"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 237 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38737 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 237 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 386 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39486 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;
2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;
3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі