Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 қазанда № 40061 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2026 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 383 бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32599 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32989 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (бұдан әрі – "ЕРДО" АҚ) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, уәкілетті мемлекеттік органның жанындағы, әлеуметтік қызметтер порталын сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен келіп түскен мәліметтерге өнім беруші мынадай деректерді өз бетінше енгізеді:

      1) өнім беруші туралы деректер (байланыс телефон нөмірі, тіркелген мекенжайы және электрондық пошта мекенжайы, сайт мекенжайы (болған жағдайда), сондай-ақ олардың өзгерістері туралы;

      2) өнім берушінің банк деректемелері;

      3) тауар (лар) және (немесе) көрсетілетін қызмет (көрсетілетін қызметтер) туралы мәліметтер, оның ішінде тиісті Сыныптауышқа сәйкес атауы, тауардың сипаттамасы (саудалық атауы, артикулы (бар болса), тауарды өндіруші, салмағы, габариттері);

      4) жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе жалдау құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді қоса бере отырып, қызмет көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мекенжайы (мекенжайлары);

      5) тауар (лар) дың қоймадағы саны туралы мәліметтер, олардың сатып алынғанын растайтын құжаттарды, сақтау орны мен шарттарын көрсете отырып, растайтын құжаттарды;

      6) санаторийлік-курорттық ұйымдарда барлық орындардың саны, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен оларды алып жүретін адамдарға ай сайын жалпы төсек-орын санының кемінде 10 пайызы көлемінде берілетін орындар саны;

      7) фотосуреттерін қоса бере отырып, өнім беруші объектісінің (лерінің) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі туралы (санаторийлік-курорттық емдеу, есту-протездік және протездік-ортопедиялық көмек, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер кезінде), мүгедектігі бар адамдарға сүйемелдеу қызметтерін ұсыну (болған жағдайда) туралы мәліметтер;

      8) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жабдықтың болуы (санаторийлік-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, есту аппаратымен қамтамасыз ете отырып есту протездік көмек, сөйлеу процессорын кохлеарлық имплантқа ауыстыру және баптау жөніндегі қызметтер көрсету кезінде) туралы, оның ішінде сатып алу фактісі туралы мәліметтер;

      9) растайтын құжаттарды (дипломдар, сертификаттар, еңбек шарттары) қоса бере отырып, өнім берушінің және (немесе) қызмет көрсететін өнім беруші мамандарының білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер;

      10) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075/е нысан бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі (жеке көмекшінің қызметтерін жеке тұлғалар көрсеткен кезде);

      11) жол жүру бағытын белгілеу, портал арқылы инватакси қызметтерін көрсету маршруты туралы ақпаратты қалыптастыру және орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін қалыптастыру мүмкіндігімен таксиді мобильді қосымша арқылы шақыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін такси ақпараттық-диспетчерлік қызметінің операторымен қолданыстағы шарт;

      12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы шарт;

      13) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған кемінде он автомобиль көлік құралдарының болуы туралы мәліметтер;

      14) мүгедектігі бар адамдарды кресло-арбамен тасымалдауға бейімделген әрбір он автомобиль көлік құралына растайтын құжаттары (мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер көрсету кезінде) қоса берілген кемінде бір инватаксидің болуы туралы мәліметтер;

      15) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызмет көрсету барысында көмек көрсету мәселелері бойынша оқудан өткен, автомобиль көлік құралдарын басқару өтілі кемінде үш жыл жүргізушілермен тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтер;

      16) ұялы байланысты қоса алғанда және өтінімдерді қабылдау үшін Интернет желісі арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын бақылау үшін телефон келіссөздерін жазу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталған өтінімдерді қабылдау үшін кемінде екі телефон нөмірімен жарақтандырылған мүгедектігі бар адамдардан тапсырыстарды қабылдауға арналған диспетчерлік қызметтің болуы туралы мәліметтер;

      17) инватакси тасымалы жүзеге асырылатын, сондай-ақ инватакси қызметтерін көрсететін өнім берушінің автомобиль көлік құралдары бекітіліп берілетін елді мекенде диспетчерлік қызметтің орналасуы туралы мәліметтер.

      Растайтын құжаттар Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталындағы "Өнім берушінің кабинеті" модулінде электрондық түрде тіркеледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Комиссия тіркеу туралы өтінішті, оның ішінде өнім беруші енгізген және мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен келіп түскен мәліметтерді олар келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік цифрлық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімінен шығарылған;";

      16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Осы Қағидалардың 15-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен тиісті деректер келіп түскен кезде өнім берушінің шарттық қатынастарын орындау мүмкіндігімен өнім берушінің өтініштерді, сондай-ақ осы өнім берушілерден мүгедектігі бар адамдардың тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарын беруі автоматты түрде бұғатталады. Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынған деректер апта сайын жаңартылып отырады.

      17. Мүгедектігі бар адам өнім берушінің шарттық қатынастарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірмей Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тиісті ақпаратты орналастырады.

      Өнім берушінің міндеттемелерді тиісінше орындамағаны не орындамағаны туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Комиссия қарайды, ол тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді порталдан алып тастау туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың бар-жоғын айқындайды.

      18. Осы Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда өнім берушінің заңды мекенжайы бойынша Комиссия өнім берушіні порталда тіркеуден шығару туралы шешім қабылдайды және Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында автоматты түрде қалыптастырылған хаттамаға 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес порталда тіркеуден шығару тіркеуден шығарылған күнге бар шарттық міндеттемелерді орындаудан босатпайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Өнім берушіні Порталда:

      осы Қағидалардың 15-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіз бойынша өнім беруші порталда тіркеуден шығарған кезде порталда кейін тіркеу ол туралы мәліметтер тиісті тізілімнен шығарылғаннан кейін жүзеге асырылады;

      осы Қағидалардың 15-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тіркеуден шығарған кезде оны кейін порталда тіркеу тіркеуден шығарылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылады;

      осы Қағидалардың 15-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша өнім берушіні қайта тіркеуге "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ол рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне енгізілген жағдайда жол беріледі;

      Порталда қайта тіркелу Комиссияның оң шешімінен кейін жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Порталда өнім берушінің қызметі туралы ақпарат қалыптастырылады және сақталады, оған өнім берушіні тіркеу және оның мәртебесінің өзгеруі туралы мәліметтер, жүргізілген мониторинг нәтижелері, анықталған бұзушылықтар және олар бойынша қабылданған ден қою шаралары туралы мәліметтер енгізіледі.";

      22, 23, 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді порталға жіберу өнім беруші ұсынған тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. Өнім беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға тауарды (тауарларды) және (немесе) көрсетілетін қызметтерді жіберуге арналған өтінішті (бұдан әрі – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жіберуге арналған өтініш) қалыптастырған кезде мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5), 6), 7), 9) және 11) тармақшаларының мәліметтері тексеріледі.

      Комиссия тауарларды және (немесе) әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді порталға жіберу үшін:

      1) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың сипаттамаларының Сыныптауыштың талаптарына сәйкестігін:

      1-1) берілетін тауарларға сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның болуын;

      1-2) мемлекеттік тіркеуге және қайта тіркелуге тиісті медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігінің болуын;

      1-3) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтер көрсету үшін олардың шыққан жерін, сипаттамасын және бағасын растайтын құжаттардың болуын қарайды.

      Порталда сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер Сыныптауышта көрсетілген сипаттамаларға сәйкес немесе олардан жоғары болуға тиіс;

      2) өнім беруші ұсынған деректер негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін санаторийлік-курорттық ұйымдардың қолжетімділігін;

      3) көрсетілетін қызмет, тауар және оның бейнесі туралы мәліметтерде олардың сипаттамаларына жатпайтын ақпараттың болуын – осы Қағидаларда көзделмеген тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қосымша шарттарын белгілеуді, оның ішінде жарнамаларды, акцияларды, сондай-ақ қосымша тауарлар мен ақшалай сыйақыларды орналастыруды;

      4) осы өнім беруші тауарының осы моделіне қолданыстағы (жарияланған) өтінімнің болуын қарайды;

      5) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 859 бұйрық) Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында көзделген талаптарға және такси қызметін реттейтін мемлекеттік стандарттарға сәйкестігінің болуын қарайды;

      6) жұмыс берушілермен жасалған еңбек шарттары мен әлеуметтік төлемдер негізінде персонал штаты туралы мәліметтерді;

      7) электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесіндегі тауарлардың қозғалысы туралы мәліметтердің болуын қарайды.

      23. Қарау нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жіберуге өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды және Комиссия мүшелері шешімге ЭЦҚ арқылы қол қояды.

      24. Комиссия мүшелерінің шешімі негізінде "Мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орны" модулінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комиссия туралы үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта хаттама қалыптастырылады.

      25. Комиссия шешімі шығарылғаннан кейін "Өнім берушінің кабинеті" модулінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жіберуге арналған өтініштің мәртебесі: шешім шығарылған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде тауарды өткізуге жіберу және (немесе) көрсетілетін қызметті көрсету мерзімін шектемей жіберу арқылы "Мақұлданды" немесе мынадай бас тарту себептерін көрсете отырып "Бас тартылды" мәртебесі көрсетіледі:

      1) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың сипаттамаларының Сыныптауыштың талаптарына сәйкес келмеуі:

      1-1) берілетін тауарға сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның болмауы;

      1-2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиісті медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігінің болмауы;

      1-3) тауарларды өткізу және (немесе) көрсетілетін қызметтер көрсету үшін олардың шыққан жерін, сипаттамасын және бағасын растайтын құжаттардың болмауы;

      2) мүгедектігі бар адамдар үшін санаторийлік-курорттық ұйымдардың қолжетімсіздігі немесе мүгедектігі бар адамдар үшін санаторийлік-курорттық ұйымдардың қолжетімділігі туралы деректердің болмауы;

      3) осы Қағидалардың 7-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген тауар (лар) және (немесе) көрсетілетін қызметтер туралы деректердің болмауы;

      4) тауардың қысқаша сипаттамасымен (мақсаты, функционалы, техникалық параметрлері) қоса берілетін тауар бейнесінің (фотосуретінің) ақпараттық мәтіндік сипаттамасының болмауы;

      5) электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінде тауарлардың қозғалысы туралы мәліметтердің болмауы;

      6) көрсетілетін қызмет, тауар және оның бейнесі туралы мәліметтерде олардың сипаттамаларына жатпайтын ақпараттың көрсетілуі – осы Қағидаларда көзделмеген тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қосымша шарттарының белгіленуі, оның ішінде жарнамалардың, акциялардың, сондай-ақ қосымша тауарлар мен ақшалай сыйақылардың орналастырылуы;

      7) осы өнім беруші тауарының осы моделіне қолданыстағы (жарияланған) өтінімнің болуы;

      8) осы Қағидалардың 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуге тиісті лицензияның болмауы;

      9) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің № 859 бұйрықта көзделген талаптарға және такси қызметін реттейтін мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмеуі.";

      26-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Заңның 18-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтата тұрады.

      Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптардың тізбесіндегі 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері немесе қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы, осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарламаны өтініш берушіге жібере отырып, өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Бұл ретте өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) веб-порталды, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) қызмет берушінің сақтауына қабылданбай, өтініш берушіге қайтарылады.

      Құжаттарды қайта ұсыну өтініш беруші анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте өтініш берушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, аталған мерзім осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні өтініш берушінің бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған күннен бастап қайта басталады.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      15. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы талаптарға сәйкес келген кезде, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімінің маманы құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдаған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде өтініш берушімен тыңдау жүргізілмейді.

      Мемлекеттік корпорация өтініш берушінің абоненттік құрылғысына смс-хабарлама жіберу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабардар етеді.

      Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімінің маманынан хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Заңның 18-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімдерінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтата тұрады.

      Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайларда, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды және веб-портал арқылы өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.

      Құжаттарды қайта ұсынуды өтініш беруші анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.

      Бұл ретте өтініш берушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, бұл мерзім осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер өтініш және (немесе) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар қабылданған күні жойылған жағдайда, өтініш берушінің алғашқы жүгінген күні өтінішті қабылдау күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мәліметтер сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша өтініш берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама береді.

      Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде өтініш берушімен тыңдау жүргізілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 63-1-тармақпен толықтырылсын:

      "63-1. Заңның 18-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімдерінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтата тұрады.

      Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ өтініш беруші осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ТКҚ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды және өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.

      Бұл ретте өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) веб-порталды, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) қызмет берушінің сақтауына қабылданбай, өтініш берушіге қайтарылады.

      Құжаттарды қайта ұсыну өтініш беруші анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте өтініш берушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, бұл мерзім осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ТКҚ мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер өтініш және (немесе) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар қабылданған күні жойылған жағдайда, өтініш берушінің алғашқы жүгінген күні өтінішті қабылдау күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.";

      64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің маманы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      65. Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ТКҚ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімінің маманы құжаттарды бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдаған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ТКҚ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде өтініш берушімен тыңдау жүргізілмейді.

      Қалалық басқармадан, жұмыспен қамту бөлімінен хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы оның абоненттік құрылғысына смс-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

      "75-1. Заңның 18-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтата тұрады.

      Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды және веб-портал арқылы өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.

      Құжаттарды қайта ұсынуды өтініш беруші анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.

      Бұл ретте өтініш берушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, бұл мерзім осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер өтініш және (немесе) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар қабылданған күні жойылған жағдайда, өтініш берушінің алғашқы жүгінген күні өтінішті қабылдау күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ТКҚ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мәліметтер сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімінің мамандары құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша өтініш берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама береді.

      Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ТКҚ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде тыңдау жүргізілмейді.";

      92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Мүгедектігі бар адамдар гигиеналық құралдармен өтініш берген күннен бастап 365 күнге есептелген жылдық норма шегінде қамтамасыз етіледі.

      Егер АОЖБ-да қамтамасыз ету мерзімі бір жылдан аз көзделсе, беру белгіленген жылдық норма шегінде нақты қамтамасыз ету кезеңіне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.";

      93-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) зәрді және (немесе) нәжісті ұстамау типі бойынша жамбас органдарының қызметі бұзылған мүгедектігі бар адамдарға арналған жөргектер – тоқсан сайын кемінде 360 дана қамтамасыз етумен 1460 дана, мүгедектігі бар адамның қалауы бойынша алыс аудандарда (ауылдарда) тұратын адамдарды жылына бір рет мерзімділікпен қамтамасыз ете алады.";

      мынадай мазмұндағы 100-1-тармақпен толықтырылсын:

      "100-1. Заңның 18-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімдерінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтата тұрады.

      Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ өтініш беруші осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес АЖҚ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды және өтініш берушіге осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.

      Бұл ретте өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) веб-порталды, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) қызмет берушінің сақтауына қабылданбай, өтініш берушіге қайтарылады.

      Құжаттарды қайта ұсынуды өтініш беруші анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.

      Бұл ретте өтініш берушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, бұл мерзім осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес АЖҚ мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жалғасады.";

      101 және 102-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің маманы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      102. Осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес АЖҚ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімінің маманы құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдаған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес АЖҚ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде тыңдау жүргізілмейді.

      Мемлекеттік корпорация қалалық басқармадан, жұмыспен қамту бөлімінен хабарлама алғаннан кейін өтініш берушіні мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы оның абоненттік құрылғысына смс-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Проактивті қызмет арқылы кресло-арбаны ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу кезінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес АЖҚ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін цифрлық жүйелерге сұрау салулар "Е-Собес" АЖҚ-дан автоматты түрде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 112-1-тармақпен толықтырылсын:

      "112-1. Заңның 18-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімдерінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтата тұрады.

      Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес ЖТҚ мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды және веб-портал арқылы өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.

      Құжаттарды қайта ұсынуды өтініш беруші анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.

      Бұл ретте өтініш берушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, бұл мерзім осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес ЖТҚ мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер өтініш және (немесе) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар қабылданған күні жойылған жағдайда, өтініш берушінің алғашқы жүгінген күні өтінішті қабылдау күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.";

      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес АЖҚ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мәліметтер сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі құжаттарды бес жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша өтініш берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама береді.

      Осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес АЖҚ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде тыңдау жүргізілмейді.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      реттік нөмірлері 8, 9 және 10-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Ортопедиялық аяқ киім

жылына бір рет маусымдық қажеттілікті ескере отырып, бір жұп жазғы және бір жұп қысқы ортопедиялық аяқ киім

9

Күрделі ортопедиялық аяқ киім (етіктен басқа)

жылына бір рет маусымдық қажеттілікті ескере отырып, бір жұп жазғы және бір жұп қысқы ортопедиялық аяқ киім

10

Аппаратқа немесе протезге арналған аяқ киім

жылына бір рет маусымдық қажеттілікті ескере отырып, бір жұп жазғы және бір жұп қысқы ортопедиялық аяқ киім

  ";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш берушінің келісімі болмауы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатыла тұрған мерзім өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

  ";

      осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 11-қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш берушінің келісімі болмауы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатыла тұрған мерзім өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.".

  ";

      көрсетілген Қағидаларға 13-қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш берушінің келісімі болмауы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатыла тұрған мерзім өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.".

  ".
  Тізбеге 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 180 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 167-бабының 3-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді.

      2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.

2-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      3. Құрам астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімінің өкімімен бекітіледі.

      4. Комиссия Төрағадан, Төрағаның орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы тақ саннан, бірақ кемінде жеті адамнан құралады.

      Комиссияның құрамы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы жергілікті атқарушы органның мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерінен құралады.

      5. Комиссия өз қызметін жүзеге асыру кезінде қажет болған жағдайда тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне қатысты қорытынды дайындау үшін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына өнім берушіні жіберу және (немесе) оны тіркеуден шығару туралы шешім қабылдауға қатысуға құқығы жоқ сарапшыны немесе сарапшылар тобын тарта алады.

      Сарапшы ретінде мынадай адамдарды қоспағанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту саласында арнайы және (немесе) техникалық білімі, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызмет тәжірибесі бар, тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және өзге де құжаттармен) расталған жеке тұлғалар тартылады:

      1) өнім берушілермен және (немесе) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталындағы өнім беруші және (немесе) өнім беруші ретінде тіркелуге үміткерлермен еңбек, шарттық немесе өзге де мүліктік қатынастары бар;

      2) Комиссия мүшелерінің және (немесе) өнім берушілердің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылатын;

      3) Комиссия қабылдайтын шешімнің нәтижесіне мүдделі адамдар.

      6. Комиссия Төрағасы мен Төрағаның орынбасарын сайлау Комиссияның бірінші отырысында әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы орган өкілдері қатарынан ашық дауыс беру арқылы жай көпшілік дауыспен сайланады.

      7. Комиссия Төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын Төрағаның орынбасары орындайды.

3-тарау. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      8. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу және оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу туралы шешімдер қабылдау;

      2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының мәселелері бойынша өтініштерді қарау.

      9. Комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:

      1) "Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32989 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өнім берушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуге, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығаруға, сондай-ақ тауарды (ларды) және (немесе) қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберуге өтініштерін қарау;

      2) жергілікті атқарушы органның, мүгедектігі бар адамдардың және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының мәселелері бойынша өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарау.

      10. Комиссия өз міндеттері мен функцияларына сәйкес:

      1) өнім берушілердің мүгедектігі бар адамдарға тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді нақты ұсынуын және, сондай-ақ олардың әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы қабылдаған міндеттемелерін орындауын тексеруді жүзеге асырады;

      2) өнім берушілер ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады;

      3) Комиссияның міндеттерін орындау үшін қажетті материалдарды мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады.

4-тарау. Арыздарды, өтініштерді және шағымдарды қарау ерекшеліктері

      11. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу, сондай-ақ тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметті әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматтағы хаттаманы қалыптастыра отырып жүзеге асырылады.

      12. Комиссия Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның, мүгедектігі бар адамдардың және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің өтініштерін қарайды.

      13. Өнім беруші шарттық қатынастарды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы бұзушылықтар анықталған кезде Комиссия 1 (бір) жұмыс күні ішінде жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде жойылмаған жағдайда, Комиссия өнім берушіні әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан шығару туралы шешім қабылдайды.

      14. Мүгедектігі бар адамдарды тауарлармен және (немесе) көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Комиссия әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының деректері негізінде әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің болмауы туралы қорытынды шығарады.

5-тарау. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі

      15. Өнім берушіні әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу және (немесе) тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді порталға жіберу туралы Комиссияның шешімі немесе әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарлар мен қызметтер берушілердің болмауы туралы Комиссияның қорытындысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде Порталда ашық дауыс беру арқылы жай көпшілік дауыспен қабылданады және егер олар үшін Комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі.

      16. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі Комиссияның хаттамасына осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды және ол әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық форматта қалыптастырылады.

      17. Комиссияның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған жағдайда шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

  Әлеуметтік көрсетілетін
қызметтер порталы мәселелері
жөніндегі комиссия туралы
үлгілік ережеге қосымша

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссияның 20___ жылғы ____ _____________ № _____ ХАТТАМАСЫ

      __________________________________________________ комиссиясы (өңір)

      өнім берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      өнім берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      өнім берушінің қызмет түрі __________________________________________

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуге өтінішін;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тауарды (тауарларды) және (немесе) көрсетілетін қызметтерді жіберуге өтінішін;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығаруға өтінішін қарап, мынадай шешім шығарды (қажетін таңдау):

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушіні тіркеу туралы;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушіні тіркеуден бас тарту туралы мынадай себеп бойынша (қажетін таңдау):

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығымен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32989 болып тіркелген) 7-тармағында көрсетілген өнім беруші енгізген мәліметтердің дәйексіздігі;

      ұсынылған құжаттарда қажетті деректемелердің болмауы;

      уәкілетті тұлғаның қолымен расталған және мөрімен (болған жағдайда) бекітілген түзетулерді қоспағанда, ұсынылған құжаттарда анық емес және оқылмайтын жазбалардың, анық өшірулердің, жазбалардың, сызылған сөздердің, шифрланбаған қысқартулардың, түзетулердің болуы;

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 167-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі бойынша тіркеуден бас тарту туралы;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушіні тіркеуден шығару туралы;

      тауарды немесе қызметті әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу туралы;

      тауарды немесе көрсетілетін қызметті әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберуден бас тарту туралы мынадай себеп бойынша (қажетін таңдау):

      тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың сипаттамаларының Сыныптауыштың талаптарына сәйкес келмеуі;

      берілетін тауарға сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның болмауы;

      мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиісті медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігінің болмауы;

      тауарларды өткізу және (немесе) қызметтер көрсету үшін олардың шыққан жерін, сипаттамасын және бағасын растайтын құжаттардың болмауы;

      мүгедектігі бар адамдар үшін санаторийлік-курорттық ұйымдардың қолжетімсіздігі немесе мүгедектігі бар адамдар үшін санаторийлік-курорттық ұйымдардың қолжетімділігі туралы деректердің болмауы;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығымен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32989 болып тіркелген) 7-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген тауар (тауарлар) және (немесе) көрсетілетін қызмет (қызметтер) туралы мәліметтердің болмауы;

      тауар бейнесінің (фотосуретінің) қысқаша сипаттамамен (мақсаты, функционалы, техникалық параметрлері) сүйемелденетін ақпараттық мәтіндік сипаттамасының болмауы;

      электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінде тауарлардың қозғалысы туралы мәліметтердің болмауы;

      көрсетілетін қызмет, тауар және оның бейнесі туралы мәліметтерде олардың сипаттамаларына жатпайтын ақпараттың көрсетілуі – осы Қағидаларда көзделмеген тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қосымша шарттарының белгіленуі, оның ішінде жарнамалардың, акциялардың, сондай-ақ қосымша тауарлар мен ақшалай сыйақылардың орналастырылуы;

      осы өнім беруші тауарының осы моделіне қолданыстағы (жарияланған) өтінімнің болуы;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығымен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32989 болып тіркелген) 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізуге тиісті лицензияның болмауы;

      мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі өнім берушінің Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген).

      _________________________________

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында (тауардың немесе қызметтің атауы)

______________________
(комиссия мүшесінің шешімі)

ЭЦҚ ___________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

 
______________________
(комиссия мүшесінің шешімі)

ЭЦҚ ___________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

 
____________________________
(комиссия Төрағасының
шешімі)

ЭЦҚ ____________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

  Тізбеге 2-қосымша
  Тауарларды және (немесе)
көрсетілетін қызметтерді,
мүгедектігі бар адамдарды
инватаксимен тасымалдау
жөніндегі көрсетілетін
қызметтерді берушілерді
әлеуметтік көрсетілетін
қызметтер порталында тіркеу
немесе оларды тіркеуден
шығару, сондай-ақ тауарларды
және (немесе) көрсетілген
қызметтер порталына жіберу
қағидаларына
3-қосымша

Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу туралы өтініш

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына

      (тауардың және (немесе) көрсетілетін қызметтің атауы)

      жіберуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Өнім беруші _______________________________________________

      (толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Өнім берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

      Қызмет түрі ____________________________________________

      Осы арқылы қоса берілген барлық құжаттар мен мәліметтердің шындыққа сәйкес келетінін және дұрыс екенін растаймын.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығымен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32989 болып тіркелген) 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеруді жүзеге асыруға келісім беремін.

      20__ жылғы "___" __________

      Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған________________

      (өнім берушінің, басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Тізбеге 3-қосымша
"Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес, мүгедектігі бар
адамдарды протездік-
ортопедиялық көмекпен,
техникалық көмекші
(компенсаторлық) құралдармен,
арнаулы жүріп-тұру
құралдарымен, оларды
ауыстыру мерзімдерін қоса
алғанда, қамтамасыз ету"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
4-1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабының 1-тармағын және 20-бабының 2-1-тармағын басшылыққа ала отырып, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай негіздер бойынша тоқтата тұрады (қажеттісінің асты сызылсын):

      1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуы;

      2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы, атап айтқанда:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ... .

      Осыған байланысты Сізге анықталған кемшіліктерді осы хабарламаны алған күннен бастап ___ жұмыс күні ішінде жою және құжаттарды қайта ұсыну қажет.

      Осы хабарлама екі данада, әрбір тарап үшін бір данадан жасалды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      Орындаушы: ____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон: _______________________________________________________

      Алдым: ________________________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      20__ жылғы "___" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады