"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналардың:
1) "Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 21 және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 54 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27194 болып тіркелген);
2) "Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 21 және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 54 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2025 жылғы 28 қарашадағы № 16 және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 152 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37524 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарларына және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
__________Ж. Елемесов__________Б. Асылов |