БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларын, сондай-ақ аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 қыркүйектегі № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33407 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 23-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар.
1) аккредиттелген кәсіптік біліктілікті тану орталықтарының тізілімі (бұдан әрі - аккредиттелген тану орталықтарының тізілімі) – кәсіптік біліктілікті аккредиттелген тану орталықтары және олардың аккредиттеу аттестаттарының мәртебесі туралы, оның ішінде осындай мәртебенің өзгеруі туралы электрондық нысанда жүйеленген ақпарат жиынтығы;
2) біліктілік бағдарламасы – кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде белгілі бір жабдықты, әдіснаманы және (немесе) құралдарды пайдалана отырып, белгілі бір жұмыс жағдайларында білімді, машық пен дағдыны қолдануға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін пайдаланылатын шаралар кешені;
3) кәсіптер тізілімі – кәсіптік біліктілікті тану жүзеге асырылатын кәсіптер бойынша электрондық нысанда жүйеленген ақпарат жиынтығы;
4) кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидат (бұдан әрі – кандидат) – өзінің кәсіптік біліктілігін тану үшін ерікті түрде, өз бетінше немесе жұмыс берушінің жолдамасы бойынша жүгінген жеке тұлға;
5) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;
6) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган (бұдан әрі – Ұлттық орган) – Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғам нысанында құрылатын, Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша консультациялық және әдіснамалық қызметті жүзеге асыратын орган;
7) кәсіптік біліктілікті тану орталығы (бұдан әрі – тану орталығы) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, кәсіптік біліктілікті тануды жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат – кандидаттың кәсіптік біліктілігінің белгілі бір кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындауға қойылатын талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
9) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес (бұдан әрі – салалық кеңес) салалық мемлекеттік орган жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
10) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде кәсіптік біліктілікті тану бойынша басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
12) өтініш беруші – кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға;
13) салалық мемлекеттік органдар – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
14) ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы (бұдан әрі - цифрлық платформа) – Заңның 6-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының порталы.
2-тарау. Тану орталықтарын аккредиттеу тәртібі
1-параграф. Тану орталықтарын аккредиттеудің негізгі кезеңдері
3. Тану орталықтарын аккредиттеу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өтінім және кейіннен аккредиттеуден кейінгі шарт жасасу негізінде ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
4. Тану орталықтарын аккредиттеу процедурасы мынадай негізгі кезеңдерді қамтиды:
1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;
2) ұсынылған құжаттардың сараптау;
3) өтініш берушіні тұрған жері бойынша зерттеп-қарау;
4) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
5) қолданылу мерзімі үш жыл болатын аккредиттеу аттестатын беру;
6) аккредиттеуден кейінгі шарт жасасу.
Осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген кезеңдерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеу өтінімді цифрлық платформада сәйкессіздік себептерін көрсете отырып қайтару үшін негіз болып табылады.
5. Аккредиттеу аттестатын беру, қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату туралы ақпарат цифрлық платформадағы аккредиттелген тану орталықтарының тізіліміне енгізілуі тиіс. Көрсетілген мәліметтерді уәкілетті орган тиісті шешім қабылданған күннен бастап не аккредиттеу аттестатының мәртебесін өзгерту үшін негіз туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізеді.
2-параграф. Өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау және қарау
6. Өтініш беруші аккредиттеуден өту үшін уәкілетті органға цифрлық платформа арқылы электрондық нысанда мынадай құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуге (оның ішінде аккредиттеу аттестатын өзектендіруге / қайта ресімдеуге / оның қолданысын қайта бастау) өтінім;
2) Заңның 24-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес өтініш берушінің қызмет түріне кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметтің енгізілгенін растайтын құрылтай құжаты;
3) меншік құқығында, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығында, бірлескен қызмет туралы шарт негізінде немесе кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен материалдық ресурстарды уақытша иелену мен пайдалануда болуын растайтын құжат;
4) кәсіптер тізілімінде бар кәсіптер бойынша біліктілік бағдарламалардың жобалары;
5) кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, мынадай талаптарға сәйкес келетін білікті персонал туралы мәліметтер:
саланың (аяның) тиісті бағыты бойынша еңбек қызметінің соңғы 5 (бес) жылында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
мәлімделген кәсіптер бойынша салалық біліктілік шеңберінің талаптарына сәйкес келетін білім деңгейінің болуы;
кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы.
6) тану орталығы тартатын білікті персоналдың осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіппен цифрлық платформа арқылы берілетін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерді жинауға, өңдеуге және беруге келісімі.
Өтініш беруші ұсынылған ақпараттың дұрыстығын және құжаттардың түпнұсқалығын қамтамасыз етеді.
7. Өтініш беруші білікті персонал туралы мәліметтерді көрсеткен кезде цифрлық платформа әрбір көрсетілген адамға осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растау үшін қажетті дербес деректерді жинауға, өңдеуге және беруге келісім беруге сұрау салуды жібереді.
Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және беруге келісімді білікті персонал цифрлық платформа тиісті сұрау жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде береді.
Өтініш беруші білікті персонал ретінде көрсеткен кем дегенде бір адам келісім ұсынбаған жағдайда, өтініш беруші осы тұлғаны цифрлық платформа арқылы білікті персонал құрамында басқа тұлғамен ауыстырады.
8. Өтініш берушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер цифрлық платформаны "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен интеграциялау арқылы расталады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көзделген білікті персоналдың еңбек қызметі туралы мәліметтер цифрлық платформаны еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесімен интеграциялау және деректерді жоғары білімнің бірыңғай платформасымен және ұлттық білім беру деректер базасымен автоматты түрде салыстыру арқылы расталады. Көрсетілген мәліметтерді алу үшін өтініш беруші цифрлық платформада білікті персонал ретінде мәлімделген әрбір тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізеді.
9. Мемлекеттік цифрлық жүйелерде тиісті мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші растайтын құжаттарды цифрлық платформа арқылы электрондық нысанда ұсынады.
Интеграция арқылы алынған мәліметтер мен дербес деректер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше мерзім белгіленбесе, аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі ішінде сақталады.
10. Уәкілетті орган цифрлық платформа арқылы өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді қарауды және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, уәкілетті орган тексеру аяқталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды сараптама жүргізу үшін Ұлттық органға жібереді.
3-параграф. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы
11. Ұсынылған құжаттардың сараптамасын Ұлттық орган өтінім келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді. Сарптама барысында Ұлттық орган өтініш берушінің және ол ұсынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көзделген өлшемшарттарға сәйкестігін тексереді.
Сараптама нәтижелері бойынша Ұлттық орган цифрлық платформада:
1) сәйкессіздіктер анықталған кезде өтініш берушіге ескертулерді көрсете отырып, пысықтауға өтінімді қайтарады;
2) өтініш беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген мерзімде ескертулерді жоймаған кезде өтінімді қабылдамайды;
3) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде өтініш берушіге оның орналасқан жері бойынша тексеру жүргізу үшін өтінім жібереді.
Өтінім пысықтауға қайтарылған жағдайда, өтінім беруші ол қайтарылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұлттық орган ұсынылған құжаттарды сараптау нәтижелері бойынша анықтаған ескертулерді жояды және сәйкессіздіктер анықталған өтінімге және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарға тиісті өзгерістер енгізеді.
Ұлттық орган пысықталған өтінімді 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және осы Қағидалардың 11-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шешімдердің бірін қабылдайды.
4-параграф. Өтініш берушіні тұрған жері бойынша зерттеп-қарау
12. Уәкілетті орган зерттеп-қарауды сараптама кезеңі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде фото- және бейнетіркеуді пайдалана отырып, қашықтықтан форматта, цифрлық платформада ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелдеумен жүргізеді.
Өтініш берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда, тексеру мерзімі әрбір бөлімше үшін 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Зерттеп-қарау аяқталған сәттен бастап уәкілетті орган цифрлық платформада 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеп-қарау нәтижелері туралы есепті ресімдейді, онда осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген аккредиттеу өлшемшарттарына өтініш берушінің сәйкестігіне баға беріледі.
5-параграф. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау
13. Өтініш берушіге жүргізілген сараптау және зерттеп-қарау нәтижелері бойынша есеп негізінде уәкілетті орган цифрлық платформа арқылы материалдарды тиісті қызмет саласының салалық кеңесінде қарау үшін салалық мемлекеттік органға жібереді.
Салалық мемлекеттік орган цифрлық платформада материалдар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің ұсынылған құжаттарын тиісті қызмет саласының салалық кеңесінде қарау үшін жібереді.
14. Салалық кеңес цифрлық платформада құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған материалдарды қарайды және дауыс беру арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес автоматты режимде қалыптастырылған хаттама нысанында өтініш берушінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы қорытынды шығарады.
Салалық кеңес мүшесінің "қарсы" дауыс беру туралы шешімі өтініш берушінің осы Қағидалардың талаптарына және осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген аккредиттеу өлшемшарттарына нақты сәйкессіздіктеріне сілтеме жасай отырып, цифрлық платформаға негіздемені міндетті түрде енгізумен сүйемелденеді.
15. Уәкілетті орган тиісті салалық мемлекеттік органның салалық кеңесінің хаттамасы келіп түскен күннен бастап цифрлық платформада 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптама және зерттеп-қарау нәтижелері бойынша есеп нәтижелерін ескере отырып, тану орталығын аккредиттеу туралы не осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге бас тарту негіздері көрсетілген дәлелді жауап цифрлық платформа арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Өтініш беруші аккредиттеуден бас тартуға негіз болған себептер жойылғаннан кейін аккредиттеуге өтініммен қайта жүгінеді.
6-параграф. Аккредиттеу аттестатын беру
16. Аккредиттеу аттестатын беру аккредитттеу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта жүзеге асырылады және тану орталығы туралы мәліметтер осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес аккредиттелген тану орталықтарының тізіліміне енгізіледі.
Өтініш беруші цифрлық платформада аккредиттеу аттестатын беру және тану орталығы туралы мәліметтерді аккредиттелген тану орталықтарының тізіліміне енгізу туралы электрондық хабарлама алады. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап 3 (үш) жылға белгіленеді.
17. Тану орталықтарын қайта аккредиттеу осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген барлық кезеңдер сақтала отырып жүргізіледі. Қайта аккредиттеуге өтінімді өтініш беруші Заңның 23-бабының 5-тармағына сәйкес аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей береді.
Бұрын берілген аккредиттеу аттестатына енгізілмеген кәсіптерге тану орталығын аккредиттеу саласын кеңейту тану орталығын аккредиттеу саласын кеңейтуге қатысты бөлігінде осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып, осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген кезеңдерді сақтай отырып, аккредиттеу жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
7-параграф. Аккредиттеуден кейінгі шартты жасау
18. Аккредиттеу аттестаты берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тану орталығы мен Ұлттық орган арасында Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша және шарттарда аккредиттеуден кейінгі шарт жасалады.
8-параграф. Аккредиттелген тану орталықтарының материалдарын өзектендіру
19. Тану орталығының білікті персоналдың құрамы туралы мәліметтер өзгерген кезде тану орталығы цифрлық платформа арқылы осы Қағидалардың 1-қосымшадағы нысан бойынша аккредиттеу материалдарын өзектендіру туралы өтінім береді.
Ұлттық орган осы Қағидалардың 6-тармағы 5), 6) тармақшаларының талаптарын ескере отырып, 5 (бес) жұмыс күні ішінде сараптау жүргізеді және оларға сәйкес келген жағдайда цифрлық платформадағы ақпаратты өзектендіреді. Сараптау қорытындысы бойынша сәйкес келмеген жағдайда Ұлттық орган цифрлық платформада аккредиттеу аттестатын кері қайтарып ала отырып, уәжді бас тартуды жібереді.
Тану орталықтарының материалдарды қайта өзектендіруі 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Материалдар 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайта өзектендіруге ұсынылмаған жағдайда кері қайтарып алынған аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылады.
3-тарау. Аккредиттеу туралы шешімге шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті органның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезінде шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
4-тарау. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату тәртібі
21. Тану орталығы қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, бөлінген, бөліп шығарылған, қайта құрылған) кезде аккредиттеу аттестаты қайта ресімделуге жатады.
Тану орталығы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу негіздерінің бірі туындаған күннен кейін есептелетін 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы өтінімді цифрлық платформа арқылы береді.
Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген ұсынылған құжаттарды өзгерген мәліметтерге қатысты бөлігінде қарайды.
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы шешім өтініш берушіге өтінім келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде цифрлық платформа арқылы электрондық нысанда жіберіледі.
Қайта ресімдеу кезінде бұрын берілген аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі үзілмейді.
22. Аккредиттеу аттестатын, оның ішінде бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы берген аттестатты уәкілетті орган мынадай:
1) тану орталығының аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы өтінімі болғанда;
2) орталықтың кәсіптік біліктілікті тану тәртібін бұзуы;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген аккредиттеу өлшемшарттарын және аккредиттеуден кейінгі шарттың талаптарын бұзушылықтарды тану орталығының қызметі мониторингінің қорытындылары бойынша анықтау;
4) тану орталығында кәсіптік біліктілікті тану туралы құжатты алған адамдарға қатысты расталған шағымдарды анықтау.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтар Ұлттық органның мониторинг нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу критерийлерінің, постаккредиттеу шартының талаптарының және кәсіптік біліктіліктерді тану тәртібінің бұзылғаны немесе бұзылмағаны туралы мәліметтерді қамтитын қорытындыда (бұдан әрі – қорытынды) тіркеледі, ол шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген шағым уәкілетті орган оны қарау нәтижелері бойынша орталықтың кәсіптік біліктілікті тану туралы құжатты беруге әкеп соққан кәсіптік біліктілікті тану тәртібін бұзу фактісін анықтаған кезде расталды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат кері қайтарып алынуға жатады. Кері қайтарып алу туралы шешім қабылданғанға дейін құжат берілген тұлғаға хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарсылықтарын ұсыну құқығы беріледі. Кері қайтарып алу туралы шешім ұсынылған қарсылықтар ескеріле отырып қабылданады және осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен оған шағым жасалуы мүмкін.
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім уәкілетті органмен тану орталығының қарсылықтары мен түсіндірмелерін (олар болған кезде) ескере отырып, тану орталығының қарсылықтары мен түсіндірмелері келіп түскен күннен бастап не осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген оларды ұсыну мерзімі өткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде цифрлық платформа арқылы қабылданып, ақпарат аккредиттелген тану орталықтарының тізіліміне енгізіледі.
23. Тану орталығы аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған бұзушылықтарды жойғаннан кейін уәкілетті органға осы бұзушылықтардың жойылғаны туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу аттестатының қолданылуын қайта бастау не қайта бастаудан бас тарту туралы шешімді тану орталықтары анықталған бұзушылықтарды жою туралы мәліметтерді ұсынған күннен кейін есептелетін 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган қабылдайды.
Азаматтардың денсаулығына, тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге және қауіпсіздігіне байланысты бұзушылықтар анықталған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданылуы қайта басталмайды.
24. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы мынадай негіздер бойынша:
1) аккредиттеу аттестатының оның қолданылуын қайта бастаудан бас тарту туралы шешімі болғанда;
2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімін тоқтатылғанда;
3) тану орталығының қызметі тоқтатылғанда (тарату);
4) кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі болуғанда тоқтатылады.
25. Тану орталығы кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті өз еркімен тоқтатуға құқылы.
Қызметті ерікті түрде тоқтату үшін тану орталығы уәкілетті органға қызметті тоқтатудың болжамды күнін көрсете отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті тоқтату туралы (аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы) цифрлық платформа арқылы өтініш береді.
Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының қолданылуын кейіннен тоқтата отырып, осы Қағидалардың 22-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.
Тану орталығы туралы мәліметтерді уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аккредиттелген тану орталықтарының тізіліміне енгізеді. Аккредиттеуден кейінгі шарт аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылуына байланысты тоқтатылады.
| Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Цифрлық платформадағы өтінім
Тану орталығының атауы | |
Тану орталығының БСН | |
Заңды мекенжайы | |
Нақты мекенжайы | |
Басшының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | |
Байланыс деректері | |
Электрондық пошта | |
ЭҚЖЖ | |
Салалық тиістілік | |
Кәсіптік біліктілікті тану жүзеге асырылатын кәсіптер тізбесі | |
Қызметті жүзеге асыру орындары (тану орталығының оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің мекенжайлары, олар болған кезде) | |
Өтінімнің түрі (мақсаты) (аккредиттеу / өзектендіру / қайта ресімдеу / аккредиттеу аттестатын қолданысын қайта бастау) | |
Қоса берілген құжаттар (цифрлық платформаға жүктеледі) |
Өтінім беру күні цифрлық платформада автоматты түрде қалыптастырылады.
| Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Білікті персоналдың дербес деректерді жинауға, өңдеуге және беруге келісімі
Мен, __________________________________________________________,
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда))
ЖСН __________________________,
кәсіптік біліктілікті тану орталығын аккредиттеу мақсатында менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға, кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органға және тиісті салалық мемлекеттік органға беруге келісім беремін.
Осымен растаймын:
1) менің дербес деректерімді жинау, өңдеу және беру мақсатында таныстым;
2) ұсынылған мәліметтер дұрыс болып табылады;
3) кәсіптік біліктілікті тану орталығын аккредиттеу рәсімін жүргізу мақсатында ғана мен туралы мәліметтерді пайдалануға келісемін;
4) келісім Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген аутентификация тәсілдерін пайдалана отырып, цифрлық платформа арқылы беріледі.
Келісім берілген күн цифрлық платформада автоматты түрде қалыптастырылады.
| Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Аккредиттеу өлшемшарттары
№ | Өлшемшарт | Сәйкес келеді | Сәйкес емес | Ескерту |
1 | Білім беру ұйымдары жанынан тану орталығын құру фактісінің болмауы | |||
2 | Заңды тұлға мәртебесінің болуы және кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті өтініш берушінің қызмет түріне енгізу | |||
3 | Меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығында, бірлескен қызмет туралы шарт негізінде немесе кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен материалдық ресурстарды уақытша иелену мен пайдалануда болуы | |||
4 | Кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін білікті персоналдың болуы | |||
5 | Біліктілік бағдарламалары жобаларының уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкестігі | |||
6 | Кәсіптер тізілімінде мәлімделген кәсіптердің болуы | |||
7 | Мәлімделген қызметті жүзеге асырудың әрбір орнының (оқшауланған құрылымдық бөлімшенің, болған кезде) материалдық-техникалық базаға және білікті персоналға қойылатын талаптарға сәйкестігі. |
| Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Өтініш берушіні зерттеп-қарау нәтижелері бойынша есеп
Зерттеп-қарау күні: 20 ___ жылғы "___" __________
Өтініш берушінің атауы: _______________________________________
БСН: ________________________________________________________
Зерттеп-қаралатын объектінің мекенжайы: ________________________
Зерттеп-қарау әдісі: ____________________________________________
______________________________________________________________
Өтініш берушіде қызметті жүзеге асырудың бірнеше орны болған кезде зерттеп-қарау есебі әрбір орынға қатысты жеке ресімделеді.
Зерттеп-қарауға қатысқан уәкілетті органның өкілі:
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)__________________, лауазымы ______________________
№ | Зерттеп-қарау мәні | Расталды | Расталған жоқ | Ескерту |
1 | Кәсіптік біліктілікті тану рәсімін жүргізу үшін қажетті үй-жайлардың болуы | |||
2 | Үй-жайлардың мәлімделген қызмет түрлеріне (кәсіптік біліктілікті тану рәсімдеріне) сәйкестігі | |||
3 | Кәсіптік біліктілікті тану рәсімін жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның болуы | |||
4 | Материалдық-техникалық базаның мәлімделген кәсіби біліктіліктерге сәйкестігі | |||
5 | Жабдықтың жұмыс қабілеттілігі (қажет болған жағдайда) |
Анықталған сәйкессіздіктер (ол болған жағдайда): ___________________
Қорытынды. Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша құжаттарға сараптама жүргізу кезінде өтініш беруші ұсынған мәліметтер расталғаны / расталмағаны анықталды.
Уәкілетті органның өкілі
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) _______________________
Қолы (ЭЦҚ) ______________
Күні _________________________
| Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына 5-қосымша |
|
| Нысан |
Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес отырысының хаттамасы
қ. | № ____ | 20__ жылғы "___" __________ |
Төрағалық етті: |
Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі | |||||
Қатысты: | (салалық кеңес мүшелерінің тізімі бойынша) | |||||
Салалық мемлекеттік орган _________________________________________
Салалық кеңестің атауы____________________________________________
Өтініш берушінің атауы ___________________________________________
Мәлімделген кәсіптер (біліктіліктер) _________________________________
КҮН ТӘРТІБІ
Кәсіптік біліктілікті тану орталығын аккредиттеуге өтінімді қарау
1. Назарға: аккредиттеуге өтінім; Ұлттық орган сараптамасының нәтижелері; өтініш берушіні зерттеп-қарау нәтижелері жөніндегі есеп; өтініш беруші ұсынған құжаттар; басқа да материалдар (ол болған жағдайда) қабылдансын.
2. Дауыс беру нәтижелері:
салалық кеңес мүшелерінің саны – ______;
"үшін" – ______;
"қарсы" – ______.
3. Салалық кеңестің шешімі: өтініш беруші кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу туралы аттестатты қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларының талаптарына сәйкес келеді / сәйкес келмейді.
Қабылданған шешімнің негіздемесі _______________________________
Салалық кеңестің |
_______________ |
| Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына 6-қосымша |
|
| Нысан |
Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу мәселелері
жөніндегі уәкілетті органның
ШЕШІМІ
№ _________ | 20__ жылғы "____" _______ |
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
заңды тұлғаның атауы ______________;
БСН ______________;
заңды мекенжайы ______________.
2. Қараудың негізі. Өтініш берушінің өтінімі бойынша материалдар 20___жылғы "__" ________ қаралды, оның ішінде: өтінім және қоса беріліп отырған құжаттар; сараптама нәтижелері бойынша Ұлттық органның қорытындысы; өтініш берушіні зерттеп-қарау нәтижелері бойынша есеп; салалық кеңестің хаттамасы.
3. Уәкілетті органның шешімі:
1) мәліметтерді аккредиттелген тану орталықтарының тізіліміне енгізе отырып, кәсіптік біліктілікті тану орталығын аккредиттеу / аккредиттеуден бас тарту;
2) мәліметтерді аккредиттелген тану орталықтарының тізіліміне енгізе отырып, кәсіптік біліктілікті тану орталығының аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу;
3) мәліметтерді аккредиттелген тану орталықтарының тізіліміне енгізе отырып, кәсіптік біліктілікті тану орталығының аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу;
4) мәліметтерді аккредиттелген тану орталықтарының тізіліміне енгізе отырып, кәсіптік біліктілікті тану орталығының аккредиттеу аттестатының қолданылуын қайта бастау / қолданылуын қайта бастаудан бас тарту;
5) мәліметтерді аккредиттелген тану орталықтарының тізіліміне енгізе отырып, кәсіптік біліктілікті тану орталығының аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтату.
4. Қабылданған шешімнің негіздері ___________
5. Қолы.
Уәкілетті органның өкілі
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)), ЭЦҚ.
| Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына 7-қосымша |
|
| Нысан |
Кәсіптік біліктілікті тану орталығының
АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ
№ __________
Осы аттестат ____________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) мынадай кәсіп (-тер) бойынша кәсіптік біліктілікті тану орталығы ретінде аккредиттелгенін куәландырады: ____________________________________________________.
Аттестаттың сериялық нөмірі: ______________. Берілген күні: 20__ жылғы "____" __________. Қолданылу мерзімі: 20__ жылға "____" __________ дейін.
Қызметті жүзеге асыру орындары (оқшауланған құрылымдық бөлімшелердің мекенжайлары, олар болған жағдайда): ________________________________________.
Аттестатты уәкілетті орган берген және ол Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында электрондық нысанда қалыптастырылған.
Ескертпе: аккредиттеу аттестатының сериялық (бірегей) нөмірін цифрлық платформа автоматты түрде береді және ол аккредиттеу аттестатының есебін, сәйкестендірілуін және түпнұсқалығын тексеруді қамтамасыз ететін бірегей идентификатор болып табылады. Аккредиттеу аттестаты цифрлық платформада электрондық нысанда қалыптастырылады және оның түпнұсқалығын тексеру үшін бірегей сериялық нөмір мен QR-кодты қамтиды.
Аккредиттеу аттестатының сериялық (бірегей) нөмірі әрбір деңгейінің өз белгісі мен мәні бар төрт деңгейлі жүйе болып табылады:
Код | ХХ | ХХХХ | ХХХХ | ХХХХХХ |
Деңгейлер | 1 | 2 | 3 | 4 |
1-деңгей – құжат түрінің коды; 2-деңгей – аккредиттеу аттестатының берілген жылы; 3-деңгей – аккредиттелген кезде берілген кәсіптік біліктілікті тану орталығының коды; 4-деңгей – цифрлық платформа автоматты түрде қалыптастыратын аккредиттеу аттестатының реттік тіркеу нөмірі.
Уәкілетті органның өкілі
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)), ЭЦҚ.
| Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына 8-қосымша |
|
| Нысан |
Аккредиттелген тану орталықтарының тізілімі
№ | Тану орталығының БСН | Тану орталығының атауы | Тану жүзеге асырылатын кәсіптер (біліктіліктер) | Аккредиттеу аттестатының сериялық нөмірі | Күні (берілген / қайта ресімделген / кері қайтарып алынған / қолданысы қайта басталған / тоқтатылған) | Қолданылу мерзімі | Мәртебесі (берілген / қайта ресімделген / кері қайтарып алынған / қолданысы қайта басталған / қолданысы тоқтатылған) | Негіздеме (беру / қайта ресімдеу / кері қайтарып алу / қолданысын қайта бастау / тоқтату) |
1 | ||||||||
2 |
| Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына 9-қосымша |
|
| Нысан |
Кәсіптік біліктілікті тану орталығының қызметіне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша Ұлттық органның қорытындысы
Жасалған күні: 20____ жылғы "____" ______________
Тану орталығының атауы: ________________________________
Тану орталығының БСН: _________________________________________
Мониторинг жүргізу кезеңі (мерзімдері): 20___ жылғы "_____" ______ бастап 20______ жылғы "______" _______ дейін
Мониторинг нәтижелері бойынша тану орталығының мыналарды сақтауы (сақтамауы) анықталды:
1) Қағидаларға 3-қосымшада көзделген аккредиттеу өлшемшарттарын – сәйкес келеді / сәйкес келмейді;
2) аккредиттеуден кейінгі шарттың талаптарын – сәйкес келеді / сәйкес келмейді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кәсіптік біліктілікті тану тәртібін – сәйкес келеді / сәйкес келмейді.
Анықталған бұзушылықтар (олар болған жағдайда): ______________________________
Қорытынды: бұзушылықтар анықталған жоқ; аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болатын бұзушылықтар анықталды – қорытынды уәкілетті органға жіберіледі.
Ұлттық органның өкілі:
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ____________;
лауазымы ____________;
қолы (ЭЦҚ) __________;
күні __________.
| Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына 10-қосымша |
|
| Нысан |
Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы өтініш (кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті тоқтату туралы)
Тану орталығының атауы: ________________________________
Тану орталығының БСН: _________________________________
Басшының Т. А. Ә. (ол болған жағдайда): ______________________
Кәсіптік біліктіліктерді тану орталығының қызметін ерікті түрде тоқтатуға байланысты № ____________ аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуды сұраймын.
Қызметті тоқтатудың болжамды күні: "____" ____ 20____ жыл.
Кәсіптік біліктілікті танудың басталған рәсімдерінің аяқталуын не кандидаттарға оларды аяқтаудың мүмкін еместігі туралы хабарлауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 қыркүйектегі № 381 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33407 болып тіркелген) бекітілген кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына, сондай-ақ аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарына сәйкес кәсіптік біліктілікті тану рәсімінің материалдарын сақтауды қамтамасыз етуге міндеттенетінімді растаймын.
Өтініш беру күні цифрлық платформада автоматты түрде қалыптастырылады.
Аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптары
__________________ |
"___" _____ 20 __ |
Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган (бұдан әрі – ұлттық орган) және кәсіптік біліктілікті тану орталығы ______________________________ (бұдан әрі – тану орталығы), бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, "Кәсіптік біліктіліктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:
1-тарау. Шарттың мәні
1. Тану орталығы кәсіптік біліктілікті тануды Қазақстан Республикасының кәсіптік біліктілікті тану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады, ал ұлттық орган тану орталықтарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Ұлттық орган:
1) осы Шартқа сәйкес тану орталығының қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
2) тану орталығынан мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратады.
3. Тану орталығы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіптік біліктілікті тану рәсімін жүргізеді;
2) цифрлық платформада тіркеледі және онда тану орталығының құрылымы мен қызметі, біліктілік бағдарламасы және кәсіптік біліктілікті тану бойынша қызметтің құны туралы ақпаратты жариялайды;
3) кандидаттарға кәсіптік біліктілікті тану рәсімін жүргізу тәртібі туралы ақпаратты, кәсіптік біліктілікті тану үшін қажетті құжаттардың тізбесін ұсынады;
4) кәсіптік біліктілікті тану процесінде Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтайды әрі осы талаптар бұзылған кезде дереу ден қояды;
5) біліктілік бағдарламаларын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен әзірлейді және бекітеді;
6) кәсіптік біліктілікті тану туралы берілген құжаттар туралы мәліметтерді цифрлық платформаны жүргізу тәртібіне сәйкес жібереді;
7) кәсіптік біліктілікті тану мәселелері бойынша апелляцияларды қарау тәртібін сақтайды;
8) кәсіптік біліктілікті тану бойынша қызметтің құнын белгілейді;
9) ұлттық органның сұрау салуы бойынша осы Шарт шеңберінде қызметке мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
4. Тараптар осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде аккредиттелген тану орталықтарының тізіліміне енгізілуге жататын ақпаратты қоспағанда, Шарттың және оны орындау барысында алынған ақпараттың құпиялылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
3-тарау. Тану орталығының қызметіне мониторингті жүзеге асыру
5. Тану орталықтарының қызметіне мониторинг ұлттық органның тану орталықтары кәсіптік біліктілікті тану рәсімін жүргізу нәтижелерін цифрлық платформада қадағалауы арқылы жүзеге асырылады.
6. Ұлттық орган мониторингті жүзеге асыру кезінде тану орталығынан осы Шартта көзделген қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы.
Кәсіптік біліктілікті тану рәсімін жүргізу нәтижелерін бақылау тәртібі, оның нәтижелерін ресімдеу тәртібі, сондай-ақ мониторингті жүзеге асыру кезіндегі Тараптардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылығы 9 қыркүйектегі № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33407 болып тіркелен) Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларының 5-тарауымен айқындалады.
4-тарау. Шартты өзгерту, тоқтату және бұзу
7. Тану орталығы осы Шарттың 8) және 9) тармақшаларын қоспағанда, 3-тармағында көрсетілген талаптарды орындамаған және тану орталықтарының қызметіне мониторинг жүргізу кезінде анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, ұлттық орган Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 қыркүйектегі № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33407 болып тіркелген) Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларында белгіленген тәртіппен аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға қорытынды жібереді.
8. Осы Шарт мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) аккредиттеу аттестатының қолданысы Қазақстан Республикасының кәсіптік біліктілікті тану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылған;
2) осы Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бұзылған;
3) кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімі болған жағдайларда.
5-тарау. Дауларды шешу тәртібі
9. Осы Шартты орындау процесінде туындауы мүмкін келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер арқылы шешеді.
10. Тараптар арасындағы Шарт бойынша реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында қаралады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
11. Осы Шарт Тараптар оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
12. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
13. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар олар осы Шарт сияқты нысанда жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда ғана жарамды.
14. Осы Шартта көзделмеген өзге де барлық жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
7-тарау. Тараптардың деректемелері
Ұлттық орган |
Тану орталығы |