"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 450 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 қазанда № 40171 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30139 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әкімші – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған және Тізілімді жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

      3) білім беру бағдарламаларының тізілімі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары әзірлеген білім беру бағдарламаларының тізбесін қамтитын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" цифрлық жүйесінің модулі (бұдан әрі – цифрлық жүйе);

      4) микробіліктілік – қысқа мерзімді оқыту кезеңінде алынған кәсіптік стандарт бойынша (немесе тиісті кәсіп шеңберінде) бір жеке еңбек функциясын орындау үшін жеткілікті білім, дағдылар мен құзыреттер көлемі;

      5) өтінім беруші – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым.";

      8-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Микробіліктілік бағдарламаларын қоспағанда, бағдарламаларды, оның ішінде педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын Тізілімге енгізу төрт кезеңде жүргізіледі:";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) білім беру ұйымының бағдарламаны Тізілімге енгізу үшін осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтінімді (бұдан әрі – өтінім) ұсынуы;";

      мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:

      "8-2. Микробіліктілік бағдарламаларын Тізілімге енгізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) білім беру ұйымының осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінім ұсынуы;

      2) әкімшінің өтінімді тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тексеруі және өтінімді пысықтау үшін өтінім берушіге қайта жолдауы (ескертулер болған жағдайда);

      3) әкімшінің Комиссия шешімінің негізінде микробіліктілік бағдарламасын Тізілімге енгізуі не өтінімді кері қайтаруы.

      Микробіліктілік бағдарламалары бойынша өтінімдерді қарауды Комиссия осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      Микробіліктілік бағдарлама бойынша пысықталған өтінімді әкімші осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген тәртіппен қайта қарайды.

      Микробіліктілік бағдарламалары бойынша өтінімдер сарапшыға сараптама жүргізуге жолданбай қаралады. Осы Қағидалардың 12, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 21 және 23-тармақтары микробіліктілік бағдарламалары бойынша өтінімдерді қарауға қолданылмайды.

      Әкімші тізілімге енгізілген микробіліктілік бағдарламаларын жаңартуды осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген тәртіппен, сарапшыға сараптамаға жүргізуге жолдамай жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 25-тармағы микробіліктілік бағдарламаларын жаңартуға қолданылмайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен ұсынылған өтінім тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әкімші өтінімдегі мәліметтердің толықтығына және өтінімнің дұрыс толтырылуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС), ұлттық біліктілік шеңберіне және (немесе) салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

      Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен ұсынылған өтінім осы тармақтың талаптарына сәйкес келген кезде әкімші оны сараптамаға жібереді. Дұрыс толтырылмаған өтінім, себептері көрсетіле отырып, өтінім берушіге пысықтау үшін (бір реттен артық емес) қайтарылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Өтінім беруші бағдарламаны пысықтауды әкімші жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді. Бағдарлама уақтылы пысықталмаса, ол Комиссияның шешімімен кері қайтарылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін сарапшылардың тізімі әкімші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына сараптаманы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы уәкілетті орган ұсынған және осы Қағидалардың 16-тармағының талаптары ескеріле отырып, бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін сарапшылар Тізіміне енгізілген адамдар қатарынан сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырады.

      "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 221-бабының 2-тармағында көзделген сараптамалық қорытындыны береді.";

      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бағдарламаның МЖМБС, ұлттық біліктілік шеңберіне және (немесе) салалық біліктілік шеңберлеріне, "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген кәсіптік стандарттарға (олар болған кезде) (бұдан әрі – кәсіптік стандарттар) сәйкестігіне бағалау жүргізеді.

      "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша бакалавриат бағдарламалары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкестігіне бағаланады.

      "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша бағдарламалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген) Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігіне бағаланады.

      Осы тармақша бойынша бағдарламаларды бағалау білім беру бағдарламасын Тізілімге енгізу және (немесе) жаңарту мақсатында, өтінімде қамтылған мәліметтер негізінде және шегінде жүзеге асырылады;";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінімде бөтен материалдың болғаны анықталған жағдайда (мәтін сәйкестігінің рұқсат етілген шегі – 50 %-дан жоғары емес), сарапшы бағдарламаны кері қайтарады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Өтінім берушінің бағдарламасы Тізілімге:

      1) сарапшылардың оң қорытындыларының болуы, сондай-ақ "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның оң сараптамалық қорытындысының болуы;

      2) білім беру бағдарламасы пәндерінің күтілетін оқыту нәтижелерімен арақатынасы дәрежесіне сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша цифрлық жүйеде есептелетін, оқыту нәтижелерін қалыптастыруға әсер ету коэффициентінің кемінде 75 %-ының (жетпіс бес пайыз) болуы;

      3) бағдарламаны пысықтаудың ең көп санының 2 (екі) реттен артық болмауы, оның ішінде әкімшінің ескертулері бойынша бір пысықтаудан артық болмауы және сарапшылардың ескертулері бойынша бір пысықтаудан артық болмауы шарттары сақталған кезде енгізіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген оқыту нәтижелерін қалыптастыруға әсер ету коэффициенті білім беру бағдарламасы пәндерінің күтілетін оқыту нәтижелерімен арақатынасы дәрежесін көрсетеді және білім беру бағдарламасының МЖМБС талаптарына сәйкестігінің көрсеткіші болып табылмайды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Әкімші келесі жағдайлардың бірі болған кезде бағдарламаны Тізілімнен алып тастайды:

      1) өтінім берушінің алқалы органы отырысының себебі (бағдарламаның өзектілігін жоғалтуы, соңғы төрт жыл ішінде білім алушылар контингентінің болмауы) көрсетілген хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, бағдарламаны Тізілімнен алып тастау туралы өтінім берушінің жазбаша өтініші (еркін нысанда);

      2) ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган ресми ұсынған ақпарат және (немесе) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде өтінім берушіні даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиядан, лицензияға қосымшадан айыру;

      3) танылған аккредиттеу органдарының Тізіліміне енгізілген аккредиттеу органының өзі ресми түрде ұсынған ақпарат негізінде бағдарламаның аккредиттеуін кері қайтарып алуы және (немесе) "бағдарламаны аккредиттемеу" туралы шешім қабылдауы;

      4) білім беру бағдарламасы білім алушылар контингентінің оқуын аяқтау мақсатында ғана іске асырылып, кейіннен өтінім берушінің өтінімі бойынша Тізілімнен алып тасталатын жағдайды қоспағанда, МЖМБС, салалық біліктілік шеңберіне және (немесе) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген кәсіптік стандарттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде бағдарлама жаңартылмаса.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Бағдарлама Тізілімге енгізілгеннен кейін 12 (он екі) ай ішінде тиісті даярлау бағыты бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша болмаған кезде бағдарлама Тізілімнен автоматты түрде алынып тасталуға тиіс.

      Бағдарламаның Тізілімнен алдағы уақытта автоматты түрде алынып тасталатыны туралы өтінім берушіні хабардар ету алып тасталу күніне дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын цифрлық жүйе арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін және оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрі
2026 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 450 бұйрығына
1-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары іске асыратын білім
беру бағдарламаларының
тізілімін жүргізу қағидалары,
сондай-ақ білім беру
бағдарламаларының тізіліміне
енгізу мен одан алып тастау
негіздеріне
1-қосымша
Нысан

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу үшін өтінім

      электрондық нысанда толтырылады* 

1.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы

2.

Білім беру саласы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17565 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына (бұдан әрі - Сыныптауыш) сәйкес білім беру салаларының тізімінен таңдалады)

3.

Даярлау бағыты (Сыныптауышқа сәйкес бағыттар тізімінен таңдалады)

4.

Білім беру бағдарламаларының тобы (білім беру бағдарламалары топтарының Тізбесінен таңдалады)

5.

Білім беру бағдарламасының атауы (Тізілімге енгізу үшін берілетін тиісті білім беру бағдарламасының атауы)

6.

Бағдарламаның мақсаты (білім алушылар алуы тиіс оқыту нәтижелерін қысқа, нақты және синергетикалық біріктіріп тұжырымдалуы тиіс; өзектілік, нақтылық, қол жеткізу өлшемшарттарына сәйкес келуі тиіс)

7.

Бағдарламаның түрі (қолданыстағы бағдарлама – өтінім беруші кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бағдарлама, жаңа бағдарлама-ол тізілімде орналастырылғанға дейін өтінім беруші кадрлар даярлауды жүзеге асырмаған бағдарлама, инновациялық бағдарлама – Қазақстан Республикасында баламасы жоқ және өтінім беруші алғаш іске асыратын бағдарлама)

8.

Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша деңгей

9.

Салалық біліктілік шеңберлері бойынша деңгей

10.

Бағдарламаның айрықша ерекшеліктері

11.

Берілетін дәреже/берілетін біліктілік

12.

Білім алушының оқу қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда, бүкіл оқу кезеңі үшін кредиттердің жалпы көлемі.
Оның ішінде білім беру бағдарламасының құрылымы бойынша кредиттерді бөлу (пәндер циклі және оқу қызметінің түрлері бойынша)

13.

Оқыту тілі (осы бағдарлама оқытудың қандай тілдерін қамтитынын көрсету керек)

14.

Кәсіптік стандарттың атауы, бекітілген күні

15.

Бағдарламаның алқалы басқару органының отырысында бекітілген күні

16.

Кадрлардың даярлау бағыты бойынша лицензиясына қосымшаның бар болуы

17.

Даярлау бағытына лицензиясының нөмірі

18.

Бағдарламаның аккредиттелуінің бар болуы

19.

Күтілетін оқыту нәтижелері
(Оқыту нәтижелері: бағдарламаның мәнмәтінін, деңгейін, көлемін және мазмұнын көрсетеді; берілетін дәреже мен берілетін біліктіліктің базалық деңгейіне сәйкес келеді; өзара байланысты, түсінікті, бағдарламаның оқу жүктемесі шеңберінде қолжетімді, тиісті оқу қызметіне, бағалау әдістері мен өлшемшарттарына байланысты болып табылады)

20.

Пәндер туралы мәліметтер (мынадай компоненттерге сәйкес келетін пәндер көрсетіледі: жоғары оқу орны компоненті, таңдау компоненті):
- пәннің атауы
- пәннің қысқаша сипаттамасы
- цикл
- компонент
- пәннің кредиттегі көлемі
- тиісті оқыту нәтижелері

      * үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілде толтырылады

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрі
2026 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 450 бұйрығына
2-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім
беру ұйымдары іске асыратын
білім беру бағдарламаларының
тізілімін жүргізу қағидалары,
сондай-ақ білім беру
бағдарламаларының тізіліміне
енгізу мен одан алып тастау
негіздеріне
2-қосымша
Нысан

Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасын Тізілімге енгізу үшін өтінім

      электрондық нысанда толтырылады* 

1.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы

2.

Білім беру саласы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17565 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына (бұдан әрі - Сыныптауыш) сәйкес білім беру салаларының тізімінен таңдалады)

3.

Даярлау бағыты (Сыныптауышқа сәйкес бағыттар тізімінен таңдалады)

4.

Білім беру бағдарламасының атауы (Тізілімге енгізу үшін берілетін тиісті білім беру бағдарламасының атауы)

5.

Бағдарламаның мақсаты (білім алушылар алуы тиіс оқыту нәтижелерін қысқа, нақты және синергетикалық біріктіріп тұжырымдалуы тиіс; өзектілік, нақтылық, қол жеткізу өлшемшарттарына сәйкес келуі тиіс)

6.

Бағдарламаның түрі (қолданыстағы бағдарлама – өтінім беруші кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бағдарлама, жаңа бағдарлама – ол тізілімде орналастырылғанға дейін өтінім беруші кадрлар даярлауды жүзеге асырмаған бағдарлама, инновациялық бағдарлама – Қазақстан Республикасында баламасы жоқ және өтінім беруші алғаш іске асыратын бағдарлама)

7.

Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша деңгей

8.

Оқу кезеңі (аймен)

9.

Кредиттердің көлемі (ECTS) 

10.

Оқыту тілі (осы бағдарлама оқытудың қандай тілдерін қамтитынын көрсету керек)

11.

Кәсіптік стандартың атауы, бекітілген күні

12.

Бағдарламаның алқалы басқару органының отырысында бекітілген күні

13.

Кадрлардың даярлау бағыты бойынша лицензиясына қосымшаның бар болуы

14.

Даярлау бағытына лицензиясының нөмірі

15.

Бағдарламаның аккредиттелуінің бар болуы

16.

Күтілетін оқыту нәтижелері

17.

Пәндер туралы мәліметтер (пәндер тізімі көрсетіледі):
- пәннің атауы;
- пәннің қысқаша сипаттамасы;
- пәннің кредиттегі көлемі (ECTS);
- тиісті оқыту нәтижелері.

      * үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілде толтырылады

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрі
2026 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 450 бұйрығына
3-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары іске асыратын білім
беру бағдарламаларының
тізілімін жүргізу қағидалары,
сондай-ақ білім беру
бағдарламаларының тізіліміне
енгізу мен одан алып тастау
негіздеріне
3-қосымша
Нысан

Микробіліктілік бағдарламасын Тізілімге енгізу үшін өтінім

      электрондық нысанда толтырылады *

1.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы

2.

Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы

3.

Кадрларды даярлау бағытына лицензияның нөмірі мен берілген күні

4.

Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша деңгей

5.

Білім беру саласы

6.

Даярлау бағыты 

7.

Микробіліктілік бағдарламасының коды және атауы

8.

Микробіліктіліктің мақсаты

9.

Берілетін микробіліктіліктің атауы

10.

Жүзеге асыру нысаны (дербес білім беру курсы; негізгі білім беру бағдарламасына енгізілген)

11.

Оқыту нысаны (күндізгі, аралас, қашықтан, дуальды)

12.

Бағдарламаның алқалы басқару органының отырысында бекітілген күні

13.

Серіктес ұйымның атауы

14.

Микробіліктілік бағдарламасын аккредиттеудің болуы (аккредиттеу органының атауы)

15.

Кредиттердің көлемі (ECTS)

16.

Оқыту тілі (осы бағдарлама оқытудың қандай тілдерін қамтитынын көрсету керек)

17.

Кәсіптік стандарттың атауы

18.

Кәсіптің атауы (карточкалар)

19.

Еңбек функциясының атауы

20.

Күтілетін оқыту нәтижелері

21.

Қорытынды аттестаттау нысаны

22.

Микробіліктілік бағдарламасының оқыту нәтижелерін растайтын құжат

      * үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілде толтырылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады