Қазақстан Республикасының Экология кодексі 27-бабы 2-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қалдықтарды игеру жөніндегі ұлттық орталығының мынадай:
1) техникалық сүйемелдеуді, функционалдық мүмкіндіктерді дамытуды, пайдаланушыларды қолдауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және өңірлік ақпараттық жүйелермен интеграцияны қоса алғанда, қалдықтарды есепке алу мен мониторингтеудің цифрлық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2) қалдықтардың пайда болуы, жинақталуы, жиналуы, тасымалдануы, қабылдануы, сұрыпталуы, қалпына келтірілуі (қайта өңделуі), кәдеге жаратылуы, залалсыздандырылуы және жойылуы туралы мәліметтерді қоса алғанда, қалдықтарды есепке алу мен мониторингтің цифрлық жүйесіне түсетін деректерді жинау, өңдеу, жүйелеу, сақтау және талдау;
3) қалдықтарды есепке алу мен мониторингтеудің цифрлық жүйесінің деректері негізінде қалдықтарды игеру жүйесін жетілдіру бойынша талдамалық материалдарды, жиынтық есептерді, болжамдар мен ұсыныстарды қалыптастыру, сондай-ақ қалдықтардың түрлері, өңірлер және қалдықтарды игеру инфрақұрылымының объектілері бойынша саланың жай-күйіне талдау жүргізу;
4) қалдықтардың мемлекеттік кадастрын, оның ішінде жойылуы қиын органикалық ластағыштары бар қалдықтар кадастрының бөлімін жүргізу, қалдықтардың мемлекеттік кадастрына енгізілген полигонға жеке тіркеу нөмірін беру;
5) қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша жыл сайынғы шолуды жасау үшін материалдар дайындау және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 384-бабының 1-1-тармағында көзделген ақпаратты ұсыну;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қалдықтарды игеру саласындағы тізілімдерді қалыптастыруы және жүргізу үшін қажетті мәліметтерді (қалдықтарды игеру саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің, тарихи ластану объектілерінің, тау-кен өнеркәсібі қалдықтарын жинаудың жабылған (пайдаланудан шығарылған, таратылған) және қараусыз қалған (иесіз) объектілерінің тізілімдерін) жинауды, сақтауды және өңдеуді жузеге асыру;
7) тарихи жинақталған қалдықтар, проблемалық объектілер және саланың өзге де жүйелі проблемалары бойынша шешімдер әзірлеуді талдамалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру, оның ішінде оларды түгендеу, есепке алу, мониторингтеу, қайта өңдеуге тарту немесе қауіпсіз жою бойынша ұсыныстар дайындау, сондай-ақ тарихи ластануды тарату бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есептерді дайындау;
8) Қазақстан Республикасының қалдықтарды, химиялық заттарды, жойылуы қиын органикалық ластанғыштарды және қауіпті қалдықтарды игеру саласындағы халықаралық шарттар мен конвенциялар шеңберінде міндеттемелерін құзыреті шегінде орындауды ұйымдастырушылық, әдіснамалық және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді жузеге асыру;
9) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын қалдықтармен, химиялық заттармен, жойылуы қиын органикалық ластанғыштар және қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық шарттарда, конвенцияларда көзделген есептердің, ақпараттық және талдамалық материалдардың жобаларын дайындау және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну;
10) қалдықтарды есепке алу мен мониторингтеудің цифрлық жүйесінің деректері негізінде талдамалық тәуекел-индикаторларды қалыптастыру және оларды мемлекеттік реттеу мен бақылау шараларын жоспарлау кезінде пайдалану үшін өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және өзге де мемлекеттік органдарға жіберу;
11) институционалдық модельді жетілдіру, қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және залалсыздандыру инфрақұрылымын дамыту, саланы цифрландыру және қалдықтарды игеру тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындауды қоса алғанда, қалдықтарды игеру жүйесін стратегиялық дамытуды талдамалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
12) қалдықтарды игеру жүйесін есепке алу, мониторингілеу, цифрландыру және талдамалық сүйемелдеу мәселелері бойынша ведомствоаралық және деңгейаралық өзара іс-қимылды үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен, кәсіпкерлік субъектілерімен және қалдықтарды игеру жүйесінің өзге де қатысушыларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
13) қалдықтар мен қайталама ресурстар нарығын дамытуға, қалдықтарды шаруашылық айналымға тартуға, қадағалану тетіктерін, деректер алмасуды және цифрлық сервистерді дамытуға жәрдемдесу;
14) халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру қызметін, экологиялық ағартуды және кәсіпкерлік субъектілерін қалдықтарды игеру мәселелері бойынша ақпараттандыруды жүзеге асыру;
15) қалдықтарды есепке алу мен мониторингтеудің цифрлық жүйесінің деректері негізінде қалдықтарды игеру жүйесінің жай-күйі туралы жыл сайынғы есепті дайындау және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну;
16) қалдықтарды игеру саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу және талдау жүргізу, оны Қазақстан Республикасында енгізу мен қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу функциялары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Ж. Алиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі