Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 460-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қыркүйекте № 40017 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары бекітілсін.

      2. "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33238 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Кырыкбаев

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрі
2026 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 460-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 12-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, қалаларға, аудандарға, облыстарға, сондай-ақ қаладағы аудандарға, шағын аудандарға, орамдарға, даңғылдарға, көшелерге, тұйық көшелерге, тұрғын алаптарына, алаңдарға, бульварларға, саябақтарға, скверлерге, көпірлерге және елді мекендердің басқа да құрамдас бөліктеріне (бұдан әрі – елді мекендердің құрамдас бөліктері) атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақтағы халықтың пікірін ескерудің тәртібін айқындайды.

      2. Жергілікті атқарушы органдар мен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің, ауылдардың әкімдері облыстарға, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, аудандарға, қаладағы аудандарға, аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдық округтерге, кенттерге, ауылдарға, аталған елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді ұйымдастырады және тиісті мәслихаттың қарауына енгізеді.

2-тарау. Облыстарға, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, аудандарға, қаладағы аудандарға, аталған елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру тәртібі

      3. Жергілікті атқарушы органдар облыстарға, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, аудандарға, қаладағы аудандарға, аталған елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде халықтың пікірін ескеру үшін құжаттар мен материалдарды (жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ұсыныстар, есімі берілетін тұлғалардың өмірбаяндары, архивтік құжаттар, берілетін елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерінің схемалық сызбасы) тиісті мәслихаттардың қарауына енгізеді.

      4. Тиісті аумақ халқының пікірі "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес мәслихаттың тұрақты комиссияларының өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді.

      5. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамасымен ресімделген облыстарға, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, аудандарға, қаладағы аудандарға, аталған елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірі Конституциялық Заңның 12-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті ономастика комиссияларының қарауына ұсынылады.

3-тарау. Аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдық округтерге, кенттерге, ауылдарға, аталған елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру тәртібі

      6. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент, ауыл әкімі жеке және заңды тұлғалардың тиісті ұсынысы түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдық округтерге, кенттерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің, ауылдардың құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстарды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының қарауына енгізеді.

      7. Тиісті жергілікті атқарушы органдар аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдық округтерге, кенттерге, ауылдарға, аталған елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін құжаттар мен материалдарды (жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ұсыныстар, есімі берілетін тұлғалардың өмірбаяндары, архивтік құжаттар, берілетін елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерінің схемалық сызбасы) аудандық мәслихаттың, облыстық маңызы бар қала мәслихатының тұрақты комиссиясының қарауына енгізеді.

      8. Аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдық округтерге, кенттерге, ауылдарға, аталған елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша халық пікірін ескеру Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгілік регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында жүзеге асырылады және хаттамамен ресімделеді.

      9. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент, ауыл әкімдерінен тиісті ұсыныс түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде тиісті мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша және Конституциялық заңның 21-бабын ескере отырып, бірлескен шешіммен аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдық округтерге, кенттерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің, ауылдардың құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстарды облыстардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының қарауына енгізеді.

      10. Облыстардың жергілікті өкілді және атқарушы органдары аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарынан тиісті ұсыныс түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті аудандық мәслихаттың, облыстық маңызы бар қала мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдық округтерге, кенттерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің, ауылдардың құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстарды тиісті ономастика комиссияларының қарауына енгізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады