"Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 286-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 қазанда № 40151 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18059 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмi (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі) – өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы объектiлердiң, жұмыстарға қатысушылар мен құжаттардың цифрлық дерекқоры;

      2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері – өлшем құралдарының белгіленген метрологиялық сипаттамаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар жиынтығының сипаты;

      3) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін байқаудан өткізу – өлшем құралының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындау және растау үшін салыстырып тексеру әдістемесінің жарамдылығын эксперименталдық растау.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ұйым стандарты түрінде немесе пайдалану құжаттамасының құрамында әзірленетін өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің әзірлеушілері бекітеді және Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталыққа (бұдан әрі – МҒМО) сынақтан өткізу және келісу үшін жіберіледі.

      Салыстырып тексеру әдістемесін сынақтан өткізуді өлшем құралдарының типін бекіту, метрологиялық аттестаттау мақсаттары үшін сынақтар жүргізу кезінде, сондай-ақ салыстырып тексеру әдістемесіне өзгерістер енгізу, өлшем құралының бекітілген типіне салыстырып тексеру әдістемесін ауыстыру және (немесе) салыстырып тексеру әдістемесімен толықтыру қажет болған жағдайда МҒМО жүзеге асырады.

      Өлшем құралын салыстырып тексеру әдістемесіне өзгерістер енгізу, өлшем құралының бекітілген типіне салыстырып тексеру әдістемесін ауыстыру және (немесе) салыстырып тексеру әдістемесімен толықтыру мақсатында сынақтан өткізу өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларына және тексеру нәтижелеріне енгізілген өзгерістердің әсерін бағалау үшін қажетті көлемде жүзеге асырылады.

      Салыстырып тексеру әдістемесіне өзгерістер, ауыстырылған салыстырып тексеру әдістемесі (жаңадан әзірленген) және қосымша салыстырып тексеру әдістемесі сынақтан өткізу аяқталғаннан, МҒМО тиісті қорытындысын ресімдегеннен және ҚР МӨЖ тізілімінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады