"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 13 қазандағы № 510 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 қазанда № 40164 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20482 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) келтірілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 3 (үш) жұмыс күндік мерзім белгіленеді, ол мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды (бұдан әрі – Уәжді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2, 6-3 және 6-4 тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады:

      1) азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған жағдайда, егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алуға құқықтары құқықтық мирасқорлыққа жол берсе;

      2) азамат әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;

      3) мемлекеттік органдарда не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда;

      4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда.

      6-2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:

      1) осы Қағидалардың 9-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қамқоршы тағайындалғанға дейін;

      2) осы Қағидалардың 9-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда – мемлекеттік орган ұстанымын айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;

      3) осы Қағидалардың 9-1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда – 3 (үш) жұмыс күніне тоқтатыла тұрады, бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің жалпы мерзіміне қосылмайды.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.

      6-3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін одан әрі жүзеге асыруға уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әрекет еткен жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін одан әрі жүзеге асыруға уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш мән-жайларына төтенше жағдайдың енгізілуі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындау қаупі немесе туындауы жатады.

      6-4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің тоқтатыла тұруы көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы шешімі жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберілген күннен басталады.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін қажетті ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысымен бекітілген Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларына сәйкестікке тексереді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін - осы Қағидаларға 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты ресімдейді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сымен қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.".

      Көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цирлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Өнеркәсіп және құрылыс министрі
  2026 жылғы 13 қазандағы
  № 510 Бұйрыққа
  қосымша
  "Жеңіл, тау-кен металлургия,
  химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі
  салаларында, сондай-ақ машина
  жасау және құрылыс индустриясында
  тауарларды Еуразиялық
  экономикалық одақтың кедендік
  аумағында/аумағынан тыс қайта
  өңдеудің және ішкі тұтыну үшін
  қайта өңдеудің шарттары
  туралы құжатты беру"
  мемлекеттік қызметті
  көрсету қағидаларына
  1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру".

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру"

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы

1. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру";
2. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру";
3. "Өңдеу шарттары туралы құжат беру тауарларды ішкі тұтыну үшін".

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

4

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері және оның кіші түрлерін (бар болса)

Мемлекеттік қызметтің барлық кіші түрлері бойынша:
"цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі және оның кіші түрлерін (бар болса)

Мемлекеттік қызметтің барлық кіші түрлері бойынша:
8 (сегіз) жұмыс күні

6

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны

Мемлекеттік қызметтің барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (ішінара цифрландырылған)

7

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі және оның кіші түрлерін (бар болса)

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу және жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасауда ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: цифрлық. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтің барлық кіші түрлері бойынша:
ақылы емес.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорациясының цифрлық объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
Сағат 16:30-дан кейін келіп түскен өтініштерді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) портал арқылы жүгінген кезде – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші - www.comprom.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) портал.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш;
2) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын электрондық құжаттың (құжаттардың) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі, тауарларды қайта өңдеу операциялары (технологиялық процеске негізделген), оларды жасау тәсілдері, кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды ұқсату өнімдерінде, қалдықтар мен қалдықтарда сәйкестендіру тәсілдері, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын қосымшалардың және (немесе) оған (оларға) толықтырулардың электрондық көшірмесі;
3) Еуразиялық экономикалық одақтын Сыртқы экономикалық қызметтін тауарлық номенклатурасына сәйкес шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен сыныптамасын, сондай-ақ олардың саны мен құнын растайтын электрондық құжаттың (құжаттардың) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі;
4) электрондық құжаттың (құжаттардың) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі, сандық және (немесе) пайыздық мәндегі қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын есептеу кестесінің электрондық көшірмесі.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш;
2) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын электрондық құжаттың (құжаттардың) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі, тауарларды қайта өңдеу операциялары (технологиялық процеске негізделген), оларды жасау тәсілдері, кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды ұқсату өнімдерінде, қалдықтар мен қалдықтарда сәйкестендіру тәсілдері, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын қосымшалардың және (немесе) оған (оларға) толықтырулардың электрондық көшірмесі;
3) Еуразиялық экономикалық одақтын Сыртқы экономикалық қызметтін тауарлық номенклатурасына сәйкес шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен сыныптамасын, сондай-ақ олардың саны мен құнын растайтын электрондық құжаттың (құжаттардың) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі;
4) электрондық құжат (құжаттар) немесе құжаттың (құжаттардың), сандық және (немесе) пайыздық мәндегі қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын есептеу кестесінің электрондық көшірмесі.
3. Өңдеу шарттары туралы құжат беру тауарларды ішкі тұтыну үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш;
2) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын электрондық құжат (құжаттар) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі, тауарларды қайта өңдеу операциялары (технологиялық процеске негізделген), оларды жасау тәсілдері, кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды ұқсату өнімдерінде, қалдықтар мен қалдықтарда сәйкестендіру тәсілдері, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын қосымшалардың және (немесе) оған (оларға) толықтырулардың электрондық көшірмесі;
3) Еуразиялық экономикалық одақтын Сыртқы экономикалық қызметтін тауарлық номенклатурасына сәйкес шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен сыныптамасын, сондай-ақ олардың саны мен құнын растайтын электрондық құжат (құжаттар) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі;
4) электрондық құжат (құжаттар) немесе құжаттың (құжаттардың), сандық және (немесе) пайыздық мәндегі қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын есептеу кестесінің электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
6) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатыла тұрған мерзім өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

12

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы цифрлық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында – www.gov.kz/memleket/entities/mps, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) порталда.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия,
  ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында,
  сондай-ақ машина жасау және құрылыс
  индустриясында тауарларды
  Еуразиялық экономикалық
  одақтың кедендік
  аумағында/аумағынан тыс қайта
  өңдеудің және ішкі тұтыну үшін
  қайта өңдеудің шарттары туралы
  құжатты беру" Мемлекеттік
  қызмет көрсетуге
  қойылатын негізгі талаптар
  тізбесіне 1-қосымша
  нысан

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Кімге

      __________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      кімнен

      ______________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

ӨТІНІШ

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Тұлғаның атауы

      _______________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлға)

      _____________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)

      2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын (жасаушы) тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер ____________________________________

      (тұлғаның атауы,

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *

      3. Шетелдік тауарлар және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды, саны мен құны) мәліметтер_____________________

      4. Шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ЕАЭО тауарлары туралы (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды және саны) мәліметтер______________________________________

      5. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер_____________________________ ________________________________________________________________

      6. Қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары ___________________________________________________________

      7. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері________________________________________________________

      8. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер _____________________________________________________

      9. Қалдықтар және қалған қалдықтары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)__________________________________

      10. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі ________________________________

      11. Егер тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол берілетін болса, осындай ауыстыру туралы мәліметтер____________________________________

      12. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер___________________________________________________________

      13. Кеден органы (органдары) ______________________________________

      (тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен

      ____________________________________________________________________

      орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)

      14. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер___________________________________________________________

      15. Өзге де мәліметтер ___________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар __________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы ________ ____________________

      (қолы)           (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөрдің орны

      20___ жылғы "____" ________

      Ескертпе:

      * Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады.

  "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия,
  ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында,
  сондай-ақ машина жасау және құрылыс
  индустриясында тауарларды
  Еуразиялық экономикалық
  одақтың кедендік аумағында/
  аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі
  тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары
  туралы құжатты беру"
  Мемлекеттік қызмет көрсетуге
  қойылатын негізгі талаптар
  тізбесіне 2-қосымша
  нысан

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Кімге

      __________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      кімнен_______________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

ӨТІНІШ

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Тұлғаның атауы ______________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлға)

      ____________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)

      2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын (жасаушы) тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер ____________________________________

      (тұлғаның атауы,

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *

      3. ЕАЭО тауарлары және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны) мәліметтер_______ ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер __________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары___________________________________________________________

      6. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер ______________________________________

      7. ЕАЭО тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер ____________________________________________________

      8. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі_________________________________

      9. Егер тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол берілетін болса, осындай ауыстыру туралы мәліметтер__________________________________

      ____________________________________________________________________

      10. Кеден органы (органдары) _____________________________________

      (тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен

      ____________________________________________________________________

      орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)

      11. Қалдықтар, қалған қалдықтар және өндірістік шығындар бойынша (атауы, тауарлар позициясы деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны) мәліметтер______________________________________________________

      12. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер___________________________________________________________

      13. Өзге де мәліметтер____________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы ________ _____________________________

            (қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөрдің орны

      20___ жылғы "____" ________

      Ескертпе:

      * Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады.

  "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия,
  ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында,
  сондай-ақ машина жасау және құрылыс
  индустриясында тауарларды
  Еуразиялық экономикалық
  одақтың кедендік аумағында/
  аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі
  тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары
  туралы құжатты беру"
  Мемлекеттік қызмет көрсетуге
  қойылатын негізгі талаптар
  тізбесіне 3-қосымша
  нысан

Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Кімге

      __________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      кімнен

      ______________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

ӨТІНІШ

      Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Тұлғаның атауы

      ______________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы)

      ____________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)

      2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын (жасаушы) тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер _____________________________________

      (тұлғаның атауы,

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *

      3. Шетел тауарлары және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны) мәліметтер _________________

      ___________________________________________________________________

      4. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер _________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары _________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      6. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар және оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер ______________________________________

      _______________________________________________________________

      7. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер ___________________________________________

      8. Қалдықтар мен қалған қалдықтар туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды, саны және құны)_______________________________________

      9. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі _________________________________

      10. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер _________________________________________________________

      11. Кеден органы (органдары)______________________________________

      (тауарларды қайта өңдеудің кедендік рәсімімен

      ___________________________________________________________________

      орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)

      12. Қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне дейін қалпына келтірудің мүмкін еместігі туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      13. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер ________________

      ____________________________________________________________________

      14. Өзге де мәліметтер ____________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы ________ _____________________________

      (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөрдің орны

      20___ жылғы "____" ________

      Ескертпе:

      * Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады