кезеңнің аяқталуы" 17-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша берешек сомасы көрсетіледі;

      "Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек" 18-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша мерзімі өткен борыштың сомасы көрсетіледі;

      "% игерілгені (өсу қорытындысымен)" 19-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген ақшаның игерілу проценті көрсетіледі;

      "Орындалмаған сомасы (мың. теңге) (өсу қорытындысымен)" 20-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген кредит бойынша пайдаланылмаған ақшаның сомасы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу" 21-бағанында құрылыс-монтаждау жұмыстары мен материалдар сатып алуға жүргізілген конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша үнемдеу сомасы көрсетіледі;

      "Ескерту" 22-бағанында жоба бойынша қосымша ақпаратпен ескерту

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады