"Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2026 жылғы 5 қазандағы № 365-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 қазанда № 40108 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 20520 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) инвестициялық жобаны орындаушы – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвесторлар тізіліміне енгізілген және мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлға.

      Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушы инвестициялық жобаны орындаушы болып табылады;

      2) өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор – мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлға, сондай-ақ тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлға;

      3) тапсырыс беруші – уәкілетті органға мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөндегі инвестициялық жобаны тізбеге енгізуге өтінім беретін заңды тұлға;

      4) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) ҚР ҚН 1.02-04 "Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы қағидаларына" сәйкес әзірленген инвестициялық жобаның техникалық–экономикалық негіздемесі немесе ҚР ҚН 1.02-03 "Құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы тәртібіне" сәйкес әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы;";

      4-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың болжамды балансына сүйене отырып, жобаны іске асыру жоспарланып отырған өңірде шикізаттың болуын тексереді.";

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін, комиссияның ұсынымын ескере отырып, 2 (екі) жұмыс күні ішінде тізбенің жобасын қалыптастырады және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және тиісті жергілікті атқарушы органдарына келісуге жібереді.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын;

      "13. Өнеркәсіптік тұтынушы-инвестордың инвестициялық жобасын тізбеге енгізу тапсырыс беруші мен газ беруші арасында тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын жеткізу туралы келісім жасасу үшін негіз болып табылады.

      Инвестициялық жобаны орындаушының инвестициялық жобасын тізбеге енгізу оған Заңның 27-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде іске асырылатын, оның ішінде пропан-пропилен және (немесе) бутан-бутилен фракциясының басым құрамы бар сұйытылған мұнай газын сатып алуға мүмкіндік береді.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      3-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      4-тармақта:

      1) тармақшаға орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) газ бағасының өзгеруіне сезімталдық (бұдан әрі – С) жобалардың тиімділік көрсеткіштеріне (NPV, IRR) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы бағасының өзгеруінің әсер ету дәрежесі бойынша бағаланады. Бұл ретте газ бағасының өзгеруі жоба тиімділігі көрсеткіштерінің ең аз нашарлауына әкеп соғатын жобалар ең үздік деп есептеледі:

      егер С 10 %-дан аз болса – көрсеткішке 6 балл беріледі;

      егер С 10 %-дан көп болса – көрсеткішке 3 балл беріледі;";

      5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік жариялағанан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
К. Туткышбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады