Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 384 "Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектендіру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 435 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 қарашада № 40306 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33416 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. СБШ-ны осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес салалық біліктілік шеңберінің құрылымға сәйкес мемлекеттік органдар ҰБЖ цифрлық платформасында әзірлейді.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің деректері, сондай-ақ кәсіптерге қажеттіліктің өңірлік карталары (бар болса) негізінде ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті танудағы еңбек нарығының қажеттілігін талдау;";

      10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) және СБШ бойынша біліктілік деңгейі;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік орган дайындық жұмыстары аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде СБШ жобасын әзірлейді және оны ҰБЖ цифрлық платформасы арқылы электрондық нысанда кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органға (бұдан әрі – Ұлттық орган) сараптамаға жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Ұлттық орган СБШ жобасын алған күннен бастап 12 (он екі) жұмыс күні ішінде СБШ жобасына сараптама жүргізеді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органға қорытынды жібереді.

      СБШ жобасына сараптама осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген СБШ жобасының құрылымы мен мазмұнының сипаттамасының сәйкестігін бағалау мәніне жүргізіледі.

      Ұлттық органның оң қорытындысы болған жағдайда, мемлекеттік орган оны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде СБШ жобасын салалық кеңестің бекітуіне жібереді.

      Ұлттық органның теріс қорытындысы болған жағдайда мемлекеттік орган қорытындыны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ескертулерді жояды және қайта сараптама жүргізу үшін СБШ-ның пысықталған жобасын Ұлттық органға жібереді.

      СБШ жобасына қайта сараптаманы Ұлттық орган осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүргізеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Салалық кеңес мемлекеттік органнан СБШ жобасы келіп түскен күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде СБШ-ны бекітеді немесе мемлекеттік органға пысықтау жөнінде ұсыныстар жібереді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік орган салалық кеңес бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде СБШ-ны қазақ және орыс тілдерінде ҰБЖ цифрлық платформасында өзектендіреді.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Салалық біліктілік
шеңберлерін әзірлеу және
(немесе) жаңарту қағидаларына
1-қосымша";

      Салалық біліктілік шеңберінің құрылымында:

      1-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-кесте. СБШ біліктілік деңгейлерінің сипаттамасы

      _______________________________________

СБШ деңгейі

ҰКС-тегі кәсіп

ҰБШ деңгейі

Кезеңдер

Білім

Машықтар (Дағдылар)

Жеке құзыреттер

1

2

3

4

5

6

7

1-бөлім. Сабақтас және өтпелі басқару процестері








2-бөлім. Салалық процестер (салалық шекараларды анықтайды)









3-бөлім. Дайындық салааралық процестер









4-бөлім. Өндірістен кейінгі салааралық процестер (өткізу)

      ";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
  2026 жылғы 2 қарашадағы
№ 435 бұйрығына
қосымша
  Салалық біліктілік шеңберлерін
әзірлеу және (немесе) жаңарту
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі ұлттық органның салалық біліктілік шеңбері жобасына сараптама қорытындысы бойынша қорытынды

Салалық біліктілік шеңберінің атауы


Мемлекеттік орган (әзірлеуші)


СБШ жобасының сараптамаға келіп түскен күні


Сараптама жүргізу күні / қорытынды күні


Сараптама түрі (бастапқы / қайталама)



№

Өлшемшарт

Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі ұлттық органның бағасы

I-бөлім. СБШ негізгі бөлігінің сипаттамасын бағалау

1.

СБШ атауы және бекітілген күні
СБШ атауы мен бекітілген күнінің сипаттамасының болуы, олардың жетекшілік ететін салаға және ҰКС-ке сәйкестігі.


2.

СБШ паспорты
Саланың (аяның), ЭҚЖЖ бойынша экономикалық қызмет түрінің, кәсіптік топтар мен кіші топтардың сипаттамасының болуы және дұрыстығы.


3.

Жалпы ережелер
СБШ-ның негізгі пайымын, мақсаттары мен міндеттерін көрсету; СБШ әзірлеу мақсаттарына сәйкестігі.


4.

Саланы (аяны) талдау
Халықаралық, ұлттық және салалық статистика нәтижелерінің болуы; жаңа технологиялар мен халықаралық үрдістердің сипаттамасы; нормативтік база; саланың кәсіптік-біліктілік бөлінісіндегі құрылымын талдау; жаңа кәсіптер мен біліктіліктер; жұмыс күшіне күтілетін сұраныс пен ұсыныс; таңдалған дескрипторлардың сипаттамасы.


5.

ҰКС бойынша кәсіптер мен кәсіптердің негізгі топтары
ЭҚЖЖ бойынша кәсіптік қызметтің әрбір түріндегі кәсіпорындарда ҰКС бойынша кәсіптер мен кәсіптердің негізгі топтарының және оларға сәйкес білім бойынша біліктіліктердің (дипломдар, сертификаттар, куәліктер) және жұмыс тәжірибесінің сипаттамасының болуы.


6.

Кәсіптік стандарттар тізбесі
Саладағы (аядағы) қолданыстағы және әзірлеуге жоспарланған кәсіптік стандарттар тізбесінің болуы.


7.

Қорытындылар мен ұсыныстар
ҰКС пен білім беру сыныптауыштарын жаңарту бойынша ұсынымдардың болуы.


II-бөлім. Біліктілік деңгейлері мен кәсіптік біліктіліктер карталарының мазмұнын бағалау

8.

СБШ біліктілік деңгейлерінің сипаттамасы
СБШ деңгейлерінің; ҰКС бойынша кәсіптердің; ҰБШ деңгейлерінің; сатылардың; білімдердің; іскерліктердің (дағдылардың); жеке құзыреттердің толық және дұрыс толтырылуы.


9.

Кәсіптік біліктіліктердің функционалдық картасы
Кәсіптік топтардағы кәсіптерді көрсету; кәсіптер/жұмыстар арасындағы байланысты; көлденең (СБШ-ның бір деңгейі шегінде) және тігінен (СБШ-ның әртүрлі деңгейлері бойынша) кәсіптік дамуды көрсету.


10.

Кәсіптік біліктіліктер картасы
Халықаралық стандартты кәсіптер жіктеуішімен дұрыс салыстыру; ҰКС бойынша кәсіп атауларының, ҰБШ және СБШ деңгейлерінің, сондай-ақ ЭҚЖЖ секцияларының, бөлімдерінің, топтарының, сыныптары мен кіші сыныптарының сәйкестігі.


11.

СБШ-ны ресімдеуге қойылатын талаптар
СБШ жобасының мәтіні мен ресімделуінің осы Қағидаларға 1-қосымшаның 11-тармағында белгіленген талаптарға (қаріп, жиектер өлшемі, беттерді нөмірлеу және басқа да ресімдеу талаптары) сәйкестігі.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады