"Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 20 қазандағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 қазанда № 40221 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларында:

      оң жақ жоғарғы бұрышын келесі редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 20 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-283/2020
бұйрығымен бекітілген"

      көрсетілген қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 20 қазандағы
№ 145 Бұйрыққа
қосымша
Денсаулық сақтау жүйесі
қызметкерлерінің үздіксіз
кәсіптік даму нәтижелерін
растау, біліктілік деңгейін
беру және растау
қағидаларына
4-қосымша

Бастапқы біліктілік деңгейлері

СБШ біліктілік деңгейі

Денсаулық сақтау саласындағы білім деңгейі

4.0

техникалық және кәсіптік білім

5.0

орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат)

6.0

жоғары білім (академиялық бакалавриат)

7.0 (I)

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (игерілген бакалавриат бағдарламасы негізінде магистратура) және (немесе) практикалық жұмыс тәжірибесі;
немесе жоғары базалық медициналық білім (интернатура) және (немесе) интеграцияланған медициналық білім

7.1 (R)

жоғары оқу орнынан кейінгі білім (резидентура) сертификаттау курсы (мамандандыру үшін*)

8

PhD Докторантура, PhD докторы ғылыми дәрежесі, (Медицина ғылымдарының кандидаттары, медицина ғылымдарының докторы) немесе жоғары медициналық білім және саладағы басқару жұмысының тәжірибесі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады