Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілер мен импорттаушылардан өзінің банктік шотына қалдықтарды және қайталама ресурстарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы жарнама қызметін, білім беру, маркетингтік іс-шараларды қаржыландыруға түскен ақшаны бағыттау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 15 қазандағы № 274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 қазанда № 40195 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 388-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілер мен импорттаушылардан өзінің банктік шотына қалдықтарды және қайталама ресурстарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы жарнама қызметін, білім беру, маркетингтік іс-шараларды қаржыландыруға түскен ақшаны бағыттау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а.
Ж. Алиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2026 жылғы 15 қазандағы
№ 274 бұйрығымен
бекітілген

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілер мен импорттаушылардан өзінің банктік шотына қалдықтарды және қайталама ресурстарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы жарнама қызметін, білім беру, маркетингтік іс-шараларды қаржыландыруға түскен ақшаны бағыттау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілер мен импорттаушылардан өзінің банктік шотына қалдықтарды және қайталама ресурстарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы жарнама қызметін, білім беру, маркетингтік іс-шараларды қаржыландыруға түскен ақшаны бағыттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 388-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілер мен импорттаушылардан өзінің банктік шотына қалдықтарды және қайталама ресурстарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы жарнама қызметін, білім беру және маркетингтік іс-шараларды қаржыландыруға түскен ақшаны бағыттау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы (бұдан әрі – оператор) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) және оның (олардың) қаптамасы тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      3) өнім беруші – осы Қағидаларда көзделген іс-шараларды жүргізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасылған мемлекеттік сатып алу жеңімпазы;

      4) іс-шара – Кодекстің 388-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген қалдықтармен және екінші реттік ресурстармен жұмыс істеу саласындағы жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ жарнама қызметін, білім беру және маркетингтік іс-шараларды қаржыландыру.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Кодексте және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндерде қолданылады.

      3. Іс-шараларды қаржыландыруды оператор тиісті қаржы жылына арналған оператордың бюджетінде көзделген қаражат шегінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті іс-шараларды мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізуді ескере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, өзінің банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде түскен қаражат есебінен жүзеге асырады.

2-тарау. Іс-шараларды жүргізуді қаржыландыруды жоспарлау

      4. Уәкілетті органның немесе оператордың бастамасы бойынша іс-шараларды қаржыландыруды жоспарлауға:

      1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын, сондай-ақ мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың шараларын;

      2) Кодексте көзделген функциялар мен қызмет бағыттарын және қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған міндеттерді іске асыруға байланысты іс-шараларды жүргізу қажеттілігі негіз болып табылады.

      Іс-шараны жүргізу қажеттілігі атауын (тақырыбын), мақсаты мен міндеттерін, мәнін, күтілетін нәтижелерін, жүргізу мерзімін, оператордың қаражаты есебінен қаржыландыру қажеттілігінің негіздемесін, бюджет қаражаты және (немесе) өзге де қаржыландыру көздері есебінен қаржыландырудың қайталануы жоқтығын, сондай-ақ тиісті міндетті өзге тәсілдермен іске асырудың мүмкін еместігінің негіздемесін көрсете отырып, құжаттамалық негізделуге тиіс.

      Уәкілетті органның бастамасы бойынша іс-шараны қаржыландыруды жоспарлау үшін уәкілетті орган операторға іс-шараны қаржыландыру қажеттілігі туралы жазбаша тапсырма жібереді.

      Оператор өз бастамасы бойынша осы тармақта көзделген мәліметтерді қамтитын іс-шараларды жүргізу қажеттілігін қалыптастырады және оны келісу үшін уәкілетті органға жібереді.

      Осы тармақта көзделген мәліметтер болмаған кезде оператордың іс-шараларды қаржыландыруды жоспарлауына жол берілмейді.

      5. Іс-шаралардың болжамды құнын оператор әлеуетті өнім берушілердің кемінде 3 (үш) салыстырмалы коммерциялық ұсынысын талдау негізінде айқындайды.

      Салыстырмалы коммерциялық ұсыныстардың қажетті санын алу мүмкін болмаған жағдайда, болжамды құн коммерциялық ұсыныстардың қажетті санын алудың мүмкін еместігі себептерін көрсете отырып, қолда бар коммерциялық ұсыныстар және (немесе) ашық мемлекеттік баға тізілімдерінен алынған мәліметтерді қоса алғанда, баға ақпаратының өзге де құжаттамалық расталған көздері негізінде айқындалады.

      Мемлекеттік сатып алу басталғанға дейін іс-шараның болжамды құнына әсер ететін көлемі, мазмұны, сипаттамалары немесе өзге де елеулі шарттары өзгерген жағдайда, оператор осы тармаққа сәйкес іс-шараның болжамды құнын нақтылайды және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оператордың бюджетіне және мемлекеттік сатып алу жоспарына тиісті өзгерістер енгізеді.

      6. Уәкілетті органның іс-шараны қаржыландыру қажеттілігі туралы жазбаша тапсырмасын алғаннан және (немесе) уәкілетті орган оператордың қажеттілігін келіскеннен, оператор іс-шараны жүргізудің негізділігіне және қаржыландырудың қайталануы жоқтығына тексеру жүргізгеннен, сондай-ақ іс-шараның болжамды құны айқындалғаннан кейін оператор өзінің бюджетінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу жоспарында тиісті шығыстарды көздейді.

3-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға дайындық

      7. Іс-шараларды жүргізудің техникалық ерекшелігінің, сондай-ақ әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарының жобалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) сәйкес әзірленеді.

      8. Оператор Мемлекеттік сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қағаз жеткізгіште техникалық ерекшеліктің және әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлейді және келісуге уәкілетті органға жібереді.

      9. Техникалық ерекшелікте іс-шараларды жүргізудің кезеңділігі, аралық және (немесе) қорытынды есептерді ұсыну мерзімдері, ескертпелер енгізу мен нәтижелерді пысықтау тәртібі және қабылдау тәртібі көзделуге тиіс.

      10. Уәкілетті орган оператор ұсынған техникалық ерекшелік пен біліктілік талаптарының жобаларын олар түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қағаз жеткізгіште операторға келісу туралы хатты жібереді немесе оларды пысықтауға қайтарады.

      11. Техникалық ерекшелік пен біліктілік талаптарының жобаларын пысықтауға қайтару үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) техникалық ерекшелік мазмұнының іс-шараларды жүргізудің мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкес келмеуі;

      2) тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің көлемін, мазмұнын, сапасын және нәтижелерін айқындау үшін қажетті талаптардың болмауы немесе жеткіліксіздігі;

      3) техникалық ерекшелік және (немесе) біліктілік талаптарының жобаларында әлеуетті өнім берушілердің белгіленген талаптарға сәйкестігін объективті бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін ережелердің болуы.

      12. Техникалық ерекшелік пен біліктілік талаптарының жобаларын пысықтауға қайтару қайтаруға негіз болған нақты ережелерді, осы Қағидалардың және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті талаптарына сілтемелерді, сондай-ақ ескертпелердің толық тізбесін көрсете отырып, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қағаз жеткізгіште операторға дәлелді хат жібере отырып жүзеге асырылады.

      13. Уәкілетті органнан ескертулер мен ұсыныстар қамтылған хат келіп түскен жағдайда, оператор оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде техникалық ерекшелік пен біліктілік талаптарының жобаларын пысықтайды және оларды келісу үшін уәкілетті органға қайта жолдайды.

      Пысықталған жобалар электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қағаз жеткізгіште жолданады.

      14. Іс-шараларды жүргізуге арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды оператор мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына сәйкес техникалық ерекшелік пен біліктілік талаптарын уәкілетті орган келіскеннен кейін жүзеге асырады.

      15. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауға, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға және орындауға жауаптылықты оператор арқалайды.

4-тарау. Өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін қабылдау тәртібі

      16. Өнім беруші операторға іс-шараларды жүргізу нәтижелері туралы аралық және (немесе) қорытынды есептерді техникалық ерекшелікте және мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген мерзімде әрі нысан бойынша ұсынады.

      Оператор ұсынылған есептердің техникалық ерекшеліктің талаптарына және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкестігін дербес тексереді, сондай-ақ іс-шаралардың толық орындалуын және көзделген мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізілуін тексереді.

      17. Оператор тиісті есепті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес аралық және (немесе) қорытынды есепті тексеруді жүзеге асырады.

      18. Іс-шараны қаржыландыру қажеттілігі туралы уәкілетті органның жазбаша тапсырмасы бойынша орындалатын іс-шаралар бойынша Оператор осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес есепті тексеру аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексерілген есепті электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган есепті алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны техникалық ерекшелікке сәйкестігіне, іс-шараның мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізілуіне, сондай-ақ іс-шараның толық орындалуына қарайды және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қағаз жеткізгіште Операторға есепті келісу туралы хат жібереді немесе есепті пысықтауға қайтарады.

      Аралық есепті қарау кезінде уәкілетті орган техникалық ерекшелік пен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптары шегінде ескертпелер мен ұсыныстар жіберуге құқылы.

      19. Оператордың және (немесе) уәкілетті органның ескертпелері болған кезде Өнім беруші оларды мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген мерзімдерде жояды. Іс-шараларды жүргізу нәтижелері Өнім беруші Оператордың және (немесе) уәкілетті органның өз құзыреті шегінде түскен ескертпелерін жойғаннан кейін және олардың техникалық ерекшелік талаптары мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың шарттарына сәйкестігі расталғаннан кейін қабылдануға тиіс.

      20. Өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін қабылдауды Оператор олардың техникалық ерекшелік талаптарына және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың шарттарына сәйкестігі расталғаннан кейін жүзеге асырады.

      21. Өткізілген іс-шараларды қабылдау нәтижелері бойынша оператор мен өнім беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында және мемлекеттік сатып алу туралы шартта белгіленген тәртіппен орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне қол қояды.

      22. Өткізілген іс-шаралар бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оператор уәкілетті органға қорытынды есепті және өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін қабылдау-өткізу актісі бойынша береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады