БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 121-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"19) медициналық авиацияның мобильдік бригадасының дәрігері – жоғары медициналық білімі, "Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем" және (немесе) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)" және (немесе) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты бар тұлға;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың ЖМЖ станциясы (бұдан әрі – ЖМЖС) стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері және медициналық қызметтер көрсететін әуе кемелері конструкторлық және техникалық сипаттамалары бойынша біркелкі медициналық жабдықпен жарақтандырылады. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың ЖМЖС медициналық цифрлық жүйелерге қол жеткізуін немесе Үйлестіру ұйымы үшін цифрлық жүйелермен интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмекті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлер, сондай-ақ міндетті түрде адам өмірін құтқару дағдыларын растайтын сертификаты болған жағдайда "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 тіркелді) сәйкес "Емдеу ісі", "Жалпы медицина", "Педиатрия" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар қызметкерлер көрсетеді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Жедел медициналық жәрдемді шақырту" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "103" нөміріне қоңырау соғады не мобильді қосымшаларды (мессенджерлер, чат-боттар) оның ішінде геолокация көрсетіле отырып пайдаланады.
"Жедел медициналық жәрдемді шақырту" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 2-тармағына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде мемлекеттік сараптама ұйымы "цифрлық үкімет" операторына көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
ЖМЖ бригадасын шақырту орнына жібергеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші геосервистер кеңістіктік деректер арқылы нақты уақыт режимінде бригаданың орналасқан жерін және шақырту орнына қарай қозғалысын қадағалау мүмкіндігін бере отырып көрсетілетін қызметті алушыны бригаданың бағыты туралы автоматты түрде хабардар етуді қамтамасыз етеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. ЖМЖ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалған құрам мамандандырылған (дәрігерлік), фельдшерлік және мобильдік бригадаларымен көрсетіледі.
ЖМЖ станциялары жанындағы мамандарды шұғыл медициналық көмек көрсетудің практикалық дағдыларына, коммуникативтік дағдыларға және стресске төзімділік негіздеріне үздіксіз негізде оқыту қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген білім беру және ғылыми ұйымдармен жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша құзыреттілік алуы Кодекстің 221-бабының 6-тармағына сәйкес қосымша және формальды емес білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ауылдық елді мекендерде ЖМЖ шақыртуларына қызмет көрсету үшін ЖМЖС аудандық кіші станциясының диспетчері жақын жердегі медициналық ұйымдардың мамандары мен санитариялық автокөлікті тартады.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша елді мекендерде ЖМЖ функциялары, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының мобильді бригадасының шақыртуларына қызмет көрсету (бұдан әрі – МСАК ұйымдары) "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 тіркелді) (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшаның 15-жолына сәйкес жедел медициналық жәрдем көрсетуге лицензиясы бар медициналық ұйымдар немесе денсаулық сақтау субъектілері бірлесіп орындау шартының жағдайларында беріледі.";
9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кезек күттірмейтін жай-күй – жіті аурудан немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. 1, 2, 3-жеделділік санаттарының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМЖС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды ЖМЖС фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді.
Бригаданы шақыртуға тағайындағаннан кейін автоматтандырылған басқару жүйесі шақырушы адамды автоматты түрде хабардар ету және геосервистермен кеңістіктік деректермен интеграциялық өзара іс-қимыл жасау арқылы нақты уақыт режимінде шақырту орнына бағытталған бригаданың орналасқан жері мен қозғалысын көрсету үшін қажетті мәліметтерді беруді қамтамасыз етеді.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Кезек күттірмейтін жай-күйлердің себептері бойынша шақыртулар келіп түскен кезде ЖМЖ станциясының диспетчері автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы оларды МСАК ұйымдарының мобильді бригадаларына олардың жұмыс уақытында (жұмыс күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін) береді.
МСАК ұйымдарына одан әрі жолдауға жататын шақыртуларды тіркеу жұмыс күндері сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні сағат 8.00-ден 12.00-ге дейін жүзеге асырылады.
МСАК ұйымдарына жұмыс сағаттарынан тыс келіп түскен кезек күттірмейтін жай-күйлердің себептері бойынша шақыртуларға ЖМЖС бригадасы қызмет көрсетеді.
12. ЖМЖС диспетчерінен шақырту алған сәттен бастап фельдшерлік, мамандандырылған (дәрігерлік) және мобильдік бригадалардың пациенттің орналасқан жеріне дейін келу уақыты:
1-жеделділік санаты - он минутқа дейін;
2-жеделділік санаты - он бес минутқа дейін;
3-жеделділік санаты - отыз минутқа дейін;
кезек күттірмейтін жай-күйде - алпыс минутқа дейін құрайды.";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Кезек күттірмейтін жай-күйлер бойынша шақыртуларға МСАК ұйымдарының мобильді бригадалары пациенттің бекітілу орнына қарамастан, оның қызмет көрсету аймағында нақты болған жері бойынша қызмет көрсетеді.
Ауылдық елді мекендерде мобильді бригадалардың шақыртуларына қызмет көрсету Сатып алу қағидаларына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшаның 15-жолына сәйкес жедел медициналық жәрдем көрсетуге лицензиясы бар медициналық ұйымдар немесе денсаулық сақтау субъектілерінің бірлесіп орындау шарты арқылы осы көрсетілетін қызметті беруге рұқсат етіледі.
МСАК ұйымдарында мобильді бригадалар бекітілген 25 мың халыққа шаққанда 1 (бір) бригада есебінен қалыптастырылады.
МСАК ұйымына бекітілген халық саны 25 мыңнан аз болған жағдайда кемінде 1 (бір) бригада құрылады.
Мобильді бригадалар саны эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты ұлғайтылады.
15. Бригада қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайларда шақыртуға қызмет көрсету аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Аумақтық ішкі істер органдарының өкілдері болмаған жағдайда ЖМЖС бригадалары мен МСАК ұйымдарының мобилді бригадалары диспетчерге рация және (немесе) мобильдік байланыс арқылы өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғаны туралы хабарлайды. Шақыртуға одан әрі қызмет көрсету аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
ЖМЖ бригадасы жалғыз ата-ананы (заңды өкілді) емдеуге жатқызған жағдайда, қараусыз қалған кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға одан әрі орналастыру үшін аумақтық ішкі істер органдарының өкілдеріне берілуге тиіс.";
16-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"пациентті стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға (бұдан әрі – стационар) тасымалдау;";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Емдеуге жатқызуға мұқтаж емес пациент шақырту орнында немесе үйде қалдырған жағдайда, ЖМЖС бригадасы немесе МСАК ұйымының мобильдік бригадасы МСАК ұйымына одан әрі жүгінуі үшін (тұрғылықты жері немесе бекітілген жері бойынша) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) "Учаскелік дәрігерге дабыл парағын" № 086/е нысанды ұсынады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. ЖМЖ және МСАК бригадасы дәрілік заттарға рецепт жазбай, еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтарды бермей, қайтыс болу фактісін куәландыруды жүргізбей және қайтыс болу туралы қорытынды бермей, алкогольдік және есірткілік масаң күйде болу нысанасына куәландыруды жүргізбей шақыртуға қызмет көрсетеді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Пациенттің өміріне қауіп төнген жағдайда (жіті жүрек-тамыр және тыныс алу функцияларының жеткіліксіздігі) оны тасымалдау пациенттің бекітілу орнына қарамастан шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсететін жақын жердегі стационардың қабылдау бөлімшесіне жүзеге асырылады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Пациентті тапсырғаннан кейін ЖМЖС бригадасының фельдшері немесе дәрігері ЖМЖС диспетчеріне шақыртудың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Кезек күттірмейтін жай-күйлер бойынша шақыртуға қызмет көрсеткеннен кейін МСАК мобильдік бригадасы ЖМЖС диспетчеріне шақыртудың аяқталғаны туралы хабарлайды.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Қажетті кластағы санитариялық автокөлік болмаған жағдайда бригаданың шығуы қолда бар бос санитариялық автокөлікпен жүзеге асырылады. Көшпелі бригада қажетті кластағы санитариялық автокөлік келгенге дейін емдеу іс-шараларын өткізуді жалғастырады немесе пациентті жақын жердегі стационарға тасымалдауды қамтамасыз етеді.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайлары кезінде санитариялық автокөліктің кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін санитариялық автокөлік ЖМЖ бригадасы шыққан кезден бастап шақырту орнына дейін және пациентті стационарға тасымалдау кезінде "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 тіркелді) сәйкес ең жоғарғы деңгейде арнаулы дыбыстық сигналды (сирена) береді және көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маякты іске қосады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Кезек күттірмейтін жай-күйлер бойынша шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін МСАК ұйымдарының мобильдік бригадаларының кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуі МСАК мобильдік бригадасының орналасқан жеріне мониторинг жүргізу үшін GPS-қадағалау және бейнебақылау жүйелерімен, шақыртуларды қабылдау және өңдеу бойынша автоматтандырылған басқару жүйелерімен (бұдан әрі – "АБЖ" шақыртуларымен) жарақтандырылған ЖМЖС немесе МСАК ұйымының "А" классты санитариялық автокөлігін және (немесе) медициналық көмектің мамандандырылмаған жеңіл автомобильді пайдалануды көздейді.";
44-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Облыс орталықтарындағы облыстық станция және республикалық маңызы бар қалалардағы қалалық станция мобильдік бригадалардың жұмысын қоса алғанда, өңірдегі жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек қызметінің үйлестірушісі болып табылады.";
46, 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың ЖМЖС ЖМЖ бригадалары қызмет көрсететін шақыртуларды навигациялық жүйелер арқылы санитариялық автокөлікке мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін "АБЖ" және сондай-ақ абоненттермен диалогтарды компьютерлік жазу жүйесімен және қоңырау келіп түсетін телефон нөмірін автоматты анықтаушпен жабдықталады. Диалог жазбаларын сақтау кемінде 2 жыл жүзеге асырылады.
47. ЖМЖ және МСАК бригадалары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен (бұдан әрі - МБ мен ДЗ) қамтамасыз етіледі және оның қажетті қоры болады.
ЖМЖ және МСАК бригадаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пациенттерге қызмет көрсету орындарында және стационарға пациентті тасымалдау барысы бойынша қабылдау бөлімшесінің медицина персоналына тапсырғанға дейін айналасындағы жағдайды аудио-бейне тіркеу үшін рациялармен және алынып-салынатын бейне жетондармен, мобильдік камералармен жарақтандырылады.
ЖМЖ және МСАК бригадалары жоғарыда көрсетілген қосымшаға сәйкес шақырту кезекшілігі алдында МБ мен ДЗ қамтамасыз етіледі. Әрбір жұмсалатын препарат АБЖ-да тіркеледі және медициналық жәшіктерді жасақтау бөлімінде немесе станцияның/қосалқы станцияның препараттарды жинау кабинетінде жинақталады. Кейін МБ мен ДЗ қабылдау-беру журналындағы үзінді көшірмелер арқылы басқа ауысымға беріледі.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына шағым беріледі.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына тікелей келіп түскен қызметті алушының мемлекеттік қызметті шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Үйлестіру ұйымында және медициналық авиация бөлімшелерінде тәуліктік диспетчерлік посттар ұйымдастырылады, олар өзара, медициналық ұйымдармен, әуе кемелерін пайдаланушылармен, әуе кемелерінің ұшқыштарымен, МАМБ үнемі байланыс жүргізеді.
Үйлестіру ұйымы:
ЖМЖ, МСАК ұйымдары мен медициналық авиация бөлімшелерінің қызметіне, ЖМЖ станциялары мен республикалық және облыстық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылға мониторинг және үйлестіруді;
жол-көлік оқиғалары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі медициналық-санитариялық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде ішкі істер органдары мен Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды;
электронды-цифрлық картада ЖМЖС бригадаларының санитариялық автокөлігінің және медициналық авиакөліктердің қозғалысының GPS-мониторингін;
оқыту-тренингтік орталықта жедел және кезек күттірмейтін көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша оқытуды жүзеге асырады.";
көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қағидаларға 2-қосымшада:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. ЖМЖ бригадасы келгенге дейін диспетчер шақыртушыға мынадай жағдайлар: жүрек қызметінің тоқтауы, тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі, жүрек-тамыр жеткіліксіздігі, ересектерде, балаларда және жаңа туған нәрестелерде жоғарғы тыныс алу жолына бөгде зат түскен; жіті коронарлық синдром кезінде, ми қан айналымының жіті бұзылуы, гипертониялық криз, гипо-гипергликемиялық жай-күйі, есінен айырылу, қан кету, құрысулар, үйде босану кезінде телефон арқылы консультация береді."
көрсетілген қағидаларға 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"Жедел медициналық жәрдем шақырту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мамандандырылған (дәрігерлік), фельдшерлік және мобильдік бригадалардың құрамы:
1. Мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамына: дәрігер; фельдшер; парамедик және (немесе) жүргізуші кіреді.
2. Фельдшерлік бригаданың шақыртудың жеделділік санаттарына байланысты құрамына:
1) бір фельдшер; парамедик және (немесе) жүргізуші;
2) екі фельдшер; парамедик және (немесе) жүргізуші кіреді.
3. Мобильдік бригаданың құрамына: фельдшер, дәрігер (қажет болған жағдайда); парамедик және (немесе) жүргізуші кіреді.
Санитариялық автокөлік жүргізушілері тиісті даярлықтан, "Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21814 тіркелді) алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытудан өтеді.
Жедел медициналық жәрдем шақыртуларының жеделділік санаттарының тізбесі
Санаттың сипаттамасы | Коды | Шақыртудың себебі |
1 | 2 | 3 |
1.1 - жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 10 минутқа дейін) | ||
Өміріне тікелей қауіп төнетін жедел медициналық жәрдемді талап ететін пациенттің жай-күйі | 1.1 | Есінен айырылу (кез-келген генез) |
1.2 | Тыныс алуының тоқтауы | |
1.3 | Жүрек қызметінің тоқтауы | |
1.4 | Тыныс алу жолдарындағы бөгде дене | |
1.5 | Шок | |
1.6 | Құрысқақ | |
1.7 | Кеуде қуысындағы ауырсыну | |
1.8 | Парездер мен плегиялар (алғаш туындаған) | |
1.9 | Қан кетумен көптеген жарақаттар мен жаралар | |
1.10 | Қан кетумен жарақат | |
1.11 | Қан кетумен оқшауланған жарақат (бас, мойын) | |
1.12 | Ауқымды күйік пен үсік | |
1.13 | Жануарлар мен жәндіктердің тістеп (шағып) алуы (анафилаксиялық шоктың даму қаупі) | |
1.14 | Электрожарақат | |
1.15 | Қан құсу | |
1.16 | Асқынулары бар босанулар | |
1.17 | Одан әрі трасплантаттау үшін тіндерді (тіндердің бөліктерін), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау | |
1.18 | Төтенше жағдайлар | |
2 - жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 15 минутқа дейін) | ||
Өміріне әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі | 2.1 | Одан әрі әлсіреу үрдісімен естің бұзылуы |
2.2 | Сыртқы тыныс алудың айқын бұзылулары | |
2.3 | Жүрек ритмінің бұзылуы | |
2.4 | Гемодинамикасы тұрақсыз. Шок, асқынған криз дамуының жоғары қаупі | |
2.5 | Жоғары температура жағдайындағы бөртпе | |
2.6 | Қан кетумен оқшауланған жарақат | |
2.7 | Улы заттармен улану | |
2.8 | Атипиялық ауырсынулар (жіті коронарлық синдромға күдіктену) | |
2.9 | Жүкті әйелдердің бас ауруы | |
2.10 | Әртүрлі этиологиядағы психоз | |
3 - жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 30 минутқа дейін) | ||
Денсаулығына әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі | 3.1 | Қан кетусіз оқшауланған жарақат |
3.2 | Іштің ауруы (жіті іштің ауруы) | |
3.3 | 3 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдердегі 38º С жоғары температура | |
3.4 | Физиологиялық босанулар | |
3.5 | Жүкті әйелдердегі іш ауруы (жүктілікті үзу қатері) | |
3.6 | Балалардағы шектелген күйік пен үсу. | |
3.7 | Құсу + сусызданудың ауыр белгілерімен сұйық нәжіс | |
3.8 | Жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін) | |
3.9 | Босанулардан, аборттардан кейінгі қабыну аурулары | |
4. Кезек күттірмейтін жай-күйлер (бригаданың келу уақыты – 60 минутқа дейін) | ||
Пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнбеген кезде, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз жіті аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған пациенттің жай-күйі | 4.1 | Жіті аурулар немесе өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы |
4.2 | Терінің және теріастының жіті қабынған және аллергиялық аурулары | |
4.3 | Жеңіл жарақаттар (терең емес жарақаттар, күйіктер, соғып алу, жара) | |
4.4 | Созылмалы аурулардың салдарынан ауырсыну синдромы | |
4.5 | Несеп шығару жүйесі ағзаларының созылмалы ауруларынан туындаған несептің жіті жүрмей қалуы | |
4.6 | Қан аралас несеп | |
4.7 | Тыныс алу жолдарынан басқа бөгде денелер | |
4.8 | Медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жай-күйлер | |
4.9 | Жануарлар мен жәндіктердің тістеп (шағып) алуы | |
4.10 | Артериялық гипертензия (криздің асқынуынсыз) | |
4.11 | Өздігінен түспейтін жоғары температура | |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының мобильдік бригадаларының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі
Жиналмалы сөмкені жарақтандыру | ||||
№ | АТХ коды | Фармакологиялық топ (ХПА) | Дәрілік нысаны | Өлшем бірлігі |
A | Асқазан жолы және зат алмасу | |||
A03 | АІЖ тарапынан болған функциялық бұзылуларды емдеуге арналған препараттар | |||
A03A | Ішек қызметінің бұзылуы кезінде қолданылатын препараттар | |||
A03AX | Ішек қызметінің бұзылулары кезінде қолданылатын басқа да препараттар | |||
1 | Платифиллин | инъекцияға арналған ерітінді 0,2%, 1 мл | ампула | |
A03F | АІЖ моторикасын ширатқыштар | |||
2 | A03FA01 | Метоклопрамид | инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%, 2 мл | ампула |
B | Қан түзу және қан | |||
B01 | Антикоагулянттар | |||
B01AC | Тромбқа қарсы препараттар, тромбоциттер агрегациясының ингибиторлары (гепаринді қоспағанда) | |||
3 | B01AC04 | Клопидогрел | қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг | таблетка |
B02B | K дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар | |||
B02BX | Жүйелі қолдануға арналған басқа да қан тоқтатын препараттар | |||
4 | B02BX01 | Этамзилат | инъекцияға арналған ерітінді, 12,5%, 2 мл | ампула |
B05 | Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер | |||
B05B | Венаішілік енгізуге арналған ерітінді | |||
B05BB | Су-электролитті теңгеріміне әсері бар ерітінділер | |||
5 | B05BB01 | Натрии хлориді | инъекцияға арналған ерітінді, 0,9%, 5 мл | ампула |
B05C | Ирригациялық ерітінділер | |||
B05CB | Тұзды ерітінділер | |||
6 | B05CB01 | Натрии хлориді | 200,250, 400 мл-ден инфузияға арналған ерітінді, 0,9% | құты |
B05X | Венаішілік енгізуге арналған ерітінділерге қоспалар | |||
B05XA | Электролитті ерітінділер | |||
7 | B05XA05 | Магний сульфаты | инъекцияға арналған ерітінді, 25%, 5 мл | ампула |
C | Жүрек-тамыр жүйесі | |||
C01 | Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар | |||
C01C | Жүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препараттар | |||
C01CA | Адренергетиктер мен допаминомиметиктер | |||
8 | C01CA24 | Эпинефрин | инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 %, 1 мл | ампула |
C01D | Жүрек ауруларын емдеуде қолданылатын шеткі тамыр кеңейткіштер | |||
C01DA | Органикалық нитраттар | |||
9 | C01DA02 | Нитроглицерин | дозасы бар тіл асты аэрозолі 0,4 мг/доза 10г | құты |
10 | C01DA08 | Изосорбид динитраты | 1 мг/мл 10 мл/аэрозоль инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентрат | ампула (құты) |
C03 | Диуретиктер | |||
C03C | "Ілмек" диуретиктер | |||
C03CA | Сульфонамидті диуретиктер | |||
11 | C03CA01 | Фуросемид | инъекцияға арналған ерітінді, 1%, 2 мл | ампула |
C09 | Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препараттар | |||
C09A | Ангиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары | |||
12 | C09AA01 | Каптоприл | таблеткалар, 25 мг | таблетка |
13 | C09AA02 | Эналаприл | инъекцияға арналған ерітінді,1,25 мг/мл, 1 мл | ампула |
D | Дерматология | |||
D03 | Жарақаттар мен жараны емдеуге арналған препараттар | |||
D03A | Қалыпты тыртықтануға ықпал ететін препараттар | |||
14 | D03AX03 | Декспантенол | сыртқа пайдалануға арналған аэрозоль | құты |
D08 | Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар | |||
D08AG | Йод препараттары | |||
15 | D08AG03 | Йод | 5%спиртті ерітінді, 20 мл | құты |
D08AX | Өзге де антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар | |||
16 | D08AX01 | Су тетігінің асқын тотығы | 3% сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 50 мл | құты |
17 | D08AX08 | Этанол | 70% сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 50 мл | құты |
H | Жыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар | |||
H02 | Жүйелі қолдануға арналған кортикостероидтар | |||
H02A | Жүйелі қолдануға арналған кортикостероидтар | |||
H02AB | Глюкокортикоидтар | |||
18 | H02AB06 | Преднизолон | инъекцияға арналған ерітінді 30 мг/мл 1 мл | ампула |
M | Сүйек-бұлшықет жүйесі | |||
M01 | Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар | |||
M01A | Стероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар | |||
M01AE | Туынды пропион қышқылы | |||
19 | M01AE01 | Ибупрофен | ішке қабылдауға арналған суспензия, 100 мг/5 мл 100 мл | құты |
20 | M01AE03 | Кетопрофен | инъекцияға арналған ерітінді 100 мг/2 мл | ампула |
N02 | Анальгетиктер | |||
N02B | Анальгетиктер және антипиретиктер | |||
N02BA | Салицил қышқылы және оның туындылары | |||
21 | N02BA01 | Ацетилсалицил қышқылы | таблетка, 500 мг | таблетка |
N02BE | Анилидтер | |||
22 | N02BE01 | Парацетамол | таблеткалар, 500 мг; тік ішек суппозиториилері, 80 мг, 100 мг, 250 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл 100 мл | таблетка / суппозиториилер/ суспензия |
N03 | Эпилепсияға қарсы препараттар | |||
N03AG | Май қышқылдарының туындылары | |||
23 | N03AG01 | Вальпров қышқылы | инъекцияға арналған ерітінді, 100 мг/мл | ампула |
R | Тыныс алу жүйесі | |||
R03 | Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар | |||
R03A | Ингаляцияға қолдануға арналған симпатомиметиктер | |||
R03AC | Селективті бета-2-адреномиметиктер | |||
24 | R03AC02 | Сальбутамол | ингаляцияға арналған аэрозоль100 мкг/доза, 200 доза | құты |
R06 | Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар | |||
R06AA | Аминоалкильді эфирлер | |||
25 | R06AA02 | Дифенгидрамин | инъекцияға арналған ерітінді, 1%, 1 мл | ампула |
R06AC | Этилендиамин алмастырғыштар | |||
26 | R06AC03 | Хлоропирамин | инъекцияға арналған ерітінді, 20 мг/мл 1 мл | ампула |
R07 | Тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар | |||
27 | R07AB | Аммиак | ерітінді 10%, 20 мл, 40 мл | құты |
Медициналық бұйымдар
№ | Атауы |
1 | Тінді кесуге арналған қайшы |
2 | Автоматты бекіткіші бар қыспалы жгут |
3 | Бір реттік шприцтер 2,0; 5,0; 10,0; 20,0 |
4 | Венаішілік инфузияға арналған бір реттік жүйе |
5 | Стерильді емес қолғаптар |
6 | Жарық терапиясына арналған шпатель |
7 | Бір реттік маскалар |
8 | Жабысқақ лейкопластырь |
9 | Фонедоскоп |
10 | Тонометр |
11 | Дене температурасын анықтауға арналған электрондық термометр |
12 | Медициналық көмекке арналған жиналмалы сөмке |
13 | Катетері бар венаішілік канюля (өлшемі 16, 18, 20, 22, 24), бір реттік, стерильді (3 данадан) |
14 | "Бабочка" инесі (өлшемі 23 және 24), бір реттік, стерильді (3 данадан) |
15 | Мақта және (немесе) спиртті сүрткіштер (қажеттілігі бойынша саны) |
16 | Бинттер (стерильді, стерильді емес) |
17 | А класындағы қалдықтарға арналған пакет |
18 | Б класындағы қалдықтарға арналған пакет |
19 | Өткір құралдарды жинауға арналған В класындағы контейнер сыйымдылығы (қауіпті қалдықтар) (бір реттік), 250 мл |
20 | Ересектерге және балаларға арналған датчиктері бар портативті көліктік пульсоксиметр |
21 | Тест-жолақтар және скарификаторлар жиынтығымен қандағы портативті глюкоза концентрациясының экспресс-өлшеуіші |
22 | Үш арналы автоматты режимі бар электрокардиограф (дисплейі бар, 12 тіркеменің синхронды жазбасы, үш және одан көп тіркемені графикалық бейнелеу, кейіннен қосымша сигналды өңдеумен, телеметрия функцияларымен компьютерге қосу мүмкіндігімен электрокардиограмманы қайта жаңарту) |